Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДАМУ ГЕНЕТИКА ЖАУАП.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
258.19 Кб
Скачать

14 .Paire-rule–гендерін атаңыз және атқаратын қызметін көрсетіңіз.

Gap-гендерінің өнімдері pair-rule гендер тобын (сегментация генддері) іске қосады(активтендіреді). Рair-rule тобы 8 гендерден тұрады жəне олар ұрықтың көптеген ұсақ домендерге-парасегменттерге бөлінуіне алып келеді. Бірінші кезекте pair-rule тобының Runt жəне hairy гендері экспрессияланады, ал сосын барып Fushi-tarazu (сегменттер санының редукторы) жəне Even-skipeed (жұп сегментте редукторы) активтенеді. Рair-rule тобы гендерінің эксперссиялану деңгейінің үнемі алмасып отыруы сегменттер полярлығы гендерінің локкальдық эксперессиялануы алып келеді.Олардың өнімдерінің əсерлері нəтижесіндеұрық ұзына бойына көптеген түпкілікті сегменттерге бөлінеді.Бұл топ гендер арасынан адамдар үшін маңыздысы ол hedgehog гені болып саналады, себебі адамдарда осы геннің бірнеше гомологтары анықталған.Қазіргі кезде сүтқоректілерде hedgehog морфогеннің гомологы табылған; олар-Sonic (SHH), Desert (DHH) жəне Indian hedgehog (IHH) гендер. Олар дененің оң жақ-сол жақ ассиметриялы дамуын, орталық нерв жүйесі (ОНЖ) жасушаларының полярлығының детерминациялануы, аяқ -қол сомиттерінің жəне қаңқаның дамуын қадағалайды. Адмдардың эмбрионалдық гендеінің бірнеше тобы молекулалық жəне хромосомалық деңгейлерде зерттелген.Олар кластерлер күйінде хромосомалардың белгілі бір локустарында орналасқан. Олардың қысқаша сипаттамалары төмендегідей: Сүтқоректілердің сегментация гендері –орталық нерв жүйесінің жəне аяқ-қолдың оң жақ – сол жақ асимметриялығының, полярлығының дамуын қадағалайды.Осы топтың бір гені- SHH, ұрықтың нерв түтігінің дамуында маңызды рөл атқарады.Оның мутациясы дамып келе жатқан мидың 2 жарты шарларға бөлінуін жəне ми қарыншаларынан дамуын бұзады, ал ондай ұрықтар летальды болады. Мұны голопрозэнцефалия деп атайды (ми бөлінбеген жəне жартылай ғана дамыған, иіс сезу баданасы жəне исі сезу жолдары дамымаған, гипокамп өте нашар дамыған, бөлінбеген ми қыртысының цитоархитектоникасы бұзылған). ДНН гені жыныс жасушаларының бөлінуін бақылайды. Аналық бездің Сертоли жасушаларында оның экспрессиялануы SRJ генінің активтенуін кейін байқалады.

15 .Дрозофиладағы сегментацияға жауапты полярлық гендерді атаңыз және атқаратын қызметін суреттеңіз.

Сегментациягендері-сегменттердің санын және олардың полярлығын(орналасуын) анықтайды.Сегменттердің полярлығын анықтайтын 2 термин: 1.компартмент-бір сегменттің ішіндегі алдыңғы А,артқы Р компартменттер деп аталды. Компартмент бір сегменттің алдыңғы және артқы бөлігі. Т3-2 компартменттен тұрады.Т3 (Т3А,Т3Р) деп аталады. Парасегмент-болашақтағы сегменттің орналасу орнын анықтайды.Т1 алды Т2-ден түзіледі,Т2-нің алды Т3-тен түзіледі. Сегментацияға қатысатын 30 астам ген бар.

Дрозофиланың сегментация гендері

К Класс

Л Гендері

Аллельдік белгі

Хромосома

Gap гендер

Kruppel

Knirps

hunchback

giant

Kr

Kni

Hb

Gn

2

3

3

-

Pair-rule гендер

Paired

Even-snipped

Odd-snipped

Barrel

Runt

Engailed

hairy

Prd

Eve

Odd

Brr

Run

En

h

2

2

2

3

1

2

-

Сегментті

полярлы гендер

Wingless

Gooseberry

Hedgehod

Gused

Patch

Hedgehog

Cibitus interruptus

Wg

Gsb

Hh

gu

pat

hh

cib

2

2

3

1

2

3

4

Gap(пробел,бос) гендер мутацияға ұшыраса бір-біріне жақын жатқан сегменттер бірден түсіп қалады.Kruppel гендері мутацияға ұшыраса барлық торакальды(Т1-Т3), абдоминальды(алғашқы 5) сегменттер болмайды, А6,А7,А8 қалыпты дамиды.Hunchback гені мутацияға ұшыраса Т1-Т2 болмайды да,қалғандары қалыпты дамиды.Pair-rule гендері мутацияға ұшыраса сегмент дамуы бұзылады,жұп немесе тақ сегменттер түсіп қалады.Even-snipped гені мутацияға ұшыраса Т2-А1-А3-А5-А7 қалыпты дамиды, торакальды тақ сегменттері абдоминальды сегменттердің жұп сегменттері дамымайды.Ал сегменттердің полярлығын анықтайтын гендер мутацияға ұшыраса сегменттердің саны өзгермейді,бірақ бір сегменттің компартменті екінші сегменттің компартментімен алмасады.Бұл гендердің барлығы рецессивті, зиготалық гендер,себебі бластодерма кезінде синтезделеді. Gap гендерінің активтенуі pair-rule гендерін активтейді.Gap гендері эмбрионды 4 бөлікке бөледі 3-ші сегменттің полярлығын анықтайтын гендер 7-ші сегменттің шекарасын анықтайды.1-2-ші топқа жататын гендер ядролық белоктарды кодтайды.Транскрипциялық фактор қызметін атқарады.Транскрипциялық факторлар активатор және репрессор қызметін атқарады.Hunchback гені эмбрионның алдыңғы полюсінде орналасады.Бұл геннің активтенуі bicoid генімен жүзеге асады.Бұл геннің активтенуі bicoid генінің концентрациясына тәуелді.Kruppel генінің активтенуі hb генінің концентрациясына кері пропорционал,яғни концентрациясы аз болуы керек.Hb белогы Kruppel генінің репрессоры ,сондықтан тек артқы бөліктерде синтезделеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]