Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тарихи грамматика!!!! Саттилик кыздар!!!!!!!!!!...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
234 Кб
Скачать
☆

13. Хх ғасырдағы түркітану саласындағы жетістіктер

ХХ ғасырдың басында түркі тілдерін зерттеумен айналысушылардың біразы өздерінің ғылыми ізденістерін ХІХ ғасырдың соңында бастаған ғалымдар. ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында түркі тілдері саласында жемісті еңбек еткен ғалымдардың ғылыми бағыт-бағдарын анықтап тәрбиелеуде В.В.Радлов еңбегі ерекше болды. В.В,Радловтың шәкірттерінің бірі – хакас ұлтының өкілі И.Ф.Катанов 1862-1922). Петербург университетінде магистрлік дәрежеге іздену барысында тува, тофалар, хакас, қазақ тіліндері бойынша мол тілдік дерек жинап, құнды тұжырымдар мен пайымдар жасаған ғалым ғылыми дәрежені алған соң, Қазан универсиетінің түрік-татар тілі кафедрасында эксординаторлы профессор болып қызмет етеді. Кейіннен урянхай тілі бойынша докторлық диссертация қорғайды

Ғалымның түркология тарихындағы құнды еңбектері – «Опыт исследования урянхайского языка с указателем главнейших родственных отношений его к другим языкам тюркского корня» (1903), «Замечания о богатырских поэмах минусинских тюрков» (1885), «О погребальных обрядах у тюркских племен с древнейших времен до наших дней» (1894) «Восточные заметки» (1896).

В.В.Радловтың шәкірті – П.М.Мелиоранский (1868-1906) қазақ тілінің алғашқы грамматикасын жазушылардың бірі (Краткая грамматика казах-киргизского языка) (1894). Ғалымның негізгі ғылыми бағытының бір қыры түркілердің көне мұраларын зерттеу болды. Ол 1989 жылы «Күлтегін» ескерткіші тақырыбында магистрлік, 1901 жылы «Араб филолог о турецком языке» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. Диссертация мазмұндары жеке-жеке кітап болып жарық көрді: Араб филолог о турецком языке. СПб., 1900; Памятник в честь Кюль-Тегина. СПб., 1900. Сондай-ақ П.М.Мелиоранский орыс тіліндегі түркизмдерді жүйелі түрде ең алғаш зерттеген ғалым. Ғалымның осы тақырыпқа арналған «Турецкие элементы в языке "Слова о полку Игорове"», «Заимствованные восточные слова в памтяниках в русской письменности домонгольского времени» деген еңбектері бар.

Ғылыми ізденістерін 1902 жылдан бастаған А.Н.Самойлович те (1880-1938) соңынан мол мұра қалдырған әрі болашақ түркітанушы мамандар даярлауға зор үлес қосқан ғалым.

ХХ ғасырдың басында маңызды түркологиялық еңбектер қалдырған ғалымдар қатарында Ф.Е.Корш (1843-1915), А.Е.Крымский (1871-1942), В.Д.Миллер (1848-1913), В.Ф.Пекарский (1853-1934), В.В.Бартольд (1869-1930), Н.И.Ашмарин (1870-1933) т.б. зерттеушілер бар. Осы кезеңде қазақ тілі жөнінде М.Бекимовтың «Руководство к изучению киргизского языка» (Ташкент, 1909); А.Байтұрсынұлының «Оқу құралы» (1912-25 жылдар аралығында бірнеше рет басылған), 3 бөлімнен тұратын «Тіл құрал» (Фонетика, 1915, Морфология, 1914, Синтаксис, 1916) атты еңбектері жарыққа шығып, «Айқап» журналы мен «Дала уалаяты» газетінде А.Құрманбаев, М.Малдыбаев, Сұлтанғазиндердің мақалалары жарияланды, бірнеше шағын орысша-қазақша, қазақша-орысша сөздіктер (И.Букин, Н.А.Воскресенский, А.В.Старчевский, Т.Бокин т.б. құрастырған) құрастырылды. Аталған еңбектердің ішінде ерекшесі – А.Байтұрсынұлының «Тіл – құралы» болды. Қазақ тілінің табиғатын, ерекшеліктерін терең танытатын грамматика 1930 жылдарға дейін оқу үрдісінде қолданылды.

Түркі халықтарының негізгі бөлігі Кеңес үкіметінің құрамында болуына орай ХХ ғасырың 20-25 жылдарынан бастап ерекше қарқынмен дамыған түркітану (тіл білімі) үлкен ғылым саласына айналды, Кеңес үкіметі әлемдік түркітанудың ошағы (орталығы) қызметін атқарды. Әрбір түркі тілдері жан-жақты зерттеліп, басты-басты тілдер бойынша ұлттық кадрлар шоғыры қалыптасты. 1970 жылы КСРО ҒА-ның тіл, әдебиет бөлімшесі жанынан кеңестік Түркітану комитеті құрылып, «Советская түркология» (Баку қаласында) журналы шығарылып тұрды. Бұл журнал 1991 жылдан бастап «Түркология» деген атпен шығарылып келеді.

Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан, Әзірбайжан республикаларында басқа да түркі халықтары шоғырланған ірі қалаларда жоғары, орта оқу орындары ашылып, тіл – әдебиет мамандықтары бойынша ұлттық кадрлар дайындалды. Түркі халықтары тұратын басқа да аймақтарды, облыстарда ұлт тілдерін зерттеуге арналған ресми мекемелер (ғылыми-зерттеу институттары, кафедралар, секторлар) ұйымдастырылды. Әрбір тіл бойынша грамматикалар, оқу құралдары, монографиялар көптен шығарыла бастады. Түркітану ғылымының өркендеген тұсы осы кезең болды.

Осындай нақты іс-әрекеттер нәтижесінде қазақ тіл білімі, өзбек тіл білімі қырғыз тіл білімі, якут тіл білімі т.б. тәрізді ғылым салалары қалыптасып, түркология ғылымының жандануына ықпал етті.

Кеңес дәуірінде түркітану ғылымының дамуына үлес қосып, түркі тілдерін зерттеуде жемісті еңбек еткен ғалымдар: С.Е.Малов, В.А.Богородицкий, Е.Д.Поливанов, Н.К.Дмитриев, Э.Н.Наджип, М.Насилов, Э.В.Севортян, К.К.Юдахин, Н.А.Баскаков, А.Н.Кононов, Е.И.Убрятова, И.А.Батманов, В.В.Решетов, А.М.Щербак, Э.Р.Тенишев, Б.А.Серебрянников, К.М.Мусаев, т.б.

Түркітану (тіл білімі) ғылымы кең мағынасында бүкіл түркі тілдері туралы ғылым (диахронды, синхронды) болғанымен қазіргі таңда түркітану ғылымының нысаны ретінде негізінен түркі тілдерінің тарихи даму жолы, көне ескерткіштер тілі алынып жүр. Бұл сала бойынша Ә.Т.Қайдар, М.Томанов, Ғ.Айдаров, Т.Құрышжанов, М.Ибатов, Б.Сағындық, Р.Сыздықова, Б.Әбілқасымұлы, Ә.Керімов, А.Аманжолов, Е.Қажыбеков, Ж

[18:43, 14.12.2014] Асимок: .Манкеева т.б. ғалымдардың еңбектері ерекше.

ХХ ғасырдағы түркология ғылымының үшінші кезеңінің басты ерекшелігі - әрбір түркі респубикасы өз тілдерін, оның тарихи даму жолын зертеудің бағыт-бағдарын өздері айқындауға, түркі халықтарының тарихын, мәдени мұраларын зерттеуде кеткен олқлықтардың (саяси идеологияға қатысты) орнын толтыруға мүмкіндік алып отыр. Қазақ тіл білімінде тек қазақ тілінің даму жолына қатысты мәселелер ғана емес жалпы түркологияның өзекті мәселелері – түркі тілдері зерттеу (әр деңгейде), олардың туыстық ортақтықтары мен айырмашылықтарын саралау, Орхон, Енисей, Талас жазба ескерткіштері мәтінін түпнұсқадан қайта оқу, олардың тілі мен қазақ тілінің сабақтастығын көрсету, орта түркі ескерткіштерінің мәтіндерімен жұмыс жүргізіп, тілін зерттеу, қазақ тілімен салыстыра қарастыру, т.б. мәселелер зерттеу нысаны болуда.

Түркі тілдерін зерттеу басқа алыс шетелдерде де жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Мәселен, Венгрияда – Д.Немет, Г.Хазай, Ж.Какук, Л.Лигети, А.Рона-Таш, И.Қ.Мандоки т.б.; Болгарияда – Г.Глыбов, Б.Недков, Н.Тодоров, Б.Цветкова т.б.; Польшада – А.Зайончковский, Э.Трыярский, А.Дубинский т.б.; Румынияда – М.Губоглу, В.Дримба; Югославияда – Г.Елехович, Х.Заджибегич, Б.Джурдже т.б.; Америка Құрама Штаттарында – К.Г.Менгес, А.Тице, Д.Синор, И.Циртаутас; ФРГ-да – А.фон Габен, Б.Шпулер, Г.Дерфер т.б.; Англияда – Д.Клаусон; Финляндияда – М.Рясянен; Жапонияда – Широхаттори, Нобуа Ямада т.б.; ғалымдар құнды түркологиялық еңбектерімен белгілі.

Түркияда түркологиялық зерттеулерге арналған «Тurk dili», «Тurk dunyasы» басылымдары шығарылады. Түркиядағы танымал түркітанушы ғалымдар қатарында З. Қорұқмас, А.Джафароғлу, Т.Текин т.б. зерттеушілерді атауымызға болады.