Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Exkursia_shpor_1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
190.29 Кб
Скачать

33. Экскурсиялык нысандарды іріктеу

Экскурсиялық объектілерді іріктеп алу және зерттеу

Объект болып бір оқиғамен байланысты естелік орындар, ғимараттар, түрлі құрылыстар, археология ескерткіштері, өнер туындылары т.б. саналады Объектті көрсету, алдында айтылып кеткендей, экскурсияда басты орынды алады. Дұрыс таңдалған нысандар, олардың саны, көрсету кезектілігі экскурсияның сапасына әсер етеді. Объекттерді келесі топтарға бөлуге болады:

•біздің халқымыздың өмірінде болған тарихи оқиғалармен, қоғаммен мемлекеттің дамуымен байланысты естелік орындар;

•ғимараттар мен құрылыстар, мемориалды ескерткіштер, белгілі

адамдардың өмірі мен қызметіне байланысты орындар. Архитектуралық ансамбльдер, қоғамдық, инженерлік құрылыстар (көпір, бекініс, мұнара), мазарлар, мәдени саласындағы ғимараттар т.б. көптеген құрылыстар;

•табиғи объектілер – ормандар, сабақтар, өзендер, көлдер, қорықтар мен қорықшалар және жеке ағаштар мен реликт өсімдіктері (мысалы Алтын- Емельде 500 жыл жасаған тал, Шарында-шетен орманы) ;

•мемлекеттік және халық мұражайларының, сурет галлереяларының экспозициялары, тұрақты және уақыша көрмелер;

•археология ескерткіштері – ежелгі тұрақтар, жер дуалдары, қоныстар, қорғандар, киелі орындар;

•өнер ескерткіштері – бейнелеу өнерінің туындылары, қолданбалыөнердің, мүсін, бау-бақша өнері т.б. өнер.

34.Экскурсиялык нысандардын жіктелуі

Экскурсиялық объектілер келесі топтарға бөлінеді:

•мазмұны бойынша – бір планды (бейнелеу өнерінің туындылары, өзен, өсімдік, жануар, үй) және көп планды (архитектуралық ансамбль, орман, дала, көше, қала алаңы):

•функционалды белгісі бойынша – негізгі, жеке тарауларды ашып көрсетуге қызмет етеді және қосымша, қозғалыс кезінде, негізгі объекттер арасында, әңгімелеудің қисынды ауысулары кезінде көрсетілетіндер;

•сақталу дәрежесі бойынша–толық сақталған, біздің уақытымызға дейін біраз өзгірістермен жеткендер, жарым -жартылай сақталған және жоғалтылған. Экскурсия жұмысшыларының алдында экскурсия жасаған кезде келесі

міндеттер қойылады – көптеген объекттердін ішінен сыртқы бейнесі, ақпараттылығы бойынша ең қызықтыларын таңдау. Дұрыс таңдалған объекттер экскурсиялық материалды, тақырыпты тереңірек ашуға мүмкіндік береді. Бұл жұмысты, объекттер бір экскурсиядан бір экскурсияға көшіп отырмауын үшін дұрыс ұйымдастыру керек. Мүмкіндігі бойынша әр экскурсияның өзінің объектілері болуы қажет. Ондай мүмкіндік

болмаса, ондай жағдайда қайталанған объектілер ерекше ашылу керек.

35. Экскурсияга кіргізілген нысандарды багалау критерилары

Экскурсияға кіргізілген объектілерге баға беру үшін келесі ережелерді пайдалану ұсынылады:

Танымдылық құндылығы – объекттің бір нақты оқиғамен, айқын

дәүірмен, белгілі ғылым, мәдениет қайраткерлерінің өмірі мен творчествосы мен байланыстылығы. Ескерткіштің көркемдік құндылығы оның эстетикалық тәрбие беру мүмкіндігі қарастырылады.

Объекттің әйгілілігі – оның халық арасында белгілілігі. Мысалы Қызылалаң, Эйфелевая мұнарасы, Вознесен соборы т.б.

Объекттің әдеттегіден тыс болуы (экзотикалық). Объекттің

қайталанбас ерекшелігі, бір аңызбен, немесе тарихи оқиғасымен

байланыстылығы. Экзотикалығы табиғи жағдай мен де байланыс болуы(мысалы Шарын каньоны)Объекттің айқын көрінуі - сыртқы айқындығы, қоршаған ортамен, ғимараттармен,құрылыстармен,табиғатпен өзарабайланыстылығы

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]