Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
fya_durysy.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
530.56 Кб
Скачать

142.Қоғам дамуындағы күш көрсету мен зорламау мәселесі. Геополитика идеялары. Терроризмнің (ланкестіктің) мәні мен әлеуметтік себептері. (а. Камю «Дүмпитін адам»).

Геополитика – империалистік буржуазияның отарлық езгі мен экономикалық экспансияны, агрессияшыл соғыстарды жақтайтын саяси доктринасы. Геополитиканың теориялық негізі буржуазиялық социология мен географиялық бағыттың әлеуметтік дарвинизмі мен мальтусшілдік ілімі. Геополитиканың негізгі мақсаты – географиялық ортаны құдіретке балау, империалистік мемлекеттер саясатының түпкі мәнін гоеграфиялық факторлар негізінде анықтау. Геополитика идеялары тұңғыш рет 1-ші дүниежүзілік соғыс қарсаңында шыққан неміс географы Ф.Ратцельдің еңбектерінде кездеседі. Ол мемлекетті «өмірлік кеңістік» үшін күрес жүргізетін әлеуметтік организм деп түсіндірді, ал «Геополитика» деген терминді швед мемлекеттік мәселелерін зерттеуші Р.Челлен енгізген. Қазір Геополитика жоғары дамыған империалистік мемлекеттердің экономикалық және саяси-соғыстық экспансиясына идеологиялық негіз ретінде қызмет етіп отыр. Геополитиктер географиялық факторлардың ұқсас болуы салдарынан цивилизация типтерінің бірлігіне сүйене отырып, мемлекет аралық экономикалық бірлестіктердің қажеттігін дәлелдеуге, сондай-ақ дүниежүзілік социалистік жүйе мен жаңадан дамығын елдерді капиталистік елдерге қарсы қоюға тырысады. өздерінің экономикасы мен әскери күшіне сүйенген американ геополитиктері қазіргі кезде империалистердің агрессияшыл соғыстар жүргізіп, өзге халықтардың өміріне қол сұғуын арашалап қолдайтын «саяси географиядағы геобальдық тәсіл» деген принципті ұсынады.

Терроризм – латын тілінен terror (террор) қорқыту, өлім жазасына берумен үркіту, өлтіру және барлық сұмдық қаталдықтар.

Терроризм – жарылыс істеу, өртеу не басқа әрекеттер, адамдардың апатына қауіп-қатер жасайтын, мүлікке зиян келтіру жасау немесе басқа қоғамдық қатерлердің болу ақыры, егер бұл әрекеттер қоғамдық қауіпсіздікті бұзуға мақсатталған болса, халықты қорқыту не басқарушы органдар шешіміне әсері, және де нұсқалған әрекеттерді сол мақсаттарда қауіп-қатер істеу. Терроризм теориясы жалпы мәселе болып табылады, себебі ол ешбір террорист дұшпансыз әр бір адамды өзінің құрбаны ете алады. Терроризімнің құралы ретінде қарсы жауға арналған психологиялық артықшылық болып табылады, ол: не, қайда, қашан, не үшін кезекті соққы болатының білмейді. Терроризм – ол оның ұзақ мезімді болашағына есептелген және оның іске асыруына глобальді қарқындалған жүйке соғысы..

Террориз себептері:

Терроризм себептерін басынан үш аспектіден қарастыруға болады. Транснациональді қылмыстардың себептері – экономикалық, әлеуметтік, саяси және басқа да тәртіптер (билікке таласу, меншікке, нарық өтімінде, әсер ету ортасының шегі, әлеуметтік теңсіздік, информациялық қайта өңдіру, бақылауға алынбаған ресурс өзгерістері);

Терроризм себептері – (экстремизм, негізгі саяси, идеологиялық, діни және басқа көзқарастар т.б.);

Терроризмнің өршуі не бөлек террористік топтық актілердің (террористік ұйымдардың қалыптасуы, олардың жоғарғы әскери және басқа потенциалдары) себептері.

Басты принциптер: 1) Әскери еш нарсе тасылмайды және өңдірілмейді – террор тек азаматтық технологиялық орталы жүйелі әдістерді және жаудың қару-жарағын қолданады, қарсыластардың жерінде орналасқан жеңілу құралдарын қолданады. 2) Ешқай террористер ашылмайды – террористер қарсыластарының барлық территориясы бойынша ашық бөліп жайғастырылған. 3) Ешкім террористердің басшыларын байқай алмайды – жауынгерлік әрекеттерді басқаруда иерархиялық жүйелердің орнына өзін-өзі тәрбиелеу жүйесінің басқару торы құрастырылған.

Терроризмнің мақсаттары мен міндеттері. Терроризмнің сипатты белгісі болып оңшыл, солшыл, ультрареволюциялық және сепаратистік сияқты сәйкес кеетін террористік ұйымдардың әр түрлі бағыттарын біріктіретін идеялық – саяси платформа, «террористік идеологияның» болуы табылады. Осы платформалардың мазмұны мен бағыттылығы әдетте белгілі бір террористік ұйымның жалпы сызығын және оның мақсаттары мен міндеттерін негіздейді.

Терроризм мақсаттары. Террористік ұйым әрекеті қол жеткізуге бағытталған нәтижелермен сипатталады. Терроризм субъектісі мен оның әрекетінің бағыттылығына байланысты саясатішілік және сыртқы саяси терроризм мақсаттарын бөліп қарастыруға болады.

Терроризмнің әлеуметтік- саяси құбылыс ретіндегі түсінігі терроризмді сипаттайтын басқа да түсініктермен тығыз байланысты. Олар: «террор», «террористік іс-әрекет», «террористік акция» және т.б.

Камю Альбер (7.11.1913, Алжир, Мондови қ. – 4.1. 1960, Франция, Вильблевен қаласы) – француз жазушысы, философы. Басты шығармалары: “Бөгде” повесі (1942), “Сизиф туралы аңыз” филос. эссесі (1942), оның пьесалық қойылымы “Түсінбестік” (1942) және “Калигула” (1944), “Оба” роман-притчасы (1947), “Бүлікшіл адам” (1951), “Құлдырау” (1956), “Патшалық және қуғындалу” (1957) әңгімелер жинағы, “Бақытты өлім” (1971) романы. Нобель сыйлығы лауреаты (1957).