- •1.Ғалым этикасы және әлеуметтік жауапкершілік. Гендік және клеткалық инженерлік биотехнология. Клондау проблемаларын әлеуметтік- философиялық талдау.
- •2.Қоғамдық және жеке сана, олардың диалектикалық байланысы.
- •3.Тіл мен ойлаудың бірлігі. Ғылым мен техникада жасанды тілдің қалыптасуы.
- •4.Т. Гоббс. «Левиафан, немесе материя, түр және мемлекеттік шіркеу азаматтық билік».
- •5.XVIII ғасыр философиясы (ж. Ламетри, д. Дидро, к. Гельвеций, п. Гольбах, Дж. Беркли, г. Лейбниц).
- •6.Сезімдік таным және оның формалары
- •7.Моделдеу және эксперименті информацияны интеллектендіру өзегі ретінде
- •8.Дүниеге көзқарас және методология мәселелері.
- •9.Ф. Бэкон «Жаңа Органон» (Қүрылымы мен негізгі идеялары).
- •10.Руханияттық ұғым. Тарихи прогрессте материалдық және руханилық өндірістер байланысы. Идеалдық объекттерді құрастыру әдістері (идеалдау, формалдау т.Б.).
- •11.Классиктік және биклассиктік философия қайшылықтары. (и.Кант, г.Гегель, а.Шопенгауэр, ф.Ницше)
- •12.Мән және құбылыс категориялары
- •13.Мәдениет дамуындағы жалпы адамзаттық пен таптық, ұлттық пен интернационалдық. Қазақстан дәстүрлі мәдениетіндегі материалдық пен руханилық
- •14.Ойлау мен болмыс сайма-сайлығы - Гегель философиясының бастау нүктесі. Гегель диалектикасы. Оның жүйесі мен әдісі, олардың қайшылығы.
- •15.Механикалық детерминизм
- •16.Неотомизм философиясының негізгі белгілері
- •18.Идеология, оның қогамда атқаратын рөлі. Идеологияның күштілігі мен әлсіздігі.
- •19.Э. Резерфорд ұсынған атомның планетарлық моделі
- •20.Субстанция ұгымы. Монизм, дуализм, плюрализм.
- •21.Мәдениет және өркениет, олардың байланысы мен өзгешелігі. А. Тойнбидің көшпелі қоғам жөніндегі ілімін сынау
- •22.Г. Гегель «Философиялық ғылымдар энциклопедиясы». Т. 3 «Рух философиясы».
- •23.Сенім, күмән, білім, ғылым.
- •24.Менделеевтің қайталамалы (периодтық) жуйесі-элементтер дамуы туралы ілімнің аяқталу кезеңі. Элементтер жайлы ілімдердің алғашқы түрлері (флогистон теориясы, ятрохимия т.Б.).
- •25.Химия философиясы. Химия молекулдар физикасы ретінде. Химияның басқа ғылымдармен (физика, биология, геология, экология) және өндіріспен өзара тығыз байланысы мен әсері.
- •26.Жүсіп Баласағұн «Құтадғу билік».
- •27.Сана мен психикалық әрекет формалары (ес, ойлау, ырық, түс көру, эмоция).Сана және өзіндік сана. Сана құрылымы.
- •28.Ғылым, техника, технология
- •29.Дж. Локк «Адам ақылы туралы тәжірибе» еңбегінде сапа түрлерін арқылы бейнелеу. Іштен туған идея мен принциптер теориясына Локктың сыны
- •30.«Зар-Заман» дәуірінің өкілдері (Дулат, Шортанбай, Мурат). Олардың қоғамдық әрекетіне баға беру.
- •31.Математика мен философия. Интуициямен ойжүгіртудің математикада алатын орны. Математикада оймен жасалатын эксперимент.
- •32.Әлеуметтік философия. Әлеуметтік философиямен қоғамдық және гуманитарлық ғылымдардың өзара әсерлері.
- •33.Ұлттық идея. Оның тұрақтылығы мен идеологиядан өзгешелігі.
- •34.«Информациялық қоғам», оның белгілі сипаттары
- •35.Экзистенциализм философиясы, оның түрлері. Ж. П. Сартр «Экзистенциализм - гуманизм».
- •36.Герменевтика және структурализм - ғылыми зерттеу әдістері.
- •37.Алхимия – ортағасыр мәдениетінің жемісі, химия ғылымдарының пайда болуы мен дамуындағы оның алгы шарттылыгы
- •38.Мәдениеттің философиялық түсінігі. Рухани және материалдық мәдениет арақатынасы.
- •39.Софистика, эклектика, догматизм, релятивизм, метафизика диалектикаға кереғар баламалары.
- •40.М. Фарадей мен Дж. Максвеллдің электромагниттік теориясы
- •41.Әлеуметтік болжамның мәселелері және мәні, оның ғылыми әдістері (экстраполяция, тарихи аналогия, компьютерлік модельдер, болашақтың сценариясы, эксперттік бағалау).
- •42.Қазіргі кездегі ұлттық және діни қатынастар мәселесі. Толеранттық Қазақстан халқы Ассамблеясының саяси-әлеуметтіқ маңызы.
- •43.Жекеліқ, ерекшелік, жалпылық категориялары.
- •44.Проблема, гипотеза және теория - ғылым дамуының түрлері.
- •45.Ертедегі Шығыс философиясы. Ежелгі Үнді мен Қытай философиясындағы жалпылық және ерекшеліктер. Буддизм шындықтың төрт түрлі игіліктері туралы. Конфуций басқарудың үш негіздері жайлы
- •46.Көшпелі өмір салты, болмысы, дәстүрі қазақтардың рухани шығармашылығында, халық ауыз әдебиетінде, өнерінде, көркемдік ойлауында бейнеленуі. Қазақтың ментальдық табиғаты.
- •47.Астрономиядағы н. Коперниктің ғылыми және дуниетанымдық эволюциясының маңызы.
- •48.Қоғам құрылымы. Қоғам туралы маркстік ілім. Оған кереғар м. Вебер, п. Сорокин т.Б. Әлеуметтік страттар теориясы және әлеуметтіқ мобильдік ұғымы.
- •49.3.Фрейд психоанализі. 3. Фрейдтің «Мәдениетке қанағаттанбау», «Мен және Ол» еңбектері.
- •50.Қоғамдық сана деңгейлері. Теориялық және қарапайым сана. Қоғамдық психология мен идеология.
- •51.Ертедегі Греция – ғылыми идеялар болған орны ретінде
- •52.Дж. Берклидің субъективтік идеализмі. Д. Юмның скептицизмі.
- •53.Мазмұн және түр категориялары. Олардың ғылыми және көркем шығармашылықтағы методологиялық маңызы.
- •54.«Адам», «техника» жүйелерінің методологиялық және әлеуметтік аспектілері
- •55.Қайта өрлеу дәуірі философиясы. Негізгі бағыттары мен өкілдері.
- •56.Философиядағы болмыс мәселелері. Болмыс категориясы. Болмыстың негізгі формалары (табиғат, адам, рухани, әлеуметтік, психологиялық болмыс).
- •57.Экологиялық жағдайлардың аспектілері (урбоэкология, халық өсімінің шегі, тұрақтылы даму).
- •58.Сананың пайда болуы мен мәні.
- •59.Жаратылыстанудың философиялық проблемалары (ф. Энгельстің «Табигат диалектикасы» мен в.И. Ленинің «Материализм және эмпириокритицизм» еңбектерінде қарастырылуы.
- •60.Биосфераның пайда болуы. Ноосфера - биосфера дамуындағы ең жоғарғы сатысы ( Вернадский)
- •61.Н.Ә. Назарбаев «Қазақстандық жол» (Тәуелсіз. Қазақстанның қалыптасуындағы негізгі идеялар). Тәуелсіздік философиясы.
- •62.Анализ және синтез, индукция мен дедукция, абстрактілік пен нақтылықтардың диалектикасы.
- •63.Қазіргі мәдениеттің экологиялық талаптары. Адам - қоғам - табиғат және олардың өзара байланысы.
- •64. И.Кант «Таза ақылға сын» (Құрылымы және негізгі идеялары).И. Канттың априоризмі және агностицизмі.
- •65.Техникалық оптимизм және техникалық пессимизм: техника апологиясы және оған сын.
- •66.Адам калыптасуындағы элеуметтік ортаның рөлі. Қоғам дамуындағы тарихи қажеттілік пен адам бостандығы диалектикасы (э. Фромм «Бостандықтан қашу»)
- •67.Демокрит пен Эпикурдың атомизмі. Араб ойшылдары әлемнің ең кіші бөлшектері туралы ш. Қудайбердиевтін «Үш анық» еңбегінен.
- •68.Диалектика - әдіс және ғылым. Объективтік және субъективтік диалектика.
- •69.Информатикада шындық проблемасы. Интернет глобальдық (жаһандық) ми метафорасы ретінде және оның философиялық маңызы.
- •70.М.В. Ломоносов - көрнекті орыс ғалымы, жаратылыстанушысы. Оның 1748 жылғы 5 маусымдағы л. Эйлерге хаты.
- •71.Аналогия және оның ғылыми танымдағы рөлі. Аналогия және модель.
- •72.Логикалық позитивизм – о. Конт ілімнің амалсыз эволюциясы
- •73.Классиктік термодинамика мен эволюциалық биология арасындағы қайшылықтар және өздігінен қалыптасу концепциясы. Ч. Дарвин ілімі мен креационизм.
- •74.Сөйлеу және жазу, олардың пайда болуының мәселелері.
- •75.Даму және прогресс. Прогресс пен регресс. Әлем тарихының бірлігі мен қөптүрлілігі. Энтропия ұғымы
- •76.Ш. Уәлиханов «Қырғыздарда шамандықтың іздері», «Дала мусылмандығы туралы», «Сот реформасы туралы жазбалар».
- •77.Нақтылық және мүмкіндіқ, қажеттілік және кездейсоқтық.
- •78.Техника деген не? Техниканың тарихы мен философиясы. Техникалық білімді гуманизациялау және гуманитаризациялау. Қазіргі техногендік өркениеттің болашағы мен шегі.
- •79.Платон «Мемлекет». Құрылуы және негізгі идеялары.
- •80.Болмыстың құрылымдық байланысы. Бүтін және бөлшек. Себеп және салдар.
- •81.Норберт Винер және оның ізбасарлары ашқан кибернетика ғылымы.
- •82.Дүниеге көзқарас ұғымы. Оның тарихи типтері: миф, дін, философия.
- •83.Р. Декарт «Әдіс туралы ой толғау». Оның танымдағы рационалдық әдісінің төрт ережесі.
- •84.К. Маркс Гегельдің «Философия тарихы» және «Тарих философиясы» жайлы лекциялары туралы.
- •85.Шығыстық орта ғасыр ғылымы. Математика ілімі, алгебра, медицина, логика т.Б. Дамуы (әл Кинди, әл Фараби, әл Хорезми, ибн Сина).
- •86.Компьютерлерді интеллектендіру принципі.
- •87.«Нұрлы жол – болашаққа бастар жол». Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауы. «Егемен Қазақстан». 2014, 12 қараша
- •88.Информациялық қауыпсыздық концепциясы
- •89.И. Ньютон мен а. Эйнштейн ілімінде кеңістік және уакыт проблемасы. Материя, қозғалыс, кеңістік және уақыт бірлігі.
- •90.Философиядағы әдіс мәселесі. Ғылыми танымның әдістері мен формалары.Танымның эмпирикалық және теориялық деңгейі
- •91.Геологияның ғылымдарды генетикалық жіктеудегі алатын орны. Геологиядағы актуализм принципі.
- •92.Адамдағы биологиялық пен әлеуметтік. Антропосоциогенез ұғымы
- •93.Ш. Кудайбердиев.«Үш анық».
- •94.XVII - XIX ғ.Ғ. Орыс философиясы, оның өмірмен байланысы. (а.Н. Радищев т.Б.).
- •19 Ғ. Басты бағыттары:
- •95.Информатиканың қалыптасу тарихы.
- •97.Кездейсоқтық және компьютерлер.
- •98.Материя - философиялық категория ретінде. (в.И. Лениннің «Материализм және эмпириокритицизм» кітабы бойынша). Қазіргі ғылым материя құрылымы мен қасиеттері туралы.
- •100.Дж. Бруно, б. Спиноза пантеизмі.
- •101.Ғылымдар жүйесіндегі физиканың орны. Физика — атомдар механикасы ретінде.
- •102.Жүйе ұғымы, Жүйелік принциптер. Жүйе - адам ойының жемісі (л.Фон Берталанфи).
- •103.Д. Дидро «Табиғатты түсіндіруге байланыста ойлар».
- •104.Қоғамдық сананың формалары, олардың өзара байланысы және әлеуметтік кызметтері. Қоғамдық сана түрлерінде объекттік шындықтың бейнелену тәсілдері
- •105.В.И. Лениннің «Философиялық дәптерлері»: құрылымы және негізгі идеялары.
- •106.Моральдық сана, оның категориялары. Қазақтардың дүниетанымының өзіндік сипаты.
- •107.Инженерлік ойлаудың және инженерлік әрекеттің ерекшеліктері.
- •108.Сократ пен Платонның идеализмі
- •109.Математика - ғылым тілі. Философтар мен ғалымдардьң математикаға көзқарасы (и. Кант, к. Маркс, а. Эйнштейн, Дж. Беркли).
- •110.Өтпелі құбылыстың табиғаты. Қазақстанның өтпелі кезендегі ерекшеліктері мен қиындықтары. Қазақстанның әлемдегі дамыған 30 елдің кіру стратегиясы
- •111.Рационалдық таным және оның формалары. Танымдағы сезімдікпен рационалдықтың бірлігі.
- •112.Бөлшектермен өріс казіргі физикалық әлем суретінің абстракциясы.
- •113.Табиғат ұғымы. Табиғи орта. Биомасса мен техномасса.
- •114.Н.А. Бердяев «Орыс коммунизмінің бастау кезі мен мәні»
- •115.Ұғым - адамның әлеуметтік - тарихи танымының жемісі. Ұғым түрлері (интерпретация, конвергенция, дивергенция, конверсия).
- •116.Жалпы салыстырмалы теория тұрғысынан Птолемей және н. Коперник жүйелерінің эквиваленттік проблемалары.
- •117.Таным процессінің диалектикасы.
- •118.Л. Фейербах «Болашақ философиясының негізгі қағидалары».
- •119.Н.Г. Чернышевский «Философиядагы антропологиялық принцип», «Адам білімінің сипаты».
- •120.Математика - адамзат мәдениетінің феномені ретінде. Топтау мен абстракциялау математикалық теориялардыц даму әдістері ретінде. Математика модельдер жүйесі ретінде.
- •121.Ақпараттың адамзат тарихында рөлі. К.Э. Шеннонның теориясы
- •122.Ми мен психика. Сананың пайда болуы және мәні.
- •123.Түркілік көзқарас дәстүрі мен ерекшеліктері. Мифология және дін (Қорқыт - ата, әл Фараби, Асан Қайғы, Мухаммед Хайдар Дулати).
- •124.Химиядағы редукция және редукционизм. Материяның химиялық қозғалыс түрлері
- •125.Антика философиясының негізгі сипаттары (Фалес, Зенон, Сократ)
- •126.Әл Фарабидің философиялық көзқарастары. Оның «Игілікті қала басшысының қасиеттері туралы» еңбегі
- •127.Техниканың инженерлік және гуманитарлық философиясы (м. Хайдеггер, к. Ясперс)
- •128.И. Фихте мен ф. Шеллинг философиясы.
- •129.Қожа Ахмет Яссауидің «Диуани Хикмет» поэмасы.
- •130.Ғылыми ілімнің көп түрлі тұрпаттары. Ғылымдағы теориялық және эмпирикалық фундаменталдық пен қолданбалылық.
- •131.Махмуд Қашқари «Диуани Лұгат ат - Түрк»
- •132.Техногендік өркениеттің дамуындағы қазіргі тенденция мен қайшылықтары
- •133.XX ғ. Басында Қазақстандағы қоғамдық-саяси ойлар (м. Дулатов, а. Байтүрсынов, с. Торайғыров).
- •134.А. И. Герцен «Табиғатты ұғыну туралы хаттар». (Бірінші және екінші хат).
- •135.Корпускулды — толқынды дуализм — физиқадағы дағдарыстан шығудың мысалы ретінде (Де Броиль, э. Резерфорд)
- •136.Танымдағы тарихилық және логикалықтың арақатынасы.
- •137. «Қазақстанның жаңа тарихының» философиялық проблемалары
- •138.Философияның негізгі қызметтері: методологиялық, көзқарастық, әлеуметтік, гуманистік, сыншылдық, болжаушылық, әдістемелік.
- •139. А.Эйнштейннің жалпы және арнаулы катыстық теориясы
- •140.Философия мен жеке ғылымдардың (табиғаттың, қоғамдық, техникалық) өзара байланысы.
- •141.Қазақ ағартушылығының қалыптасуы-қоғам өмірінің демократиялық бағыты (ш. Уәлиханов, ы. Алтынсарин).
- •142.Қоғам дамуындағы күш көрсету мен зорламау мәселесі. Геополитика идеялары. Терроризмнің (ланкестіктің) мәні мен әлеуметтік себептері. (а. Камю «Дүмпитін адам»).
- •143.Феодалдық қоғам философиясы. Универсалдар туралы тартыстар. Фома Аквинский, Уильям Оккам.
- •144.Эстетикалық сана, оның өлшемдері. Дизайнерлік қызмет. Қазақ халқының эстетикасы.
- •145.Эксперименттік әдістің шығу бастамасы және табиғатты математикалық бейнелеу (г. Галилей, ф. Бэкон, р. Декарт).
- •146.Аристотель. «Саясат». Платонды сынау. Аристотель формальдық логиканың уш заңы туралы.
- •147.Ақиқат - таным мақсаты. Ақиқаттың турлі анықтамалары (корреспонденттік, когеренттік теориялар). Ақиқат, адасу, өтірік. Ақиқаттың нақтылыгы.
- •148.Экологияның философиялық проблемалары, олардың жаһаңдық сипаты. Қазіргі экологиялық жағдайдың футурологиялық аспектілері
89.И. Ньютон мен а. Эйнштейн ілімінде кеңістік және уакыт проблемасы. Материя, қозғалыс, кеңістік және уақыт бірлігі.
Кеңістік және Уақыт-Механикалық козғалысты карастырғанда біз дененің кеңістіктегі орнының уақыт өтуіне байланысты өзгеретінін сөз еттік. Бұл екі үғымның физикадағы маңызы өте зор. Оқиғаньің бәрі әйтеуір бір жерде және кандай да бір мезгілде, баскаша айтқанда, кеңістік пен уақыт ішінде өтеді. Кеңістіктен орын алмай және кеңістіктен тыс өмір сүретін бірде-бір объекті болмайды, болуы да мүмкін емес, яғни кеңістік материямен тығыз байланысты. Өтіп жаткан сан алуан окиғаларды қарастыра отырып, біздің санамызда кең және map, жуан және жіңішке, ұрзын және қысқа, алыс және жақын деген сияқты кеңістіктің салыстырмалы түрдегі сипатын кәрсететін ұғымдар қалыптасады. Кеңістіктің негізгі қасиеттеріне мыналар жатады: оның шынайы бар болуы, материямен біртұтастығы, шексіздігі, үш өлшемділігі (барлық физикалық объектілердің ұзындығы, ені және биіктігі болады). Кеңістіктің бір кесіндісін, яғни ара кашыктықты өлшеу үшін сызғыштан бастап, әр түрлі ұзындык өлшеуіш кұралдар колданылады. Ұзындықтың негізгі өлшем бірлігі метр болып табылады. Ғылым мен техникада метрдің еселік және үлестік өлшемдері де пайдаланылады. дене козғалғанда өзінің орнын тек кеңістікте ғана өзгертіп қоймай, уақыт бойынша да өзгертеді.Уақыт материямен, қозғалыспен, кеңістікпен тығыз байланысты.
Кез келген өзгерістің немесе окиғаның бастамасы және соңы болады (түзу кесінді сиякты). Кейбір өзгерістер көз алдымызда басталып, кө алдымызда аякталады (судың қайнауы); екінші біреуі көзді ашып-жүмғанша, лезде өтеді; ал үшіншілері бірден байқалмайды (мысалы, ағаштың өсуі).
Алуан түрлі өзгерістерді салыстыра отырып, біздің уақыт жайлы көзкарасымыз калыптасады. Уақытқа катысты тез және ұзақ, болған және болады, қазіргі шақ және болашақ, бұрын және жуық арада және т.с.с. ұғымдар пайда болады.
Уақыттың негізгі қасиеттеріне мыналар жатады: шынайы бар болуы, үздіксіздігі, тәуелсіздігі, бір калыптылығы, бір бағыттылығы (уакыт тек алға карай, өткеннен болашакка қарай жылжиды).
Уакыт арнаулы кұрал - сағаттың көмегімен елшенеді. Құрылысы жағынан сағат алуан түрлі болады. Уакыттың негізгі өлшем бірлігіне секунд алынады.
Кеңістік шексіз, уақыт үздіксіз болғандықтан, физикада кеңістіктің бір кесіндісі және кайсыбір уакыт аралығы өлшенеді.Кеңістік пен уақыт, философияда – философиялық категориялар Кеңістік пен уақыт категориялары бір-бірімен тығыз байланысты, олардың бірлігі кез келген жүйенің қозғалысы мен дамуынан көрініс табады. Ньютон кеңістікті денелерге тәуелсіз және олардан бұрын өмір сүретін нәрсе деп қарады. Кеңістік үздіксіз нәрсе, сонымен қатар мынадай қасиеттерге ие: кеңістік үш өлшемді, тең өлшемді және барлық бағыттарда шексіз көсіліп жатады, мәңгі және табиғаты бойынша өзгермейтін нәрсе. Кеңістіктің барлық бөліктері қозғалмайды және бір ғана қасиеттерге ие. Ньютонның пайымдауынша, шегі бар нәрсе кеңістіктің қайсыбір бөлігінде де болмай тұра алмайды; Құдай күллі шексіз кеңістікте бар. Ньютонның бұл пайымдауын 17 ғ-дың көптеген философтары мен теологтары, атап айтқанда, Т.Мор мен Дж.Рафсон қуаттады. Мыс., Мор тек қана Құдай мен кеңістікке тең түрде қатысты 20 қасиет бар деп есептеді, олар: бірлік, қарапайымдылық, қозғалмайтындық, мәңгілік, кемелдік, шексіздік, т.б. Ньютонда кеңістік – жаратылған физ. дүниенің өзінше бір субстанциясы. Ньютонды замандастары, атап айтқанда Лейбниц, осы үшін сынға алды. Ньютонның абс. және салыстырмалы уақыт туралы іліміне осындай бейімделу тән: “Абсолюттік, шынайы математикалық уақыт өзінен өзі және өзінің мәні жағынан, әлдебір сыртқы нәрсеге ешқандай қатыссыз, тең өлшемде өтеді және басқаша ұзақтық деп аталады. Салыстырмалы сияқты немесе күнделікті уақыт не дәл, не өзгермелі, сезіммен көз жеткізуге болатын, қайсыбір қозғалыс арқылы жасалатын сыртқы, созылыс өлшемі, бұл өлшем күнделікті өмірде шынайы математикалық уақыттың орнына қолданылады, былайша айтқанда: сағат, күн, ай, жыл”. С.Кларктің түсіндіруінше, Ньютон абс. уақытты, яғни ұзақтықты бейнебір өзгермейтін, мәңгі деп ойлайды, сондықтан да ұзақтықты Құдайдан тыс өмір сүрмейді деп есептейді. Ньютоннан өзгеше түрде Лейбниц абс. уақыт пен кеңістікті де, абс. қозғалысты да мойындамайды: “Мен ... кеңістікті – қатар өмір сүру тәртібі, уақытты – тізбектілік тәртібі деп есептеймін”. 18 ғ-да метафизиканы сынаумен бірге уақыттың метафизикалық тұжырымдамалары да қайта қаралды. Олардың орнына психол. (Локк, Юм) және аңдаулық (созерцание, восприятие) (Кант) туралы тұжырымдамалар келді. Канттың уақыттың идеалдылығы туралы ілімін Фихтежаңаша түсіндіреді. Келешек, қанша ұмтылсаң да ешқашан қолға түспейтін бұлдыр сағым болып шығады. 20 ғ-дың басынан бастап физикада ашылған жаңалықтар Кеңістік пен уақыттың өзара байланысы, бір-біріне тәуелділігі жөніндегі жаңа көзқарастарға алып келді. Әсіресе, А.Эйнштейнніңсалыстырмалылық теориясы үлкен жаңалық әкелді. Ол микробөлшектердің кеңістіктегі қозғалысы сәуленің жылдамдығына (секундына 300000 км) жақындаған сайын оның массасы шексіз ұлғая беретіндігін және ол бөлшектің тұрқының да қысқара түсетіндігін дәлелдеді. Сонымен қатар биол., қоғамдық ғылымдардың жетістіктері қозғалыстың органик. және әлеум. түрлерінде кеңістік те, уақыт та, тіпті басқаша сипатта болатынын көрсетеді. Әлеум. өмірдің ырғағы біздің заманымызда әлдеқайда шапшаңдады. Өзгерістердің тым баяу өтуіне үйренген адамдар көп жағдайда жаңа дәуірдің екпініне бейімделе алмайды. Сондықтан Кеңістік пен уақытты да материя сияқты адамдардың дүниеге қатынасынан оқшау қарап, тек табиғаттағы адамға қатысы жоқ заттар мен құбылыстардың қасиеті деп түсіну – мәселені филос. тұрғыдан қарау емес, физика, т.б. жаратылыстану ғылымдарының тұрғысынан қарау болып шығады. Бұлай қараудың дүниеге көзқарастық мәні жоқ. Философиялық пайымдау кеңістік, уақыт, қозғалыс және болмыстың бірлікте екенін көрсетеді. Бұлар болмыстың өзіндік айқындықтары. Болмыстың ең жалпы, ең абстрактілі айқындықтарынан адам бұрынғыдан да гөрі нақтырақ, мазмұны күрделірек айқындықтарына өрлей береді. Соның негізінде айқындықтарды бейнелейтін ұғымдарды анықтайды. Бұл диалектикалық ойлау жолы
