Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
fya_durysy.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
530.56 Кб
Скачать

46.Көшпелі өмір салты, болмысы, дәстүрі қазақтардың рухани шығармашылығында, халық ауыз әдебиетінде, өнерінде, көркемдік ойлауында бейнеленуі. Қазақтың ментальдық табиғаты.

Қазақ халқының дәстүрлі мәдениетінің діңгегі, ұлттың тарихи өзіндік санасының өзегі- көшпенділік құбылысы- философия мен ғылыми әдіснамадағы басы ашылмаған «ақтаңдақтардың» бірі. Күні кешеге дейін әлеуметтік болмысты талдаудың жалғыз лайықты тәсілдері деп есептеліп келген әмбебап еуроорталықтық әдістер көшпенділік өркениетті назардан тыс қалдырды, «әдіснамалық нәсілшілдіктің» салдарынан оны зерттеу аймағынан алып тастады. Тек соңғы ХХ ғасыр бойы еуропалық рационалистік дүниетанымның тығырыққа ке- луі барысында, сондай-ақ шығыс халықтарының «мәдени импе- риализммен» күресі барысында ғана «эндогендік дамудың» өрке- ниеттік түбірлері зерттеу жұмыстарының тақырыптарына айнал- дыДүниедегі кез-келген халықты бір-бірінен ерекшелендіріп тұратын оның мәдениеті мен салт-дәстүрі, тілі екендігі баршаға аян. Ал мәдениет пен салт-дәстүрдің қалыптасуына діннің шешуші рөл атқаратынын кешегі атеистік қоғамнан шыққан біздер оншалықты мойындай бермейміз. Алайда, діннің халықтың мәдени, рухани болмысы мен әдет-ғұрып, салт-дәстүрін қалыптастыратын негізгі қайнары екендігін өзге халықтар әлдеқашан мойындаған. Ұлттық дүниетанымдағы алғашқы көзқарастар миф, аңыз, ертегі, мақал-мәтелдерінде ерекше орын алған. Алғашқы дүниетанымдық көзқарастар адамның күнделікті өмір тіршілігімен тығыз байланысты болған. Күнделікті өмір тәржибесі адамзат дүниетанымының қалыптасуындағы басты фактор болып табылған. Адамдар өз тіршілігіне байланысты түсініктер қалыптастырған. Тағдырды-тағдыр ететін адам демекші адамға байланысты көптеген көзқарастар қалыптастырған. Жалпы ұлттық дүниетаным сол ұлттың бойына сіңген даналық рухында және ұрпақтан-ұрпаққа ұласқан ұлы бабаларымыздың дүниетанымында. Ұлттық дүниетаным арқылы біз сол ұлттың мәдениетін, сол ұлтқа тән құндылықтарды біле аламыз. Қазақ халқы басқа халықтарға қарағанда ерекшеленетін ұлттық өзгешеліктеріміз өте көп.

47.Астрономиядағы н. Коперниктің ғылыми және дуниетанымдық эволюциясының маңызы.

Поляк ғалымы Н.Коперник (1473-1543) астрономия ғылымына өзінің түбегейлі өзгерісін енгізді. Негізгі еңбегі «Аспан аймақтырының айналуы жөнінде». Бұл еңбектегі негізгі идея-Жер ғарыштың ортасы емес, ол біріншіден, өзінің діңгегінен айналады, екіншіден күнді айналады;Күн-дүниенің ортасында тұрған шамшырақ. Бұл жаңа болжам күн мен түннің ауысуын, планеталардың орбиталарын жете түсінуге мүмкіндік берді.Н.Коперник айдың жерді айналатыны жөнінде де ең алғаш болжам жасады. Сонымен қатар Н.Коперник бұрынғы аристотельдік-птолемейлік жүйенің кейбір қағидаларын қалдырды. Ол алыстағы қозғалмайтын жұлдыздарды бұл Дүниенің шеті деп түсіну және жер мен басқа планеталардың орбиталарының бәрі де дөңгелек, ал қозғалыстары біртекті деген пікірлер. Бірақ мұндай кемшіліктеріне қарамастан, Н.Коперниктің ашқан жаңалығы діни көзқарасқа үлкен соққы жасап, Жаңа дәуірдегі ғылымға аттанатын жол ашты.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]