Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
fya_durysy.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
530.56 Кб
Скачать

59.Жаратылыстанудың философиялық проблемалары (ф. Энгельстің «Табигат диалектикасы» мен в.И. Ленинің «Материализм және эмпириокритицизм» еңбектерінде қарастырылуы.

Жаратылыстану — адамзаттың рухани мәдениетінің айырғысыз құрамдас бөлігі. Оның қазіргі заманғы негізгі ғылыми қағидаларын, дүниеге көзқарастық және методологиялық пайымдауларын білу кез келген қызмет саласындағы мамандар үшін қажетті мәдени даярлықтың бір түрі болып табылады. Қазіргі кезде білімнің жеке салалары — жаратылыстану, әлеуметтік, гуманитарлық және техникалық ғылымдар бір-бірінен байланыссыз өз алдына табиғат, қоғам және адам жайлы біртұтас ғылыми білім бере алмайды, дүниенің біртұтас ғылыми бейнесін қалыптастыра алмайды. Дүниенің ең жалпы заңдылықтары туралы ғылым деп саналатын философия да жаратылыстану ғылымдарының көмегінсіз өзі ғана бұл міндетті орындай алмайды. Философиялық дүниеге көзқарастың өзі де табиғат туралы ғылымдар ашқан ғылыми жаңалықтарды біртұтас білімге біріктіруші дүниенің біртұтас жаратылыстану-ғылыми бейнесіне (көрінісіне) сүйенуі тиіс. Қазіргі заманғы ғылымның дамуының маңызды бір заңдылығы — ғылыми білімдердің интеграциясы (бірігуі) мен дифференциациясы (жіктелуі) болып отыр.

Диалектика материализмнің негізіг қалаушылар К.Маркс «Капиталында», Ф.Энгельс «Анти-Дюринг», «Табиғат диалектикасы» және т.б. еңбектерінде қажеттілік пен кездейсоқтықтың объективтік мазмұнын, олардың қоғам тану мен табиғат танудағы методологиялық рөлін айқындап берді. В.И.Ленин «Философиялық дәптерлерінде», «Материализм және эмпириокритицизмде» бұл категориялардың себептілік, заңдылық ұғымдарымен арақатынасын, логикалық және танымдық функцияларын талдап, диалектика жүйесіндегі орнын анықтады. Диалектика материализм тұрғысынан қажеттілік пен кездейсоқтық – объективтік шындықтың анықтамалары. Қажеттілік пен кездейсоқтық – заттар мен құбылыстардың өзара байланысының бір-бірінсіз өмір сүре алмайтын екі полюсі. Қажеттілік, әрине, кездейсоқтық емес, керісінше, кездейсоқтық қажеттілік емес, бірақ шынайы таза қажеттілік те, кездейсоқтық та жоқ. Қажеттілік белгілі бір жағдайда идеалды түрде іске аспайды, әр түрлі ауытқулар, сырттай қосымша жайлар әсерін тигізеді. Сондықтан қажеттілік таза күйнде емес, кездейсоқтықпен тұтасып, бірігіп іске асады. Қажеттілік тек кездейсоқтық арқылы өмір сүреді, солар арқылы көрінеді. Кездейсоқтық бар жерде заңдылық, қажеттілікте бар, соны аша білу керек. Кездейсоқтық түпкілігінде қажеттілікке бағынады, қажеттілікке апарып соғады. Ф.Энгельс айтқандай, кездейсоқтық қажеттіліктің көріну формасы және оның толықтырмасы (Маркс К., Энгельс Ф., Избр. Письма, М., 1947, с.470). Қажеттілік пен кездейсоқтықты бір-бірінен айырып қарауға болмайды. Олар – бір-біріне тәуелді, салыстармалы анықтамалар. Қажеттілік десек, оның кездейсоқтық арқылы көрінетінін, кездейсоқтықтан құралатын, сондықтан қажеттілік сол мезетте сл қатынаста әрі кездейсоқтық екенін, кездейсқтық болса, оның ар жағында қажеттілік барын, қажеттіліктің көріну формасы болатынын, сондықтан кездейсоқтық әрі қажетті екенін естен шығармау керек. Қажеттілік пен кездейсоқтық сонымен бірге әр түрлі қатынастарда орын алмастырып, бір-біріне айналып, даму процесінде диалектикалық сипатын нақтылы байқатады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]