- •1.Ғалым этикасы және әлеуметтік жауапкершілік. Гендік және клеткалық инженерлік биотехнология. Клондау проблемаларын әлеуметтік- философиялық талдау.
- •2.Қоғамдық және жеке сана, олардың диалектикалық байланысы.
- •3.Тіл мен ойлаудың бірлігі. Ғылым мен техникада жасанды тілдің қалыптасуы.
- •4.Т. Гоббс. «Левиафан, немесе материя, түр және мемлекеттік шіркеу азаматтық билік».
- •5.XVIII ғасыр философиясы (ж. Ламетри, д. Дидро, к. Гельвеций, п. Гольбах, Дж. Беркли, г. Лейбниц).
- •6.Сезімдік таным және оның формалары
- •7.Моделдеу және эксперименті информацияны интеллектендіру өзегі ретінде
- •8.Дүниеге көзқарас және методология мәселелері.
- •9.Ф. Бэкон «Жаңа Органон» (Қүрылымы мен негізгі идеялары).
- •10.Руханияттық ұғым. Тарихи прогрессте материалдық және руханилық өндірістер байланысы. Идеалдық объекттерді құрастыру әдістері (идеалдау, формалдау т.Б.).
- •11.Классиктік және биклассиктік философия қайшылықтары. (и.Кант, г.Гегель, а.Шопенгауэр, ф.Ницше)
- •12.Мән және құбылыс категориялары
- •13.Мәдениет дамуындағы жалпы адамзаттық пен таптық, ұлттық пен интернационалдық. Қазақстан дәстүрлі мәдениетіндегі материалдық пен руханилық
- •14.Ойлау мен болмыс сайма-сайлығы - Гегель философиясының бастау нүктесі. Гегель диалектикасы. Оның жүйесі мен әдісі, олардың қайшылығы.
- •15.Механикалық детерминизм
- •16.Неотомизм философиясының негізгі белгілері
- •18.Идеология, оның қогамда атқаратын рөлі. Идеологияның күштілігі мен әлсіздігі.
- •19.Э. Резерфорд ұсынған атомның планетарлық моделі
- •20.Субстанция ұгымы. Монизм, дуализм, плюрализм.
- •21.Мәдениет және өркениет, олардың байланысы мен өзгешелігі. А. Тойнбидің көшпелі қоғам жөніндегі ілімін сынау
- •22.Г. Гегель «Философиялық ғылымдар энциклопедиясы». Т. 3 «Рух философиясы».
- •23.Сенім, күмән, білім, ғылым.
- •24.Менделеевтің қайталамалы (периодтық) жуйесі-элементтер дамуы туралы ілімнің аяқталу кезеңі. Элементтер жайлы ілімдердің алғашқы түрлері (флогистон теориясы, ятрохимия т.Б.).
- •25.Химия философиясы. Химия молекулдар физикасы ретінде. Химияның басқа ғылымдармен (физика, биология, геология, экология) және өндіріспен өзара тығыз байланысы мен әсері.
- •26.Жүсіп Баласағұн «Құтадғу билік».
- •27.Сана мен психикалық әрекет формалары (ес, ойлау, ырық, түс көру, эмоция).Сана және өзіндік сана. Сана құрылымы.
- •28.Ғылым, техника, технология
- •29.Дж. Локк «Адам ақылы туралы тәжірибе» еңбегінде сапа түрлерін арқылы бейнелеу. Іштен туған идея мен принциптер теориясына Локктың сыны
- •30.«Зар-Заман» дәуірінің өкілдері (Дулат, Шортанбай, Мурат). Олардың қоғамдық әрекетіне баға беру.
- •31.Математика мен философия. Интуициямен ойжүгіртудің математикада алатын орны. Математикада оймен жасалатын эксперимент.
- •32.Әлеуметтік философия. Әлеуметтік философиямен қоғамдық және гуманитарлық ғылымдардың өзара әсерлері.
- •33.Ұлттық идея. Оның тұрақтылығы мен идеологиядан өзгешелігі.
- •34.«Информациялық қоғам», оның белгілі сипаттары
- •35.Экзистенциализм философиясы, оның түрлері. Ж. П. Сартр «Экзистенциализм - гуманизм».
- •36.Герменевтика және структурализм - ғылыми зерттеу әдістері.
- •37.Алхимия – ортағасыр мәдениетінің жемісі, химия ғылымдарының пайда болуы мен дамуындағы оның алгы шарттылыгы
- •38.Мәдениеттің философиялық түсінігі. Рухани және материалдық мәдениет арақатынасы.
- •39.Софистика, эклектика, догматизм, релятивизм, метафизика диалектикаға кереғар баламалары.
- •40.М. Фарадей мен Дж. Максвеллдің электромагниттік теориясы
- •41.Әлеуметтік болжамның мәселелері және мәні, оның ғылыми әдістері (экстраполяция, тарихи аналогия, компьютерлік модельдер, болашақтың сценариясы, эксперттік бағалау).
- •42.Қазіргі кездегі ұлттық және діни қатынастар мәселесі. Толеранттық Қазақстан халқы Ассамблеясының саяси-әлеуметтіқ маңызы.
- •43.Жекеліқ, ерекшелік, жалпылық категориялары.
- •44.Проблема, гипотеза және теория - ғылым дамуының түрлері.
- •45.Ертедегі Шығыс философиясы. Ежелгі Үнді мен Қытай философиясындағы жалпылық және ерекшеліктер. Буддизм шындықтың төрт түрлі игіліктері туралы. Конфуций басқарудың үш негіздері жайлы
- •46.Көшпелі өмір салты, болмысы, дәстүрі қазақтардың рухани шығармашылығында, халық ауыз әдебиетінде, өнерінде, көркемдік ойлауында бейнеленуі. Қазақтың ментальдық табиғаты.
- •47.Астрономиядағы н. Коперниктің ғылыми және дуниетанымдық эволюциясының маңызы.
- •48.Қоғам құрылымы. Қоғам туралы маркстік ілім. Оған кереғар м. Вебер, п. Сорокин т.Б. Әлеуметтік страттар теориясы және әлеуметтіқ мобильдік ұғымы.
- •49.3.Фрейд психоанализі. 3. Фрейдтің «Мәдениетке қанағаттанбау», «Мен және Ол» еңбектері.
- •50.Қоғамдық сана деңгейлері. Теориялық және қарапайым сана. Қоғамдық психология мен идеология.
- •51.Ертедегі Греция – ғылыми идеялар болған орны ретінде
- •52.Дж. Берклидің субъективтік идеализмі. Д. Юмның скептицизмі.
- •53.Мазмұн және түр категориялары. Олардың ғылыми және көркем шығармашылықтағы методологиялық маңызы.
- •54.«Адам», «техника» жүйелерінің методологиялық және әлеуметтік аспектілері
- •55.Қайта өрлеу дәуірі философиясы. Негізгі бағыттары мен өкілдері.
- •56.Философиядағы болмыс мәселелері. Болмыс категориясы. Болмыстың негізгі формалары (табиғат, адам, рухани, әлеуметтік, психологиялық болмыс).
- •57.Экологиялық жағдайлардың аспектілері (урбоэкология, халық өсімінің шегі, тұрақтылы даму).
- •58.Сананың пайда болуы мен мәні.
- •59.Жаратылыстанудың философиялық проблемалары (ф. Энгельстің «Табигат диалектикасы» мен в.И. Ленинің «Материализм және эмпириокритицизм» еңбектерінде қарастырылуы.
- •60.Биосфераның пайда болуы. Ноосфера - биосфера дамуындағы ең жоғарғы сатысы ( Вернадский)
- •61.Н.Ә. Назарбаев «Қазақстандық жол» (Тәуелсіз. Қазақстанның қалыптасуындағы негізгі идеялар). Тәуелсіздік философиясы.
- •62.Анализ және синтез, индукция мен дедукция, абстрактілік пен нақтылықтардың диалектикасы.
- •63.Қазіргі мәдениеттің экологиялық талаптары. Адам - қоғам - табиғат және олардың өзара байланысы.
- •64. И.Кант «Таза ақылға сын» (Құрылымы және негізгі идеялары).И. Канттың априоризмі және агностицизмі.
- •65.Техникалық оптимизм және техникалық пессимизм: техника апологиясы және оған сын.
- •66.Адам калыптасуындағы элеуметтік ортаның рөлі. Қоғам дамуындағы тарихи қажеттілік пен адам бостандығы диалектикасы (э. Фромм «Бостандықтан қашу»)
- •67.Демокрит пен Эпикурдың атомизмі. Араб ойшылдары әлемнің ең кіші бөлшектері туралы ш. Қудайбердиевтін «Үш анық» еңбегінен.
- •68.Диалектика - әдіс және ғылым. Объективтік және субъективтік диалектика.
- •69.Информатикада шындық проблемасы. Интернет глобальдық (жаһандық) ми метафорасы ретінде және оның философиялық маңызы.
- •70.М.В. Ломоносов - көрнекті орыс ғалымы, жаратылыстанушысы. Оның 1748 жылғы 5 маусымдағы л. Эйлерге хаты.
- •71.Аналогия және оның ғылыми танымдағы рөлі. Аналогия және модель.
- •72.Логикалық позитивизм – о. Конт ілімнің амалсыз эволюциясы
- •73.Классиктік термодинамика мен эволюциалық биология арасындағы қайшылықтар және өздігінен қалыптасу концепциясы. Ч. Дарвин ілімі мен креационизм.
- •74.Сөйлеу және жазу, олардың пайда болуының мәселелері.
- •75.Даму және прогресс. Прогресс пен регресс. Әлем тарихының бірлігі мен қөптүрлілігі. Энтропия ұғымы
- •76.Ш. Уәлиханов «Қырғыздарда шамандықтың іздері», «Дала мусылмандығы туралы», «Сот реформасы туралы жазбалар».
- •77.Нақтылық және мүмкіндіқ, қажеттілік және кездейсоқтық.
- •78.Техника деген не? Техниканың тарихы мен философиясы. Техникалық білімді гуманизациялау және гуманитаризациялау. Қазіргі техногендік өркениеттің болашағы мен шегі.
- •79.Платон «Мемлекет». Құрылуы және негізгі идеялары.
- •80.Болмыстың құрылымдық байланысы. Бүтін және бөлшек. Себеп және салдар.
- •81.Норберт Винер және оның ізбасарлары ашқан кибернетика ғылымы.
- •82.Дүниеге көзқарас ұғымы. Оның тарихи типтері: миф, дін, философия.
- •83.Р. Декарт «Әдіс туралы ой толғау». Оның танымдағы рационалдық әдісінің төрт ережесі.
- •84.К. Маркс Гегельдің «Философия тарихы» және «Тарих философиясы» жайлы лекциялары туралы.
- •85.Шығыстық орта ғасыр ғылымы. Математика ілімі, алгебра, медицина, логика т.Б. Дамуы (әл Кинди, әл Фараби, әл Хорезми, ибн Сина).
- •86.Компьютерлерді интеллектендіру принципі.
- •87.«Нұрлы жол – болашаққа бастар жол». Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауы. «Егемен Қазақстан». 2014, 12 қараша
- •88.Информациялық қауыпсыздық концепциясы
- •89.И. Ньютон мен а. Эйнштейн ілімінде кеңістік және уакыт проблемасы. Материя, қозғалыс, кеңістік және уақыт бірлігі.
- •90.Философиядағы әдіс мәселесі. Ғылыми танымның әдістері мен формалары.Танымның эмпирикалық және теориялық деңгейі
- •91.Геологияның ғылымдарды генетикалық жіктеудегі алатын орны. Геологиядағы актуализм принципі.
- •92.Адамдағы биологиялық пен әлеуметтік. Антропосоциогенез ұғымы
- •93.Ш. Кудайбердиев.«Үш анық».
- •94.XVII - XIX ғ.Ғ. Орыс философиясы, оның өмірмен байланысы. (а.Н. Радищев т.Б.).
- •19 Ғ. Басты бағыттары:
- •95.Информатиканың қалыптасу тарихы.
- •97.Кездейсоқтық және компьютерлер.
- •98.Материя - философиялық категория ретінде. (в.И. Лениннің «Материализм және эмпириокритицизм» кітабы бойынша). Қазіргі ғылым материя құрылымы мен қасиеттері туралы.
- •100.Дж. Бруно, б. Спиноза пантеизмі.
- •101.Ғылымдар жүйесіндегі физиканың орны. Физика — атомдар механикасы ретінде.
- •102.Жүйе ұғымы, Жүйелік принциптер. Жүйе - адам ойының жемісі (л.Фон Берталанфи).
- •103.Д. Дидро «Табиғатты түсіндіруге байланыста ойлар».
- •104.Қоғамдық сананың формалары, олардың өзара байланысы және әлеуметтік кызметтері. Қоғамдық сана түрлерінде объекттік шындықтың бейнелену тәсілдері
- •105.В.И. Лениннің «Философиялық дәптерлері»: құрылымы және негізгі идеялары.
- •106.Моральдық сана, оның категориялары. Қазақтардың дүниетанымының өзіндік сипаты.
- •107.Инженерлік ойлаудың және инженерлік әрекеттің ерекшеліктері.
- •108.Сократ пен Платонның идеализмі
- •109.Математика - ғылым тілі. Философтар мен ғалымдардьң математикаға көзқарасы (и. Кант, к. Маркс, а. Эйнштейн, Дж. Беркли).
- •110.Өтпелі құбылыстың табиғаты. Қазақстанның өтпелі кезендегі ерекшеліктері мен қиындықтары. Қазақстанның әлемдегі дамыған 30 елдің кіру стратегиясы
- •111.Рационалдық таным және оның формалары. Танымдағы сезімдікпен рационалдықтың бірлігі.
- •112.Бөлшектермен өріс казіргі физикалық әлем суретінің абстракциясы.
- •113.Табиғат ұғымы. Табиғи орта. Биомасса мен техномасса.
- •114.Н.А. Бердяев «Орыс коммунизмінің бастау кезі мен мәні»
- •115.Ұғым - адамның әлеуметтік - тарихи танымының жемісі. Ұғым түрлері (интерпретация, конвергенция, дивергенция, конверсия).
- •116.Жалпы салыстырмалы теория тұрғысынан Птолемей және н. Коперник жүйелерінің эквиваленттік проблемалары.
- •117.Таным процессінің диалектикасы.
- •118.Л. Фейербах «Болашақ философиясының негізгі қағидалары».
- •119.Н.Г. Чернышевский «Философиядагы антропологиялық принцип», «Адам білімінің сипаты».
- •120.Математика - адамзат мәдениетінің феномені ретінде. Топтау мен абстракциялау математикалық теориялардыц даму әдістері ретінде. Математика модельдер жүйесі ретінде.
- •121.Ақпараттың адамзат тарихында рөлі. К.Э. Шеннонның теориясы
- •122.Ми мен психика. Сананың пайда болуы және мәні.
- •123.Түркілік көзқарас дәстүрі мен ерекшеліктері. Мифология және дін (Қорқыт - ата, әл Фараби, Асан Қайғы, Мухаммед Хайдар Дулати).
- •124.Химиядағы редукция және редукционизм. Материяның химиялық қозғалыс түрлері
- •125.Антика философиясының негізгі сипаттары (Фалес, Зенон, Сократ)
- •126.Әл Фарабидің философиялық көзқарастары. Оның «Игілікті қала басшысының қасиеттері туралы» еңбегі
- •127.Техниканың инженерлік және гуманитарлық философиясы (м. Хайдеггер, к. Ясперс)
- •128.И. Фихте мен ф. Шеллинг философиясы.
- •129.Қожа Ахмет Яссауидің «Диуани Хикмет» поэмасы.
- •130.Ғылыми ілімнің көп түрлі тұрпаттары. Ғылымдағы теориялық және эмпирикалық фундаменталдық пен қолданбалылық.
- •131.Махмуд Қашқари «Диуани Лұгат ат - Түрк»
- •132.Техногендік өркениеттің дамуындағы қазіргі тенденция мен қайшылықтары
- •133.XX ғ. Басында Қазақстандағы қоғамдық-саяси ойлар (м. Дулатов, а. Байтүрсынов, с. Торайғыров).
- •134.А. И. Герцен «Табиғатты ұғыну туралы хаттар». (Бірінші және екінші хат).
- •135.Корпускулды — толқынды дуализм — физиқадағы дағдарыстан шығудың мысалы ретінде (Де Броиль, э. Резерфорд)
- •136.Танымдағы тарихилық және логикалықтың арақатынасы.
- •137. «Қазақстанның жаңа тарихының» философиялық проблемалары
- •138.Философияның негізгі қызметтері: методологиялық, көзқарастық, әлеуметтік, гуманистік, сыншылдық, болжаушылық, әдістемелік.
- •139. А.Эйнштейннің жалпы және арнаулы катыстық теориясы
- •140.Философия мен жеке ғылымдардың (табиғаттың, қоғамдық, техникалық) өзара байланысы.
- •141.Қазақ ағартушылығының қалыптасуы-қоғам өмірінің демократиялық бағыты (ш. Уәлиханов, ы. Алтынсарин).
- •142.Қоғам дамуындағы күш көрсету мен зорламау мәселесі. Геополитика идеялары. Терроризмнің (ланкестіктің) мәні мен әлеуметтік себептері. (а. Камю «Дүмпитін адам»).
- •143.Феодалдық қоғам философиясы. Универсалдар туралы тартыстар. Фома Аквинский, Уильям Оккам.
- •144.Эстетикалық сана, оның өлшемдері. Дизайнерлік қызмет. Қазақ халқының эстетикасы.
- •145.Эксперименттік әдістің шығу бастамасы және табиғатты математикалық бейнелеу (г. Галилей, ф. Бэкон, р. Декарт).
- •146.Аристотель. «Саясат». Платонды сынау. Аристотель формальдық логиканың уш заңы туралы.
- •147.Ақиқат - таным мақсаты. Ақиқаттың турлі анықтамалары (корреспонденттік, когеренттік теориялар). Ақиқат, адасу, өтірік. Ақиқаттың нақтылыгы.
- •148.Экологияның философиялық проблемалары, олардың жаһаңдық сипаты. Қазіргі экологиялық жағдайдың футурологиялық аспектілері
146.Аристотель. «Саясат». Платонды сынау. Аристотель формальдық логиканың уш заңы туралы.
Аристотель — Платонның шәкірті. Ұстазының көзі тірісінде шәкірті, оның шығармаларына сын көзбен қарап, пікірлерін ашық айтпағаны рас. Бірақ кейін келе, өзінің философия жүйесін жасау барысында ол Платонның көзқарасына қарама-қарсы шықты. Енді біз Аристотельдің "Метафизика" деген кітабындағы Платонға қарсы айтқан біраз пікірлеріне қысқаша тоқталайық. Өйткені, бұл пікірлердің ішінде Платонды сынау ғана негізгі мәселе болып отырған жоқ, сонымен бірге осы ойлар жаңа философияның іргетасын қалайтын келелі мәселелерді қозғады. Айталық, Аристотель өзіне дейінгі философтар сияқты, болмыс мәселесіне айрықша көңіл бөле келіп, оны адамның білімімен біте қайнастыра қарастырады. Міне, осы болмыс пен білім негізін ашудағы ұғымдардың қандай рөл атқаратыны жөніндегі мәселе де Аристотельді қатты толғандырады. Бұл мәселе, сонау Сократтан бастап, философияның негізгі көкейтесті мәселесіне айналған болатын. Платон сияқты Аристотель де ұғымдардың өзіне тән ерекшеліктерін көрсетіп, олардың болмысты, табиғатты, ғарышты, тағы басқаларының қасиеттері мен негізгі мәнін түсінуде айрықша кұрал екендігін атап көрсетті. Бірақ Аристотель, Платон сияқты, ұғымдар мен идеялар өз алдына дербес өмір сүреді деген ойдан аулақ. Аристотельдің ойынша, осы ұғымдар болмыссыз, табиғатсыз, бізді айнала қоршаған дүниесіз өз дербестігін жоғалтады. Платон ұғымдарды, түрлерді, идеяларды сезімдік заттар дүниесінің мәні деп қарап, оларды бір-біріне қарама-қарсы қойса, Аристотель бүған ашықтан ашық қарсы шықты. Оның айтуынша, мұндай жалған ойдың негізі тарихи жағынан алғавда өзінің бастауын сонау Гераклиттің диалектикалық көзқарасынан алады. Өйткені Гераклит сезімдік заттар дүниесі үнемі өзгеріп, қозғалып отырады деген қағиданы негізге алды. Платон да өзінің философиялық жүйесінде осы Гераклиттің пікіріне сүйене отырып, үнемі өзгеріп, қозғалып отыратын сезімдік заттар дүниесіне қатысты ешбір ақиқат жоқ деп есептеді. Аристотельдің ойынша, Платон сияқты "идеяларды" өз алдына бөлек болмыс деп, оларды сезімдік заттар дүниесінен бөліп алудың таным теориясына ешқандай пайдасы жоқ. Негізіңде, сезімдік заттар мен идеялардың болмыс табиғаты бір ғой. Ендеше, Платонның бұларды екіге бөліп, сезімдік заттар дүниесі мен идеялар дүниесі деп атауы ешбір қисынға келмейді. Өйткені, сайып келгенде, Платонның ойынша, қарама-қарсы идеялардың өзі сезімдік заттар дүниесінің көшірмесі, егіздің сыңары сияқты емес пе? Олай болса, Платон екіге бөліп отырған заттардың өзі бір-бірімен бірігудің орнына алшақ келіп, бізге ешқандай білімнің негізін бермейді. Сондай-ақ, олар білімнің негізі емес. Платонның айтуынша, "идеяларда" жалпылық бар. Мұндай жалпылық жекелеген сезімдік заттарға да тән. Ендеше, осылай бөліне беретін идеяларда мазмұнның болуы неғайбыл. Өйткені сайып келгенде, жекелеген сезімдік заттарда мазмұн болмай шығады ғой. Айталық, адам "идеясының" әрбір жеке сезімдік адамның ортақ белгілерінің жиынтығьшан ешбір айырмашылығы жоқ. Бұл жерде Аристотель өзінің болашақ философиялық жүйесінің негізгі теориясын айқындап беріп отыр. Өйткені Платон өзінің философиясында мазмұн (сезімдік заттар дүниесі) жөне форманы (сезімнен тыс идеялар дүниесі) бір-бірінен бөліп алып, оларды алшақтатып жіберді. Ендеше, мұндай бір процестің екі жағын бір-біріне қарама-қарсы қою болмыстың мәнін аша алмайды. Аристотельдің өзінің ұстазына бағыттаған екінші қарсылығында, "Платон идеялар дүниесін жеке бөліп альш, оның сезімдік заттар дүниесі мен арасындағы байланысты үзіп жіберді" деп көрсетеді. Әрине, Платон олардың арасын қосуға да әрекетгенді. Сондықтан ол сезімдік заттар дүниесі идеяларға біршама "қатысы" бар деп есептейді. Оның бұл түсіндірмесі баяғы замандағы пифагоршылардың әдісін қайталағаны. Олар заттардың сандарға қатысы бар, яғни соларға еліктейді деген болатын. Мұндай ой желісі мәселені толық шешіп бере алмайды, қайта бұл екі дүниенің арасындағы алшақтықты қайшылыққа әкеліп ұрындырды. Аристотель Платонның идеяларын талдай келе, оның логикалық ілімінің қайшылығын да ашты. Платон идеяларының логикалық арақатынасы жөніндегі пікірі, тіпті, қисынға келмейді. Біріншіден, "идеялардың" арасындағы логикалық байланыс, екіншіден, "идеялар" мен сезімдік заттар арасындағы қатынастар қайшылыққа толы. Идеялар арасындағы байланыс жеке идея мен жалпы идеялардың арасындағы қатынас арқылы көрініп, жалпы — жекенің мәні деген қорытындыға тіреледі. Ал идеялар мен сезімдік заттар арасындағы қатынаста зат пен оның идеясы бір-бірінен бөлек тұратын көрінеді. Бірақ заттар дүниесі, Платонның ойынша, "идеялар" дүниесінің бейнелеуі ғана ғой. Ендеше, әрбір заттың және оның идеясының екеуіне де ортақ және жалпы бірдеңе болуы керек. Егер сезімдік затгарға қатысты "идеялар" дүниесі бар десек, онда осыларға қатысы бар "идеялардың" жаңа дүниесі де болуы қажет. Ендеше, бұл — "идеялардың" өзіне тән екінші дүние. Сөйтіп, Платонның идеялар дүниесін амалсыздан сансыз көбейте беруге болады. Яғни, Аристотель көрсеткендей, идеялар дүниесінен келіп, "үшінші адам" шықты деуге мәжбүр етеді. Ол қалай дейсіз ғой? Ол мынандай жағдайға байланысты: "Әуелі жеке сезімдік адам және оның идеясы бар". Одан соң, осылар бағынатын тағы да бір "идея" бар. Ендеше, бұл идея бірінші идея мен сезімдік адамның арасындағы ортақ жалпылықты қамтиды. Олай болса, ол — "үшінші адам". Сайып келгенде, Платонның идеялар туралы теориясы сезімдік заттар дүниесін түсіңдіре алмайды, оның қасиеттерін ашуға да дәрменсіз. Бұл идеялар заттардың шығу тегін, қозғалуы мен қалыптасуын, пайда болуы мен жойылуын түсіңдіріп, оның мәнін аша алмайды. Өз алдына бөлек тұрған идея заттардың қайдан пайда болып, не себептен қозғалып дамитынына жауап беруге дәрменсіз келеді. Платон идеялар дүниесі арқылы жаратылыстану саласыңдағы себеп-салдарлы байланысты аша алмады. Сондықтан Аристотельдің ғылыми ілімдерге жете көңіл бөліп, жаратылыстану саласымен кеңінен айналысуы Платон философиясындағы қайшылықтардан шығудың жолын іздегендігі деуге әбден негіз бар. Осы жерде бұл екі ойшылдың көзқарасын бір-біріне тым қарсы қойып, бірін — материалист, екіншісін — идеалист деуден аулақ болған дұрыс. Мұндай қағиданы тым асыра дәріптеп жіберуге болмайды. Өйткені Аристотель Платонды сынап, шын мәніндегі басқа бағытқа карай өтейін деп отырған жоқ. Керісінше, Аристотель белгілі бір философиялық мәселені шешу барысында ұстазының қайшылыққа белшесінен батып, одан шыға алмағанын ғана көре білді. Енді өзі белгілі бір жүйе жасау үшін, осы қайшылықтарды қалайда шешуге ұмтылды. Біз Аристотельдің сынын ақтайық деп отырғанымыз жоқ. Бірақ дөл осы логикалық-диалектикалық, танымдық-теориялық мәселелерді шешуде, көне грек философиясының алыбы — Аристотель үшін басқадай жол қалмаған еді. Дегенмен, Платонды сынау арқылы Аристотель көптеген мәселелердің бетін ашып тастады емес пе? Мәселенің өзі осы болып тұр. Біреуді "мынаны істемеді, мына мәселені шешпеді" деп сынау, тағы басқа да себептерді айтып, айыптау оңайырақ. Ал енді сол мәселелерді шешуге бет алған сыншының өзі қайшылықтарға белшесінен батып, тұншығып, шыға алмай қалуы мүмкін.
Логика ұғымы объективті дүниенің, шындықтың даму заңдылықтарын бейнелеу мағынасында да қолданылады. Кең мағынада логика ойлаудың ғана емес, болмыстың да байланыстарын көрсетеді, бұл жағынан ол онтологиямен сабақтас. Ойлау мен таным қатар жүретіндіктен логика таным теориясымен (гносеологиямен) байланысады. логика философияның негізгі бөлігі болып табылады, өйткені философия “оймен басталып, оймен жалғасады, сондықтан оны кейде “ойлау туралы ойлау” деп анықтайды. Логика тарихы философия тарихымен тығыз байланысты. логиканың алғашқы тарихи нұсқасын б.з.б. 4 ғасырда ежелгі грек философы Аристотель жасаған. Ол дедуктивтік ой қорытулар теориясын (яғни силлогистиканы) қалыптастырып, логика қателердің алғашқы жіктелімін жасап берді және логикалық дәлелдеу туралы ілімнің негізін қалады. Дәстүр бойынша Аристотельдің логикасы — аподейктика — анық, ақиқат білім туралы ілім, ол Аристотельдің “Аналитикасында” баяндалған.
Аристотель дедуктивтік-силлогистік ілімді дамытса, Эпикур мен оның ізбасарлары индуктивтік логиканың бастауын ашып, индуктивтік жалпылаудың бірқатар ережелерін тұжырымдаған. Аристотельдің логикалық идеяларының сақталуына, олардың мән-маңызының ашылуы мен тарихи жалғасын табуына ортағасырлық ислам философтары әл-Кинди, әл-Фараби, ибн Сина, ибн Рушдтың сіңірген еңбегі зор. Аристотельдің дәлелденбейтін пікір, индукция туралы ілімін әл-Фараби жүйелі түрде дамытты. Ол предикат түрінде “өмір сүретін” құбылыстың бары жайында мүлде жаңа мәселе қойып, шартты силлогизм теориясын егжей-тегжейлі талдады, сөйтіп, логикадағы диалектикалық мәселелерді түсінуге елеулі үлес қосты. Неміс философы Кант Аристотельге қарсы философияның зерттейтін формаларының деректік мәні жоқ, олар әншейінгі бос форма болып табылады, сондықтан, олардың мазмұн мен ақиқатқа қатысы жоқ деген пікір айтты. Кант пікірі бойынша, жалпы логика ғылымның формасын ғана емес, оның мазмұны мен генезисін де зерттейді. Жалпы логиканың ең жоғарғы принципі — қайшылық принципі (немесе қайшылыққа жол бермеу принципі), ал трансцендентальді логиканікі — әр түрлі пікірді біріктіріп, қисындастыру синтезі. Гегель “рухтың” тарихы, яғни мәдениет тарихы логикада синтезделуге тиіс, логика бұрынғы философияның, ең алдымен, онтологияның орнын басады, сонда болмыс пен ойлаудың тепе-теңдігі пікірдің дамуын, оның өз бетімен дамуының ішкі ырғағына сәйкес имманентті, диалекттка түрде болатынын дәлелдейді.
17 ғасырда Бэкон тәжірибеге сүйенген ғылымның басты құралы ретінде индуктивтік әдісті негіздеп, индуктивтік логиканың негізін саралап, силлогист. ілімді сынға алды. Декарт керісінше дедуктивтік әдіс пен дедуктивтік логиканы жоғары бағалап, ақиқатты дәлелдеудің басты жолы деп есептеді. Формальді логиканың әрі қарай дамуына аса зор үлес қосқан философтардың бірі — Лейбниц. Ол Аристотель категорияларын талдау арқылы ең қарапайым бастапқы ұғымдар мен пікірлерді іріктеп алып, адам ойының әліпбиін” құрастыру идеясын ұсынды, математика логиканың негізін қалады. Дж.С. Милльдің индуктивті ой қорыту теориясы ықтималдық теориясы мен логика алгебрасының қалыптасуына байланысты 19 — 20 ғ-ларда логиканың зерттеу саласына айналды. Бұл кезеңде индуктивтік логикамен дедуктивтік-математика логика дамыды. Дж.Буль, О де Морган және неміс математиктері Э.Шредер,П.С. Порец, т.б. математика әдістерді логикаға қолданудың нәтижесінде осы заманғы логика алгебрасы қалыптасты. логикалық сөйлемдерді геометрия фигуралар арқылы түсіндіру әдісі И.Г. Ламберг және Б.Больцано еңбектерінде кездеседі. Сөйтіп, логикалық мәселелерді шешуде математика әдістерді қолдану кеңінен таралды. Қазақстанда математика логиканың дамуына академия А.Д. Тайманов зор үлес қосты. Ол логиканың ойлау формаларын (ұғым, пікір, ой-қорытынды) зерттеп, олардың мәнін, түрлерін, арақатынастарын, олармен операциялар жасаудың тәртібін ашып, оларға тән ережелер мен түпкілікті ойлау заңдарын саралады. Формальді логиканың (қазіргі логика) символик. (немесе математика логика) саласы дәстүрлі логиканың тарихи сабақтасы болып саналады. Мұнда дәстүрлі логиканың қойған мәселелерін шешу үшін символдар тілі, математика әдістер, логикалық есептеулер қолданылады. Бұлайша қарастыру ойлаудың жаңа заңдылықтарын ашуға, ойлау процесін автоматтандыруға, сөйтіп, осыған негізделген жаңа техника мен технологияны жасауға жағдай жасайды. Қазіргі кезде логика, негізінен, үш бөлімнен (пайымдаулар теориясы, математика және логикалық методология) тұратын, жан-жақты тармақталған ғылымға айналды. Тұтас алғанда, мұндағы зерттеулер тіл мен ойдың арақатынасының қай қырынан келетіне байланысты логикалық семиотика мен логикалық семантика тұрғысынан жүргізіледі. логикалық семиотикада тіл байламдары таңбалық объектілер ретінде қарастырылса, логикалық семантикада тіл мен логикалық теориялар олардың мазмұны жағынан зерделенеді.
Қазіргі логикада түсініктеме (интерпретация) ұғымы маңызды рөл атқарады, өйткені бұл ұғым арқылы логикалық заң және логикалық жалғасу ұғымдары анықталады. Кейінгі кездері логикалық зерттеулерде жаңа математика аппарат — категориялар теориясының тілі кеңінен қолданылуда. логикалық теориялар оларда зерделенетін логикалық лебіздердің сипатына, түптеп келгенде заттар қатынастарының түріне орай классик. және бейклассиктер болып бөлінеді. Қазіргі логиканың маңызды бір бөлігі — металогикада Логикалық теориялардың қасиеттері (қайшылықсыздығы, толықтығы, түпкілікті дедуктивтік принциптерінің тәуелсіздігі, т.б.) зерттеледі, яғни оны Логиканың өз түзілістері турасындағы өзіндік рефлексиясы деп атауға болады. логикалық методолдар да қазіргі логиканың бір бөлігін құрайды. Оны жалпы (яғни, ғылым білімнің барлық салаларында қолданылатын танымдық амалдарды зерттейтін) және жекелеген ғылымдардың методологиясы (дедуктивтік ғылымдардың методологиясы, эмпирик. ғылымдардың методологиясы, әлеуметтік және гуманитарлық білімнің методологиясы) деп бөледі. логикалық-методолдар ізденістерде, әсіресе дедуктивтік ғылымдар методологиясы саласындағы жетістіктерді атауға болады (логиканың дедуктивтік теория ретінде құрылуы, математиканы негіздеу, білімді аксиоматизациялау және формальдандыру әдістерінің қолдау табуы, т.б.).
