- •1.Ғалым этикасы және әлеуметтік жауапкершілік. Гендік және клеткалық инженерлік биотехнология. Клондау проблемаларын әлеуметтік- философиялық талдау.
- •2.Қоғамдық және жеке сана, олардың диалектикалық байланысы.
- •3.Тіл мен ойлаудың бірлігі. Ғылым мен техникада жасанды тілдің қалыптасуы.
- •4.Т. Гоббс. «Левиафан, немесе материя, түр және мемлекеттік шіркеу азаматтық билік».
- •5.XVIII ғасыр философиясы (ж. Ламетри, д. Дидро, к. Гельвеций, п. Гольбах, Дж. Беркли, г. Лейбниц).
- •6.Сезімдік таным және оның формалары
- •7.Моделдеу және эксперименті информацияны интеллектендіру өзегі ретінде
- •8.Дүниеге көзқарас және методология мәселелері.
- •9.Ф. Бэкон «Жаңа Органон» (Қүрылымы мен негізгі идеялары).
- •10.Руханияттық ұғым. Тарихи прогрессте материалдық және руханилық өндірістер байланысы. Идеалдық объекттерді құрастыру әдістері (идеалдау, формалдау т.Б.).
- •11.Классиктік және биклассиктік философия қайшылықтары. (и.Кант, г.Гегель, а.Шопенгауэр, ф.Ницше)
- •12.Мән және құбылыс категориялары
- •13.Мәдениет дамуындағы жалпы адамзаттық пен таптық, ұлттық пен интернационалдық. Қазақстан дәстүрлі мәдениетіндегі материалдық пен руханилық
- •14.Ойлау мен болмыс сайма-сайлығы - Гегель философиясының бастау нүктесі. Гегель диалектикасы. Оның жүйесі мен әдісі, олардың қайшылығы.
- •15.Механикалық детерминизм
- •16.Неотомизм философиясының негізгі белгілері
- •18.Идеология, оның қогамда атқаратын рөлі. Идеологияның күштілігі мен әлсіздігі.
- •19.Э. Резерфорд ұсынған атомның планетарлық моделі
- •20.Субстанция ұгымы. Монизм, дуализм, плюрализм.
- •21.Мәдениет және өркениет, олардың байланысы мен өзгешелігі. А. Тойнбидің көшпелі қоғам жөніндегі ілімін сынау
- •22.Г. Гегель «Философиялық ғылымдар энциклопедиясы». Т. 3 «Рух философиясы».
- •23.Сенім, күмән, білім, ғылым.
- •24.Менделеевтің қайталамалы (периодтық) жуйесі-элементтер дамуы туралы ілімнің аяқталу кезеңі. Элементтер жайлы ілімдердің алғашқы түрлері (флогистон теориясы, ятрохимия т.Б.).
- •25.Химия философиясы. Химия молекулдар физикасы ретінде. Химияның басқа ғылымдармен (физика, биология, геология, экология) және өндіріспен өзара тығыз байланысы мен әсері.
- •26.Жүсіп Баласағұн «Құтадғу билік».
- •27.Сана мен психикалық әрекет формалары (ес, ойлау, ырық, түс көру, эмоция).Сана және өзіндік сана. Сана құрылымы.
- •28.Ғылым, техника, технология
- •29.Дж. Локк «Адам ақылы туралы тәжірибе» еңбегінде сапа түрлерін арқылы бейнелеу. Іштен туған идея мен принциптер теориясына Локктың сыны
- •30.«Зар-Заман» дәуірінің өкілдері (Дулат, Шортанбай, Мурат). Олардың қоғамдық әрекетіне баға беру.
- •31.Математика мен философия. Интуициямен ойжүгіртудің математикада алатын орны. Математикада оймен жасалатын эксперимент.
- •32.Әлеуметтік философия. Әлеуметтік философиямен қоғамдық және гуманитарлық ғылымдардың өзара әсерлері.
- •33.Ұлттық идея. Оның тұрақтылығы мен идеологиядан өзгешелігі.
- •34.«Информациялық қоғам», оның белгілі сипаттары
- •35.Экзистенциализм философиясы, оның түрлері. Ж. П. Сартр «Экзистенциализм - гуманизм».
- •36.Герменевтика және структурализм - ғылыми зерттеу әдістері.
- •37.Алхимия – ортағасыр мәдениетінің жемісі, химия ғылымдарының пайда болуы мен дамуындағы оның алгы шарттылыгы
- •38.Мәдениеттің философиялық түсінігі. Рухани және материалдық мәдениет арақатынасы.
- •39.Софистика, эклектика, догматизм, релятивизм, метафизика диалектикаға кереғар баламалары.
- •40.М. Фарадей мен Дж. Максвеллдің электромагниттік теориясы
- •41.Әлеуметтік болжамның мәселелері және мәні, оның ғылыми әдістері (экстраполяция, тарихи аналогия, компьютерлік модельдер, болашақтың сценариясы, эксперттік бағалау).
- •42.Қазіргі кездегі ұлттық және діни қатынастар мәселесі. Толеранттық Қазақстан халқы Ассамблеясының саяси-әлеуметтіқ маңызы.
- •43.Жекеліқ, ерекшелік, жалпылық категориялары.
- •44.Проблема, гипотеза және теория - ғылым дамуының түрлері.
- •45.Ертедегі Шығыс философиясы. Ежелгі Үнді мен Қытай философиясындағы жалпылық және ерекшеліктер. Буддизм шындықтың төрт түрлі игіліктері туралы. Конфуций басқарудың үш негіздері жайлы
- •46.Көшпелі өмір салты, болмысы, дәстүрі қазақтардың рухани шығармашылығында, халық ауыз әдебиетінде, өнерінде, көркемдік ойлауында бейнеленуі. Қазақтың ментальдық табиғаты.
- •47.Астрономиядағы н. Коперниктің ғылыми және дуниетанымдық эволюциясының маңызы.
- •48.Қоғам құрылымы. Қоғам туралы маркстік ілім. Оған кереғар м. Вебер, п. Сорокин т.Б. Әлеуметтік страттар теориясы және әлеуметтіқ мобильдік ұғымы.
- •49.3.Фрейд психоанализі. 3. Фрейдтің «Мәдениетке қанағаттанбау», «Мен және Ол» еңбектері.
- •50.Қоғамдық сана деңгейлері. Теориялық және қарапайым сана. Қоғамдық психология мен идеология.
- •51.Ертедегі Греция – ғылыми идеялар болған орны ретінде
- •52.Дж. Берклидің субъективтік идеализмі. Д. Юмның скептицизмі.
- •53.Мазмұн және түр категориялары. Олардың ғылыми және көркем шығармашылықтағы методологиялық маңызы.
- •54.«Адам», «техника» жүйелерінің методологиялық және әлеуметтік аспектілері
- •55.Қайта өрлеу дәуірі философиясы. Негізгі бағыттары мен өкілдері.
- •56.Философиядағы болмыс мәселелері. Болмыс категориясы. Болмыстың негізгі формалары (табиғат, адам, рухани, әлеуметтік, психологиялық болмыс).
- •57.Экологиялық жағдайлардың аспектілері (урбоэкология, халық өсімінің шегі, тұрақтылы даму).
- •58.Сананың пайда болуы мен мәні.
- •59.Жаратылыстанудың философиялық проблемалары (ф. Энгельстің «Табигат диалектикасы» мен в.И. Ленинің «Материализм және эмпириокритицизм» еңбектерінде қарастырылуы.
- •60.Биосфераның пайда болуы. Ноосфера - биосфера дамуындағы ең жоғарғы сатысы ( Вернадский)
- •61.Н.Ә. Назарбаев «Қазақстандық жол» (Тәуелсіз. Қазақстанның қалыптасуындағы негізгі идеялар). Тәуелсіздік философиясы.
- •62.Анализ және синтез, индукция мен дедукция, абстрактілік пен нақтылықтардың диалектикасы.
- •63.Қазіргі мәдениеттің экологиялық талаптары. Адам - қоғам - табиғат және олардың өзара байланысы.
- •64. И.Кант «Таза ақылға сын» (Құрылымы және негізгі идеялары).И. Канттың априоризмі және агностицизмі.
- •65.Техникалық оптимизм және техникалық пессимизм: техника апологиясы және оған сын.
- •66.Адам калыптасуындағы элеуметтік ортаның рөлі. Қоғам дамуындағы тарихи қажеттілік пен адам бостандығы диалектикасы (э. Фромм «Бостандықтан қашу»)
- •67.Демокрит пен Эпикурдың атомизмі. Араб ойшылдары әлемнің ең кіші бөлшектері туралы ш. Қудайбердиевтін «Үш анық» еңбегінен.
- •68.Диалектика - әдіс және ғылым. Объективтік және субъективтік диалектика.
- •69.Информатикада шындық проблемасы. Интернет глобальдық (жаһандық) ми метафорасы ретінде және оның философиялық маңызы.
- •70.М.В. Ломоносов - көрнекті орыс ғалымы, жаратылыстанушысы. Оның 1748 жылғы 5 маусымдағы л. Эйлерге хаты.
- •71.Аналогия және оның ғылыми танымдағы рөлі. Аналогия және модель.
- •72.Логикалық позитивизм – о. Конт ілімнің амалсыз эволюциясы
- •73.Классиктік термодинамика мен эволюциалық биология арасындағы қайшылықтар және өздігінен қалыптасу концепциясы. Ч. Дарвин ілімі мен креационизм.
- •74.Сөйлеу және жазу, олардың пайда болуының мәселелері.
- •75.Даму және прогресс. Прогресс пен регресс. Әлем тарихының бірлігі мен қөптүрлілігі. Энтропия ұғымы
- •76.Ш. Уәлиханов «Қырғыздарда шамандықтың іздері», «Дала мусылмандығы туралы», «Сот реформасы туралы жазбалар».
- •77.Нақтылық және мүмкіндіқ, қажеттілік және кездейсоқтық.
- •78.Техника деген не? Техниканың тарихы мен философиясы. Техникалық білімді гуманизациялау және гуманитаризациялау. Қазіргі техногендік өркениеттің болашағы мен шегі.
- •79.Платон «Мемлекет». Құрылуы және негізгі идеялары.
- •80.Болмыстың құрылымдық байланысы. Бүтін және бөлшек. Себеп және салдар.
- •81.Норберт Винер және оның ізбасарлары ашқан кибернетика ғылымы.
- •82.Дүниеге көзқарас ұғымы. Оның тарихи типтері: миф, дін, философия.
- •83.Р. Декарт «Әдіс туралы ой толғау». Оның танымдағы рационалдық әдісінің төрт ережесі.
- •84.К. Маркс Гегельдің «Философия тарихы» және «Тарих философиясы» жайлы лекциялары туралы.
- •85.Шығыстық орта ғасыр ғылымы. Математика ілімі, алгебра, медицина, логика т.Б. Дамуы (әл Кинди, әл Фараби, әл Хорезми, ибн Сина).
- •86.Компьютерлерді интеллектендіру принципі.
- •87.«Нұрлы жол – болашаққа бастар жол». Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауы. «Егемен Қазақстан». 2014, 12 қараша
- •88.Информациялық қауыпсыздық концепциясы
- •89.И. Ньютон мен а. Эйнштейн ілімінде кеңістік және уакыт проблемасы. Материя, қозғалыс, кеңістік және уақыт бірлігі.
- •90.Философиядағы әдіс мәселесі. Ғылыми танымның әдістері мен формалары.Танымның эмпирикалық және теориялық деңгейі
- •91.Геологияның ғылымдарды генетикалық жіктеудегі алатын орны. Геологиядағы актуализм принципі.
- •92.Адамдағы биологиялық пен әлеуметтік. Антропосоциогенез ұғымы
- •93.Ш. Кудайбердиев.«Үш анық».
- •94.XVII - XIX ғ.Ғ. Орыс философиясы, оның өмірмен байланысы. (а.Н. Радищев т.Б.).
- •19 Ғ. Басты бағыттары:
- •95.Информатиканың қалыптасу тарихы.
- •97.Кездейсоқтық және компьютерлер.
- •98.Материя - философиялық категория ретінде. (в.И. Лениннің «Материализм және эмпириокритицизм» кітабы бойынша). Қазіргі ғылым материя құрылымы мен қасиеттері туралы.
- •100.Дж. Бруно, б. Спиноза пантеизмі.
- •101.Ғылымдар жүйесіндегі физиканың орны. Физика — атомдар механикасы ретінде.
- •102.Жүйе ұғымы, Жүйелік принциптер. Жүйе - адам ойының жемісі (л.Фон Берталанфи).
- •103.Д. Дидро «Табиғатты түсіндіруге байланыста ойлар».
- •104.Қоғамдық сананың формалары, олардың өзара байланысы және әлеуметтік кызметтері. Қоғамдық сана түрлерінде объекттік шындықтың бейнелену тәсілдері
- •105.В.И. Лениннің «Философиялық дәптерлері»: құрылымы және негізгі идеялары.
- •106.Моральдық сана, оның категориялары. Қазақтардың дүниетанымының өзіндік сипаты.
- •107.Инженерлік ойлаудың және инженерлік әрекеттің ерекшеліктері.
- •108.Сократ пен Платонның идеализмі
- •109.Математика - ғылым тілі. Философтар мен ғалымдардьң математикаға көзқарасы (и. Кант, к. Маркс, а. Эйнштейн, Дж. Беркли).
- •110.Өтпелі құбылыстың табиғаты. Қазақстанның өтпелі кезендегі ерекшеліктері мен қиындықтары. Қазақстанның әлемдегі дамыған 30 елдің кіру стратегиясы
- •111.Рационалдық таным және оның формалары. Танымдағы сезімдікпен рационалдықтың бірлігі.
- •112.Бөлшектермен өріс казіргі физикалық әлем суретінің абстракциясы.
- •113.Табиғат ұғымы. Табиғи орта. Биомасса мен техномасса.
- •114.Н.А. Бердяев «Орыс коммунизмінің бастау кезі мен мәні»
- •115.Ұғым - адамның әлеуметтік - тарихи танымының жемісі. Ұғым түрлері (интерпретация, конвергенция, дивергенция, конверсия).
- •116.Жалпы салыстырмалы теория тұрғысынан Птолемей және н. Коперник жүйелерінің эквиваленттік проблемалары.
- •117.Таным процессінің диалектикасы.
- •118.Л. Фейербах «Болашақ философиясының негізгі қағидалары».
- •119.Н.Г. Чернышевский «Философиядагы антропологиялық принцип», «Адам білімінің сипаты».
- •120.Математика - адамзат мәдениетінің феномені ретінде. Топтау мен абстракциялау математикалық теориялардыц даму әдістері ретінде. Математика модельдер жүйесі ретінде.
- •121.Ақпараттың адамзат тарихында рөлі. К.Э. Шеннонның теориясы
- •122.Ми мен психика. Сананың пайда болуы және мәні.
- •123.Түркілік көзқарас дәстүрі мен ерекшеліктері. Мифология және дін (Қорқыт - ата, әл Фараби, Асан Қайғы, Мухаммед Хайдар Дулати).
- •124.Химиядағы редукция және редукционизм. Материяның химиялық қозғалыс түрлері
- •125.Антика философиясының негізгі сипаттары (Фалес, Зенон, Сократ)
- •126.Әл Фарабидің философиялық көзқарастары. Оның «Игілікті қала басшысының қасиеттері туралы» еңбегі
- •127.Техниканың инженерлік және гуманитарлық философиясы (м. Хайдеггер, к. Ясперс)
- •128.И. Фихте мен ф. Шеллинг философиясы.
- •129.Қожа Ахмет Яссауидің «Диуани Хикмет» поэмасы.
- •130.Ғылыми ілімнің көп түрлі тұрпаттары. Ғылымдағы теориялық және эмпирикалық фундаменталдық пен қолданбалылық.
- •131.Махмуд Қашқари «Диуани Лұгат ат - Түрк»
- •132.Техногендік өркениеттің дамуындағы қазіргі тенденция мен қайшылықтары
- •133.XX ғ. Басында Қазақстандағы қоғамдық-саяси ойлар (м. Дулатов, а. Байтүрсынов, с. Торайғыров).
- •134.А. И. Герцен «Табиғатты ұғыну туралы хаттар». (Бірінші және екінші хат).
- •135.Корпускулды — толқынды дуализм — физиқадағы дағдарыстан шығудың мысалы ретінде (Де Броиль, э. Резерфорд)
- •136.Танымдағы тарихилық және логикалықтың арақатынасы.
- •137. «Қазақстанның жаңа тарихының» философиялық проблемалары
- •138.Философияның негізгі қызметтері: методологиялық, көзқарастық, әлеуметтік, гуманистік, сыншылдық, болжаушылық, әдістемелік.
- •139. А.Эйнштейннің жалпы және арнаулы катыстық теориясы
- •140.Философия мен жеке ғылымдардың (табиғаттың, қоғамдық, техникалық) өзара байланысы.
- •141.Қазақ ағартушылығының қалыптасуы-қоғам өмірінің демократиялық бағыты (ш. Уәлиханов, ы. Алтынсарин).
- •142.Қоғам дамуындағы күш көрсету мен зорламау мәселесі. Геополитика идеялары. Терроризмнің (ланкестіктің) мәні мен әлеуметтік себептері. (а. Камю «Дүмпитін адам»).
- •143.Феодалдық қоғам философиясы. Универсалдар туралы тартыстар. Фома Аквинский, Уильям Оккам.
- •144.Эстетикалық сана, оның өлшемдері. Дизайнерлік қызмет. Қазақ халқының эстетикасы.
- •145.Эксперименттік әдістің шығу бастамасы және табиғатты математикалық бейнелеу (г. Галилей, ф. Бэкон, р. Декарт).
- •146.Аристотель. «Саясат». Платонды сынау. Аристотель формальдық логиканың уш заңы туралы.
- •147.Ақиқат - таным мақсаты. Ақиқаттың турлі анықтамалары (корреспонденттік, когеренттік теориялар). Ақиқат, адасу, өтірік. Ақиқаттың нақтылыгы.
- •148.Экологияның философиялық проблемалары, олардың жаһаңдық сипаты. Қазіргі экологиялық жағдайдың футурологиялық аспектілері
123.Түркілік көзқарас дәстүрі мен ерекшеліктері. Мифология және дін (Қорқыт - ата, әл Фараби, Асан Қайғы, Мухаммед Хайдар Дулати).
Ауызша халық мәдени ескерткіштерін зерттеу халқымыздың танымдық, әлеуметтік саяси, адамгершілік тәрбие және дүниегекөзқарас ерекшеліктерін білуге көмектеседі. Әрбір адам жастайынан дүниені танып біле бастайды, заттар құбылыстар жайында білімдер жинақтайды. Өсе келе ол өзіне “дүние неге бұлай”, “адамның өсуі мен өлімі” жайында сұрақтар қояды. Міне, осы сияқты сұрақтарды білуі үшін оның дүниеге деген кең көлемдегі көзқарасы пайда болады. Дүние және адамның ондағы орны жайындағы түсініктердің жиынтығы дүниегекөзқарас деп аталады. Дүниегекөзқарас адам өмірінің практикалық іс-әрекеті мен мәдениетінің түрлі салаларында қалыптасады Дүниегекөзқарас – адамзат санасының, дүниетанымының қажетті бір бөлігі. Дүниегекөзқарастың өзегі – білім. Білімнің мазмұнының ақиқаттығы мен тереңдігіне, дәлелдігіне, жүйелілігіне қарай ол практикалық және теориялық болып бөлінеді. Дүниегекөзқарастың теориялық деңгейі арнайы сынақтан өткен ғылыми негізде дәлелденген. Дүниегекөзқарастың теориялық деңгейі. Дүниегекөзқарастың философиядан бұрынғы әлеуметтік тарихи типтеріне Мифология және дін жатады. Бүкіл адамзат бір кездері философияға мифологиядан дінге өту жолы арқылы келген. Мифология – адамзаттың рухани мәдениетінің ең көне формасы. Миф (аңыз, ертегілер) сананың әлі толық жетілмеген біртұтас ең көне формасы. Мифология гректің mifos – аңыз, ертегі және logos – ілім, білім деген сөздерінен шыққан. Қоғам дамуының бастапқы сатыларында қоғамдық сананың формасы мифтер барлық халықтарда болды. Мифологияда сыртқы дүние мен адам, ой мен сезім, зат пен идея, объективтік және субъективтік дүниелер арасында айқын шекара болмады. Ол шекаралар кейіннен пайда болды. Мифологияда олардың барлығы тұтасып жатты. Ол дүние жанындағы біртұтас түсінік болып табылды. Белгісіз дүниені түсіндіруге тырысудан оданда белгісіздігі мол дүниені танып білуге ұмтылу, егерде ол дүние танып білуге мүмкіндік бермесе, тәңірге немесе құпия ғаламат күшке сілтеме жасау – Мифтің өзіне тән ерекшелігі. Уақыт өте келе мифологияның шеңберінен дін бөлініп шықты, сонымен қогамға дүниеге деген көзқарас, дүние сезімінің жаңа түрі келді. Дін де мифологияға ұқсас синкретикалық табиғатымен, сонымен қатар Дүниені фантастикалық бейнелеуімен ерекшеленеді. Сонымен қатар бұл құбылыстардың негізгі айырмашылық- тары: мифте шынайы өмір мен қиял бір-бірімен араласып жатса, дінде «бұл Дүние» мен «о Дүние» бір-бірінен анағұрлым алшақ жатыр. Өйткені егер бүл Дүниедегінің бэрі де өтпелі, кемшілікті, өз- өзіне жеткіліксіз болатын болса, о Дүние — мәңгі, әсем, бақытты, жетілген т.с.с. Дінде ең құдіретті жасампаз — Құдай — табиғаттан жогары және бөлек тұр. Оны гылыми жолмен танып-білу мүмкін емес, ол адамға аян арқылы беріледі де, адамның жан дүниесінде терең сенім сезімін тугызады. Сенім дегеніміз — белгілі бір қоғамдагы уагыздалатын пікір- лерге, нәрселерге берілу, олардың шындығын тексеру, я болмаса дәлелдеуді қажет етпеу. Осы тұргыдан алғанда сенімді екіге бөлуге болады. Олардың бірі — гылыми сенімдік. Оган қазіргі адамдардың гылым мен техниканың жетістіктеріне, олардың болашақта адамзат өмірін түбегейлі өзгертетіне сену. Оны философияда сциентизм ия болмаса технократизм дейді (scientia — латын сөзі, білім, ғылым, techne — грек сөзі, өнер, жасай білу, шеберлік, cratos — грек сөзі, билік). Сенімнің екінші түріне адамзаттың күнделікті тәжірибесінен, я болмаса гылыми деректерден шықпайтын, тіпті оган қайшы келетін қиялдарга нандыру және соларды адамның өз-озіне нандыруы жатады. Міне, осы соңғы сенімдік түрі қайсыбір діннің негізін құрайды. Діннің негізінде Құдайдың өз еркімен адамдарга пайғам- барлар арқылы берген белгілі бір тұжырымдары жатады. Олар адамдардың іс-әрекетін, жүріс-тұрысын, ойлау өрісін анықтайтын абсолютті қағидалар (absolutus — латын сөзі, шектелмеген, сөзсіз). Мұндай қағидалардың жиынтығы діни көне құжаттарды қүрайды. Оларга Құран, Тэурат, Талмуд, Інжіл т.с.с. киелі кітаптарды жатқызуға болады. Бұл кітаптарда Құдайдың құдіретті күшін көрсететін неше түрлі табигат заңдылықтарына бағынбай- тын, оларды бұза алатын ғажайып оқиғалар жазылган. Солардың ішіндегі ең гажабы — адамның рухының, жан дүниесінің өлместігі. Құдайдың құдіретті күшін мойындай отырып, қайсыбір дін берген өмір сүру нормаларын әрқашанда қоғамдағы адамдардың толық орындамай, бұзып отыратынын көрсетеді. Діннің заңдарын бұзган адам күнәға батады, бірақ ол өзінің ізгі істерімен болашақта Құдайдың кешіріміне жете алады. Діни сенімнің қайнар көзі — адамның дүниені сезімдік- құндылық тұргыдан игеруінде, ал Дүниеге деген ақыл-ой, парасат арқылы келген көзқарастарға дін қарсы келеді. Ғасырлар бойы жиналып келе жатқан гылыми деректер жагалай ортадағы білім мен ақыл-ойдың негізіндегі жасалған күр- делі өзгерістер діннің өрісін тарылтып, оның гылымга жақын түр- лерін тудырады. Негізінен, біз оларды пантеизм және деизм дейміз (pan — грек сөзі, бәрі, theos — құдай, deus — латын сөзі, құдай). Діннің пайда болып даму жолында біршама себептер бар. Біріншіден, дін мифологиялық санага қараганда, адамның абстрактылық ойлау қабілетінің анағұрлым биік дәрежеде дамуын талап етеді (о дүние, мәңгілік, шексіздік, эсемдік, ізгілік жэне т.б. ұғымдардың пайда болуы). Екіншіден, адамның реалдық Дүниедегі, эсіресе қогам өміріндегі себептік-салдарлық, қажеттік жэне кездейсоқтық т.с.с. байланыстар мен қатынастарды сезініп, соларды түсінуге деген өшпес іңкэрі. Бірақ олардың мэнін дұрыс түсіне алмаганнан кейін, адамдар табиғаттагы заңдылықтарды неше түрлі қүдіретті күштерге теңеп, соларға табыну арқылы оларды адамга керек багытта өзгертуге ықпал жасауға болатынына сенді. Үшіншіден, адамның элеуметтік өмірдегі зардап шегуі, езілуі, зорлық-зомбылықтың жақсылық пен ізгілікке қараганда басымды- лығы оның көкейінде бұл Дүниедегі өзінің өміріне қанағаттанбай, әрдайым шынайы құндылықтарды армандап, оның әлемін о Дүниемен теңеуге әкеліп соқты. Төртіншіден, адамның өз өмірінің уақытшалығы, әрдайым оның өлместікке деген қиялын оятып, оның мэңгілік, кемеліне келген бақытты Дүние болуы керек деген ойын тугызды.
Қорқыт Ата – түркі халықтарына ортақ ұлы ойшыл, жырау, қобызшы. Қорқыт Ата өмірде ізі, артында әдеби-музыка мұрасы қалған тарихи тұлға ретінде белгілі. Қорқыт Атаның өмір сүрген кезеңі туралы ғылымда әр түрлі болжамдар қалыптасқан. Алайда зерттеулердің көпшілігі Қорқыт Ата Сырдария бойында өмір сүрген оғыз-қыпшақ тайпалық бірлестігінде 10 ғасырдың басында дүниеге келген деген тұжырымға саяды. Рашид әд-Дин “Жамиғ Ат-Тауарих” атты тарихи шежіресінде Қорқыт Атаны қайы тайпасынан шыққан десе, Әбілғазының “Түрік шежіресінде” оның тегі баятекендігі, оғыздардың елбегі болып, 95 жасқа келіп қайтыс болғандығы айтылады. Сыр жағасына жақын жерде Қорқыт атаның зираты болғанын Ә.Диваев, т.б. ғалымдар өз еңбектерінде атап өтеді. Ә.Қоңыратбаевтың зерттеулерінде Қорқыт ата 11 ғасырдың басында дүниеден өткен делінсе, Ә.Марғұланның еңбектерінде ол 7 – 8 ғасыр аралығында өмір сүрді деген пікір айтылады. Қазақ философиясы тарихында Қорқыт Ата– ел бірлігін нығайтқан кемеңгер қайраткер, түркі дүниетанымының негізін жасаған ғұлама ойшыл, әлемдік ақыл-ой мәдениетінде өзіндік орны бар философ-гуманист ретінде көрінеді. Қорқыт Ата жайындағы аңыздардан оның бойындағы үш түрлі өнер ерекше айқындалады. Біріншіден, ол оғыз-қыпшақ ұлысынан шыққан айтулы бақсы, абыз. Екіншіден – күйші, қобыз сарынын алғаш туындатушы өнерпаз. Үшіншіден – әйгілі жырау, оның жырлары оғыз-қыпшақ өмірін бейнелеген әдеби-тарихи мұра. Түркі халықтарының фольклорындағы Қорқыт Ата туралы аңыз әңгімелердің бірі оның туылуына байланысты. Қорқыт - түркілердің оғыз ұлысынан шыққан асқан сәуегей, бақсы, күйшілік, жыршылық өнерлерінің атасы болып табылады.
Әбу Насыр Әл-Фараби (870 - 950 ж. ш.) - әлемге әйгілі ойшыл, философ, социолог, математик, физик, астроном, ботаник, лингвист, логика, музыка зерттеушісі. Абайдың Фараби еңбектерімен таныстығы жөнінде нақтылы мәліметтер жоқ. Дегенмен Сағдидық: «... философияға, даналыққа зор мән берген Абай әл-Фараби, ибн Синалармен таныс болуымен бірге осы ғақпиялар кітаптарынан да мағлұматы бар еді» (Абайдың республикалық әдеби-мемориалдық музейі. Инв. №172, 17-6.), - деп айтылған пікірі Абайдың Фараби еңбектерімен таныс болғандығын анықтай түседі. Абай өз шығармаларында нәр татқан рухани бұлақтар төркінін жасырмайды, ол қайта: «Ғылымды іздеп, Дүниені көздеп, Екі жаққа үңілдім..,» - деп ескертуінде мәні терең сыр жатыр. Фараби мен Абай шығармаларындағы пікір сабақтастығын, ақын шығармашылығы нәр алған рухани көздерінің түп-төркінін қарастырғанда, алдымен екі ұлы ойшылға ортақ «жан қуаты» немесе Абайдың өз сөзімен айтқанда «өзін танымақтық» жөніндегі көзқарасына айрықша назар аудару қажет. Фараби заманында мұсылман қауымының ой санасында бүкіл болмысты, ондағы сан түрлі құбылыстың бәрін мүтекәллимиңдік негізде түсіндіретін жаңа бағыт қалыптасты. Мүтәкәллиминдердің танымындағы түбірлі қателігін аяусыз сынаған Фарабидің сыншыл ойын Абай панисламизм идеясы қанат жайған тұста одан әрі дамыта түсті. Ақынның Фараби сынаған мүтәкәллиминді: «Ақыл мен хауас барлығын, Білмей дүр жүрек, сезе дүр, Мүтәкәллимин, мантикин, Бекер босқа езе дүр..,» - деп, түбегейлі әшкерелеп терістеуінде терең таным сыры жатыр. Абай арнайы көтеріп отырған хауас жайындағы ұғымы ақын шығармаларында «хауаси хамса заһири», «хауас сәлем», «хауас»деген үш түрлі мағына даушы растады. «Алла деген сөз жеңіл» өлеңіңде мүтәкәллиминдер мен логиктердің хауасты түсіндірудегі пайымдауларын әшкерелей терістеуі ақынның әлеум. ортасындағы батып сыншылдық бағьггты танытты. Абайдың дүниетанымындағы ерекше назар аударар нәрсе ақынның Фараби түзген ғылымды классификациялау принципі мен таныс болуы. Ақынның Фараби жасаған ғылымды жүйелеудегі принципімен таныстығы жеңілде нақтылы дерек жоқ. Дегенмен де, Абай шығармаларында ғылымды жүйелеу жөніндегі пікірін белгілі бір дәрежеде нақтылы деректермен білдіреді. Мәселен, Қырық бірінші сөзінде. «... дүниеде есепсіз ғылымның жолдары, бар, сол әрбір жолда бір медресе бар...», - деп, ғылым салаларының молдығын, нақтылы атауларын жеке-жеке атап өтеді. Ақынның Отыз сегізінші сөзінде ғылым салаларын біршама жүйелеу принципі ұшырасады. Ғалым, хакімдер туралы пікір қозғағанда:«... адам баласының ақыл-пікірін ұстартып, хақ бірлән батылдықты айырмақты үйреткендігі...» - деп, қоғамдық ғылымдарды өз алдына дербес топтастырады. Абай Отыз сегізінші сөзіндегі «адамның білімі», «алланың ғылымы», «өзіндік ғылым», «дүниенің ғылымы», «заһири ғылым», «дүниені танымақтық» тәрізді ғылым салаларын Фарабидің филос. тұжырымдарында қолданылатын атау сөздермен не қазақы ұғымға сай балама түрдегі атаумен қарастырады.
Асан қайғы (Хасан) Сәбитұлы(14 ғасырдың ақыры – 15 ғасырдың басы) – мемлекет қайраткері, ақын, жырау, би, философ. Әз Жәнібек ханның ақылшысы болған. Әкесі Сәбит Арал өңірінің Сырдария жағасын мекен еткен. Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, «Жеті әулие» қорымындағы Асан ата кесенесі - Асан Қайғы мазары делінеді. Оның өмір сүрген тұсы Алтын орда және қазақ халқының қалыптасу кезеңіне сай келеді. Асанқайғы шығармашылығында негізгі орын алатын қазақ тұрмысының өзекті мәселелерін арқау еткен философиялық-нақылдық жанрлар: толғау, терме, шешендік сөздер болып табылады. Асанқайғының шығармаларын жинап, зерттеумен Ш.Уәлиханов, Г.П.Потанин, М.Ж.Көпеев, С.Сейфуллин, М.Әуезов, тағы басқа айналысты. Жыраудың ақындық мұрасын бастыру XIX ғасырдың соңында басталды. Асан Қайғы заманында Алтын Орда ыдырап, оның орнына Қырым, Қазан, Өзбек хандықтары пайда болды. Ноғай ордасы тарап, Қазақ хандығының тарих сахнасына шығуы хандықтар арасындағы қым-қиғаш талас-тартысты аласапыран кезеңмен тұспа-тұс келді. Кейінгі ұрпақ әулие танып, аты аңызға айналған «көшпелілер философы» (Ш. Уәлиханов) атанған Асан Қайғы «өзінен қалған қысқа сын болжаулары, өсиеті арқылы өзінің жайынан да, заман аңғарынан да бірталай көрініс, білік-дерек береді» (М.Әуезов).
Дулати Хұсайынұлы Мұхаммед Хайдар (1499-1551) - әйгілі тарихшы, әдебиетші, Моғолстан мен оған іргелес елдердің тарихы жөнінде аса құнды деректер беретін «Тарихи Рашиди» кітабы мен «Жаханнама» дастанының авторы, Жетісу жеріндегі ежелгі Дулат тайпасы әмірлерінің ұрпағы. Оның толық аты-жөні – Дулат Мұхаммед Хұсайынұлы Мырза Мұхаммед Хайдар. Мұндағы «Мұхаммед Хайдар» - өз аты, «Мұхаммед Хұсайын» - әкесінің аты, «мырза» - текті әулеттің тұқымы екенін білдіретін атау (хан балаларының ханзада, сұлтан аталатыны секілді), «дулат» - шыққан тайпасының аты. Мұхаммед Хайдардың ата – бабалары кезінде Моғолстан мемлекетінің құрамына енген қазіргі Оңтүстік-Шығыс Қазақстан, Қырғызстан және Шығыс Түркстан жерлерінде ұлысбегі, тархан қызметтерін атқарған, өздерінің мұрагерлік иеліктері – Маңлай-Сүбені дербес басқарған. Өз әкесі Мұхаммед Хұсайын Моғолстанның Жүніс ханының күйеу баласы, Ташкентті билеген. Оны кейін Әмір Темірдің немересі Мұхаммед Шайбани хан өлтірген. Анасы Хуб-Нигар ханым – Жүніс ханның қызы. Бұл ретте Мұхаммед Хайдар Моғолстанның Сұлтан Саид ханмен және Үндістандағы баласы Ұлы Моғолдар әулетінің негізін қалаушы Захираддин Мұхаммед Бабырмен бөле. Әкесі өлгеннен кейін Мұхаммед Хайдар біраз уақыт осы Бабырдың қолында тұрады. Содан кейін Бабырдың рұқсатымен Сұлтан Саид ханға келіп, оның Қашқардағы сарайында тұрып, сарай қызметін басқарады. Саид ханның Әбубәкірге қарсы соғыстарына қатысады. Жан-жақты білімді, сарай қызметін жетік білетін адам ретінде ханның мұрагер баласы Әбу ар-Рашид сұлтанның тәрбиешісі болады. Сұлтан Саид өлгеннен кейін таққа отырған Рашид дулат тайпасының басшыларынан қауіптеніп, оларды қуғындай бастайды. Мұхаммед Хайдардың немере ағасы – Саид Мұхаммедті өлтіреді. Осыдан кейін өз басына қауіп бұлты үйіріліп келе жатқанын сезген Мұхаммед Хайдар Үндістанға қашады. Ол мұнда ұлы Моғолдар сарайында әскербасы болып, Кашмирді жаулап алу соғысына қатысады. Жаулап алғаннан кейін Ұлы Моғолдар атынан біраз уақыт Кашмирді билеп тұрады. Ол осында өзінің атақты еңбегі «Тарихи Рашидиді» жазуға кіріседі.
