Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
fya_durysy.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
530.56 Кб
Скачать

81.Норберт Винер және оның ізбасарлары ашқан кибернетика ғылымы.

Норберт Винер Ресейден шыққан славян тілі профессорының баласы. Ол 18 жасында Гарвард университетінде философия докторы ғылыми дәрежесін алды. Содан соң Кембриджде Бертран Расселмен және Геттингенде Дэвид Гильбертпен бірге жұмыс істеді.

Винердің мексикалық психолог әрі кардиолог Артуро Розенблютпен бірге қызмет атқаруы, оның «адам мен компьютер» проблемасына көзқарасының қалыптасуына үлкен ықпалы тиді.

Сондықтан да оның «Кибернетика» атты кітабы сол Розенблют ке арналған еді. Винер араласқан ұлы ғалымдардың бәрін атап шығу мүмкін емес, соның ең атақтылары: Альберт Эйнштейн, Макс Борн, Ричард Курант, Клод Шеннон, Феликс Клейндер болатын.

Норберт Винердің «адам мен компьютер» проблемасына назар аударуының бірқанша себептері болған. Ең алдымен оны техника-дағы, тірі табиғаттағы және қоғамдағы коммуникация мәселелері қызықтырады. Одан бөлек, ғалым өмірінің бірнеше жылын арнаған әскери тақырыптан алшақтағысы келеді.

Винердің компьютерге байланысты ешқандай практикалық жұмыстарының жоқтығына таңғалудың реті келмейтін сияқты, өйткені ол бұл кезде одан да маңызды нәрселермен айналысып жүрген еді. Винер сол кездері кибернетикалық философияның негізін қалады және осы салада өз мектебін ашып, осы ілімін шәкірттері мен ізбасарларына табыстап кетуінің өзі неге тұрады. Шынтуайтына келгенде, Интернеттің пайда болуына әкелген көптеген жұмыстар, осы Винер мектебінің еншісіне тиесілі.

Шамасы, Винер цифрлық компьютердің пайда болуы адамның компьютермен қарым-қатынасын түбірімен жаңа деңгейге көтеретіндігін алғашқылардың бірі болып түсінген. Бүгінгі күні әр компьютер түрлі интерактивті құрылғылармен жабдықталған кезде, көп нәрсеге қол жеткенін анық айта аламыз. Алайда өткен ғасырдың 40-50 жылдары есептеу машиналарының ролі жөнінде біріне-бірі қарама-қайшы пікірлер жетіп артылатын: бір ғалымдар, есептеу машинасын тек есептеу құралы деп қана білсе, ал енді біреулері оларды адамның ақыл-ойынан тыс қабілетке ие болады деп көрегендік жасады. Винер бұл екі көзқарасты да қате деп есептеді.

Норберт Винер өмірінің соңғы кезеңінде пәлсапалық және этикалық проблемаларға ой шалдырды, ол ойлары оның соңғы «God and Golem» атты кітабында көрініс тапты. Ол одан басқа «Мен -математикпін» және «Бұрынғы вундеркинд» деген мемуарлардың да авторы.

Ақпараттық технологияның аяққа тұру кезеңдерінің маңызды-лығын мойындай отырып, кибернетика – тек өткен шақтың ғана емес, керісінше, оның болашақтың да ғылымы екендігін ескеруіміз керек. Кибернетика деп атап жүрген гректің kebernetes сөзінің тағы бір мағынасы – бастаушы, жетекші дегенді білдіреді.

Көптеген жылдар бойы жасалып келген кибернетикалық жүйелердің барлығы дерлік, «басқарушы-адамды» ескермегені түсініксіздеу.

Осыдан бірнеше жыл бұрын кибернетиканың жаңа бағыты - екінші ретті кибернетика (second-order cybernetics) пайда болды. Оның бұрынғы классикалық бағыттан айырмашылығы, енді оның басқару аймағына бұрынғы дәстүрлі таза машиналық бақылаушы-адамның да енетіндігінде болып тұр.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]