Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
fya_durysy.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
530.56 Кб
Скачать

119.Н.Г. Чернышевский «Философиядагы антропологиялық принцип», «Адам білімінің сипаты».

Чернышевский Николай Гаврилович (24.7.1828, Саратов қ. — 29.10.1889, сонда) — Ресей философы, публицистжазушыәдебиетсыншысы. Саратов діни семинариясында (1842 — 45), Петербург ун-тінің тарих-филол. бөлімінде оқыған (1846 — 50). Ч. ун-тте оқып жүрген кезінде өз бетімен білімін жетілдірумен шұғылданып, тарих (Ф.Гизо, Ж.Мишле), философия (Г.Гегель және Л.Фейербах),социология (А.Сен-Симон, Ш.Фурье) туралы еңбектерді мұқият зерттеді. Ч. көзқарасының қалыптасуына орыс әдебиетшілері А.С. ПушкинМ.Ю. ЛермонтовН.В. Гоголь, т.б. үлкен ықпал етті. “Отечественные записки” (1853) журналында мақалаларымен көрінген Ч-ді Н.А. Некрасов “Современник” журналына тұрақты қызметке шақырды. Осында жүріп 1855 ж. “ґнердің болмысқа эстетикалық қатынасы” деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. Сол жылы “Орыс әдебиетінің Гогольдік дәуірінің очерктері” атты еңбегін жариялады. В.Г. Белинскийдің әдеби-сын саласындағы дәстүрін жалғастырған ол бірте-бірте журналдың идеялық жетекшілерінің біріне айналды. Осы журналда жүріп Н.А. ДобролюбовНекрасовпен бірге Ресейдегі қоғамдық-саяси өмірге белсене араласып, саяси, экон., тарихи және әдеби шығармалар жариялады. А.И. Герценмен саяси байланыста болуы себепті 1862 ж. тұтқындалып, Петропавл қамалына жабылды. Ол қамауда отырған кезде “Не істеу керек?” романын (1862 — 63) жазды. Тұтқындалуға үкім кесіліп (7 жыл каторгалық жұмысқа және Сібірде өмір бойы тұруға), Мытинск алаңында (1864 ж. 19 мамыр) қара бағанға таңылып жазаланғаннан кейін Ч. көп кешікпей Сібірге жер аударылды. Жиырма жылдан астам айдауда жүргенімен шығарм. жұмыспен шұғылдануын тоқтатқан жоқ. 1889 ж. Саратовқа қоныс аударып, көп кешікпей қайтыс болды. Ч. табиғат пен қоғамға өзінің филос. көзқарастарының негізі антропол. принцип деп санаған. Қоғам даму заңдылықтарын түсіндіруде Ч. идеализмі алдыңғы қатарда болды. Ол адам табиғатының тума қабілеттері және “жалғандық пен шындық” туралы идеяларды көтерді. Ч-дің “Даналық эгоизмі” теориясы ағартушылық рационализмге негізделген. Ол көркем өнердің шынайы мақсаты халықты рухани адамгершілік, ізгілік қасиеттерге шақыру деп түсінді. ґзінің диссертациясында және эстетика туралы басқа да еңбектерінде “таза көркемөнер” тұжырымдамасына қарсы болды, “әдемілік деген өмір” эстетиканың негізгі арқауы — объективті болмыстың қадір-қасиеттері деген ой-пікірді жүйеледі. Ч-дің Лессинг, Пушкин, Лермонтов, Гоголь, В.Г. Белинский, М.Е. Салтыков-Щедрин, Некрасов, И.С. Тургенев, Г.И. Успенский, Л.Н. Толстой шығарм-тары туралы еңбектері маңызды ой-тұжырымға толы. Ч-дің “Бір қыздың тарихы”, “Барбарустар ұрпағы”, т.б. повестері мен әңгімелері, “Шешусіз драма”, “Жаны ғажап күйеу” пьесалары бар. Кеңес өкіметі тұсында Ч. тұлғасы мен еңбектері патшалық Ресейдегі халықтың азаттық күресіне дем беруші күш ретінде бағаланды.

120.Математика - адамзат мәдениетінің феномені ретінде. Топтау мен абстракциялау математикалық теориялардыц даму әдістері ретінде. Математика модельдер жүйесі ретінде.

Математикалық модель (Математическая модель; matemathical simulation) — объектінің қызметі мен құрылымын сипаттайтын математикалық тәуелділіктер жүйесі, яғни математикалық формулалар мен тендеулер арқылы өрнектелетін объектілердің математикалық сипаттамалары.

Математика (гр. μάθημα — ғылымбілімоқуμαθηματικός — білуге құштарлық) — әлдебір әлемнің сандық қатынастары мен кеңістіктік формалары, оның ішінде — структуралар, өзгерістер, белгісіздік жөніндегі ғылым. Ол абстрактілендіру және логикалық қорыту, есептеу, санау, өлшеу және физикалық нәрселерді жүйелі түрде орнықтыру, бейнелеу мен өзгерістерді оқыту арқылы көрініс табады.[1]

Математиктер жаңа тұжырымдамаларды сипаттайтын осы түсніктерді ретімен таңдалып алынған аксиомалар мен анықтамаларды пайдалана қорыта отырып зерттейді.

«Таза» математика апологиясы (Г.Харди). Б.Гессен - Ньютон механикасының әлеуметтік түп тамыры жөнінде. Ұлттық математика мектептері және ұлттық математикалық дәстүрлердің ерекшеліктері (Л.Бибербах). Математика – «мәдени элементтер» жиынтығы ретінде (Р.Уайлдер). Ф.Китчер концепциясы: математикалық эволюция – бастапқы (қарапайым) математикалық практикадан кейінгілерге өту ретінде. Математикадағы эстафеталар (М.Розов). Басқа ғылымдар мен техниканың талаптары мен сұраныстарының математиканың дамуына ықпал жасауы. Т.Кунның ғылыми революция концепциясы және оны математиканың даму сараптамасына пайдалану проблемасы. Математикалық білімнің біреуден екіншіге берілуінің сипаттамасы. Математикадағы революциялар спецификасы жөніндегі Д-Даубен, Е. Копельман, М.Кроу, Р.Уайлдер пікірлері. Математикалық парадигмалар және олардың жаратылыстану парадигмаларынан айырмашылығы. Математикадағы революциялар классификациясы. К.Поппер фальсификационизмі және И.Лакатостың ғылыми – зерттеу бағдарламалар концепциясы. Ғылыми – зерттеу бағдарламаларының концепциясын математиканың дамуын зерттеуге қолдану мүмкіндігі. Математикадағы фальсификаторлардың пайда болу проблемасы.

Математизацияланудың типтері, тенденциялары мен жалпы проблемалары. Қолданбалы математика. Математика қосымшасының логикасы мен ерекшеліктері. Математика ғылымдар тілі ретінде.

Математикалық білім деңгейлері: эксперименттік қорытындылардың сандық есептеулері, жеке құбылыстар мен процесстер қосымшаларының спецификасы. Категория теориясының, апаттар теориясының, фракталдар теориясының ж.б. ұсынып отырған – математиканың жаңа қолданулары. Жаңа қосымшалар жасау үшін адекватты математикалық аппарат іздеу проблемасы. Физикалық білімді дамыту әдісі ретіндегі математикалық болжам. Физикадағы математиканың «қол жетпейтін тиімділігі»: рафионал түсіндіру проблемасы.модельдерінің математикалық құрылысы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]