Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
fya_durysy.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
530.56 Кб
Скачать

130.Ғылыми ілімнің көп түрлі тұрпаттары. Ғылымдағы теориялық және эмпирикалық фундаменталдық пен қолданбалылық.

Теориялық және қолданбалы әлеуметтану нақтылы әлеуметтік зерттеулерге сүйене отырып, бір-біріне қарсы тұрмайды, олар әр уақытта бірлікте болып, бір-бірінің одан әрі дамуының әсер етеді.

Теориялық әлеуметтану – ол алуан түрлі теория мен тұжырымдардың жиынтығы. Бұлар қоғамның әлеуметтік дамуын тұжырымдап, оларға терең, жан-жақты түсінік береді.

Эмпирикалық немесе тәжірибелілік өз кезегінде сынақ пен тексеру арқылы іске асады. Және тексеру екі түрлі болуы мүмкін: тәжірибе арқылы сынау (онымен тәжірибелік /эксперимент/ ғылым айналысады) және салыстыру арқылы сынау (бұл салыстырмалы /компаративті/ ғылым аясына кіреді). Негізінен салыстыру да, тәжірибе де бір принципте жұмыс істейді. Яғни дескрипті мәліметтерді арнайы сараптамалық құралдар арқылы жүйелі және методикалық сәйкестендіру.

Р.Декарт әдісті (метод) өтіріктен шынайыны ажыратуға көмектесетін «нақты да қарапайым ереже» деп түсіндірді. Әсіресе дедуктивті-рационалды әдіссіз қайсібір шынайылықты іздеудің өзі қажетсіз дейді философ.

Әрбір әдіс белгілі бір теория негізінде жасалатыны сөзсіз. Әдістің тиімділігі, күші теорияның мазмұны, тереңдігі, іргелілігімен байланысты. Әдіс ғылымның әрі қарай дамуына, теориялық білімнің жүйеленуіне, оның практикада іске асуына себеп болады. Демек, теория мен әдіс бір-бірінсіз болмайды, сол секілді бір нәрсе де емес. Олар бір-біріне әсер ете отырып, теория өмірді бейнелейді де ал әдіс зерттеулер арқылы теорияға қайта оралады. Демек, әдіс – практикада іс-әрекетке айналған теория.

131.Махмуд Қашқари «Диуани Лұгат ат - Түрк»

Диуану лұғат-ит-түркҚашғарлы Махмұд1072-1074 жылдары Бағдат қаласында жазған түркіше-арабша сөздік. Ол түркі тілдері бойынша ең ауқымды және ең маңызды ежелгі тіл жәдігері. Оның қолжазба нұсқасы 638 беттен тұрады, онда 9000-нан астам түркі сөзінің араб тіліндегі егжей-тегжейлі түсіндірме-аудармалары қамтылған. Түркілердің тарихы, жағырапиялық таралуы, тайпалары, диалектілері және дәстүрлеріне бойынша қосымша мәліметтер берілген.

Классикалық араб лексикографиясының қағидалары бойынша дайындалған бұл сөздікҚашғарлы Махмұттың түркі тілі туралы білімінің ауқымдылығын ғана емес, араб филологиясы ғылымы бойынша дайындығының да көлемді екендігін айғақтайды.[1]

Сөздіктің қазір бізге келіп жеткен жалғыз ғана жазба нұсқасы 1266Дамаск (Шам) қаласында жаңадан көшіріліп жазылып, оны тек 1915 жылы ғана Әли Емірі ефендіЫстамбұл қаласында кездейсоқ тауып алады. (Одан бұрынғы ғасырларда Антеплі Айни және Кәтіп Челеби сияқты ғалымдар сондай кітаптың бар екендігі туралы айтқан болатын.) Әли Емірінің көшірмесі 1917 жылы Талат пашаның(1874-1921) қолдауымен және Кіліслі Рифат білгенің(1873-1953) бақылауымен басылып шығып, бүкіл дүние жүзінің түркологтарының назарын өзіне аударды. 1928 жылы түрколог Карл Брокельманн сөздіктің егжей-тегжейлі түсініктемелермен жабдықталған алман тіліндегі аудармасын жариялады. Бесім Аталайдың қазіргі түрік тіліне аудармасын 1940 жылы Түрік тілі қоғамы басып шығарды. Соңғы жылдары шыққан Данковтың аудармасында соңғы ғылыми деректердің негізінде жасалған жаңа өзгерістер орын алған.

Мен Тәңірінің дәулет ұясын түріктер бұржысында (жұлдызында) жаратқандығын және ғарышты солардың заманы үстінде айналдырғанын көрдім. Тәңірі оларды «Түрік» деп атадыжәне оларды мемлекетке еге қылды; заманымыздың хақандарын түріктерден шығарып, дәуір, халықтың ақыл-ерік тізгінін солардың қолдарына ұстатты; оларды адамдарға бас қылды; хақ істерде соларды қолдады; олармен бірге күрескендерді әзіз қылды әрі түріктер ішінен оларды барша тілектеріне жеткізіп, жамандардан, зұлымдардан қорғады. Түріктердің оқтарынан сақтану үшін, олардың жолын берік тұту әрбір ақыл иесіне лайықты уа парыз іске айналды. Өз дертін айту уа түріктерге жақын болу, жағу үшін оларға түрік тілінде сөйлесуден пайдалы жол қалмады. Кім өз дұшпандарынан ажырап, түріктерге сағынып, мұңайып келсе, оларды түріктер қанатының астына алып, қауіптен құтқарады; олармен бірге басқалар да қамқорлық, пана табады

Түркі тілін неге үйрену керектігін ол былай түсіндіреді:

"Бір бұхаралық ғалым мен Нисапурлық басқа бір ғалымның тәңір әзіз көрген Пайғамбарымыздан дәлел келтіріп айтқан төмендегі сөздерін анық естіген едім: Пайғамбарымыз қиямет белгілері, ақырзаман бітінәләрі және оғыз түріктерінің жорыққа шыққандығы туралы айтқанда: «Түрік тілін үйреніңіздер, сонда олардың егелігі ұзақ дәуірлі болмақ,» — деген екен.

"Бұл хадистің (қағида сөздің) дұрыс-бұрыстығына сол айтушы кісілердің өздері жауапкер. Бұл сөз шын болса, түрік тілін үйрену уәжіп, білген абзал, шын болмаған жағдайда, түрік тілін үйренудің зияндылығын ақыл ажыратар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]