
- •1,2. Қазақ тілінің дауысты дыбыстар жүйесінің түркі тілдеріндегі дауыстылар сәйкестігімен байланысы.
- •9. Қазақ тіліндегі қатаң дауыссыз дыбыстар және олардың қыпшақ тобы тілдерімен сәйкестік құрауы
- •11. Қазақ тіліндегі ұяң дауыссыз дыбыстар және олардың қыпшақ тобы тілдерімен сәйкестік құрауы
- •12. Етістіктің өткен шақ тұлғаларының тарихи қалыптасуы.
- •13. Хх ғасырдағы түркітану саласындағы жетістіктер
- •14.Етістіктің осы шақ тұлғаларының тарихи қалыптасуы
- •15. Қазақ тіліндегі үнді дауыссыздардың қыпшақ тобы дауыссыздар жіктелісіндегі орны
- •16. Салыстырмалы-тарихи әдіс және лингвистикалық түркология
- •21 Сұрақ Етістіктің салт, сабақты және болымды, болымсыздық категориялары
- •23 Сұрақ Түркі тілдеріндегі езулік дауыстылардың сәйкестігі
- •24 Cұрақ Етістіктің есімше тұлғасының тарихи қалыптасуы
- •25 Cұрақ . Түркі тілдерін топтастыру мәселесі: ең жаңа классификациялар (г. Ахатов, а. В. Дыбо, о. Мудрак)
- •31. Түркі тілдерінің классификациялау мәселесі және м. Қашқаридың « Диунаи лұғат ат түрк» еңбегі.
- •32. Етістіктің дербес грам категория рет ерекшеліктері
- •33. Үстеу және оның сөзжасам жүйесі
- •34. Түркі тілдерін топтастыру мәселесі: Радлов және Корштың класиф
- •35. Сілтеу есімдіктерінің тарихи қалыптасуы
- •36. Тілдердің даму жолын тарихи тұрғыдан зерттеудің ретроспективті және проспективті бағыттары.
- •39. Алтай дәуірі және «Алтай гипотезасы туралы түсінік».
- •40. Түркі тілдерін топтастыру мәселесі: в.А.Вогородскийдің, а.Н.Самойливичтің , й.Рамстедтің классификациялары.
- •46. Батыс хун тілдері жіктелісі
- •47.Түркі тілдері дамуының орта орта түркі дәуірі
- •48. Сұрау есімдіктерінің таррихи қалыптасуы
- •51.Алғашқы түбір және қазіргі тілдергі «өлі түбірлер» туралы.
- •52. Орта түркі жазба мұраларының түркі жазба тілдерінің қалыптасуындағы орны.
- •53. Тіл дамуындағы заңдылықтардың сөздің морфологиялық құрамына тигізетін әсері.
- •55.Ондық сан есімдер.
- •66. Сан есімнің басқа сөз таптарынан айырмашылығы
- •68. Түркі тілдеріндегі фузия
- •69. Кейбір сан атауларының этимологиялық негізі
- •70. Есімдіктердің қалыптасу, даму жолы
- •76. Моносиллабтардың морфонологиялық құрылысы
- •77. Көптік категориясының тарихи қалыптасуы
- •78 Сурак Кыпшак тобы тилдериндеги тарихи дыбыстык сайкестиктер
- •79Сурак Казак тили жане турки тилднринин морфологиялык курылымы:
- •80 Сурак Салыстырмалы тарихи адисти колданудын басты шарттары
- •81. Салт-сабақтылық мән және етіс категориясы
- •82 Генеалогиялық классификация жасаудың негізгі ұстанымы.
- •83. Септік категориясының тарихи қалыптасуы
- •84. Сын есімнің қалыптасуында адъективтену процесінің атқарған рөлі
- •86. Сын есім жасайтын жұрнақтар.
- •87.Дара және күрделі сан есімдер
- •88. Түркі тілдерін зерттеуде қолданылатын әдіс – тәсілдер
11. Қазақ тіліндегі ұяң дауыссыз дыбыстар және олардың қыпшақ тобы тілдерімен сәйкестік құрауы
b≈m сәйкестiгi. Көне түркi тiлiндегi анлаут b дыбысының қазiргi қыпшақ тiлдерiндегi өзгерiсi b ≈ m сәйкестiктiгi негiзiнде үш-төрт сөздi ғана қамтиды, басқа сөздердегi ұяң b өз сапасын сақтаған. ben ≈ men «я» (ДТД, 33) ~ қаз., ққалп., қар, құм., қбал., ноғ. men, тат., башқ. mijn; bïņ ≈ miņ «тысяча» (ДТД, 36) ~ қаз., ққалп., ноғ. mïņ, қар. miņ, тат., башқ. meņ;
b ≈ w сәйкестiгi. ab ≈aw « аң аулау» (ДТД, 32) ~ қаз., башқ., тат., ққалп. аw; ноғ. тiлiнде v тұлғасымен сақталған: aυ(laυ); «аң ұстау», av(as) «аң аулау»; Қыпшақ-половец топшасында да осы тұлға қолданылады: қар. aυ; құм. аυ(ču) «аңшы».
b≈j сәйкестiгi. ob(ut) ≈ uj(at) «ұят» Тон. 37 ~ қаз., ққалп., ноғ. uj(at), тат., башқ. oj(at); Ескерткiштер тiлi мен қазiргi қыпшақ тiлдерiндегi b ≈ j сәйкестiгi eb ≈ üj «үй» лексемасынан да көрiнiс бередi.
g (г) - бәсең артикуляциялы тұрақсыз дыбыстардың біріне жатады және өзгеруге, түсіп қалуға бейім тұрады. Мысалы, көне түркі ескерткіштері тілінде g дыбысымен айтылатын біраз сөздер қазіргі қыпшақ тобындағы тілдерде j дыбысымен айтылады: еgin“иық” ~ қаз. ijin; jigne “ине” ~ қаз. ijne; tügme ~ қаз. tüjme; ügür“үйір” ~ қаз. üjir.
j≈ø. Қыпшақ тілдерінде жиі кездесетін фонетикалық заңдылықтың бірі көнетүркілік j дыбысының е дауыстысының алдында түсіп қалуы, бірақ е дыбысы біршама созылыңқы айтылады: башқ. ēl «жел», ēm «жем», ēņ «жең», ēr «жер», eņ(ew)«жеңіс», eg(et) «жігіт».
12. Етістіктің өткен шақ тұлғаларының тарихи қалыптасуы.
Өткен шақ формасы –ды – барлық түркі тілдерінде кездесетін әрі ең көне тұлғалардың бірі. Орхон-Енисей жазбалары тілінде –ды (-ді, -ты, -ті) қосымшасының түбірге жалғануы дыбыс үндестігі заңына сәйкес те, қайшы да келіп отырған. Яғни, үнді дауыссыздарға аяқталған сөздерден соң қатаңнан да, ұяңнан да басталуы ұшырасады: адырылты (айрылды), өлті (өлді). Сондай-ақ, қатаңға біткен түбірлерге де бірде –ды//-ді, бірде –ты//-ті форманттарының тіркесуі кездеседі: качды (қашты), тоқытдым (тоқыттым).
Өткен шақ формасының -ған есімшелі түрінің шақтық мәнде өнімді қолданылуы ХІІІ-ХІҮ ғасырлардан басталады. Қазіргі түркі тілдерінде (оғыз тобын есептемегенде) өткен шақ функциясындағы тұлға ретінде кеңінен кездеседі. Оғыз тілдерінде –мыш тұлғасы актив қолданылуы көнеден жалғасып келеді.
Орта ғасыр жазбаларында –ған өткен шағының турур және оның қысқарған тур, дур тұлғаларымен тіркесіп жұмсалуы ұшырасады: Улуғ аталарымыз Түкстандын келеген турур («Шежіре-терекме»).
Қазақ тіліндегі –ып көсемшелі өткен шақ тұлғасын ретроспективті қарастыру оның даму жолының мына тұрғыда өткендігін көрсетеді:
І. -ып+турур+мен > -ып+тур+мен > -ып+мен > -ып+пын;
ІІ. -ып+турур+сен > -ып+тур+сен > -ып+сен > -ып+сың;
ІІІ. -ып+турур > -ып+тур > -ып+ту > -ып+ты.
Орхон-Енисей жазбаларында –ыпты тұлғалы өткен шақ кездеспейді. Ескерткіштер тілінде алғашқы –ып+турур+менформасында ұшырасуы ХІІІ-ХІҮ ғасырлардан басталады: Заид Расулға айтыб турур («Тефсир»).