Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
fya_durysy.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
530.56 Кб
Скачать

48.Қоғам құрылымы. Қоғам туралы маркстік ілім. Оған кереғар м. Вебер, п. Сорокин т.Б. Әлеуметтік страттар теориясы және әлеуметтіқ мобильдік ұғымы.

Маркстік философиядағы жаңалықтарда қоғамды материалистік тұрғыдан түсіну қағидасына ең бірінші тоқтауға тура келеді.Мұның өзі материализм ба,ытындағы негізгі кемшілікті-табиғатты материалистік тұрғыдан түсінгенмен, қоғам өміріне келгенде идеалистік жолдан шыға алмауын жойып, дүниеге деген толыққанды материалистік көзұарасты тудырды.Әңгіменің мәні мынада: қоғам өмірін талдауда ойшылдар қоғам өмірін талдауда ойшылдар қоғам өмірінің іргетасты ерекшелігінің шеңберінен шыға алмады, ол адам ойының оның жасайтын іс әрекетінің алдында әрқашанда жүріп отыруы. Яғни ең алдымен идеалдық жоспар жасалынады да содан кейн ғана ол іске асады.

49.3.Фрейд психоанализі. 3. Фрейдтің «Мәдениетке қанағаттанбау», «Мен және Ол» еңбектері.

З.Фрейд-австралялық физио-психолог. Ол философияда психоанализ ілімінің негізін салды. З.сананы мүлде жоққа шығармайды.Сананың көмегімен әрбір жеке адам өзін қоршаған айналаны түсінеді, өзінің мен екенін пайымдайды.Сондай ақ ол тағы да екі түрлі сананы мойындайды;бірі-«шектен тыс мен», екіншісі- «ол».

Адамды құртатын нарселер:

  1. Адам тұрпаты

  2. Жастық шағында, гүлденген ауқытында ұрынуы

  3. Өзі тілеп алады

  4. Ешкіммен араласпау

Бұларды жеңу үшін музыка, дін, бимен айналысу керек. Бірақ мұның бәрі алдамшы (сурагат).

50.Қоғамдық сана деңгейлері. Теориялық және қарапайым сана. Қоғамдық психология мен идеология.

Қоғамдық сана - қоғамның рухани өмірінің, адам ойында шындықтың бейнеленуінің барлық түрлерін қамтитын философиялық категория; әртүрлі әлеуметтік қауымдастықтардың өмір сүруі процесінде пайда болатын адамдардың әлемге және өздеріне деген қатынастарының рухани тәсілдерінің жүйесі. Оған қоғамдық идеялар, теориялар, саяси, құқықтық,  адамгершілікэстетикафилософия және  діни қозғалыстарғылыми білімдер, т.б. жатады. Қоғамдық сана әлеуметтік сезімдер мен көңіл күйлерді, әдет-ғұрыптар мен мінез- құлықтарды, қалыптасқан дәстүрлерді, үлттар мен халықтардың психикалық кейіп ерекшеліктерін де қамтиды. Қоғамдық сана қоғамдық болмыстан туып, соның бейнесі мен туындысы болып табылады. Сана болмыстың бейнесі болғандықтан, қоғамдық болмыс өзгергеннен кейін сана да өзгереді. Бірақ қоғам мүшелерінің санасы белгілі бір мерзімге дейін өзгерген болмысқа сәйкес келмеуі, яғни артта қалуы мүмкін. Қоғамдық сана болмысты бейнелеп қана қоймайды, ол бейнеленген нысанды қозғайды, оны өзгертіп, дамытады. Оның күрделі ішкі құрылымдарының деңгейі мен түрлерін ашып көрсетуге болады. Қоғамдық сананың деңгейлеріне тікелей бүқараның, жекелеген әлеуметтік топтар өмірінің күнделікті жағдайларынан туатын қарапайым, эмпирикалық сана және қоғамдық топтардың түпкілікті мүдделерінің рухани көрінісі ретінде ғылыми-теориялық сана жатады. Қоғамдық сананың түрлері объективтік дүние мен қоғамдық болмыстың адам санасында бейнеленуін көрсетіп, адамның тәжірибелік іс-әрекеттерінен байқалып, қоғамның рухани мәдениетінің қүрамдас бөлігіне айналады. Қоғамдық сананың тарихи қалыптасқан түрлері: саясат, құқық, философия, мораль, өнер қоғамдық болмысты бейнелей отырып, оған белсенді түрде ықпал етеді. Оның әрқайсысының өз нысанасы мен бейнелеу тәсілінің болуына қарамастан, болмыс пен адам санасына өзіндік әсерін тигізіп, идеялық-саяси күресте ерекше рөл атқаруымен сипатталады.

қоғамдық таптар - ортақ мүдделері және құқылықтары бар әлеуметтік тұрақты (салыстырмалы) топтар (мысалы, шаруалар, жұмысшы табы, буржуазия, орта тап және т.б.). Таптар мен тап күресі тұжырымдамасы XIX ғ. Еуропада кеңінен таралды (К. А. Сен Симон, О. Тьерри, Ф. Гизо және т.б.). К.Маркс пен Ф.Энгельс таптардың болуын қандай да бір өндірістік әдістермен байланыстырды, таптар күресін тарихтың қозғаушы күші ретінде санады және пролетариата буржуазияны күшпен төңкеріп тастау және тапсыз қоғам құру тапсырмасын жүктеді. Әлеуметтануда қоғамды тапқа және әлеуметтік топтарға (жастық, экономикалық, кәсіби, құқықтар мен міндетгер жүйесі, әлеуметтік мәртебе) бөлу орын алған. Қазіргі қоғамда қоғамдық еңбек бөлінісі, жекеменшік қатынастары, басқа да факторларға сай әлеуметтік жіктелу және ықпалдасу проңесіне орай араларында әріптестік, бәсекелестік немесе қақтығыс туындайтын, дегенмен, демократиялық принциптер негізінде реттелетін әртүрлі жіктер мен топтар қалыптасады.

Әлеуметтік немесе қоғамдық психология (гр. psyche — жан және logos — сөз, түсінік, ілім) — әлеуметтік топтарға қосылуымен байланысты адамдардың қызметі мен пәнінің заңдылықтарын, сонымен қоса ол топтардың өздерінің рухани ерекшеліктерін зерттейтін жантану ғылымдарының саласы. Әлеуметтік психология отбасының, ұжымның, таптың, ұлттың, тағы да басқа адамдардың тұрған жеріне, кәсібіне, қоғамдағы алатын орнына қарай жіктелетін топтарыныңпсихологиясын зерттейді. Әлеуметтік психология қоғамда болып жатқан саяси-әлеуметтік құбылыстардың сырын түсінуге, олардан қорытынды шығарып, қоғамның даму бағытын айқындауға, ірі топтарды және тұтас қоғамды басқаруға, бағыттарды, шараларды айқындай отырып, оны стратегиялы дұрыс жолға салып отыруға көмектеседі. Сондықтан ғалымдар бұл ғылымның болашағы зор, XXI ғасырда жетекші орындарға шығады деп есептейді. Әлеуметтік психологияның негізгі бөлімдеріне мыналар жатады:

  • әлеуметтік топтардың психологиялық мінездемесі;

  • тұлға психологиясы;

  • ақпарат алмасу заңдылықтары және бірлескен қызмет үстіндегі адамдардың өзара әрекеттесуі;

  • түрлі қауымдастықтарда қалыптасатын тұлғааралық өзара қатынастар.

Әлеуметтік психология өзге ғылымдармен социологиямен,педагогикамен,философиямен, саясаттанумен, мәдениеттанумен тығыз байланыста болады. Социология қоғамның, топтың және жеке адамның құндылықтары мен нормаларының сипатын қарастырса, әлеуметтік психология сол адамдар өмір сүретін микро және макроортаның әсерін ескере отырып, олардың қалыптасуының нақты механизмдерін және тұлғаның дара ерекшеліктерін зерттейді. Егер социология тұлғаның әлеуметтік белсенділігінің түпкілікті қайнарларын ашатын болса, онда әлеуметтік психология олардың пайда болу жолдары мен заңдылықтарын қарастырады, белсенділікті мейлінше толық іске асырудың жағдайларын жасауға көмектеседі. Социология түрлі адамдар топтары мен қауымдастықтарының ішіндегі тұлғааралық байланыстардың әлеуметтік мәнін ашады. Ал әлеуметтік психологияны жеке адамның немесе жеке топтың қызметінен ол мәннің калай және қандай формаларда көрініс беруі, тұлғалық сапалықтардың қалыптасуына қалай әсер ететіні қызықтырады.

Әлеуметтік психологияның философия құрамында ұзаққа созылған даму тарихы бар; Батыста XVIII ғасырдағы ағартушылық кезеңде оған көбірек көңіл бөліне бастады.

XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында әлеуметтік психология жеке ғылым саласы ретінде орнықты. XX ғасырдың 20-жылдарынан бастап әлеуметтік психологияАҚШ, Англия,Германия,Франция,  Жапония сияқты дамыған елдердегі психология ғылымының жетекші бағытына айналды. Әлеуметтік психология бұрынғы Кеңес Одағында да көп көңіл бөлінген. Кеңес билігі тұсында бұл ғылым жетекші салаға айналды. Кеңестік әлеуметтік психологтардың зерттеулерінде тұлға және ұжым мәселелері Батыстағыдай топ динамикасы заңдылықтарынан өзгеше бағдарда алынып, ерекше теориялық құрылғыда қарастырылды. Ұлттардың және өзге ірі әлеуметтік топтардың психологиясы зерттелді. Олардың арасында Қазақстандық ғалымдардың да үлесі болды. Ғылым саласы ретіндегі әлеуметтік психологияның зерттеу объектісіне мыналар жатады:

  • адамдар арасындағы ақпарат алмасу және өзара әрекеттесу заңдылықтары, атап айтқанда, қоғамдық және тұлғааралық қатынастар құрылымындағы жүздесудің рөлі, оның құрылымы, атқаратын қызметі, жүздесу үдерісінде әсер ету амалдары;

  • таптар мен ұлттар сияқты ірі және еңбек ұжымы мен отбасы сияқты шағын әлеуметтік топтардың психологиялық мінездемелері, бұған қоса ұжымшылдық, басқару және жетекшілік, топ болып шешім қабылдау, топ қызметінің тиімділігі сияқты үдерістерді зерттеу;

  • тұлғаның әлеуметтік психологиясы, оның коммуникативтік сапалықтарына талдау жасау, әлеуметтену мәселелері, әлеуметтік мақсаттардың қалыптасуы және ауысуы, т.б.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]