Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
fya_durysy.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
530.56 Кб
Скачать

39.Софистика, эклектика, догматизм, релятивизм, метафизика диалектикаға кереғар баламалары.

Экзистенциализм (лат. eksіstentіa – өмір сүру) – адам өмірінің мәні, оның тұлғалық болмысы жайлы батыс философиясындағы иррационалистік бағытАдамның өзіндікМенін тануыөмір мен өлімнің мәні, еркіндіктің мағынасы, адамгершілікрахымдылықсұлулықәділеттілік пен ақиқат, адамның дүниеге келудегі мақсаты, қоғамдағы орны сияқты көптеген филос. мәселелердің шешімін табуға итермелейді. Экзистенциализмның негізгі өкілдері: М.Хайдаггер, К.Ясперс, Н.А. Бердияев, Ж.П. Сартр, Г.Марсель, А.Камю, сондай-ақ олардың идеялық қолдаушылары: Августин, Ф.Шеллинг, С.Кьеркогор, А.Шопенгауэр, Ф.М. Достаевский, Ф.Ницше. 

Софистика(қайталау) дегеніміз – бастапқы теорияны сақтап қалу үшін логика ережелерін субъективті түрде пайдалануды мүмкін етіп қарайтын аргументтердің көп түрінің жиынтығы. Бастапқы деп алынатын теория ақиқат деп қаралады және сынауға, қайта қарауға тиым салынған болады. Софистика әдісі көздегенге жету үшін, соны дәлелдеу үшін семантикалық және логикалық ережелерді пайдаланады.Софистер (гр. sophists-өнерпаз, дана)-«даналықтың,» «шешендіктің» кәсіби ұстаздары ретінде саналған ежелгі грек философтарын осылай атаған. Олардың халықты риторикаға, философияға үйретудегі атқарған еңбектері зор. Діннен бас тарту, табиғат құбылыстарын ұтымды түсіндіру, этикалық және әлеуметтік релятивизм-олардың ортақ көзқарасы болып табылады. Софистер екі топқа бөлінді: «Аға софистер»-табиғатты материалистік тұрғыда түсіндірді. Бұл топтың өкілдері-Протагор, Гиппий, Продик, Антифондар-алғашқы ағартушылар. Екінші тобы- «Кіші софистер» (ақсүйектер тобы)-Гипподам, Критий-философиялық идеализмге ден қойғандар. Софистер дау–дау кезіндегі кейіпке байланысты пайда болған «Софистика» деген әдісті қолданды. Софистика – дауласу немесе дәлелдеу кезінде қисынсыз пікірлерді, софизмдерді, яғни сырттай ғана дұрыс болып көрінетін айлаларды саналы түрде қолдану. Сондықтанда Аристотель оларды «жалған даналық» ұстаздары деп атады.Эклектика сенікі де оныкы да дұрыс дегенді білдіреді

Метафизика терминін алғаш қолданған Аристотель. Сөзбе-сөз алғанда ол “физикадан кейін келетін” деген мағына береді. Аристотель оны “алғашқы философия” деп атады; ол барлық ғылымдар үшін міндетті нәрселердің өзгермейтін және сезім мүшелерімен емес, оймен ғана пайымдауға болатын ең жоғарғы бастамаларын зерттейді. Ортағасырлық философияда метафизика теологияның философиялық дәлелдемесі ретінде қызмет етті. Метафизика диалектикаға қарсы. Дүние тұрақтылықта болады дейді. Ал диалектика дүние үнемі қозғалыста дейді.Догматизмкөне грекше: δόγμα - пікір, ой ] - тексерусіз, зертгеусіз соқыр сенімге ғана сүйенген, дәлелденбеген қағида негізінде теориялық және саяси мәселелерді зерттеп шешуде нақтылы жағдайларды ескермейтін абстрактілік ойлау әдісі.

40.М. Фарадей мен Дж. Максвеллдің электромагниттік теориясы

1831 жылы, Максвелл дүниеге келген жылы, М. Фарадей электромагниттік индукцияның ашылуына әкелген классикалық тәжірибелер жасаумен айналысты. Электр және магниттік құбылыстардың табиғатына қатысты екі көзқарас болған кезеңнен шамамен 20 жыл өткен соң Максвелл электр және магнетизмді зерттеуге кірісті. А.М. Ампер және Ф. Нейман сынды ғалымдар электромагниттік күштерді екі массаның арасындағы гравитациялық тартылысқа ұқсас деп қарастырып, алшақ әсер ету концепциясын ұстанды. Фарадей болса, оң және теріс электр зарядтарын немесе магниттік солтүстік және оңтүстік полюстерін байланыстыратын күш сызықтары жөніндегі ойды ұстанды. Күш сызықтары барлық қоршаған кеңістікті (өріс, Фарадей терминологиясы бойынша) толтырады да магниттік және электрлік өзара әсерлесуді туындатады. Фарадейге сүйеніп Максвелл күш сызықтарының гидродинамикалық үлгісін құрастырды және Фарадейдің механикалық үлгілеріне сәйкес келетін электродинамиканың сол кезде белгілі болған қатынастарын математикалық тілде өрнектеді. Осы зерттеудің негізгі қорытындылары «Фарадейдің күш сызықтары» атты жұмысында бейнеленген.

1860-1865 жылдары Максвелл электромагниттік құбылыстардың негізгі заңдылықтарын сипаттайтын теңдеулер (Максвелл теңдеулері) жүйесі ретінде құрастырған электромагниттік өріс теориясын жасады: 1-ші теңдеу Фарадейдің электро-магниттік индукциясын білдірді; 2-шісі – ығысу тогы түсінігі негізінде Максвеллдің өзі ашқан, магнитоэлектрлік индукцияны білдірді; 3-шісі – электр мөлшерінің сақталу заңы; 4-шісі – магниттік өрістің құйындық қасиеті. Осы ойларды дамыта отырып, Максвелл мынадай қорытындыға келді: магнит және электр өрістерінің кез келген өзгерістері қоршаған кеңістікті сүзіп өтетін күш сызықтарының өзгеруін туындатуы керек, яғни ортада таралатын импульстар (немесе толқындар) болу керек. Осы толқындардың таралу жылдамдығы ортаның магниттік және диэлектриктік өтімділігіне тәуелді болып, электромагниттік бірліктің электростатикалық бірлікке қатынасымен анықталады. Максвелл мен басқа да зерттеушілердің деректері бойынша бұл қатынас 3,4·1010 см/с шамасын құрайды, әрі ол бұдан жеті жыл бұрын француз физигі А. Физо өлшеген жарық жылдамдығы шамасына жуық болды.

1861 жылдың қазан айында Максвелл Фарадейге өзінің ашқан жаңалығын мәлімдеді: жарық – ол өткізбейтін ортада таралатын электромагниттік қозу, яғни электромагниттік толқындардың бір түрі. Зерттеулердің бұл соңғы сатысы Максвеллдің «Электромагниттік өрістің динамикалық теориясы» атты жұмысында баяндалған, ал оның электродинамика бойынша жасаған жұмыстарын әйгілі «Электр және магнетизм жөніндегі трактат» шығармасында қорытындылады. Электромагниттік өріс теориясы және де одан туындайтын электромагниттік толқындардың болуы жөніндегі қорытындылар Максвеллдің өмір сүрген заманында ешқандай тәжірибелік дәлелдемелері жоқ жай ғана теориялық жағдайлар болып қалғандықтан, оны замандастары көбінде «ой ойыны» ретінде қабылдады. 1887 жылы неміс ғалымы Генрих Герц, Максвеллдің теориялық қорытындыларын толығымен дәлелдейтін тәжірибе жасады

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]