Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тарихи грамматика!!!! Саттилик кыздар!!!!!!!!!!...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
234.1 Кб
Скачать

1,2. Қазақ тілінің дауысты дыбыстар жүйесінің түркі тілдеріндегі дауыстылар сәйкестігімен байланысы.

(А)а≈ä Орхон, Енисей, Талас еск., қыпшақ - бұлғар тобындағы тілдерде жиі кезд.: башқ. bäj(läm), bäj läneš, қаз., ққалп., ноғ. baj(lam), baj(lanïs.; ащы ≈ әщі, ажал ≈ әжел, шарт ≈ шәрт; а≈е Қазіргі қыпшақ тоб. чуваш тіліне тән: чув. al(ak) «қақпа» ~ қаз., ққалп., құм., ноғ. es(ik) «дверь», чув. sa(mar) «семіз», sag(ar) «сегіз»; жана ≈ және, айал ≈ әйел, ажа ≈ әже; а≈ï саңқ ≈ сыңқ, шарт ≈ шырт, жалт ≈ жылт, дар(дай) ≈ дыр(дай), Чуваш, якут, тува т:. pïl, ïlttan, pïr~ қаз., ққалп., тат., башқ., құм., қар., қ.-б. bal, altïn, bar; а ≈ о: көне т. an(ï) ≈ on(ï) ~ қаз., ққалп., ноғ. onï «оны». (Е)≈і.Орх.,Е.,Тал. el/il ~ қаз., ққалп., құм. el, тат., башқ. el/il, қырғ. эl «ел»; е≈ä Орх., Е. je(me) ≈ žä(ne), қаз., ққалп. žäne, тат., башқ., jänä;е ≈э. Нег. қырғ., құм., ноғ.т. тән. Орх., Е., Тал. еkі ~ қырғ. Эkü; (Ы)ï≈а. Орх. ïγač «ағаш» ~ қаз., ққалп. aγaš, құм. agač , башқ. aγas , қырғ. žïgač, ноғ. аgaš; ï≈u. Орх., Е. jïm(čaq), қаз. žum(saq), Тым(ау)-тұм(ау);ï ≈о бырт ≈ борт, тоқ ≈ тық; ï≈і Орх. tïl ~ қаз., ққалп til; сыпыр ≈ сiпiр; ï ≈ ij.Орх. tïl, қырғ. Tijl; ï≈е: Ор. tïl~ башқ. Tel; сықылды ≈ секiлд; (І)і ≈э.Орх., Е. is ~ башқ. Эš; і ≈ е. jir ≈ jer, il ≈ el; i ≈ ij.Орх. il(ki), тат., башқ. ijl(äk),қаз. Ilki; і ≈ ï.тыл,тіл; (Ұ) u≈о.шоқ(ы)≈ шұқ(ы); (Ү) ü ≈ ö. Орх., Е. kün ~ тат., башқ. Kön; ü ≈ i. «күйеу» ~ тат. kij(äü), ноғ. kij(eυ); ü ≈ e.«күйеу» ~ башқ. kej(äü); (О)о≈u. Көне түрк. oz ≈ uz «озу, жеңу» ~ башқ., тат. uz; jol ≈ jul «жол»; (Ө) ö ≈ ü. Ор.ög «шеше» ~ башқ. üg(äj) өгей; ö≈u. Орх., Е. «ой» ~ тат. uj ; ö≈o. ög «ой»: ~ қаз., ноғ., құм. Oj; ö ≈е/э сәйкестiгi: öl ≈ эl(өл).

3. Алтаистика және түркологиядағы «алтайлық атамекен» ұғ. Орал-алтай тіл бірлестігінен гөрі алтай т. дег. түсінік қазіргі т. б.де сіңісіп кет. 19-20ғас. салыстырмалы-тарихи алтай т.б. ғыл.салас.қалыпт. Дәстүрлі алтаистикалық бағыттағы зерттеулерде түркілердің тарихи ата-жұрты «алтайлық атамекен» ұғымымен ұштастырылады. Алтай макротілдік тобын құрайтын түркі, моңғол, тұңғыс-маньчжур және корей, жапон тілдерінде сөйлейтін халықтардың түпкі мекені саналатын Орталық-Азия үстіртінің солтүстік-батыс бөлігі, Алтай таулары мен Хинган таулы қыратының солтүстік бөлігі арасындағы территория түркілердіңде төл отаны, ата жұрты саналады.Жапон ғ. С.Грит «б.з. дейін Алтайды(Сол.Қыт) пазырык мәдениетін ұстанған үнді-еуропалық тайпалар мекендеді, ал алтайлықтар Сібірді б.з.д. ІІ ғ. Глазов мәдениеті тұсында игере бастады».

4. Түркі тілдерінің морфологиялық құрылымының өзіндік ерекш. 1) морфемалардың бір-бірінен жігі айқын ашылып тұратындығы; 2) түбір морфеманың семантикалық және грамматикалық жағынан біршама дербес қолданылатындығы; 3) әрбір морфема көпшілік жағдайда сөз құрамында мотивті болып келіп, белгілі бір семантиканың иесі болып отыратындығы.

5. Түркітану ғылымының жеке ғылым сал. рет.қалып. Түркология – түркітектес, түркі тілінде сөйлейтін халықтардың тілін, әдебиетін, тарихын, этнографиясын, мәдениетін т.б. рухани, мәдени құндылықтарын зерттейтін сүбелі ғыл. сал. Түркі т.нің түркі топырағында зерттелуі Қараханидтер дәуірінен бастау алады. М.Қашқаридың «Диуани лұғат-ит-түрк»(ХІ); М.Замахшаридың «Мұхаддимат-ул адаб»(ХІІ ғ.), М.Абдуллах «Китабу бүлғат ал-муштак фи луғат-ит-түрк уа-л кифчак» (ХІҮ-ХҮ ғғ.).Түрк. Ғ.ның қалыптасып, дамуына Ресей патшалығының жүргізген отарлау саясаты тікелей ықпал етті. 18ғ.2жарт.да түрк.жеке ғ.сал.рет.қалып.; түркі тілдері бойынша мол деректер жиналды, еңбектер жарық көрді, татарша, қалмақша мектептер ашылып, араб шрифтімен баспахана ұйымдастырылды. ХІХ ғасырдағы түркологиялық зерттеулер жүргізуде Ресей Ғылым Академиясы жетекші орында болды. Жоғары оқу орындарында түркі тілдерінен дәрістер оқытылды. Орхон-Енисей жазба ескерткіштерінің сыры ашылды. Қазақ тілі бойынша бірнеше грамматикалар мен сөздіктер жарияланды.

6.Етістік және рай категорияларының қалыптасуы

Етістік түркі тілдеріндегі ең күрделі сөз таптарының бірі. Етістіктерді қимылды, процесті, әр түрлі өзгерістер мен құбылыстарды білдіретін сөздер тобы құрайды. Етістіктердің күрделі мазмұндық-тұлғалық құрылым екенін олардың лексика-семантикалық ерекшеліктерінің ауқымдылығынан, негізгі тұлғасы түрленетін грамматикалық формаларының қат-қабаттылығынан, түрленген тұлғалардың жиі трансформациялануынан, сөйлемдегі қолданысынан аңғаруға болады.

Көне түркі тілінде қолданыс тапқан есімше форманттарының кейбір басты ерекшеліктері мынадай: -мыш Орхон-Енисей жазбалары тілінде, сондай-ақ, кейінгі орта ғасыр жазбаларында да есімшенің өткен шағын жасаған аффикс: қалмыш (қалған), тегміш (түйіскен), қазіргі біздің тіліміздегі –ған аффиксінің қызметін атқарған. Бұл формант, сонымен қатар, қимыл есімінің қызметінде де кездеседі. Бұл мәнде ол қазіргі біздің тіліміздегі тұйық рай тұлғасы –у-ға сай: бітміш (жазу, жазба), берміш (беру, бересі).

1. Бұйрық рай. Бұйрық райдың негізгі берілу тәсілі етістік түбірлері екені мәлім. Бұл тәсіл көне түркі тіліне де тән: ... едгүті есід (жақсылап есіт/тыңда).

Қазақ тілінде бұйрық райдың ІІ жақ көптік түрінің қосымшасы құрамында келетін, ал өзбек тілінде ІІ жақ жекеше түрін білдіретін –ң, -ың, -ің қосымшасы көне жазбалар тілінде ұшырасады: Сү барың тіді, Алтун йышда олурың тіді (Әскер бар деді, Алтай тауында отыр деді). Ол тілде етістік түбірге –ғыл қосымшасы жалғану арқылы да бұйрық мәні беріледі: ... едгүті урғыл.

Бұйрық райдың ІІІ жағы –зун, -зүн қосымшасы арқылы берілген: Сү басы Йнел қаған Тардуш шад барзун тіді (Әскер басы Йнел қаған/хан Тардуш уәзір барсын деді). ІІІ жақ аффиксі –сын-ның алғашқы элементі -сы монғол тілінде де ұшырасады және ол тілде ІІ жақты білдіреді. Н.А.Кононов –сын аффиксі ІІІ жақтың тәуелдік жалғауына ұқсас деген пікір білдіреді. Түркі тілдерінің көпшілігінде –сы(н) қосымшасы ІІІ жақтың форманты екені мәлім. Бұл арада бұйрық рай қосымшасы мен тәуелділіктің ІІІ жағының семантикалық байланысы бар екендігін көреміз. Екеуі де бөгде жақты, көз алдында көрініп тұрмаған субъектіні білдіреді.

Бұйрық раймен семантикалық та, грамматикалық та тығыз байланыста болып келетін – қалау рай. Ү-ҮІІІ ғасыр ескерткіштері тілінде қалау райдың І жағы –айын, -йын, -йін жекеше, -алым, -лым көпше аффикстері арқылы жасалған: Түрк будун өлтүрейін. Осы аффикстер еш өзгеріссіз орта ғасыр жазбаларында да ұшырасады.

Шартты рай тұлғасы –са, -се Ү-ҮІІІ ғасыр ескерткіштерінде –сар, -сер түрінде ұшырасады: Ол йергеру барсар, түрк будун, өлтечісен (Ол жерге барсаң, түрк халқы, өлімшісің). Кейінгі дәуір жазбалары тілінде –сар аффиксі соңғы –р-сіз кездеседі.

7.

8.Етістіктің келер шақ тұлғаларының қалыптасы тарихы

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]