Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
fya_durysy.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
530.56 Кб
Скачать

43.Жекеліқ, ерекшелік, жалпылық категориялары.

Материяның белгілі бір формасына жататын құбылыстар сан алуан болганымен, олардың бәрінің түпкі мәні бар дедік.Олай болса жалпылық өзгешелік және жекелік құбылыс категориясының тагы бір негізгі қырларының бірі . Бір тектен өрбеген санасыз көп құбылыстарды тұтас етіп тұратын нәрсе бар екендігін адамдар өз тәжірибиесінің ең қарапайым дәрежесінде –ақ байқаган . Алуан түрлі құбылыстардың іс-әрекеті ашылатын ең алғашқы, ең сыртқы түрі-ол құбылыстардың ұқсастыгы, біркелкілігі. Дәлірек айтсақ сыртқы белгілерінің біркелкілігі, сыртқы ұсастық. Филасофия тарихында жалпылық пен жекелік туралы сөз етілгенде, олардың негізге алып сүйенгені көбінесе осы жогарыда аталган көрініс еді.Жекелік заттың, құбылыстың, проңестің қайталанбас қасиеттері, сипаттары , жақтары. Жалпылық заттардың құбылыстардың проңесстердің қайталанып отыратын жақтары, сипаттары,қасиеттері. Жекелік пен жалпылықтың сипаттары: 1.Жалпылықтың категориясы , заң категориясымен тыгыз байланысты. Жалпылық қажеттілікпен тыгыз байланысты. Жалпылық мәнділік категориясымен байланысты.

Кездейсоқ және құбылыс категориясымен жекелік категориялары тыгыз байланысты.

Күнделікті қатынастарымызда бірнәрселерді бүтін, ал екіншілерін бөлік деп қарайтынымыз белгілі. Ол түсініктер де болмыстың бүтіні мен бөлік сияқты қырларымен кезігіп қана қоймайды, олар жасаган нәрселерінің бәрінде, іс- әректінің өзіде аяқталган бүтіндік үлгісі мен қүруга тырысады. Бүтін- дегеніміз ең әуелі, құрлымындагы бөлектердің өз бөліктерінде жоқ қасиеттерге , жаңа санага ие күрделі жүйе .

Бөлік - күрделі жүйенің , бүтіннің даму заңдылықтарына багына отырып, оның өз дербестігін сақтайтын ажырамас құрамдас жагы. Күнделікті практикадан бүтін мен бөлік туралы түсініктер, әрине ғылыми ұгымдар дәрежесіне жете алмайды. Сондықтан қысқаша түрдебүтін мен бөліктің мынандай сипаттарын келтіре кетейік. Жекеленген бөлшектердің бүтінге кіретін өзара байланысының заңдылықтары “бүтін” және “ бөлік” категорияларында көрінеді. Бөлшектердің бүтін ішіндегі өзара байланыс заңдылықтары. “Әлемент” және “құрлым” категорияларында көрінеді. Кез келген өзге заттардың (құбылыстардың ,принңіптердің , қатынастардың) өзара байланыстары, бүтінді құрай отырып , оның құрылымына айнала отырып , сонымен бірге оларды бұтінің бөлікткріне және сәйкес құрлыдардың әлементтеріене айналдырады.“Бөлік” ұгымы “әлемент”ұгымынан кең . Бүтіннің бөіктері тек әлементтергана емес , соымен бірге әлементтер арасындагы өзара байланыстарның өзі деген құрылым.

44.Проблема, гипотеза және теория - ғылым дамуының түрлері.

Ең бірінші проблема пайда болады. Содан кейн гипотеза жасалады. Гипотеза ғылыми тұрғыдан дәйектелген, болжамға негізделген теория. Бірақ кез келген болжам гипотеза бола алмайды.Гипотеза практикадан тексеруден өткен жағдайда немесе ақиқаттығы әбден дәлелденген мәселелерден туындап тұрған болса, ол ғылыми теорияға айналады. Гипотеза (гр.ὑπόθεσιςнегізгі, жорамал) — белгілі бір құбылысты түсіндіру үшін алға тартылатын және тәжірибе түрінде тексеруді және сенімді ғылыми теория болып қалыптасу үшін теориялық негізді талап ететін ғылыми болжам, дәлелденбеген тұжырымдама, жорамал. Әдетте гипотеза өзін құптайтын байқауларға (мысалдарға) негізделе жасалады, сондықтан рас болып көрінеді. Гипотезаны аяғында не дәлелдеп ақиқатқа айналдырады, немесе одан (қарсы мысал келтіру арқылы) бас тартып алдамшы тұжырымдамаға жатқызады. Ал, бас тартпаған және дәлелденбеген гипотезаны ашық мәселе (проблема) деп атайды.гипотезаның пайда болуы ежелгі дәуірдегі математиканың дамуымен тығыз байланысты. Көне заман математиктері гипотезаны матем. есептер шешімін дәлелдеу әдісі ретінде ұсынды және алғашқы жобаның дұрыстығын тексеру мақсатымен олардан қорытынды жасайтын дедуктивтік ойлау әдістерін кеңінен қолданды. Платон гипотезаны ой қорытудағы абс. ақиқат сипатты қамтамасыз ететін дәлелдеудің синтет. талдау әдісі ретінде қарастырды. Теория (гр.theorіa – пайымдау, анықтау)– белгілі бір құбылыстың, шындықтың заңдылықтары мен байланыстары жайлы жан-жақты, толық мағлұмат беретін тұжырым. Теория өзінің ішкі құрылымы жағынан бір-бірімен логикалық байланыста болатын біртұтас білім жүйесін құрайды. Теорияның мазмұны белгілі бір ұғымдар мен тұжырымдарға негізделіп, арнайы логикалық-методологиялық принциптер мен ережелерге сүйеніп баяндалады. Теория көбінесе болжамдық, тұспалдық сипатқа ие. Теорияның кең көлемді теориялық материалды жүйелеуге, сипаттауға бағытталған сипаттамалы немесе логикаға негізделген дедуктивті түрлері бар. Логикалық көзқарас тұрғысынан Теория өзара байланыстағы гипотетикалық-дедуктивтік жүйені құрайды. Кез келген теориялық қорытынды негізгі тұжырымнан (аксиома, анықтама, қағида) тұрады немесе бірнеше ой-тұжырымдардың логикенті қорытындысы (теорема, нәтиже) болып табылады. Эпистемологиялық мәнде Теория үнемі дамып, өзгеріп отыратын білімдер жүйесі. Қазіргі ғылым методологиясы Теорияның негізгі төрт құрамдас бөлігін айқындайды: 1. Теорияның теориялық тұрғыдан түсіндірілуге тиісті тәжірибелік нәтижелері мен деректік жиынтығынан тұратын эмпирикалық негізі; 2. Әр алуан жалпы заңдылықтар мен қағидаттардан тұратын теориялық негізі; 3. Белгілі бір логикалық және методологиялық реттегіштер; 4. Дәлелдерден, қорытындылардың жиынтығынан тұратын негізгі теориялық жүйе.

Теория практикалық іс-әрекетті, тәжірибені қорытып, оны жаңа жағдайда ғана қолданбай, ол тәжірибе нәтижелерін шығармашылық тұрғыдан өзгерту арқылы практиканың алдына жаңа талаптар қойып, оның өрісін кеңейте түседі. Ғылыми-техникалық төңкеріс заманында Теорияның практикаға қатысты ғылыми-өндірістік маңызы айқын көрінеді. Сондықтан практика Теорияның ақиқаттылығын дәлелдеумен қатар, оны дамытып, жетілдірудің негізі. Теория (Theory) - білім саласындағы негізгі идеялар жүйесі. Автоматтар теориясы (Теория авто-матов; automata theory) — автоматты құрылғылардың жасалу, жұмыс істеу және қолдану принциптерін зерттейтін ғылым. Алгоритмдер теориясы (Теория алгоритмов; algorithm theory) — алгоритмдердің жалпы қасиеттерін зерттейтін математика ғылымының бір тарауы. Алгоритмдер теориясының екі тармағын атап өтуге болады. Біріншісі — математиканы конструктивті негіздестіруді және алгоритмдік шешілмеушілік феноменін зерттейтін логикалық теория. Екіншісі — алгоритмдердің өзін, олардың құрылымын, эквиваленттік түрлендіру әдістерін, тиімділікті бағалау тәсілдерін және құру әдістерін зерттейтін алгоритмдердің аналитикалық теориясы. Ақпарат теориясы (Теория информации; information theory) — ақпаратты классификациялау, сақтау, алмастыру, шығару тәсілдерін сипаттау және оларды бағалау жұмыстарымен айналысатын кибернетиканың бір саласы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]