Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
fya_durysy.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
530.56 Кб
Скачать

74.Сөйлеу және жазу, олардың пайда болуының мәселелері.

Жазу мен тілдің өзара байланысының жайы жалпы тіл білімінде, жазу ілімінде (грамматалогия) бұрыннан сөз болып келе жатса да, мұның негізгі мәселелерінде ғалымдар арасында нақты тұжырым жоқ. Кей авторлардың пікірінше, бұл - қазірде орнығыңқырап қалған көзқарас, жазу ауызша тілден әлдеқайда кейін, адамзат мәдениеттің белгілі бір биік деңгейіне (өркениетке) жеткен кезінде ғана пайда болған құбылыс ретінде түсіндіріледі. Бүгінгі күнгі жазудың қызметі тұрғысынан келгенде, айтылып жүрген пікір, сырттай қарағанда, дұрыс-ақ сияқты көрінуі де мүмкін. Дегенмен, бұл көзқарастың терең негізі жоқ екендігін аңғару қиын емес. Енді бір ғалымдардың пікірінше, жазу таңбалары тілден бұрын пайда болған(Н.Я.Марр, И.И.Мащанинов, Ч.Лоукотка, О.Сүлейменов, т.б.).

Тілдің шығуы - адамзат қоғамының пайда болуымен байланысты, алғашқы адамдамың сөйлеу мүшелерімен дыбыстарды бірінен соң бірін ажырата айтуы арқылықарым-қатынас қажеттілігінің етелуі. Тіл қоғамда пайда болды, оны дамытатын - қоғам, халық. Тілсіз қоғам, қоғамнан тыс тіл болмайды. Тілдің шығуы практикалық қызмет үстіндегі кернекі ойлаумен тығыз байланысты, өмір сүру үшін күрес, еңбек процесінде, практикалық мәселені шешу үстінде пайда болды. Дыбыстап сөйлеудің шығуына дыбыс шығару қабілеті тікелей әсер етті. Тілдік қарым-қатынастың пайда болуы қоғамдық сананың қалыптасуымен орайлас. Адамды адам еткен - тіл. Тілдің шығуы - адамның әлеум. тіршілік иесіне айналуының алғы шарты. Дыбыстап сөйлеудің пайда болуы адамға тән екінші сигнал жүйесін қалыптастырды (сөз тітіркендіргіш қызметін атқарды, реакция туғызды). Сөздің пайда болуы адамдар арасындағы қатынасты жетілдіріп, қоршаған орта құпиясын ашатын ойлаудың жаңа сатысын туғызды. Тілдің шығуы мен жекелеген тілдердің пайда болуын шатастыруға болмайды. Қазіргі кезде дүние жүзіндегі тілдің саны 5 мыңнан асады. Бірақ олардың бәрінің субстраты - біреу, ол - адамды қоршаған орта, міндеті де біреу, ол қарым-қатынас құралы қызметін атқару. Тілдің шығуы теориялық тұрғыдан алғанда, қазіргі адамның (homo sapiens) пайда болумен түспа-тұс келеді.

Дыбыстық жазу (әріп жазуы) орыс. звуковое(фонетическое) письмо — тіл дыбыстарын, фонемаларды әріппен таңбалайтын жазу жүйесі. Сондықтан кейде оны “әріп жазуы” деп те атайды. Әріп жазуы буын жазуынан кейін пайда болды. Таза күйінде консонантты дыбыстық жазу б.з.б. ІІ-мыңжылдықтың ІІ-жартысында пайда болса, вокалданған дыбыстық жазу б.з. І-мыңжылдығының басында пайда болған. Әріп жазуы пайда болуының дүниежүзілік мәдениеттің дамуы үшін үлкен маңызы болды. Жазу жүйелерінің ішінде әріп жазуы — ең қолайлы жазу. Әр түрлі тілдерде буын саны мен сөздің санынан дыбыстың саны әлдеқайда аз. Осыған орай дыбыстарды таңбалау үшін, әдетте, 20-дан 40-қа дейінгі таңба санының өзі жеткілікті болады. Әріп жазуындағы таңбалардың мұндай шағын мөлшері жазуды меңгеруді, сауаттылыққа үйретуді жеңілдетеді. Әріп жазуы — сөздерді ғана емес, сонымен бірге олардың дыбыстық жағы мен грамматикалық формаларын да дәлме-дәл белгілеу үшін өте-мөте қолайлы жазу.

Ертедегі әріп жазуы (финикий жазуы, еврей жазуы, арамей жазуы және т.б.) консонантты дыбыстық жазу болды. Ондағы таңбалар тек дауыссыз дыбыстарды ғана белгілейтін болған. Жазудың бұл жүйесі дауыстыларға қарағанда дауыссыздардың қызметі мен мәні басым тілдерде пайда болып қалыптасқан. Мысалы, семит тілдерінде (ішінара хамит тілдерінде) сөздің түбірі дауыссыз дыбыстардың тіркесінен құралады да, оларға дауыстылар қабаттасқанда, ол дауыстылар түрлене отырып, туынды сөздің әр түлі грамматика формаларын білдіреді. Консонантты дыбыстық таңбалар алғаш рет Мысыр жазуында пайда болды. Ежелгі мысыр тілінің семит тілдерімен (ассиро-вавилон, финикий, еврей тілдері және т.б.) біраз ортақ жақтары болған. Мысалы, мысыр тілінде дауыстылардан дауыссыздардың мәні басым. Бұл тілде де сөздің түбірі дауыссыздардан құралады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]