- •1,2. Қазақ тілінің дауысты дыбыстар жүйесінің түркі тілдеріндегі дауыстылар сәйкестігімен байланысы.
- •9. Қазақ тіліндегі қатаң дауыссыз дыбыстар және олардың қыпшақ тобы тілдерімен сәйкестік құрауы
- •11. Қазақ тіліндегі ұяң дауыссыз дыбыстар және олардың қыпшақ тобы тілдерімен сәйкестік құрауы
- •12. Етістіктің өткен шақ тұлғаларының тарихи қалыптасуы.
- •13. Хх ғасырдағы түркітану саласындағы жетістіктер
- •14.Етістіктің осы шақ тұлғаларының тарихи қалыптасуы
- •15. Қазақ тіліндегі үнді дауыссыздардың қыпшақ тобы дауыссыздар жіктелісіндегі орны
- •16. Салыстырмалы-тарихи әдіс және лингвистикалық түркология
- •21 Сұрақ Етістіктің салт, сабақты және болымды, болымсыздық категориялары
- •23 Сұрақ Түркі тілдеріндегі езулік дауыстылардың сәйкестігі
- •24 Cұрақ Етістіктің есімше тұлғасының тарихи қалыптасуы
- •25 Cұрақ . Түркі тілдерін топтастыру мәселесі: ең жаңа классификациялар (г. Ахатов, а. В. Дыбо, о. Мудрак)
- •31. Түркі тілдерінің классификациялау мәселесі және м. Қашқаридың « Диунаи лұғат ат түрк» еңбегі.
- •32. Етістіктің дербес грам категория рет ерекшеліктері
- •33. Үстеу және оның сөзжасам жүйесі
- •34. Түркі тілдерін топтастыру мәселесі: Радлов және Корштың класиф
- •35. Сілтеу есімдіктерінің тарихи қалыптасуы
- •36. Тілдердің даму жолын тарихи тұрғыдан зерттеудің ретроспективті және проспективті бағыттары.
- •39. Алтай дәуірі және «Алтай гипотезасы туралы түсінік».
- •40. Түркі тілдерін топтастыру мәселесі: в.А.Вогородскийдің, а.Н.Самойливичтің , й.Рамстедтің классификациялары.
- •46. Батыс хун тілдері жіктелісі
- •47.Түркі тілдері дамуының орта орта түркі дәуірі
- •48. Сұрау есімдіктерінің таррихи қалыптасуы
- •51.Алғашқы түбір және қазіргі тілдергі «өлі түбірлер» туралы.
- •52. Орта түркі жазба мұраларының түркі жазба тілдерінің қалыптасуындағы орны.
- •53. Тіл дамуындағы заңдылықтардың сөздің морфологиялық құрамына тигізетін әсері.
- •55.Ондық сан есімдер.
- •66. Сан есімнің басқа сөз таптарынан айырмашылығы
- •68. Түркі тілдеріндегі фузия
- •69. Кейбір сан атауларының этимологиялық негізі
- •70. Есімдіктердің қалыптасу, даму жолы
- •76. Моносиллабтардың морфонологиялық құрылысы
- •77. Көптік категориясының тарихи қалыптасуы
- •78 Сурак Кыпшак тобы тилдериндеги тарихи дыбыстык сайкестиктер
- •79Сурак Казак тили жане турки тилднринин морфологиялык курылымы:
- •80 Сурак Салыстырмалы тарихи адисти колданудын басты шарттары
- •81. Салт-сабақтылық мән және етіс категориясы
- •82 Генеалогиялық классификация жасаудың негізгі ұстанымы.
- •83. Септік категориясының тарихи қалыптасуы
- •84. Сын есімнің қалыптасуында адъективтену процесінің атқарған рөлі
- •86. Сын есім жасайтын жұрнақтар.
- •87.Дара және күрделі сан есімдер
- •88. Түркі тілдерін зерттеуде қолданылатын әдіс – тәсілдер
21 Сұрақ Етістіктің салт, сабақты және болымды, болымсыздық категориялары
Біздің тілімізде әрі салт, әрі сабақты қызметте қолданылатын оқы (кітаптан оқы, кітапты оқы), жаз (қағазды жаз, қағазға жаз), қара (малды қара, малға қара), ұрыс (баланы ұрыс, балаға ұрыс), ойна (рөлді ойна, баламен ойна) т.б. сияқты етістіктер бар. Мұндай етістіктердің салт түрінен сабақтыға немесе сабақтыдан салтқа ауысуы етіс қосымшалары арқылы іске асады және бұл көне құбылыс. Бір ғана етістіктің екі түрлі грамматикалық мағынада қолданылуын көнедегі салт және сабақты мәндердің айқын жіктеліп, сараланбаған кезінің қалдығы деп есептеуге болады: табыс жалғаулы сөздер Ү-ҮІІІ ғасыр ескерткіштері тілінде тек қана тура объектілік мәнде жұмсалмайды, сонымен қатар мекен, мезгіл, мөлшер мәндерін де береді. Мұндай мәндердің болуы табыс жалғаулы сөздердің сабақтылық мән бермейтін етістіктермен тіркесе жұмсалуынан келіп туады. Мысалы: Алтун йысығ аса келтіміз (Алтай тауын аса келдік). Ертіс үгүзүг кече келтіміз (Ертіс өзенін кеше келді).
Көне түркі тілінде йоры (жорыту), йерле (орналасу) тәрізді етістіктер табыс септігімен бір тіркесте қолданылған.
Салт және сабақты етістіктердің қалыптасу, жіктелу жолын былай жобалауға болар еді: ең әуелі бейтарап түбірлердің контекстік ыңғайында салт немесе сабақты ретінде қолданылуы, содан кейін етіс аффикстерінің қалыптасуы, солар арқылы етістіктердің сабақтыға немесе салтқа айналуы.
Салт, сабақтылық мән етіс категорияларында даму барысында жіктеліп жүйеленген. Етіс категориясының арнаулы аффикстермен берілуі түркі тілдері тарихында жаңа құбылыс емес. Қазіргі тіл құрамындағы етіс қосымшаларының барлығы дерлік Ү-ҮІІІ ғасыр ескерткіштерінен бастап қолданылады.
Өздік етіс қосымшасы ескерткіштер тілінде -н, -ын, -ін, -ун, -үн түрінде қолданылып, іс-әрекет иесі сөйлеушінің өзі екендігін білдірген. Мысалы: өзім сақынтым (өзім қайғыландым), анча сақынтым (қатты уайымдадым). Орта ғасыр жазбаларынан: Ол евге барынды (ол үйге барды). Ол асы татынды (ол астан татты). Ол тарығ тарынды (Ол тары екті).
Етістіктерді болымды, болымсыз деп бөлу түркітануда дау туғызбайды. Болымдылық мән етістіктің түбір формасы арқылы берілсе, болымсыздық мән –ма, -ме қосымшасы арқылы немесе жоқ, емес сөздерінің тіркесуі арқылы жасалады.
-ма, -ме қосымшасы көне қосымшалардың бірі болып табылады. Ол орхан-Енисей жазба ескерткіштерінен бастап, соңғы дәуірге дейін жазылған ескерткіштер тілінде кезедеседі. Мысалы: Түрк будун учун удымадым, кунтуз олурмадым.
-ма//-ме этимологиясы жайлы айтылған пікір жоқтың қасы. Оның басты себебі - -ма, -ме қосымшасының көне дәуірден және қазіргі түркі тілдерінде бірізді қолданылуы.
Бұл қосымша осы тұлғасында монғол тілдерінде де қолданылады. Слондықтан кейбір ғалымдар Орал-алтай тіл бірлестігінен бері қолданылып келе жатқан қосымша деп есептейді.
Болымсыздық қазақ тілінде емес, жоқ сөздер арқылы аналитикалық жолмен де жасалады. Емес – о баста ер (эр) толымсыз етістігіне келер шақтық болымсыз есімшенің –мас, -мес қосымшасын қосу арқылы жасалынған. Мысалы: Хато эрмаз эрур хан сузлари чин (Құтб).
22-сұрақ. Түркілердің этникалық қалыптасу тарихы мен түркі тілдерінің тарихы арасындағы сабақтастық
Ғылыми-көпшілік әдебиеттерде «түркі халықтары», «түркітілдес халықтар» деп әртүрлі аталатын түркілер – тарихи-мәдени және тілдік байланыстарының тамырларын заманалардың терең қойнауларынан алатын этнотілдік қауымдастық.
Түркілердің географиялық таралу ареалы өте кең. Лена өзенінен Дунайға дейінгі, Таймырдан Парсы шығанағына дейінгі территорияда қоныс теуіп отырған түркі халықтарының саны бүгінде 160- 170 миллионға жетеді. Қазіргі түркі халықтары тарихи сан алуан тарихи жағдайларды басынан өткерсе де, аса ауқымды территорияда ата-бабадан мирастыққа қалдырылған ортақ тіл мен ортақ мәдениетті сақтап отырғанымен ерекшеленеді.
Дәстүрлі алтаистикалық бағыттағы зерттеулерде түркілердің тарихи ата-жұрты «алтайлық атамекен» ұғымымен ұштастырылады. Алтай макротілдік тобын құрайтын түркі, моңғол, тұңғыс-маньчжур және корей, жапон тілдерінде сөйлейтін халықтардың түпкі мекені саналатын Орталық-Азия үстіртінің солтүстік-батыс бөлігі, Алтай таулары мен Хинган таулы қыратының солтүстік бөлігі арасындағы территория түркілердіңде төл отаны, ата жұрты саналадды. Алдыңғы Азия, Кавказ, Қыпшақ даласы, тіптен Шығыс Түркістаннан ары қарай кететін аса ауқымды географиялық ареалды ескерместен, арғытүркілердің атажұртын Ордос үстіртінен (Қытайдағы) Саян-Алтайға дейінгі аралықпен шектеудің дұрыс еместігі жайлы пікірлер де жеткілікті. Мәселен А.Б. Долгопольский: «Алтай тілдерінде сөйлейтін халықтар бағзы бір замандарда Алдыңғы Азияға жақын, атап айтқанда Орта Азияда өмір сүрді. Алтай тілдерінің ең көнелері (түркі тілдері) афанасьев және андронов мәдениетіндегі еуропеоидтық тұрғындар толқынымен бірге Оңтүстік Сібір және Монголия далаларын шарпыды, кейіннен олар монголоидтық типтегі жергілікті тұрғындардың тіліне айналды» десе, жапон ғылымы С.Грит « б.з. дейін Алтайды (Солтүстік Қытайды) пазырык мәдениетін ұстанған үнді-еуропалық тайпалар мекендеді, ал алтайлықтар Сібірді б.з.д. ІІ ғ. Глазов мәдениеті тұсында игере бастады» деген пікірлермен қатар «Алтай-саян таулы қыраттары мен Енисей және Лена өзендері, Байкал көлі сияқты ірі су тораптары енетін Сібір өлкесін алтай халықтарының ата жұрты, төл мекені» деп тану да орын алатынын айта келе, қазіргі Қытайдың солтүстігін, кезінде Хун-шань мәдениетінің ошағы болған Маньчжурия территориясын алтайлық халықтардың түпкі мекені деп тану корейтану және жапонтану бағытындағы зерттеулерде көрініс бере бастағанын айтады. С.Е. Малов: «б.э. дейінгі 5 ғасыр бойы түркілер негізінен қазіргі таралған территорияларында өмір сүрді. Еуропада түркілер мекен еткен ең көне жерлер ретінде Дунай өзенін, Еділдің төменгі және орта сағасын, Орал бойын көрсетуге болады» дейді.
Тарихи деректер бойынша түркілер туралы алғашқы мәліметтер тарих аренасына ғұндардың шығуына байланысты көрініс береді. Ғұндардың далалық империясы кез келген мұндай ірі мемлекеттік құрылым сияқты этникалық құрам жағынан бір келкі болмағаны даусыз. Қытай тарихи дереккөздерінде ғұндар туралы алғашқы мәліметтер б.з.д. 4-3 ғасырларға барып саяды. Бұл дәуір түркі тілдері семьясының алғаш рет глоттохронологиялық бөлініске түсе бастаған, яғни бұлғар тобының жалпытүркі тілінен бөлініп шыққан кезеңімен тұспа-тұс келеді. Сондықтан К.Менгес, Н.А.Баскаков тәрізді белгілі түркологтар бұлғарлардың түркілерден бөлініп, батысқа қарай біртіндеп қоныс аударуын ғұндар мен байланыстырады.
Арғытүркілік (прототүрк) субстраттың этникалық тарихы тұрғындардың екі түрлі тобының синтезіне қатысты өзектеледі:
Еділ бойы, Қазақстан, Алтай және Жоғарғы Енисей өлкелері тұрғындарының тарихи тектестігімен сабақтастырылатын Б.з.д. 3-2 мың жылдықтарда Еділден батысқа қарай, сондай-ақ шығыс және оңтүстік бағыттарда ғасырлар бойы үзіліссіз жалғасқан көштердің (миграцияның) нәтижесінде қалыптасқан этникалық тарих;
ішкіазиялықтардың шығу тегімен ұштастырылатын Енисейдің шығысындағы далалы алқапта кейіннен пайда болған этникалық тарих.
Осы екі топтың екі жарым мыңжылдықтар бойы үздіксіз жалғасқан өзара тығыз байланыстары, тарихи қарым-қатынастары, бір-бірімен алма-кезек тоғысулары этникалық біртұтастануға (консолидация) жетеледі, нәтижесінде түркітілдес этникалық ортақтық қалыптасты. Осы ортақтықтан б.з. II мыңжылдықтарында қазіргі түркі халықтары бөлініп шықты.
VI-VIIІ ғасырлар - түркілердің тарих сахнасында ерекше із қалдырған кезеңі болды.
VI-VIIІ ғасырларда Орталық Азияда Түркі қағанаттары бой көтерді. 552 жылы құрылған Түркі қағанаты 603 жылы Батыс және Шығыс болып екіге бөлініп кетті. Батыс Түрк қағанатының (603—658) құрамына қазіргі Орта Азия, Қазахстан және Шығыс Түркістан территориялары, ал Шығыс Түрк қағанаты құрамына Монголия, солтүстік Қытай және оңтүстік Сібір өлкелері кірді. 658 жылы шығыс түркілерінің жаулауымен Батыс Түрк қағанатының құлады. 698 жылы түргеш тайпалық одағының көсемі Үшелік жаңа түрк мемлекетін - Түргеш қағанатын құрады (698-745жж.).
VIII ғ. басында басталған ұйғыр тайпаларының бірігуі процесі 742-756 жж аяқталады. Ұйғырлар конфедерациясының күшеюі нәтижесінде 745 жылы Ұйғыр қағанаты құрылады. 745 жылы құрылып, 840 жылы құлаған Ұйғыр қағанаты феодалдық мемлекет болды. Алтайдан Маньчжурияға, оңтүстікте Говь шөліне дейінгі ұлан-ғайыр территорияда үстемдік құрған Ұйғыр қағанаты құрамына ұйғырлар мен телес тайпаларының сыртында, қарлұқ, қырғыз, татар, басмал, кидан, чики, т.б. бағындырылған тайпалар енді. Қарабалғасун (Харбалгас) немесе Орду-Балық деп аталған астанасының іргесін Орхон өзенінің сол жағалауында қалаған ұйғырлар көшпелілер тарихында манихей дінін қабылдаған бірден-бір тайпа болып қалды10.
Ұйғыр қағанаты құрамындағы енисей қырғыздарының IX ғ. 20 жылдары басталып 840 жылға дейін жалғасқан көтерілісі қағанаттың құлап, оның құрамындағы ұйғырлардың жан-жаққа бытырай қашуымен аяқталады. 80 жылдай өмір сүрген Қырғыз қағанаты 920 жылдары құлайды. Қағанаттың құлауына байланысты қырғыздар Орталық Азиядағы Монголия территориясын жоғалтқанымен, өздерінің екі бірдей таралу ареалын, 1) Енисейдің жоғары және орта сағасын; 2) Алтайды және Ертіс бойын сақтап қалады. Бұдан кейінгі тарихи көштер барысында қырғыздар екіге айрылып, енисей қырғыздары мен Тянь-Шань қырғыздарының этникалық жаңа тарихының қалыптасуы басталады. XIII-XVI ғ. осман түркілері Еуропа, Кіші Азия, Африканы жаулап, Осман Империясын құрады. XVI-XVIII ғ. алдымен Орыс мемлекеті, кейіннен Петр І патшаның реформасынан соң Ресей Империясы бұрынғы Алтын Орда территориясында пайда болған Қазан, Астрахан, Қырым, Ноғай Ордасы тәрізді хандықтардың, кейіннен XIXғ. Орта Азияны, Хоқан хандықтарының, Шығыс Кавказдағы бірнеше Әзірбайжан хандықтарының жерін өзіне қосып алады. Ал Қазақстанға келетін болсақ, XVII ғасырдың алғашқы ширегінен XVIII ортасына дейін жалғасып, қазақтардың жеңісімен және 1758 жылы Жоңғар хандығының жойылуы туралы Қытайдың аннексиясымен аяқталған Қазақ хандығы мен Жоңғар хандықтары арасындағы жаугершілік соғыстар салдарынан XVIII ғ. 30 жылдары басталған Қазақстанның Ресейге қосылуы XIXғ. орта тұсында толығымен аяқталды.Сөйтіп, ХХғ. басында Осман империясы мен Хиуа хандығы, яғни Хорезм (1512—1920) ғана дербес түркі мемлекеттері болып қалды.Бүгінде түркілер Еуразия, Солтүстік Америка, Австралия құрлықтарындағы сан алуан мемлекеттер құрамында, Орта Азия, Кавказ, Жерорта теңізі, Оңтүстік және Шығыс Еуропадан Ресейдің Қиыр Шығысына дейінгі территорияда өмір сүруде. Қытайда, Америкада, Таяу шығыс және Батыс Еуропа мемлекеттерінде таралған шағын санды түркі этностары бүгінде жаһандану процесіне тойтарыс бере алмай біртіндеп жойылу үстінде. Түркілердің адам санына қатысты өсімі тұрғысынан алғанда Түркия бірінші орында болатын болса, таралу аймағы жағынан Ресей территориясы ең көлемдісі саналады. 2002 жылғы Бүкілресейлік санақ бойынша Ресейде 25 түркітілдес халықтар өмір сүреді.
Мемлекеттік-территориялық құрылым тұрғысынан алғанда қазіргі кезде 6 тәуелсіз түркі республикалары бар. Ол мемлекеттердегі тұрғындардың жалпы санына шаққанда түркітілдес халықтардың саны Әзірбайжанда 90%, Қазақстанда -73 % (2010ж. санақ бойынша), Қырғызстанда 85 % (2009ж. санақ бойынша), Түркияда (78 % 2013ж.), Түркіменстанда 85 % , Өзбекстанда 80 % (2013ж) пайыздық көрсеткішті құрайды. Ұлттық автономиялар саны -13.
