- •1.Дрозофила жұмыртқа клеткасының дамуына сипаттама беріңіз.
- •2.Гомеобокс және гомеодомен дегеніміз не? Түсініктеме беріп, мысал келтіріңіз.
- •3.Дрозофиланың даму сатыларына сипаттама беріңіз. Дрозофиланың ерте эмбриогенезін сипаттаңыз.
- •4.Дрозофиланың кеш эмбриогенезіне сипаттама беріңіз және мысал келтіріңіз.
- •5 Дрозофиланың даму сатыларына тоқталыңыз. Дамудың дернәсілдік кезеңіне сипаттама беріңіз.
- •6 Дрозофила эмбриогенезінің тотипотенттілігі және детерминациясы дегеніміз не, мысал келтіре отырып, түсіндіріңіз.
- •7 Дрозофиладағы аналық дегеніміз не? Аналық гендерге сипаттама беріп, түсіндіріңіз.
- •8 Дрозофиладағы ұрықтың дамуына аналық генотиптің әсері. Ооциттің түзілуін және әсерін түсіндіріңіз.
- •9 Полярлы плазма және оның даму процесіндегі атқаратын негізі рөлін көрсетіп, сипаттаңыз.
- •10 Алдыңғы-артқы және дорсо-вентральды градиенттердің түзілуін бақылайтын гендерге сипаттама беріңіз және атқаратын қызметін көрсетіңіз.
- •12 Сегрегациялық гендер. Gap-гендеріне сипаттама беріңіз
- •13 Гомеозисті гендерді сипаттаңыз. Ant-c және bx-c гендер комплексіне жататын гендерді атаңыз және олардың атқаратын қызметін сипаттаңыз.
- •14 .Paire-rule–гендерін атаңыз және атқаратын қызметін көрсетіңіз.
- •15 .Дрозофиладағы сегментацияға жауапты полярлық гендерді атаңыз және атқаратын қызметін суреттеңіз.
- •16 .Сүтқоректілердің дамуындағы гомеобоксқұрамды гендердің рөлін сипаттаңыз.
- •17. Жыныс генетикасы. Жынысты анықтаудың типтерін көрсетіңіз және сызба түрінде көрсетіңіз.
- •18 .Сүтқоректілер дамуының жалпы сипаттамасы және жыныс клеткалары, фолликулдардың пісіп-жетілуі.
- •19 Жынысты анықтаудың баланстық теориясын түсіндіріңіз және мысал келтіріңіз.
- •20 .Дрозофиладағы жынысты анықтау кезіндегі гендердің әсерін сипаттап, мысал келтіріңіз.
- •21. Дрозофиладағы жыныстың хромосомалық детерминациясы. Гинандроморфтар дегеніміз не және пайда болу себебін түсіндіріңіз.
- •24. Секірмелі және жасанды мутациялардың түрлері және себептерін түсіндіріңіз.
- •25.Дрозофиладағы гендер дозасының компенсациясы дегеніміз не және мысалмен түсіндіріңіз.
- •26.Мінез-құлық генетикасы. Дрозофиладағы және сүтқоректілердің мінез-құлқының генетикалық бақылануын сипаттаңыз.
- •27. Адамның психологиялық мінез-құлқының дамуының генетикалық бақылануын сипаттаңыз..
- •28. Гендер экспрессиясының молекулалық механизміне сипаттама беріңіздер.Транскрипция процесі және оның сатыларын атаңыздар.
- •29 .Днқ. Және оның түрлері атқаратын қызметі. Днқ қатталуын сипаттап, көрсетіңіз.
- •30. Дрозофиладағы көптік аллелизм гендеріне сипаттама беріңіз және түсіндіріңіз .
- •31. Адамдарда кездесетін нох гендерің қызметің сипаттап, мысал келтіріңіз
- •34. Жануарларда кездесетін hox гендерінің қызметін сипаттап, мысал келтіріңіздер.
- •35. Дрозофиладағы гендер дозалық компенсациясының сызбасын көрсетіңіз.
28. Гендер экспрессиясының молекулалық механизміне сипаттама беріңіздер.Транскрипция процесі және оның сатыларын атаңыздар.
Генетикалық ақпараттың ДНҚ-дан РНҚ арқылы полипептидтер мен белоқтарға тасымалдануы экспрессия немесе Гендердің көрінуі деп аталады. ДНҚ-ның басқа Гендердің белсенділігін реттейтін бөліктерін реттеуші Гендер деп атайды. Реттеуші Гендер басқа молекулалармен әрекеттесе отырып, сол клеткадағы ақуыз синтезіне әсер етеді. Геннің маңызды қасиеттерінің бірі — олардың жоғары тұрақтылығының (ұрпақтар бойында өзгермеушілігі) тұқым қуалағыш өзгерістерге — мутацияға ұшырау қабілеттілігімен үйлесімділігі. Бұл қасиет табиғи сұрыпталудың, оның нәтижесінде организмдер өзгергіштігінің негізі болып табылады.Транскрипция – генетикалық ақпараттың жалпы тасымалдануының бірінші кезеңі. дНҚ-дағы бағдарлама бойынша РНҚ-ның түзілу процесі. ДНҚ репликациясына өте ұқсас. Айырмашылығы РНҚ тізбегін көшіріп алу үшін матрица ретінде ДНҚ-ның бір тізбегі қолданылады. Транскрипция 3 сатыдан тұрады: инициация, элонгация, терминация. Прокариоттық RNA-pol матрицалық ДНҚмен тікелей байланыса алады. Эукариоттық RNA-pol транскриптонмен байланысуы үшін транскрипцияның белоктық факторлары керек. 1) Инициация – промотр зонасында болады – бұл ДНҚ-ның ерекше нуклеотидтерінің тізбегі, бұл аймақта транскрипцияның басталу сигналы бар. Старт сигнал аймағында екі консенсусты тізбек көптеген прокариоттарда анализдеу нәтижесінде алынған. Прокариоттардағы транскрипция: Инициация - RNA-pol промотрды танып, транскрипция басталады. 2) Элонгация – the РНҚ Ттізбегі ұзарады. 3) Терминация - RNA-pol синтезін тоқтатып, түзілген РНҚ ДНҚ дан ажырайды. Транскрипция процесінің өнімі әр түрлі қызметтер атқаратын РНҚ молекуласының төрт типінен тұрады:рибосомадағы ақуыз синтезінде матрицаның рөлін атқаратын ақпараттық немесе матрицалық РНҚ;рибосоманың құрылымдық бөлігін құрайтын рибосомалы РНҚ;ақуыз синтезі кезінде генетикалық ақпараттың РНҚ-дағы нуклеотидтік “тілді” аминқышқылдық “тілге” ауыстыруға қатысатын тасымалдаушы РНҚ;ДНҚ молекуласының репликациясы (генетикалық ақпаратты дәл көшіруді және оның ұрпақтан ұрпаққа берілуін қамтамасыз ететін нуклеин қышқылдары макромолекуласының өздігінен жаңғыру процесі) кезінде бастама қызметін атқаратын РНҚ. Прокариоттардың құрылымдық гендерінің көпшілігі ДНҚ молекуласының үздіксіз бөлімі болып келеді жəне олардағы барлық ақпарат полипептидті тізбектердің түзілуіне жұмсалады. Сайттардың арасындағы транскипциябасталатын жəне аяқталатын ДНҚ-ның бөлімі транскрипция бірлігі деп аталады
29 .Днқ. Және оның түрлері атқаратын қызметі. Днқ қатталуын сипаттап, көрсетіңіз.
Геномның молекулярлы негізі – ДНҚ молекуласы. Дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНҚ) - тірі организмдердегі генетикалық ақпараттың ұрпақтан-ұрпаққа берілуін,сақталуын,дамуы мен қызметін қамтамасыз етуіне жауапты нуклеин қышқылының екі түрінің бірі. ДНҚ-ның клеткадағы басты қызметі - ұзақ мерзімге РНҚ мен белокқа қажетті ақпаратты сақтау. ДНҚ-ны 1868 жылы швейцар физиологы, гистологы және биологы Иоган Фридрих Мишер атты ғалым ашқан. Іріңдеген жасушалар қалдықтарынан ғалым құрамына азот пен фосфор кіретін бейтаныс затты тауып алады. Геном – организм клеткасындағы генетикалық ақпараттың жиынтығы. ДНҚ молекуласы – әйгілі «өмір жібі», адам организмінде бір бірімен байланысатын 3млрд нуклеоид жұптарынан тұратын жіпшелер. адам клеткасында ДНҚ молекуласының ұзындығы шамамен 2 метрге жетеді. ДНҚ хромосомада орналасады. Әр адам клеткасы 23 жұп хромосомадан құралады. Ересек адамның денесінде 50 трилион клетка бар десек, онда жалпы ДНҚ молекуласының ұзындығы 1011-не тең болады, яғни жерден күнге дейінгі қашықтықтан ұзын, артық. Бұл бірнеше жағдайларға байланысты: 1) ДНҚ молекуласының көлденең қимасының мөлшері 2 нм болуына байланысты; 2) ДНҚ молекуласының қатталу механизміне байланысты.
ДНҚ-ның қатталуы – хромосомадағы ДНҚ молекуласының арнайы ядро белоктарымен байланысты. Ядро белоктары гистондар деп аталады.
ДНҚ-ның қатталуы бірнеше сатыдан тұрады:ДНҚ жіпшесінің нуклеосомаға қайталауы. нәтижесінде ДНҚ ұзындығы 6-7 есе қысқарады. нуклеосома – хромосоманың құрылымдық бөлігі. ДНҚ жіпшелерінен және гистондардан тұрады;Нуклеосомды жіпшелердің фибрилаларға айналуы. Нәтижесінде ДНҚ ұзындығы 40 есе азаяды;Фибрилалардың үлкен ілмектерді түзуі. Оның соңы ядро матриксімен байланысады. Ядро матриксі – белок скелеті. Нәтижесінде ДНҚ 700 есе қысқарады;ДНҚ-ның екі нуклеосома аралығындағы бөлімшесі линкер деп аталады. ДНҚ-ның ядродағы компоктизациясы белоктардың күрделі комплексі: гистонды белоктардың көмегімен жүзеге асырылады. Эукариоттардың клеткасының хромосомалары негізінен хромотинмен, яғни қос тізбекті ДНҚ комплексінен немесе Н1, Н2А, Н2В, Н3, Н4 деп белгіленетін бес түрлі гистонды белоктардан тұрады. Н2А; Н2В, Н3; Н4 гистондары нуклеосомның құрамына кіреді. Н1 линкерлі гистон.
ДНҚ түрлері:
-
Форма
А
В
С
Z
Спираль
Оңға
Оңға
Оңға
Солға
Сақинадағы бір орамдағы жұп негіздер саны
10,7
10,0
9,3
12
Көрші жатқан негіздер арасындағы бұрыш
+33,60
+36,00
+38,60
-300
Көрші жатқан негіздер арасындағы қашықтық
0,23нм
0,34нм
0,3нм
0,38нм
Спераль диаметрі
2,3нм
2,0нм
1,9нм
1,8нм
ДНҚ-ның А, В, С түрлерінің спиралі сағат тілімен айналса, Z түрі сағат тіліне қарама қарсы айналады. Осы ДНҚ түрлерінің ең көп кездесетіні В формасы. 1 орамада 10 шақты нуклеоид болуы керек. ДНҚ-ның тығыздалуын суперспиральдану деп атайды.
