Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
fya_durysy.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
530.56 Кб
Скачать

68.Диалектика - әдіс және ғылым. Объективтік және субъективтік диалектика.

Философияны ілім ретінде бір жүйеге келтірген, оның заңдары мен категорияларын жан-жақты қарап, ғылымға ендірген неміс философы Г. Гегель (1770-1831 жж.) болатын. Ол «Рух феноменологиясы» (1807 ж.), «Логика ғылым» (1812-1816 жж.), «Философия ғылымдарының энцикло- педиясы» (1818 ж.) деген ауқымды еңбектер жазып, философияның дәрежесін көтерді. Сондай-ақ, ол «Құқық философиясы», «Дін философиясы» атты еңбектер жазды, ал «Философия тарихы» мен «Тарих философиясы» оның мәні терең құнды лекциялары. Бұл лекциялар Г. Гегель дүние салған соң жарық көрген болатын. Г. Гегель еңбектерінің үлкен бір саласы, ол оның диалектикаға аса зор көңіл бөлгені, өмірді ұдайы қозғалыста, дамуда деп түсінуі. Сондай-ақ Г. Гегель философияның жалпылық үш заңын ашып, олардың әрқайсысына ғылыми анықтама берді. Олар «сан құбылыстарының ұдайы өзгерісте болуы арқылы сапаға айналуы», «қарама-қарсылықтың бірлігі диалектиканың, негізіне жатады. Сол заңдарды байыпты қолдану арқылы К. Маркс пен Ф. Энгельс өзінің талай метафизикалық әдісті қолданған қарсыластарын уәжбен жеңіп, өз ойын іске асырды. Сондықтан да олар диалектиканы сомдаған Г. Гегельді өздерінің ұстазы деп атады. Оларға әсіресе қатты ұнағаны Г. Гегельдің «Барлық шындықақылға сияды. Барлық ақылға сиятын – шындық» деген жұмбақ сырын ашып, оның өмірде қандай көрініс табатынын айтқаны. Өйткені, бұл пікір бойынша, дүниеде бардың бәрі ақылға сия бермейді. Олардың ішінде ақылға сыйатындары да, сыймайтындары да бар екендігі. Сонда ақылға сиятыны не демек болсақ, онда ол солардың ұдайы өзгерісте, дамуда болатыны. Ал, егер өмірде бар бола тұрып, бірақ қозғалмайтын, дамымайтын болса, онда оны ақылға жатқызуға болмайтыны. Әрине, ондай құбылыс өмірде бар болса да шындық емес, оған жат екендігі. Олай болса диалектика – философия тірегі, мұқалмас, оңды- солды қолдануға бірдей жарайтын қару екендігі. Диалектика ұғымы философияның ең күшті, жанды бөлігі. Ол дүниенің мәні үздіксіз қозғалыста, дамуда деп түсінуі. Ол дүние өзгермейді, қозғалмайды деген ұғымды

жоққа шығарады. Диалектика – әрі әдіс, әрі ілім. Әдіс дейтініміз ұдайы құбылмалы дүниені зерттеу үшін икемділік керек дегені. Диалектикада ол бар. Ілім дейтініміз өмірді

қайшылық күйінде бейнелеуі. Диалектика ұғымы және ол туралы термин ең алғаш антик дәуірінде дүниеге келді. Диалектика – алғаш диалог, былайша айтқанда әңгімелесу дегеннен туындаған ұғым. Екі адам арасындағы пікір алысу, сөйлесу диалогқа жатады. Осыдан туындаған. Әркім өз сөзінің өтімді болуы үшін, оны біржақты емес, жан-жақты дәлелді етуге тырысқан. Кейін оны алғаш философияға ендірген антик философы Гераклит болды. Ерте замандардан қазақтар сөз дәлелдігін «уәж» деп атаған. Сол уәждің ғылыми дамыған түрі – логика әдісі, дәрежесі – диалектика болып қалыптасты. Диалектика екіжақты өткір қару. Оны дұрыс қолданбасаң, өткір пышақ сияқты қолыңды кеседі. Егер буржуазиялық революция арқылы феодализмді құлатқан капиталистік қоғам уәкілдері кезінде оны кең пайдаланған болса, кейін үкіметке келген соң, олар диалектикалық философиядан іргесін аулақ ұстауға тырысты. Бұл негізсіз әрекет емес. Өйткені, үкіметке келген жаңа үстемтап өкілдері қоғамның одан әрі дамып өзгергенін қаламады. Ол түсінікті де 1917 жылғы Қазан революциясы арқылықұрылған жаңа қоғамда да диалектика шын мәнінде кеңінен қолданылды дей алмаймыз. Бір кезде өз қарсыластары,метафизиктермен идеялық тартыста барынша кеңіненқолданылған, жеңіске жеткізілген диалектикалық әдіс біртіндеп басылып, оның орнына догматизм кеңінен тарап кетті. Әрине, Кеңес жылдарында философияға, оның өткірбөлігі диалектикаға ешқандай кедергі болған жоқ. Оқуорындары диалектикаға, маркстік философияға кең жолашылды. Сөйтсек те іс жүзінде диалектика оқу жүйесінде,ғылымда ғана орын тапты.

Диалектика – бұл философиялық ілім дедік. Ол бүкілдүниені, әлемді табиғатты, қоғамды, адам санасын ұдайы қозғалыста деп түсінеді. Ал қозғалыс, өзгеріс болған жерде

қарсылық болады. Даму дегеніміз – сол қарсылықты жеңу арқылы іске асады. Сол процесті бейнелейтін заңды Г. Гегель «Қарама-қарсылықтың бірлік және күрес заңы»

деп атады. Бұл қарсы жақтар қашанда бірлікте, бірінсіз- бірі жоқ, әйтпесе объектінің мәні жоғалады. Мәселен, «ақ» пен «қара», «ұзын-қысқа», «жақсылық-жамандық» т.т. Бұлардың бірі болмаса, екіншісінің мәні болмайды. Бірақ олар тек бірлікте ғана емес, ұдайы күресте болады. Өмір осындай болып қалыптасады. Бұл – диалектика. Олай болса одан қалайша бас тартуға болады? Өмірді дұрыс түсіну, ол оны сол күйінде қабылдап, қажырлы әрекеттену, тіршілік ету, қиындықты табандылықпен жеңу. Тағы бір айтатын мәселе. Диалектикада кездесетін екі ұғым бар: революция және эволюция. Гегельдің қорқатыны

біріншісі. Революция – халықтың ызасы. Бұл табиғатта қыздырған судың қайнап, өзінің сұйық зат қасиетін жоғалтып, буға айналғаны сияқты, қоғамда да заттың сандық, сапалық

өзгеріс заңы бойынша бір қасиетін жоғалтып, екінші қасиетке айналғанына жатады. Бірақ, революциядан басқа қоғамда жай, жұмсақ, бірте-бірте өзгерісте болатыны да бар. Бұл да әлгі заңнан туындайтын жол. Бұл – эволюция. Қоғамды тығырыққа тіремеу үшін халықтың зығырына тиіп, қинамау. Революция – амалсыздық, жойқын әрекет. Революция мен эволюция медальдің екі жағы, аты – диалектика. Айналып келгенде, өмірдің дәлме-дәл бейнесі. Неше түрлі құбылмалық – диалектика ол, процесс, өмірдің өзі. Таным көзбен көру, құлақпен естуден басталады. Бірақ, ол жүйеленген сезім емес. Оны жүйеге келтіретін теория. Теория – оймен құрылған өрнек. Ол байқау, пайымдау арқылы түрлі құбылыстар бірімен-бірі байланыста, бірінен бірі туындайтынын, сондай-ақ кейбір құбылыстар қайталанып отыратынын аңғару, ол қайталау тұрақты ма, әлде кездейсоқтық па, неге байланысты және нәтижесі қандай, осы жағдайларды талдау арқылы, белгілі ой түйіні жасалады. Бірақ, бұл әлі сынау, тексеруді керек етеді. Оны анықтайтын практика. Практикада дәлелденбеген ой-түйіні – теория болса да ғылым емес. Егер дәлелденсе, сонда ғана ол ғылым, негізі заңға айналады. Дамуда қайталу болады. Бірақ, бұл механикалық емес, диалектикалық, жаңаша қайталау. Ол терістеуді – терістеу заңы арқылы жүреді. Олай болса ғылым – заңға сүйенген теория. Бірақ, теорияда түрліше болады, шын, жалған, прогрессивті, реакциялық, пайдалы, зиянды. Қашанда ғылым теориядан тұрады. Бірақ, ғылымға факті (айғақ) де керек. Демек, кез келген айғақ ғылымға негіз бола алмайды. Тек, сол жағдайға негіз болатын факт ғана ғылымға тірек. Ол үшін мәселе айғақтың көп, не аздығында емес, нақтылығында. Нақты факті – ой жүйесін нығыздайды. Алдымен өмірге жүйелі (логикалық) сөйлеу, ой айту келді. Кейін теория жасалды. Кез келген ғылымның өзіндік теориясы, заңдары бар. Теория ойдың жинақталған, артық-кемі алып тасталған, әрі қысқа, нұсқа түрі. Бірақ теория да мәңгі емес. Өмірге, танымға байланысты ол да өзгеріп, дамиды. Мұны білмеу, белгілі бір заманда дүниеге келген теорияны «бас-көзсіз» қайталай беру – әлгі догматизм. Өмірментығыз байланысы жоқ теория – схоластика. Теорияны орынсыз, кез келген жерге қолдана беру – софистика. Ғылымосының бәрін көтермейді. Бұл да ғылым тазалығына жататын талап. Философияда теорияны құрастыру деген ұғым бар. Бұл дұрыс пікір. Теория өмірдегі құбылыстарды топтап, жүйелегеннен туындайды. Көшпелілер ой өрнегін де, кілем тоқу өрнегін де жасай білген.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]