Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тарихи грамматика!!!! Саттилик кыздар!!!!!!!!!!...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
234.1 Кб
Скачать

53. Тіл дамуындағы заңдылықтардың сөздің морфологиялық құрамына тигізетін әсері.

Түркі тілдерінің морфологиялық құрылымының өзіндік ерекшеліктері олардың аглютинативтік қасиетінен туындайды. Аглютинативтік тілдерде әр бір сөз морфологиялық тұрғыдан сөздің түбірі, лексика-грамматикалық сөзжасамдық қосымшалар (аффикстер), функционалдық-грамматикалық сөзжасамдық қосымшалар, сөз түрлендіруші қосымшалар сияқты құрылымдық элементтерден тұрады.

Диахрондық тұрғыдан алғанда, агглютинативтік тілдердегі жеке морфемалардың (аффикстердің) арғы тегі сөз болуы мүмкін. Алайда бүгінгі тілдердегі кез келген морфеманы жеке сөзбен салыстыруға ешбір негіз жоқ. Синхрондық тіл білімі сөз бен морфеманы (аффиксті) грамматикалық жағынан да, семантикалық жағынан да принципті айырмасы бар элементтер деп есептейді. Түркі тілдерінде сөз морфологиялық құрылымы жағынан түбір мен қосымшаның қарапайым қосындысынан емес, лексикалық және грамматикалық мағына арқалаған морфемалардың күрделі тіркесінен тұрады. Жалпылама лексикалық мағынаны білдіретін морфема түбір морфема немесе негізгі морфема деп аталады, ал грамматикалық мағынаны білдіретін морфема аффикстік морфема немесе көмекші морфема деп аталады.

Аглютинативтік тілдерде сөздің одан әрі бөлшектенбейтін және өзгермейтін бөлігі, нақты заттық мағынаға ие түбір біріншілік, туынды емес, өлі болуы мүмкін, яғни тек түбірлік ядродан тұруы, мысалы: түрк. kel- 'келу'/ (С+Г+С), je- (<jej-) 'жеу' /С+Г+(+С)/, ol-(<bol-) 'болу, істелу,жасалу, құрылу' / (С)+Г+С, e- (<jer-/-jir-) 'болу' / (С+)Г(+С) немесе екіншілік, туынды болуы, яғни түбірлік ядродан және өлі сөзжасам аффикстерінен құралуы мүмкін, мысалы: qyz-yl, jur-(g)ek т.б.26.

Егер дауысты дыбысты ‘Г’, дауыссыз дыбысты ‘С’ әріптерімен белгілесек, түркілік түбірлер дыбыстық құрамы тұрғысынан бір буынды (Г, СГ, ГС, СГС, ГСС, СГСС) немесе екі буынды (СГСГ, ГСГ, ГССГ, СГССГ), ал негіздер түбірге сөзжасам жұрнақтарының үстемеленуіне байланысты көпбуынды болуы мүмкін. Мысалы, Г: Көне түркі ескерткiштері тiлiнде ö түбiрiнен тараған бiрнеше түбiр-негiздер ұшырасады: ö → ög → ögüt «кеңес, үгіт » (ДТС, 382) ö → ög → ögle «талқылау»); ö → ök → ökün «өкін» (ДТС, 382). Жалпы түркiлiк o≈ö≈u≈ü түбiрiнiң даму жолы, тұлғалық, мағыналық өзгерiстерi жан-жақты талданған мәселе (ЭСТЯ I, 428-432). Қазiргi қазақ тілінде ö моделінен тараған гомогенді түбір-негіздердің бірнеше нұсқалары қолданылады: oj, ujγar, uγïm, uq, ügit, üjren т.б. Өзге қыпшақ тiлдерiнде де аталған түбiрдiң әр түрлі тұлғадағы семантикалық варианттары сақталған, мысалы: башқ. ögöt «үгіт», uj «ой, пайым», uqïw «оқу». Ескi қыпшақ ескерткiшi «Китаб-и меджму-у терджуман түрки уа аджеми уа моголи уа фарси» шығармасы тiлiнде ö түбiрiнен тараған ök «ақыл-ой, жан,рух», öküš «әрбие», örenle «ойлау, топшылау» сөздері кездеседі.

54.Сын есім және сын-сапалық көрсеткіштер жүйесі.

Заттың, құбылыстың, кейде іс-қимылдың қалыпты жағдайдағы сан алуан сын-сипаттық қасиетін білдіретін сөздердің лексика-грамматикалық тобы сын есім сөз табын құрайды.

Заттық-сапалық атаулардың біртіндеп заттық мағыналарын жоғалту құбылысының сілемдері қазіргі түркі тілдерінде сын есімдердің семантика-функционалдық қолданыс аясынан айқын байқалады. Мәселен, тув. sooq 'суық, аяз', ažïg sooq 'қатты аяз', sooq qïš 'суық қыс', sooq suï 'суық су', bögün sooq- tur 'бүгін суық'; алт. boš: kolïm boš dök ' қолым бос', kiligi boš 'жігерсіз'; әз., алт., гаг., башқ., қаз., ноғ., тув., түркім. т.б. dar/tar 'тар, қысыңқы, сыйымдылығы аз': алт. tar d`er 'тар жер', mïnda tar 'мұнда тар', түрік. darda olmak 'қиын жағдайда қалу', әз. dara düšmek қиындыққа тап болу, таршылыққа ұшырау'27.

Түркі тілдерінде сапаның, сынның әдеттегі қалыптан аздап жоғары немесе төмен екенін білдіретін қосымшалардың арасынан ең жиі кездесетіні – -(j)raq/-(j)räk, -arïq/-araq, -raq/-räk/-rek. Қазіргі түркі тілдерінде салыстырмалы шырай аффиксі саналатын бұл жұрнақтардың көне формасы ретінде түркітанушылар *-(j)raq тұлғасын көрсетеді және оны хакас, шор, тува тілдеріндегі ‘аз­аздап’ деген мағынадағы araχ/āraq шылауымен байланыстырады: хак. аraχ, тув., шор. āraq: χïzïl аraχ 'қызылырақ, қызғылтым', kök аraχ 'көкшіл', sarïγ аraχ 'сарғыш, сарғылтым', kičig аraχ 'кішірек', uzun аraχ 'ұзынырақ'; тув. saryg āraq'сарғыш, сарғылтым', kök āraq 'көкшіл', čoltaq āraq 'қысқалау'; шор тілінде āraq шылауы және оның жұрнақтық -araq тұлғасы қатар қолданылады: qïzïl а:raq ~ qïzïlаraq ~ qïzïlаrïq 'қызылырақ', qïsqa а:raq ~ qïsqaаraq ~ qïsqaаrïq 'қысқарақ,қысқалау'; алт. -arïq/-erik/-örik: agarïq 'ақшыл', sargarïq 'сарғыш, сарғылтым', qïzarïq 'қызылырақ', kögörik 'көкшіл'; басқа түркі тілдерінде -raq/-räk/-rek: әз. кödäräk 'қысқалау', башқ. tarïraq 'тарырақ, тарлау', гаг. kürürak 'кішірек', қараим. jaχšïraq/jaqsïraq 'жақсырақ', ққалп. alaraq 'аздаған аласы бар', қырғ. qatïraq 'қаттырақ', ноғ. qïzïlïraq 'қызылырақ, қызғылтым', құм. teηrek 'тегістеу, жалпақтау', қаз. alasaraq 'аласарақ', қбалқ. agïraq 'ақшыл', тат. maturraq 'сұлуырақ, әдеміше', түркім. ovnugraq 'ұсақтау', чув ǎžǎraχ 'жылырақ'.

Көне түркі тіліндегі сын есім тудырушы қайсы бір жұрнақтарды қазақ тілімен салыстырсақ:

Сын есімнің тарихи қалыптасу тұлғалары адъективтену құбылысымен тікелей байланысты.

Адъективация процесі күрделі сын есімдер құрамынан айқын көрінеді:

- соңғы компоненті есімше тұлғалы етістік: қанішер, қаныпезер;

- ашық райлы етістік: қырып сал, алып қаш (алыпқашпа әңгіме), етек басты (етек басты әйел), күн қақты;

- бірыңғай мәнде айтылатын етістіктер тіркесі: ұрдажық;

- зат есім мен зат есімнің бірігуі: тасбауыр, сужүрек, безбүйрек, желаяқ, өркөкірек;

- сын есім мен зат есім бірігуі: арамтамақ, ақкөңіл, кеңпейіл, ашкөз.

Сын есімдердің сөйлемде негізінен зат есімнің алдында келіп, анықтауыш қызметін атқаруы, етістікпен тіркесіп келіп, іс-әрекет, қимылдың бейнесін көрсеткен жағдайда пысықтауыш ретінде жұмсалуы, ал сөйлем аяғында баяндауыш болуы түркі тілдеріне тән ортақтықтардың бірі саналады. Сал.: түрік. büyük ev, büyük olmak, ev büyük, қаз. суық су, суық тарту, биыл қыс қатты суық.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]