- •1,2. Қазақ тілінің дауысты дыбыстар жүйесінің түркі тілдеріндегі дауыстылар сәйкестігімен байланысы.
- •9. Қазақ тіліндегі қатаң дауыссыз дыбыстар және олардың қыпшақ тобы тілдерімен сәйкестік құрауы
- •11. Қазақ тіліндегі ұяң дауыссыз дыбыстар және олардың қыпшақ тобы тілдерімен сәйкестік құрауы
- •12. Етістіктің өткен шақ тұлғаларының тарихи қалыптасуы.
- •13. Хх ғасырдағы түркітану саласындағы жетістіктер
- •14.Етістіктің осы шақ тұлғаларының тарихи қалыптасуы
- •15. Қазақ тіліндегі үнді дауыссыздардың қыпшақ тобы дауыссыздар жіктелісіндегі орны
- •16. Салыстырмалы-тарихи әдіс және лингвистикалық түркология
- •21 Сұрақ Етістіктің салт, сабақты және болымды, болымсыздық категориялары
- •23 Сұрақ Түркі тілдеріндегі езулік дауыстылардың сәйкестігі
- •24 Cұрақ Етістіктің есімше тұлғасының тарихи қалыптасуы
- •25 Cұрақ . Түркі тілдерін топтастыру мәселесі: ең жаңа классификациялар (г. Ахатов, а. В. Дыбо, о. Мудрак)
- •31. Түркі тілдерінің классификациялау мәселесі және м. Қашқаридың « Диунаи лұғат ат түрк» еңбегі.
- •32. Етістіктің дербес грам категория рет ерекшеліктері
- •33. Үстеу және оның сөзжасам жүйесі
- •34. Түркі тілдерін топтастыру мәселесі: Радлов және Корштың класиф
- •35. Сілтеу есімдіктерінің тарихи қалыптасуы
- •36. Тілдердің даму жолын тарихи тұрғыдан зерттеудің ретроспективті және проспективті бағыттары.
- •39. Алтай дәуірі және «Алтай гипотезасы туралы түсінік».
- •40. Түркі тілдерін топтастыру мәселесі: в.А.Вогородскийдің, а.Н.Самойливичтің , й.Рамстедтің классификациялары.
- •46. Батыс хун тілдері жіктелісі
- •47.Түркі тілдері дамуының орта орта түркі дәуірі
- •48. Сұрау есімдіктерінің таррихи қалыптасуы
- •51.Алғашқы түбір және қазіргі тілдергі «өлі түбірлер» туралы.
- •52. Орта түркі жазба мұраларының түркі жазба тілдерінің қалыптасуындағы орны.
- •53. Тіл дамуындағы заңдылықтардың сөздің морфологиялық құрамына тигізетін әсері.
- •55.Ондық сан есімдер.
- •66. Сан есімнің басқа сөз таптарынан айырмашылығы
- •68. Түркі тілдеріндегі фузия
- •69. Кейбір сан атауларының этимологиялық негізі
- •70. Есімдіктердің қалыптасу, даму жолы
- •76. Моносиллабтардың морфонологиялық құрылысы
- •77. Көптік категориясының тарихи қалыптасуы
- •78 Сурак Кыпшак тобы тилдериндеги тарихи дыбыстык сайкестиктер
- •79Сурак Казак тили жане турки тилднринин морфологиялык курылымы:
- •80 Сурак Салыстырмалы тарихи адисти колданудын басты шарттары
- •81. Салт-сабақтылық мән және етіс категориясы
- •82 Генеалогиялық классификация жасаудың негізгі ұстанымы.
- •83. Септік категориясының тарихи қалыптасуы
- •84. Сын есімнің қалыптасуында адъективтену процесінің атқарған рөлі
- •86. Сын есім жасайтын жұрнақтар.
- •87.Дара және күрделі сан есімдер
- •88. Түркі тілдерін зерттеуде қолданылатын әдіс – тәсілдер
9. Қазақ тіліндегі қатаң дауыссыз дыбыстар және олардың қыпшақ тобы тілдерімен сәйкестік құрауы
Қазiргi қыпшақ тобындағы тiлдердiң дауыссыздар жүйесi Орхон, Енисей, Талас ескерткiштерi тiлiндегi консонанттарға берiлген артикуляциялық, акустикалық сипаттамалық жiктемеден айтарлықтай ажыратылмайды.
t≈d сәйкестiгi: at≈ad «есiм»;
č≈š сәйкестiгi: čöl≈šöl «шөл», ač≈aš «аш»;
č≈s сәйкестiгi: üč≈ös «үш», ač≈as «ет. аш»;
š≈s сәйкестiгi: qïš≈qïs «қыс (зат есiм)», baš≈bas «бас»;
s≈h сәйкестiгi: sa≈ha → han «сан, санау»;
s≈h сәйкестігі:Башқұрт тіліндегі жалпытүркілік сөздердің негізгі бөлігінде сөз басындағы s дыбысы h дыбысына өзгереді (qorhaq “құрсақ, іш” ~ қаз. тілінде – qürsaq; jaharγa “жасау, істеу” ~ қаз. тілінде – žasaw т.б.), текsijraq“сирақ” ~ қаз. sïjraq; söjäl “сүйел” ~ қаз. süjel тәрізді бірен-саран сөздерде және араб-парсы тілдерінен енген сөздерде (sabïj “сәби, нәресте” ~ қаз. säbij; säbäp “себеп, сылтау” ~ қаз. sebep; sijxru “сиқыр, ғажайып” ~ қаз. sïjqïr т.б.) сақталған. Башқұрт тілінде жалпытүркілік сөздерде sдауыссызының орнына h дыбысының қолданылуы тек түбір сөз деңгейінде ғана емес қосымша морфема деңгейінде де кездеседі: жіктік жалғауының екінші жағы: -hïŋ, -hеŋ, -hoŋ, -höŋ ~ қаз. sïŋ, -sіŋ; тәуелдік жалғауының үшінші жағы: -hï, -hе, -hо, -hö ~ қаз. -sï, -si; сын есім тудыратын жұрнақ: -hïz, hеz, hоz, höz ~ қаз. -sïz, -sіz т.б.).s≈h сәйкестігінің түркі (башқұрт, якут), тұңғыс-маньчжур (эвенкі), монғол (бурят) тілдерінде кездесуі бұл құбылыстың алтай дәуіріне тән екендігін, яғни алтай тіл бірлестігінен қалған белгі екенін көрсетеді.
s≈š сәйкестiгi: is≈эš «iс».
10. ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырлардағы түркітану ғылымының дамуы біріншіден Ресей патшалығының жүргізген саясатына байланысты болса, екіншіден түркі, Сібір далаларынан табылған белгісіз ойма жазуларға қатысты болды.
ХҮІІ ғасырдың соңында 1692 жылы Амстердам бургомистрі Николай Видзеннің «…недалеко от Верхотурья на утесе найдено несколко изображений и надписей из неизвестных букв…» деп жасаған хабарламасы тек орыс зерттеушілерінің ғана емес батыс ғалымдарының да қызығушылығын тудырып, түркілер мәдениетін зерттеуге деген талапты біршама арттыра түсті.
1696 жылы тобылдық бояр Семен Ремезевке Сібірдің картасын жасау тыпсырылып, екі жылға жуық Сібірді, Орта Азия мен Қазақстан аумағын аралап шыққан зерттеуші өз жұмысының нәтижесін 1698 жылы «Чертеж всех сибирский градов и земель и чертеж земли всей безводной и малопроходной каменной степи» атласымен қорытындылайды Атлас құрамындағы Орта Азия картасында қазіргі Талас көне түркі жазбалары табылған өңірге қатысты мәліметтер кездеседі.
ХҮІІІ ғасырда үлкен ғылыми жаңалықпен оралған экспедициялардың бірі – Д.Г.Месершмидт бастаған Батыс Сібір мен Маньчжурияға, Монғолияға жасаған сапар (1719-1722 жж.). Экспедиция мүшелері құпия таңбалы руна жазулы ескерткіштер тапқанын жариялайды. Д.Г.Мессершмидт өз күрделігінде құпия таңбалар жайлы «…изображены резные правильные четырехугольники в виде ромбов и ромбоидов» деп жазады.
ХҮІІІ ғасырдың басында жазылған түркологиялық еңбектер қатарында Дмитрий Кантемирдің «Возвышение и падение дома Османов» (1716), «Система религии и состояние турецкой империй» (1720) атты Осман түріктері жайлы жазылған еңбектерін де атауға болады. Ресейде араб шрифтімен баспа ғана ұйымдастырылуы да Д.Кантемирдің есімімен байланысты. ХҮІІІ ғасырдың 20-шы жылдарынан бастап Орта Азия мен Қазақ даласына орыс зерттеушілерімен бірге Батыс саяхатшылары, дипломаттары да келе бастады.
Ресейде Ғылым академиясының ашылуына байланысты белгілі шығыстанушы, түркологог, тибетолог мамандардың қызметке шақырылуы түркітану ғылымының дамуына жол ашты. Олардың қатарында академик Г.З.Байер, Г.Ф.Миллер, И.Э.Фишер, П.С.Паллас, В.Н.Татищев, т.б. болды6.
1793 жылы Т.Байер мен П.С.Паллас құпия жазулы руникалық ескерткіштер табылған аймаққа экспедиция жасап, зерттеулер жүргізеді, осы сапарында Т.Байер көне түркі жазба ескерткіштерінде қолданылған жазу таңбаларын кельт жазуымен байланыстырады.
Түркі тілдері бойынша көптеген мәліметтер жинап, зерттеу жүргізген орыс ғалымы В.Н.Татищев (1686-1750), Самарада татарша-қалмақша-орысша мектеп ашылуына ұйтқы болады. Ғалымның түркі тілдері бойынша жазылған құнды еңбегі – «Лексикон Российкий, исторический, географический, политический и гражданский» деп аталады.
Түркітану тарихында аты қалған ғалымдардың бірі – Г.Ф.Миллер (1705-1783) өзінің «Описание Сибирского царства и всех происшедших в нем дел»деген көлемді еңбегімен белгілі (1750).
ХҮІІІ ғасырдағы түркологиялық зерттеулер қатарынан профессор С.Г.Гмелиннің Волга татарларының тілі деректерін пайдаланған «Путешествие по России для исследования трех царств естества» атты еңбегі, «Русско-турецко-персидско-гилянский глоссарий» деген сөздігі үлкен орын алады.
ХҮІІІ ғасырда жазылған түркі тілдерінің көптеген сөздіктерінің қолжазбалары Ресей Ғылыми Академиясының, Санкт-Петербургтегі Шығыстану институтының қолжазбалар қорында сақталған7. Осы кезеңдерде жүргізілген түркологиялық зерттеулер ХІХ ғасырда жалғасын тауып, Ресейдегі түркітану ғылыми жандана түсті.
