Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тарихи грамматика!!!! Саттилик кыздар!!!!!!!!!!...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
234.1 Кб
Скачать

66. Сан есімнің басқа сөз таптарынан айырмашылығы

Заттың немесе заттық ұғымдар мен құбылыстардың санын, мөлшерін, бөлшегін, ретін білдіретін сан есімдер өзіндік лексика-семантикалық ерекшеліктері, морфологиялық белгілері, синтаксистік қызметі бар дербес сөз табын құрайды. Сан есімнің басқа сөз табынан айырмашылығы – зат есіммен тіркесіп, заттық ұғымның сандық сипатын анықтайды; зат есімсіз қолданылып сандық атауды білдіреді; етістіктермен тіркесіп, іс-әрекет пен қимылдың сандық сапасын сипаттайды; сан есімдер басқа сөз таптарынан жасалмайды; күрделі сан есімдер жасайтын дара сан есімдердің көлемі (саны) айқын болады.

Түркі тілдеріндегі сан есімдердің қалыптасуы В.В.Радлов, П.М.Мелиоранский, Г.И.Рамстедт, С.Е.Малов, А.Н.Самойлович, Н.З.Гаджиева, Б.Серебренников,А.Щербак тәрізді шетелдік зерттеушілердің, сондай-ақ, С.Аманжолов, М.Томанов, Ә.Құрышжанов, С.Исаев, Ғ.Айдаров т.б.отандық ғалымдардың еңбектерінде жан-жақты қарастырылды.

Орхон, Енисей, Талас ескерткіштері тілінде құрылымына қарай жіктелетін - дара және күрделі сан есімдер, мағынасына қарай ажыратылатын - есептік, реттік, жинақтық, бөлшектік сан есімдер қолданылады.

67. Сөздердің морфологиялық кластарға жіктелуінің тарихи-тілдік негіздері. Түркі т-де сөз таптары айқын көрінбеген. Орхон-Енисей жаз.ның т.де қазіргі қазақ тіліндегі сөз т.ның кездеспейді. М.Томанов ол тілде бір-бірінен айқын сараланған сөз таптары зат есімдер мен етістіктер екендігін жазады. Есімдер тобында басқалардан айқын жігін ашқаны – сан есімдер. Ал сын есімдер мен үстеулер, шылаулар қалыптасқан, сараланған сөздер есебінде көрінбейді. Шығу тегі тұрғысынан қарағанда шейін (шек+ін), сияқты (сиық+ты), арқылы (арт+қа+лы), бойы (бой+ы), жөнінде (жөн+ін+де), шамалы (шама+лы) тәрізді септеулік шылаулардың есімдермен тектестігін, дейін (де+й+ін), қарай (қара+й), гөрі (көр+е) шылаулары бойынан олардың етістіктермен тектес екендігін байқауға болады.

68. Түркі тілдеріндегі фузия

Г.Й.Рамстедт қосымшаның басқы дыбысының негіздің соңғы дыбысымен кірігуін фузия деп атайды және оның барлық алтай тілдері үшін маңызы ерекше екенін атап көрсетеді. Фузияны ассимиляция заңына бағынатын, ілгерінді және кейінді ықпалдарға қатысы бар құбылыс ретінде қарастыра келіп, Г.Й.Рамстедт алтай тілдерінде қосымшаның басқы дыбысы негіздің соңғы дыбысына, немесе керісінше, негіздің соңғы дыбысы қосымшаның басқы дыбысына ыңғайласуы, бір- біріне әсер етуі орын алатынын айтады. Мысалы: түрк. at-qa, atima; моңғ. jabu-ǯu’ жүріп келе жатып′, gar-šu ′кетерде′; түрк. ba-j-u ′байлап жатып′ (түбір ba- ), ba-g ′байлам, түйін′, baj-la ′байлау′; кор. pa ′арқан, жіп′ (<*pag); түрк., моңғ. bag-la ′байлау′. Түркі тілдерінде ba- ′байлау′ түбір-негізі якут тілінде –j- форматы арқылы ұзарып, baj- тұлғасында етістіктің негізін құрайды. Алтай тілдерінде негіздің соңғы дыбысы қосымшаға қосылып кетуі немесе түсіп қалып, негіздің қысқаруы да көптеп кездеседі: моңғ. jabu-gad, жаңа моңғ.jaw-ād; кор. isi-da ′болу′, кейіннін is-ta, қазір itta39.

69. Кейбір сан атауларының этимологиялық негізі

Сан есімдердің жасалу, қалыптасу тарихы әр алуан. Мәселен, тіліміздегі миллион, триллион сөздері батыс елдерінен енсе, «он мың» мәніндегі түмен сөзі монғол тілінен енген деген жорамал бар. Г.И.Рамстедт алтай тілдері фактілерін салыстыра отырап, бірнеше сан есімдердің қалыптасуына жеке-жеке талдау жасайды40: түрк. bir ~ моңғ. büri ′барлық, бәрі, әрбір′; түрк. eki < *ek-<*hek- <*pek- ′ілесу, еру′ ~ кор. pęgim ′жақын маңдағы, келесі′ < *pek- + -im, кор. pęgim t`ę ′жақын маң′> түрк. ekinti ′екінті, түстен кейін′; түрк. beš ′бес′ ~ чув. pilək ~ pillək ~ тұңғ. лам. bilän ′білек′; түрк. *alty ′алты′ < al- ′алу′+ -ty; түрк. jeti < je- ′жеу′; түрк. sekiz < s (cал.: моңғ. ese ′жоқ′) + ekiz, ikiz ′егіз′ (<eki+-z) ~ моңғ. ikire ′егіз′; түрк. toquz ′тоғыз′ ~ моңғ. toqur/tokir ′бүгілмейтін, икемсіз саусақтар′, мұндағы -z мен sekiz сөзіндегі -z бірдей; түрк. on ′он′ ~ -an (seks+-en, toqs +- an) ~ моңғ. -an (ǯiran′алпыс′, dalan ′жетпіс′, najan ′сексен′, jiren ′тоқсан′) ~ кор. on ′жүз′; түрк. jigirmi ′жиырма′ ~ моңғ. ǯirin ′екі, екеуі де, қос′ > ǯirmesün ′жүкті, аяғы ауыр, екі қабат′ (сал.: халх. dabχur ′жүкті, аяғы ауыр′, сөзбе сөз: ′екі қабат′) < моңғ. *ǯigür- / ǯigir- ~* jigürme/ *jigürmi ′екі еселену′; түрк. jüz ′жүз′ <jü-′тиеу, арту′ (моңғ. ǯüe- /ǯüge-′тиеу, арту′); көне түрк. byŋ, ұйғ. myŋ, чув. pin′мың′ ~ моңғ. mingan ′мың′~ тұңғ. mingan ′мың′.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]