Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДАМУ ГЕНЕТИКА ЖАУАП.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
258.19 Кб
Скачать

1.Дрозофила жұмыртқа клеткасының дамуына сипаттама беріңіз.

Drosophila melanogaster төрт даму циклы:Жұмыртқа Дернәсіл Қуыршақ ИмагоДрозофила жұмыртқасының (ұзындығы 0,5 мм) екі қабаты болады: сарысы және хорионы. Жұмыртқаның алдыңғы тесігі (микропиле) болады, ол сперматозоидтардың енуіне қажет болып келеді. Жұмыртқаның артқы жағында сабағы (филаменттері) болады, олар жұмыртқаның сұйық ортаға түсуден сақтайды. Дрозофила жалпы буынаяқтылар типі, қосқанаттылар класына жатады. Жұмыртқаның орналасуы мозайкалы. Даму кезеңін бірнеше сатыға бөліп қарастыруға болады:Ерте эмбриондық кезең (ұрықтанудан кейін 2-3 сағат, целлюляризацияға дейінгі)Кеш эмбриогенез (целлюляризациядан дернәсілдің пайда болғанға дейінгі кезең, 20-22 сағат)Дернәсілдік кезең (дернәсілдің пайда болуынан бастап қуыршақ пайда болғанға дейінгі 120 сағат). Дернәсілдің кезең үшке бөлінеді: 1,2,3 кезеңдердегі дернәсілдер. Бір кезеңнен екінші кезеңге өтуі түлеу процесінің нәтижесінде экдизон деген гормон әсерімен жүреді. Түлеу дегеніміз кутикулалық түзіліс пен сыртқы жабынның алмасуы.Қуыршақ кезеңі (қуыршақ кезңінен имагоға дейін 70-72 сағат аралығында)Осы кезеңдер 9 күн ішінде жүреді. Дрозофиланың жұмыртқа кл/ң пісіп жетілуі, жалпы жетілген аналық дараның премордиальды (алғашқы фолликула немесе презумптивті) жыныс кл. 4 реттік бөлінуден өтеді, нәтижесінде 16 кл. пайда болады. Осы 16 кл. ішінде бір ғана клетка жұмыртқа клеткасына айналады. Қалғаны қоректендіруші клеткаларға айналады. Фолликулярлы клетканың қоректендіруші клеткадан айырмашылығы олар соматикалық клеткадан шығады. Вителинді қабық жұмыртқа кл. плазмалық мембранасын қоршап тұратын спермийдің енуін қамтамасыз ететін клеткадан тыс зат.Қоректендіруші клеткамен ооцит арасындағы байланыс цитоплазмалық көпір немесе сақиналы канал деп аталады. Оогенез кезінде қоректендіруші клеткадан плазмаға белок, РНК, полисахаридтер, липидтер тасымалданады. Кейде митохондрия мен органеллалар да тасымаланады. Алғашқы 9 рет бөліну кезеңі 10 минут уақыт алады. Цитокинез процесі болмайды (сұйықтықтардың бөлінуі). Кариокинез ядроның бөлінуі. Синцитий бір цитоплазмадағы ядролар жиынтығы. 9 рет бөлінуден кейін ядролар артқы полюсқа жинақталады, оны полярлы плазма деп атайды. Алғашқы клетка құрылымдары түзіле бастайды.

2.Гомеобокс және гомеодомен дегеніміз не? Түсініктеме беріп, мысал келтіріңіз.

Гомеобокс (ағылш. homeobox) дамуды реттейтін гендерде анықталған ДНК тізбегі. Бұл гендер транскрипция факторларын кодтайды. Гомеобокс шамамен 180 ж.н. тұрады және ДНК ны байланыстыра алатын 60 аминқышқылынан тұратын белокты доменді (гомеодомен) кодтайды. Сол синтезделетін амин қышқылдарын гомеодомен деп атайды. Гомеобоксы бар гендер бөлек тұзіледі. Бұл өте қысқа тізбек. Вольтер Геринг ашқан. Олардың ішінде жақсы зерттелген және консервативті түрі, даму кезінде сегментацияны бақылайтын НОХ гендер болып келеді. Гомеобоксы бар гендер 1983 жылы Швейцарияда Базель университеттінде Уолтер Геринг және Блумингтондағы Индиана университетінен Мэтью Скот және Эми Вейнер атты ғалымдармен ашылған. Гомеодомен 3α спиральдары қысқа спиральды емес аудандармен байланысқан «спираль-айналым-спираль» (turn-helix-turn) құрылымнан тұрады. Екі қысқа α спиральдар N соңына жақын орналасқан, антипаралельды, ал үшінші α спираль ұзынырақ және С соңына жақын, ДНК мен осы байланысады. Гомеодомен ДНК мен ерекше байланысады, бірақ бір гомеодомен бүтін генді анықтау үшін жеткіліксіз. Көбіне гомеодомені бар белоктар бүтін геннің промотор ауданына транскрипцияның басқа факторларымен қосылып әсер етеді. Мұндай комплекс жалғыз гомеодомені бар белоктарға қарағанда қолайлы. Нох гендер көп клеткалылар дамуы үшін өте қажет, олар эмбрионның дамуының артқы және алдыңғы осьтерін анықтайды. Бұл гендер көбінесе топпен орналасады, кластер ішіндегі гендердің тізбекті орналасуы дамудағы геннің орнына сәйкес келеді. Бұл құбылыс коллинеарлық деп аталады. Кластер құрамындағы гендердің өзгеруі келесі гендердің белгілі аудандардарында өзгеріске алып келеді. Мысалы ретінде дрозофиладағы antennapedia және bithorax гендерін ала аламыз. Гомеобоксы бар гендер алғаш дрозофилаларда анықталған кейін басқа түрлерде де жәндіктерден бастап сүтқоректілерге дейін анықталды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]