Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
fya_durysy.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
530.56 Кб
Скачать

75.Даму және прогресс. Прогресс пен регресс. Әлем тарихының бірлігі мен қөптүрлілігі. Энтропия ұғымы

Қоғам өмірін тарихи процесс ретінде бейнелеу үшін қолданатын ұғымдарының бірі – прогресс ұғымы (лат. – ілгері қозғалу табыс деген сөзден аланған).

Прогресс – қоғамның материалдық күш қуатының артуы оның қатынастарының кемелдене түсуі, қоғам мүшелерінің жан – жақты жетілуіні қажетті мүмкіндіктердің молаюы, яғни қоғамның ұдайы төменнен жоғарға қарай өрлей дамуының түрі сипаты.

Жалпы алғанда, қоғамның даму бағыты, болашағы туралы мәселе – адамзаттың қоғамдық ойының ежелгі мәселелерінің бірі.

Батыстың алғашқы идеологтары прогресті ең алдымен адамның ақыл – ойының парасатының кемелденуі мен байланыстырады. Адам парасатының кемелденуі негізінде ғана адамды әлеуметтік бұғаудың барлық түрінен азат етуге болады, оның кейбір қажеттерін қамтамасыз ету ізгіліктің, адамгершіліктің жетілуі деп есептеледі.

Қоғамдық прогресс – күрделі процесс. Адамзат тарихының дамуы барысында қоғам өмірінің бір саласының жетілуі, кемелденуі басқа салаларының мешеулігімен, тіпті кері кетуімен (регреспен) қабаттаса жүріп орыратынын да көрсетеді.

Қоғам дамуының нақты сатылары қоғамдық экономикалық формациялар болғандықтан, прогрестің тарихи типтеріне талдау жасау дегеніміз әрбір қоғамдық экономикалық формацияға прогрестің жүзеге асуы жағдайларын, мүмкіндіктерін нәтижесін қарастыру болып шығады. Адамзат тарихының бастамасы – алғашқы қауымдық қоғам. Өндіргіш күштердің даму дәрежесі өте төмен: ең қарапайым дөрекі еңбек құралдары шоқпар, тастан жасалған балталар, пышақтар, тас сүнгісі бар найза, әртүрлі торлар, т.с.с. Білім жоқ тәжірибе өте аз, төмен. Сөйтіп алғашқы қауымдық қоғам – адам дамуының ең төменгі сатысы. Ру мүшесі қатаң әлеуметтік байланыстарға бағынышты, оның не істейтіні, қалай істейтіні, өзінің қалауына байланысты емес, қалыптасқан өмір тәртібіне байланысты болады.

Регресс (лат. regresus — кері қозғалу) — дамудың кері кетіп, төмен қарай құлдырауы. Регресске деградация, ұйымдастыру дәрежесінің әлсіреуі, қажетті іс-әрекеттерді орындау қабілетінің жойылуы тән. Регресс, сондай-ақ тоқырау, ескі формалар мен құрылымдарға кері оралу кезеңдерін қамтиды. Регресс өзінің бағыты жағынан прогреске қарама-қарсы. Бірақ та бұлардың арасында күрделі, жан-жақты байланыс бар, бір жағынан, кейбір регрессивті өзгерістер жалпы прогрессивтідамудың шеңберінде болып жатса, екінші жағынан, кейбір регрессивті өзгерістердің үдей түсуі кезінде оның кейбір құрамы дамудың прогрессивті бағытын сақтайды. Қоғамдық дамуда Регресстің болуы тарихи дамудың қарама-қарсылық мәніне тән. Реакцияшыл топтар мен күштер уақытша (реакция кезінде, фашизм өріс алғанда)прогрессивті күштерден басым болуы мүмкін. Бірақ мұндай регрессивті құбылыстар бұрынғы әлеум. форманың ыдырауының нәтижесі ғана болып, оның орнына алдыңғылардың құнды жағын бойына сіңірген жаңа форма келеді. Мұндай құбылыстың ыдырауы жалпы жүйе шеңберіндегі даму процесін үзіп тастай алмайды, оның қажетті алғышартының біріне айналады.

Энтропия (грек. еntropіa – бұрылыс, айналу) – тұйық термодинамикалық жүйедегі өздігінен жүретін процестің өту бағытын сипаттайтын күй функциясы. Энтропияның күй функциясы екендігі термодинамиканың екінші бастамасында тұжырымдалады. Энтропия ұғымын термодинамикаға 1865 ж. Р.Клаузиус , мұндағы k –) деп аталатын шамамен байланыстырады. Больцман принципіне сәйкес: S=kІnQ/Т түріндегі толық дифференциал болатындығының қажетті және жеткілікті шарты, ал Энтропия – күй функциясы. Энтропияның абс. мәні термодинамиканың үшінші бастамасы бойынша анықталады және ол бойынша абс. нөл темп-рада кез келген жүйенің Энтропиясы нөлге айналады. Адиабаталық оңашаланған жүйелеріндегі қайтымды процестер кезінде Энтропияның мәні тұрақты болып қалады да, қайтымсыз процестер кезінде Энтропияның мәні артады; барлық реал процестерінде Энтропияның мәні артады (Энтропияның арту заңы). Статист. физикада Энтропия статист. салмақ (S=Q/Т. Ал кез келген қайтымды жолмен алынатын тұйық процесс үшін: . Соңғы теңдік Энтропияның dS=Q – жүйеге күйі шексіз аз квазистатик. болып өзгергенде берілетін жылу мөлшері, Т – жүйенің абс. темп-расы; интрегал екі күйді өзара жалғастыратын кез келген қайтымды жолмен алынады. Изотерм. процесс жағдайында: енгізген. Кез келген А және В күйлеріндегі жүйе Энтропиясы мәндерінің айырымы мына формула арқылы анықталады: , мұндағы  Больцман тұрақтысы. Сонымен Энтропия – термодинам. тепе-тендік күйдегі макроскоп. денелерге тән қасиет. Ол бірліктердің халықаралық жүйесінде (СИ) Дж/К арқылы өрнектеледі. Энтропия ұғымы ғылымның көптеген салаларында (физика, химия, т.б.) маңызды рөл атқарады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]