Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
fya_durysy.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
530.56 Кб
Скачать

93.Ш. Кудайбердиев.«Үш анық».

ШәкәрімҚұдайбердіұлы (1858-1931) ақын,жазушы,философ,тарихшы,композитор. Абаймен замандас әрі інісі, әрі ол негізін салған реалистік әдебиет дәстүрлерін алға апарушы ізбасары. Қоғам мен адам табиғатындағы кемшіліктерді зерделеуде, туған халқына түзу жол көрсетуде Құдайбердіұлы Абай бағытын ұстанды. Шәкәрімнің әкесі Құдайберді Құнанбайдың Күнке деген бәйбішесінен туған, яғни Абайдың туған ағасы. Шәкәрім бес жасында ауыл молдасына оқуға беріледі де онда жеті жасына дейін оқиды. Арабпарсытүрікорыс тілдерін жетік білді.

Шәкәрім философиясының негізгі өзегі - адам. «Адамның мәні – оның дүниені танып білуінде, ол тек адамға ғана тән нәрсе», - дейді.

Шәкәрімнің философиялық ой сараптауын: «Адам ақиқатты бас көзiмен көрмейдi, ақыл көзiмен көредi. Бiлiп жаратушы – тәңiрi, өлiмнен соң бiр түрлi тiршiлiк бар. Екi өмiрге де керектiсi – ұждан. Ұждан дегенiмiз – нысап, әдiлет, мейiрiм»- деп басталатын «Үш анық» трактатынан көруге болады, ол зерттеушінің 28 жылдық еңбегінің қорытындысы. «Үш анық» қазақ халқының тарихи тағдырына үлкен өзгеріс әкелген жылдары жазылған. Бірінші орыс революциясы, бірінші дүниежүзілік соғыс, ақпан, қазан революциялары және тағы да басқа оқиғалар қазақ жеріне көп әсерін тигізді. Осы жағдайлар Шәкәрімді немқұрайлы тыныштыққа қалдыра алмайды. Халқы туралы толғаным болашағы ойшылды қиналдырып, осы тоқыраудан шығу жолына итермеледі.

Өмірдің мәні не? – деген сұрақпен ол көне ойшылдарға сонымен қоса жаңа дәуірдің діни және философиялық әдебиеттерінен ізденіп, өзінің философиялық ойының тереңдігін көрсетеді.

Шәкәрім «Үш анықта» Ақиқат деген не? деген сұрақ қояды. Оған өзі «адам ақиқатты ақыл – ес көзімен көріп, қабылдауы керек. Ақиқат - әрбір адамның жанында болады не ол өзіндік өмір сүреді» - деп қорытынды жасайды. Жанның ең негізгі қажет ететіні – ұждан. «Адамның нысап, әділет, мейірім – үшеуін қосып, мұсылманша айтқанда, ұждан, орысша айтқанда совесть бар» дейді.

Ол адамның рухани өсуіне мықты тірек болатын үш анықты атайды: Бірінші – мәңгі өзгерістегі Универсумда барлығына себепші жаратушы ие. Екіншісі – бұл жаратушы барлық тірі мен тірі емеске жан береді, адам өлген соң, одан әрі тазарып, жоғарылайды, өздігінен өмір сүреді.

Үшіншісі – жанның жоғарылап, тазаруы үшін адам ұжданға сай арлы өмір сүруі керек. Шәкәрім адамдарды осыған шақырады.

94.XVII - XIX ғ.Ғ. Орыс философиясы, оның өмірмен байланысы. (а.Н. Радищев т.Б.).

Орыс философиясының орталық идеясы адамзат тағдыры мен жалпы өмірдегі Ресейдің ерекше орны мен ролін негіздеу және іздестіру болды. Және бұл орыс философиясын түсіну үшін маңызды, өйткені ол тарихи дамуының өзгешелігіне орай өзінің ерекше белгілерімен көзге түседі.

Орыс философиясның қалыптасуының ерекшеліктері мен дамуынң тарихи кезеңдері

  1. Ортағасырлық (10-17 ғғ.) орыс философиясы

  2. Ағартушылық дәуірдегі (17 ғ.) орыс философиясы

  3. ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. басындағы орыс философиясы

XVII ғасыр орыс философиясының екі басты бағыты қалыптасты:

1. Петрлік реформалар дәуіріндегі философия Петр біріншінің ағарту саясаты орыс қоғамының дамуына үлкен ықпал етті. Алғашқыда өндіріс, ғылым, білім дамыды. Мемлекеттік аппарат түбегейлі өзгерді.

2. XVIII ғасыр ортасы мен екінші жартысындағы материалистік философия. Философиялық мәселелерді шешуде үлкен еңбек жасаған Ломоносов пен Радищев болды.

Орыс философиясындағы материализмнің негізін салған М.В.Ломоносов (1711-1765).  Шығармалары: „Жер қабаттары туралы", „Жылу мен суықтың себебі туралы толғаныстар" Ол эксперимент жүзінде матрия атомдық-молекулалық құрылымнан тұратынын және молекулалар үздіксіз қозғалыста болатынын дәлелдеді. „Корпускулярлық" теорияны ұсынды. Оның пікірінше, материя дегеніміз, денелерден тұрады. «Бір орында қаншалықты жоғалса, екінші орынды соншалықты толтырады» деп материяның сақталу заңын ашты.

Александр Николаевич Радищевтің (1749-1802) дүниекөзқарасына әсер еткен француз ағартушы философтары. Шығармалары: „Тобылдағы досқа хат", „Еркіндік ордасы", „Петербургтен Москваға сяхат" (еңбегі үшін айдауға жіберілді), „Адам, оның өлімі мен мәңгілігі" Өзінің материалистік идеяларын дамыта отырып, табиғатты заттар баспалдағымен теңестіреді. Оның шыңында ойлаушы адам тұруы керек. Ми мен жүйке жүйесі сананың негізін құрайды. Ол сондай-ақ қоғамдық пікірлерінде, «еріктілік» және «құлдық» айналым идеясын үгіттеген. Кредосы – самодержавияға қарсы күрес, халық билігі, құқық және рухани бостандық . қудалаудан көп азап шегіп „Келер ұрпақ мен үшін кек алады!" – деп хат жазып, у ішіп өлген.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]