Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
fya_durysy.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
530.56 Кб
Скачать

134.А. И. Герцен «Табиғатты ұғыну туралы хаттар». (Бірінші және екінші хат).

Орыстың революциялық қозғалысының белгілі өкілі, көрнекті саяси қайраткер, публицист және талантты жазушы Александр Иванович Герцен, Белинский сияқты ХІХ ғ.30-40 жж.орыстың революция-демократиялық педагогикалық ой-пікірінің өкілі болды.

А.И.Герцен, философ-материалист және революцияшыл демократ, өз шығармаларында тәрбие мәселелеріне ерекше мән берді, оны Белинский сияқты сол бағытта қарастырды. Революциялық демократизм тұрғысынан Герцен адамның барлық рухани және дене күштерімен қабілеттерінің дамуын қамтамасыз ететін тәрбиені жақтады.Тәрбие мақсаты, Герценнің пікірінше, дұрыс материалистік көзқарасты меңгерген, патша үкіметінің саясатын жеккөретін, халықтың мүддесін қорғай білетін ұрпақты тәрбиелеу болып табылады.Табиғатты және онымен қарым-қатынасты тек сөз жүзінде тар практицизм мен утилитаризм шеңберінде зерттеуге қарсы орыс ағартушылары: В.Г.Белинский, А.И.Герцен, Н.А.Добролюбов, Д.И.Писарев, Н.Г.Чернышевский қарсы болды. Олар мектепте табиғат туралы толыққанды білімдерді енгізуді талап етті. Олар аталған білімдердің жеке адамның адамгершілік моральдық қасиеттерінің қалыптасуына, баланың табиғаттағы мінез-құлқын анықтайтынын атап көрсетті.

Қазіргі кезеңдегі экологиялық білім беру табиғат пен қоғамның біртұтастығы туралы, олардың тарихи өзара байланысы, адамның табиғатқа қатынасының әлеуметтік себептілігі туралы ілім әдістемесі негізінде құрылған.

135.Корпускулды — толқынды дуализм — физиқадағы дағдарыстан шығудың мысалы ретінде (Де Броиль, э. Резерфорд)

Луи Де Бройль (1892) - француз физигі, квант механикасын жасаушысы.Кванттық ұғымдарды (қараңыз Квант) алғаш рет 1900 жылыМ. Планк қызған денелердің жылулық сәуле шығаруын толық түсіндіретін еңбектерінде (теориясында) жариялады. Бұл теория бойынша жарық үздіксіз түрде емес (классикалық теория бойынша) белгілі бір үлеспен үздікті (дискретті) кванттар түрінде шығарылады немесе жұтылады. Бұл кванттың энергиясын Планк: =h (1) өрнегімен анықтады, мұндағы h=6,6210-34 ДжсПланк тұрақтысы, –шығарылатын (жұтылатын) жарықтың жиілігі. Планктың осы еңбегін ескере отырып 1905 жылыАльберт Эйнштейн фотоэффект теориясын ашты. Бұл теориясында Эйнштейн Планк идеясын дамыта отырып, мынадай болжам ұсынды: жарық тек үздікті түрде шығарылып (жұтылып) қана қоймай, ол кеңістікте үздікті кванттар ағыны түрінде тарайды.Үздіктілік(дискреттік) – жарықтың өзіне тән қасиет. Кейіннен кванттар фотондар деп аталды. Жарық фотоны басқа бөлшектермен тұтас бөлшек ретінде әсерлеседі, яғни жарыққа корпускулалық қасиет те тән. Жарықтың корпускулалық қасиетінің екінші бір қырын 1922 жылы америкалық физик А. Комптон(1892–1962) жарықтың бос электрондарда шашырау құбылысында (қараңыз Комптон эффектісі), фотон мен электронның серпімді соқтығысуын зерттейтін тәжірибеде байқады. Мұндай соқтығысудың кинематикасы мен динамикасы энергия мен импульстің сақталу заңдарымен анықталады. Осыдан барып фотонның =h энергиясынан басқа p=h/=h/c импульсінің болуы керектігі туындайды ( – толқын ұзындығы, с – жарық жылдамдығы). Фотонның энергиясы мен импульсі =pc өрнегімен байланысқан. Сонымен қатар интерференция, дифракция, поляризация құбылыстарын зерттеу кезінде жарықтың толқындық қасиеті де анық байқалған. Жарықтың екі жақтылық қасиетін =h өрнегінен байқауға болады. Бұл өрнекте – бөлшекке, ал  – толқынға тән шамалар. Бұдан логикалық қайшылық туындайды: бір құбылысты түсіну үшін жарық – бөлшек, ал екіншісін түсіну үшін жарық – толқын ретінде қарастырылуы тиіс. Жарықтың осы қасиетінің микробөлшектерге де тән екендігі жөнінде 1924 жылы француз физигі Луй де Бройль (1892–1987) толқындық қасиет – тек жарық фотондарына ғана емес, материяны құрайтын барлық бөлшектерге (электрондар, протондар, мезондар, т.б.) тән қасиет деген болжам айтты. Микробөлшектердің толқындық қасиеттері туннельдік эффект кезінде айқын байқалады. Бұл эффектіні түсіндіру арқылы классикалық физикада түсінік таппаған көптеген құбылыстардың (автоэлектрондық эмиссия, атом ядросының -ыдырауы, т.б.) сыры ашылды.Осы қайшылықтарды шешу кванттық механиканың физикалық негіздерін жасауға мүмкіндік берді. Микродүниенің басқа да құбылыстарын зерттеу кезінде, әсіресе, атом құрылысын зерттеу кезінде, атом ішіндегі электрон қозғалысының классикалық физика заңдарына бағынбайтындығы және олардың энергияларының мүмкін болатын мәндері үздіксіз өзгермей, тек энергия деңгейлерінің дискретті қатарын құрайтындығы анықталды. Оң зарядты нүктелік ядро туғызатын өрісте қозғалатын электронға классикалық механиканың теңдеулерін қолдануға болмайды, яғни механика мен электрдинамика заңдарына негізделген Э. Резерфорд пен Н. Бор жасаған атом моделі орнықсыз болуға тиіс. Бірақ тәжірибе жүзінде атомның орнықты жүйе екендігі дәлелденді. Атомдарда стационар күйлер мен энергия деңгейлерінің бар екендігі Франк-Герц тәжірибесінде (1913–14) дәлелденді. Тәжірибеде байқалған атомдық құбылыстарды үйлестіру мақсатында Бор 1913 жылы екі қағида (постулат) (қараңыз Бор қағидалары) және оларға қосымша сәйкестік принципін ұсынды. Бұл принцип бойынша шектік жағдайда (кванттық сандардың үлкен мәндерінде) теориялық жолмен алынған формулалар классикалық физиканың заңдарына айналады. Бор квант тұрақтысы h-ты пайдалана отырып, заңдары классикалық механика заңдарынан өзгеше, сутек және сутек типтес атомдағы электрондардың қозғалысын анықтады. Сонымен қатар Бор теориясының жетістіктерімен бірге кемшіліктері де байқалды. Бұл теория электрондардың күрделі атомдардағы қозғалысын, атомдардың бір-бірімен байланысып молекулалар түзетіндігін, т.б. түсіндіре алмады. Атом теориясының одан әрі дамуына классикалық теорияның ұғымдары (траектория, орбита, т.б.) кедергі болды. Сондықтан электрондардың атомдағы қозғалысын толық сипаттау үшін атомның алғашқы және кейінгі стационар күйлеріне тәуелді шамалар ғана енетін жаңа теория жасау қажет болды.

Атақты физик, Нобель сыйлығының иегері Э.Резерфорд (871-1937) кезінде атом ішіндегі құбылыс күн жүйесіне ұқсас деп, атомның ішінде өзегі бар – ол протон, оны айналып, сәуледей жылдамдықпен жүретін электрон бар, протон плюс, электрон минус зарядымен қамтылған Күнді планеталар қалай айналып жүрсе, әлгі атом ішіндегі кәдімгі бөлшектер де солай құрылысқан деген пікір айтты (1911). Бірақ, соны айтқан Э.Резерфорд атом ішіндегі бөлшек электрон да корпускулды-толқынды дуализм бар деген пікірге зорға, әрең дегенде келіскен болатын. Келіспесе, бұл орасан ғылымға жат, қате болған болар еді. Олай болса, ғылымда қате жібермеуге ұмтылу – ол дұрыс. Бірақ, ол да ізденіске сай бола бермейтін жағдай.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]