
- •5В060500-ядролық физика мамандығының білім алушылары үшін
- •6 Негізгі және қосымша әдебиет тізімі
- •6.1 Негізгі әдебиет
- •7 Оқу нәтижелерін бағалау және бақылау
- •8 Оқу пәнінің саясаты
- •2. Оқу пәні бойынша глоссарий
- •3. Дәрістер кешені
- •3.1. Дәріс тезистері
- •Электромагниттік өрістің жалпы сипаттамасы
- •2. Тұрақты электр өpici
- •4.2. Поляризацияның электр өрісінe әcepi. Байланыстағы зарядтар.
- •5.2. Үзіліссіз таралған зарядтың потенциалдық энергиясы.
- •7.3. Электрөткізгіштіктің температураға тәуелділігі.
- •7.6. Шала өткізгіштердің электрөткізгіштігі.
- •7.7. Потенциалдардың жапсарлык айырымы.
- •8.2.2. Ерітінділердің электрөткізгіштігі.
- •8.3. Газдардың электрөткізгіштігі. 8.3.1. Атомдардың ионизациялануы және иондардың рекомби-нациялануы. Иондық лавина.
- •9.1.3.1. Электр және магнит өрістерінде козғалыстағы зарядка және тогы бар өткізгішке әсер ететін күштер. Лоренц және Ампер күштері.
- •9.4. Магнит өpici индукциясының векторының циркуляция туралы теорема. Ток заңы.
- •11. Электромагниттік индукция
- •4. Міндетті және қосымша әдебиеттер тізімі
- •Міндетті әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Пән бойынша тапсырмалар
- •6. Білім алушының өздік жұмысына арналған материалдар
- •Білім алушының өздік жұмысына арналған тапсырмалар
- •7. Практикалық сабақтарды өткізу жоспарлары
- •9.Ағымдық және аралық бағылау материалдары
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министірлігі
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» ШЖҚ РМК
Ядролық физика, жаңа материалдар және технологиялар халықаралық кафедрасы
БЕКІТЕМІН
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық
университеті» ШЖҚ РМК
Физика-техникалық
факультетінің деканы
____________ А.Т.Акылбеков
________________2014 ж.
5В060500-ядролық физика мамандығының білім алушылары үшін
(мамандықтың шифры және атауы)
____________EM 2206_Электр және магнетизм________________
(жұмыс оқу жоспары бойынша пәннің коды және толық атауы)
ОҚУ-ӘДIСТЕМЕЛIК ҚҰРАЛЫ
Астана 2014
Силлабус
1 Оқытушының тегі, аты-жөні, ғылыми дәрежесі мен ғылыми атағы; лауазымдық қызметі; байланыс ақпараты; оқытушының ғылыми мектебі мен ғылыми қызығушылығы
Гиниятова Шолпан Гиниятқызы, физика-математика ғылымдарының кандидаты, Л.Н.Гумилев атындағы ұлттық университеті, физика-техникалық факультеті, ядролық физика, жаңа материалдар және технологиялар халықаралық кафедраcының доценті.
Байланыс телефоны (e-mail): giniyatova_shg@enu.kz.
2 Пәннің коды, атауы және кредит саны
EM 2206 - Электр және магнетизм. Кредит саны - 3.
3 Оқу пәнін өткізу уақыты мен орны
Tөртінші семестр, сабақ кестесіне сәйкес.
4 Оқу пәнінің пререквизиттері мен постреквизиттері
«Электр және магнетизм» пәнін терең және дәйекті түрде меңгеру үшін физиканың саласын: механиканы, молекулалық физика, білуі қажет. Бұл курстан алған білімін келесі пәндер курсын оқуда пайдалана алады: оптика, электродинамика, атомдық және ядролық физика.
5 Оқу пәнінің сипаттамасы
5.1 Электр және магнетизм
Тәжірибе және ғылыми эксперимент арқылы алынған нәтижелерді жалпылау негізінде электромагниттік құбылыстардың негізгі заңдылықтарын мазмұндау.
5.2 Оқу пәнін оқыту мақсаты
Электромагниттік құбылыстардың негізгі принциптерін, заңдарын және олардың математикалық түрде тұжырымдалуын үйрену.
5.3 Пәнді оқыту міндеттері
Электромагниттік құбылыстардың негізгі принциптерін, заңдарын және олардың математикалық түрде тұжырымдалуын үйрету.
Электромагниттік құбылыстарды тәжірибелік бақылау және эксперименталдық зерттеудің негізгі әдістерімен таныстыру.
Физикалық шамаларды дәл өлшеу әдістерін, негізгі физикалық қондырғыларда жұмыс істеуді, физикалық экспериментті автоматтандыру принциптерін және тәжірибе нәтижелерін компьютерде өңдеу тәсілдерін үйрету.
Физикалық идеяларды дұрыс тұжырымдап, сапалы және сандық түрінде есептерді шығаруды үйрету.
5.4 Оқу пәнінің мазмұны
«Электр және магнетизм» курсында электрлік және магниттік құбылыстарды эксперменттік заңдар негізінде жалпылай отырып, оларды теориялық тұрғыдан тұжырымдап оны практикада қолданылуы қалыптастырады.
5.5 Оқу пәнін оқыту жоспары
Апта № |
Тақырыптың аты |
Оқуды ұйымдастыру формасы және сағат саны |
БӨЖ тапсырмалары |
1. |
Кіріспе. Тұрақты электр өрісі. |
Дәріс (1 сағ.), Практик. сабақ (1 сағ) Зертхан. сабақ (2 сағ) |
Кулон заңының дифференциалдық түрде тұжырымдалуы. |
2. |
Электростатикалық өрістің потенциалдылығы. |
Дәріс (1 сағ.), Практик. сабақ (1 сағ) Зертхан. сабақ (2 сағ) |
Лаплас және Пуассон теңдеулері. үлестіруі. |
3. |
Өткізгіштердегі электростатикалық өріс. |
Дәріс (1 сағ.), Практик. сабақ (1 сағ) Зертхан. сабақ (2 сағ) |
Электростатикалық индукция. Заряд потенциалы. |
4. |
Диэлектриктердегі электростатиқалық өріс. |
Дәріс (1 сағ.), Практик. сабақ (1 сағ) Зертхан. сабақ (2 сағ) |
Электр өрісін есептеудің үш әдісі. |
5. |
Электростатикалық өріс энергиясы. Электр өрісіндегі күштер. |
Дәріс (1 сағ.), Практик. сабақ (1 сағ) Зертхан. сабақ (2 сағ) |
Байланыстағы зарядтар және оның тығыздықтары. |
6. |
Диэлектриктер. Тұрақты электр тоғы.
|
Дәріс (1 сағ.), Практик. сабақ (1 сағ) Зертхан. сабақ (2 сағ) |
Диэлектриктер шекарасында электр өрісі сызықтарының сынуы. |
7. |
Металдардағы ток тасымалдаушы зарядтардың табиғаты. Металдардың, шала өткізгіштердің және диэлектриктердің энергетикалық зоналары. |
Дәріс (1 сағ.), Практик. сабақ (1 сағ) Зертхан. сабақ (2 сағ) |
Электрлік кескіндеу әдісі.
|
8. |
Термоэлектрлік құбылыстар. Газдардың электрөткізгіштігі. |
Дәріс (1 сағ.), Практик. сабақ (1 сағ) Зертхан. сабақ (2 сағ) |
Түйінді потенциалды әдісі. |
9. |
Стационар магнит өрісі. Магнетиктердегі магнит өрісі. |
Дәріс (1 сағ.), Практик. сабақ (1 сағ) Зертхан. сабақ (2 сағ) |
Асқын өткізгіштік. Мейсснер эффектісі. |
10. |
Магнетиктер. |
Дәріс (1 сағ.), Практик. сабақ (1 сағ) Зертхан. сабақ (2 сағ) |
Контурлы токтар әдісі. |
11. |
Электромагниттік индукция. |
Дәріс (1 сағ.), Практик. сабақ (1 сағ) Зертхан. сабақ (2 сағ) |
Бөгде электр қозғаушы күштердің табиғаты: Гальвани элементі, Вольта элементі, аккумуляторлар |
12. |
Квазистационар айнымалы ток тізбектері. |
Дәріс (1 сағ.), Практик. сабақ (1 сағ) Зертхан. сабақ (2 сағ) |
Тұрақты ток тізбегіндегі құбылыстар. |
13. |
Скин-эффект |
Дәріс (1 сағ.), Практик. сабақ (1 сағ) Зертхан. сабақ (2 сағ) |
Сұйықтардың электрөткізгіштігі |
14. |
Максвелл теңдеулері және электромагниттік толқындардың негізгі қасиеттері. |
Дәріс (1 сағ.), Практик. сабақ (1 сағ) Зертхан. сабақ (2 сағ) |
Холл эфффектісі оның ортадағы ток тасымалдаушы бөлшектердің табиғатын анықтауға қолданылуы. |
15. |
Электромагниттік толқындар. |
Дәріс (1 сағ.), Практик. сабақ (1 сағ) Зертхан. сабақ (2 сағ) |
Электромагниттік толқынның әртүрлі ортада таралуы |