Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
fya_durysy.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
530.56 Кб
Скачать

145.Эксперименттік әдістің шығу бастамасы және табиғатты математикалық бейнелеу (г. Галилей, ф. Бэкон, р. Декарт).

Галилео Галилей[1] (итал. Galileo di Vincenzo Bonaiuti de' Galilei; 15 ақпан 1564, Пиза — 8 қаңтар 1642, Арчетри, Флоренция маңы) — итальян философы, математик, физик, механик және астроном, табиғаттану ғылымдарының негізін салушы, өз заманындағы ғылымға өте қатты әсер еткен.[2] Ол ұлы ғалым болумен бірге, музыкант, суретші, ақын, әдебиетші де болған. Ол Италияның Пиза қаласында 1564 жылдың он бесінші ақпанында кедейленген ақсүйек отбасында туған. 1581 жылы Пиза университетіне түсіп, медицинаны оқып үйренеді. Мұнда ол Аристотель, Евклид, Архимед еңбектерімен танысады. Сөйтіп, геометрия мен механикаға әуестенген Галилей медицинаны тастайды. Кейін Флоренцияға қайта оралып, төрт жыл бойы математиканы зерттейді. 1589 жылы Пизада математика кафедрасын қабылдап алып, ғылыми жұмысын онан әрі жалғастырады. Аристотельге қарсы "Қозғалыс туралы сұхбат" деген еңбек жазады.

1592 жылы Падуяда математика кафедрасын басқарады. Бұл кезең (1592 — 1610) Галилей шығармаларының көмеліне келген шағы болатын. Тепе-тендік принципіне негізделген машина жайлы зерттеуі, дененің еркін түсуі, дененің көлбеу жазықтықтағы қозғалысы, көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің қозғалысы, маятник тербелісінің изохрондығы туралы жаңалықтары осы кезеңге жатады. Галилей өзінің алғашқы телескопын (1609) құрастырады да, осы телескоптың көмегімен Шолпан планетасының фазасын, Күндегі дақты, Юпитердің төрт серігін, Сатурнның сақинасын ашты.

Дін басылары Н.Коперник іліміне тыйым салған соң (1616), Галилей ұзақ уақыт үй тұтқынында ұсталды. 1630 жылы "Әлемнің екі негізгі жүйесі туралы сұхбат" деген еңбегін Римге алып келді. Мұнда Коперник пен Евклидтің дүние жүйелері қаралған еді.

1637 жылы Галилей екі көзінен айырылады. Галилей XVII ғасырдағы механика, оптика және астрономия ғылымдарының дамуына елеулі үлес қосты. Ол ашқан жаңалықтар дүниенің гелиоцентрлік жүйесі туралы ілімнің жеңіп шығуына ықпал етті. Статика тарихы Архимедтен басталса, динамика тарихы Галилейден басталады. Ол ұлы ғалым болумен бірге, музыкант, суретші, ақын, әдебиетші де болған.

Галилей ашқан жаңалықтар дүниенің гелиоцентрлік жүйесі туралы ілімнің жеңіп шығуына ықпал етті. Галилей 1642 жылдың сегізінші қаңтарында Флоренция маңындағы Арчетри қаласында дүние салды.

Фрэнсис Бэкон (1561-1626) - ағылшын философы, ғылыми зерттеудің тәжірибеге сүйенген методологиясын ұсынған. Эмпиристік бағыттың негізін салушы. «Білім - күш» деген қанатты сөз айтқан.

Рене Декарт (1556-1650). Ол- француздың атақты философы, дворяндар отбасынан шыққан. Оның басты еңбегі- «Әдіс туралы ой-толғау». Космология (дүниенің құрылымы), космогония (планеталардың пайда болуы және дамуы) жөнінде, физика және физиологияда Декарт-материалист болды. Ол дүниенің өздігінен жаралғанын, оның даму заңдылықтары бар екенін, бірақ олар механикаға негізделгенін айтты. Ал психологияда, таным теориясында ол идеалист болды. «Мен ойлай аламын, олай болса өмір сүремін –деген қағиданы айтты. Мен еш нәрсеге сенбеуім мүмкін, бірақ сол сенбестікті ойлай алатыныма сенбеуім мүмкін емес. Ойлай білу- тірлік кепілі»,-деді. Бірақ ол өзін материалист екенін анық байқатты. Декарт- рационалист. Таным процесінде сезімнен гөрі ойлауды жоғары қойды. Декарт сонымен бірге жаратылыстану ғылымдарының дамуына үлкен ықпал жасады.

Ағылшын философы Френсис Бэкон (1561-1626 жж.) – сол кездегі ақсүйектер тобынан шыққан, Кембридж университетінде білімалып, соңынан саясатпен, дипломатикалық жұмыспен айналысқантұлға. Оның мемлекеттік қызметте жеткен шыңы - ол 1618ж. ең жоғарғы - лорд-канцлерлік - әкімшілік орынға ие болады. Король Яков I оған Верлуам деген жердегі үлкен қорғанды сыйға тартып, «Верлуам лорды» деген атақ береді. Алайда саясатта тұрақьтылық жоқ, сондықтан жүре келе, ол бұл саладан кетуге мәжбүр болады.Енді оның философиямен айналысуына жол ашылады.

Ф.Бэконның қол астынан шыққан еңбектерінің ішінде «Ғылымдардыңқадірлілігі мен көбеюі жөнінде», «Жаңа Орга-нон», «ЖаңаАтлантида» деген еңбектерін атап өтуге болады.Ф.Бэконның шығармаларының ерекшеліктері - ол білімнің өміргедеген қажеттіліктен пайда болатындығын асыра көрсетуі. Ол әсіресе табиғатты зерттеудің қажеттігіне көп көңіл бөледі, ал оның негізгі жолы - тәжірибелік зерттеулер. «Не іс-әрекетте пайдалы болса,ғылымда да акиқатты», ғылымның жетістіктері мен жемістері-оның  ақиқаттығының көрінісі», - дейді ұлы ойшыл.Тәжірибені талдай келе, Ф.Бэкон оны екіге бөледі. Олар -жемісті тәжірибе мен сәулелі тәжірибе. Бірінші өмірге пайдалы нәтижелер  әкелсе,  екішні  табиғаттың  терең  сырларын  ашуға көмектеседі. Сәулелі тәжірибелер өмірге дереу пайда әкелмегенімен, жемісті тәжірибелерді жүргізуге көмек береді, басқаша жағдайда олар сарқылып қалар еді.

Ғылымның дамуына сондай үлкен мән берген ғалым, оны сала-салаға бөлу мәселесіне (классификацияға) көп көңіл бөледі. Оның ойынша, адамның жан дүниесіндегі үш қабілеті ғылымды топтастырудың негізінде жатуы қажет. Олар: 1. есте сақтау; 2. қиял; 3. ақыл-ой. Есте сақтау қасиетіне сай ғылым - тарих, қиялға -поэзия, ақыл-ойға - философия.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]