Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОӘК Электр и магнетизм.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
22 Мб
Скачать

6 Негізгі және қосымша әдебиет тізімі

6.1 Негізгі әдебиет

  1. Ақылбаев Ж.С., Ермағамбетов Қ.Т. Электр және магнетизм. – Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2003. – 480 б.

  2. Бәйімбетов Ф.Б., Рамазанов Т.с. Электр және магнетизм. Оқу құралы. ­Алматы: Қазақ университеті, 1997. - 116 бет.

  3. Иродов И.Е. Основные законы электромагнетизма. Учебное пособие. М.: Высшая школа, 1991. - 203 с.

  4. Бәйімбетов Ф.Б., Аймауытов Д., Құрманбеков А. Физика есептері (Электр және магнетизм). – Алматы: Қазақ университеті, 2005. – 216 б

6.2 Қосымша әдебиет

  1. Фейнман Р., Лейтон Р., Сэндс М. Фейнмановские лекции по физике. Т.5. М.:Мир,1976.

  2. Джанколи Д. Физика. Т. 2. - М.: Мир, 1989. - 653 с.

  3. Тамм И.Е. Основы теории электричества. - М.: Наука, 1989.-504 с.

  4. Антонов Л.И., Деденко л.г., Матвеев А.Н. Методика решения задач по электричеству. –М.: МГУ, 1982. - 168 с.

  5. Ф.Б.Бәйімбетов Электростатика. Тоқтар. Есептер жинағы. - Алматы: ҚазМУ, 1981

7 Оқу нәтижелерін бағалау және бақылау

7.1 Бақылау түрлері (ағымдық, кезеңдік) аралық аттестаттау

Білім алушының оқу жұмысын жүйелі және үздіксіз бақылауды қамтамасыз ету үшін Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-де семестр барысында білімді рейтингті бақылау қолданылады. Пәннің қорытынды рейтингі 100 балға тең. Емтихан (сессия кезінде) қорытынды бақылау болып табылады.

Семестр кезінде 2 аралық бақылау (жетінші және он бесінші аптада) жүргізіледі.

7.2 Бақылау формалары

Ағымдық, кезеңдік бақылау практикалық сабақтарда жүргізіледі.

Ағымдағы бақылау түріне бақылау жұмыстары, өздік жұмыс тапсырмалары, коллоквиумдар және т.б. жатады.

Аралық бақылау 1 100%

Аралық бақылау 2 100%

Қорытынды бақылау 100%

8 Оқу пәнінің саясаты

Білім алушы міндетті:

- оқу жоспары мен сабақ кестесіне сәйкес барлық сабақтарға қатысуға;

- практикалық, зертханалық сабақтары кезінде белсенділік танытуға;

- сабаққа дайындалу, БӨЖ-ге дайындылуға, т.б.

Тыйым салынады: сабақтан кешігуге, сабақтан кетуге; сабақ барысында ұялы телефонды пайдалануға; тапсырмаларды өз уақытында орындамауға.

Кафедраның әдістемелік секциясының мәжілісінде қарастырылған.

«___» __________2014 ж., хаттама № ____

1.

2. Оқу пәні бойынша глоссарий

Аннигиляция – бір-бірімен соқтығысқан кезде бөлшектің және оған сәйкес антибөлшектің басқа бөлшекке түрлену процесі.

Антиферромагнетизм заттағы атомдардың немесе иондардың магниттік моменті антипараллель, ал магнит өрісі болмаған кездегі магниттелуі нөлге тең магнетизм.

Валенттік алқап – температура абсолют нөл болғанда валентті электрондармен бүтіндей толтырылған, электрондардың энергия мәнінің рұқсат етілген алқабы.

Газ разряды – электр тоғының газ арқылы өту процесі.

Доғалық разряд – газ плазма күйінде болатын, катод разрядтың өзімен қыздырылған пайда болған электрондар иондауында басты роль атқаратын, тогының үлкен тығыздығы бар өздік газ разряды.

Диполдық электр моменті диполь зарядын оның иініне көбейтіндісіне тең және ось бойымен теріс зарядтан оң зарядқа бағытталған, электр диполін сипаттайтын вектор.

Умов-Пойтинг векторы электромагниттік өрістің энергия ағынының тығыздық векторы.

Өзара индуктивтілік – бір контурдағы ток күші мен басқа контурды баса өтетін, сол ток жасаған магнит ағыны арасындағы, екі контурдың пропорционалдық коэффициентін анықтауға арналған электр тізбегінде магнит байланысының сипаттамасы.

Инварианттылық – физикалық шарттар өзгерген кездегі физикалық шамалардың өзгеріссіз қалуы.

Индукциялық ток индукцияның электр қозғаушы күшінен туған, тұйық контурдағы электр тогы.

Қанығу тогыгаз иондануының берілген интенсивтілігі кезінде мүмкін болатын максимал электр тогы.

Құйынды өріс – қандай да бір тұйық контур бойынша айналмасы нөлге тең болмайтын векторлық өріс.

Магнетик - барлық заттарға олардың магниттік қасиеттерін қарастырған кезде қолданылатын термин.

Өткізгіштік токөткізгіштегі электр өрісінің әсерінен пайда болатын электр тогы.

Плазмаоң және теріс зарядтардың тығыздығы іс жүзінде бірдей болатын, бүтіндей немесе бөліктеп ионданған газ.

Разрядтық аралық - электр разряды өтетін газдағы электрод аралық кеңістік.

Реостатэлектр тізбегіндегі ток пен кернеуді оның кедергісін өзгерту жолымен реттеуге арналған құрылғы.

Тәж разряды беттік қисықтығы үлкен (үшкір) электродтардың маңайында кенет біртекті емес электр өрісінде пайда болатын жоғары вольтті өздік газ разряды.

Транзистор құрамында екі p-n өтуі және электр тербелістерін күшейтуге және генерациялауға, сонымен бірге басқа да мақсаттар үшін электр тізбегіне жалғауға арналған үш түйіспесі бар жартылай өткізгішті құрал.

Трансформаторайнымалы электр тогының кернеуін жоғарылатуға немесе төмендетуге арналған құрал.

Триодүш электродты электрондық шам немесе үш электродты жартылай өткізгіш құрылғы.

Ферримагнетизмиондардың құрамына кіретін магниттік моменттер екі немесе көп жүйе астылықтарын құрайтын заттың күйі.

Ферримагнетикферромагнетизмді байқататын зат.

Фуко токтарымассивті өткізгіштерде пайда болатын индукциялық токтар.