- •1.Ғалым этикасы және әлеуметтік жауапкершілік. Гендік және клеткалық инженерлік биотехнология. Клондау проблемаларын әлеуметтік- философиялық талдау.
- •2.Қоғамдық және жеке сана, олардың диалектикалық байланысы.
- •3.Тіл мен ойлаудың бірлігі. Ғылым мен техникада жасанды тілдің қалыптасуы.
- •4.Т. Гоббс. «Левиафан, немесе материя, түр және мемлекеттік шіркеу азаматтық билік».
- •5.XVIII ғасыр философиясы (ж. Ламетри, д. Дидро, к. Гельвеций, п. Гольбах, Дж. Беркли, г. Лейбниц).
- •6.Сезімдік таным және оның формалары
- •7.Моделдеу және эксперименті информацияны интеллектендіру өзегі ретінде
- •8.Дүниеге көзқарас және методология мәселелері.
- •9.Ф. Бэкон «Жаңа Органон» (Қүрылымы мен негізгі идеялары).
- •10.Руханияттық ұғым. Тарихи прогрессте материалдық және руханилық өндірістер байланысы. Идеалдық объекттерді құрастыру әдістері (идеалдау, формалдау т.Б.).
- •11.Классиктік және биклассиктік философия қайшылықтары. (и.Кант, г.Гегель, а.Шопенгауэр, ф.Ницше)
- •12.Мән және құбылыс категориялары
- •13.Мәдениет дамуындағы жалпы адамзаттық пен таптық, ұлттық пен интернационалдық. Қазақстан дәстүрлі мәдениетіндегі материалдық пен руханилық
- •14.Ойлау мен болмыс сайма-сайлығы - Гегель философиясының бастау нүктесі. Гегель диалектикасы. Оның жүйесі мен әдісі, олардың қайшылығы.
- •15.Механикалық детерминизм
- •16.Неотомизм философиясының негізгі белгілері
- •18.Идеология, оның қогамда атқаратын рөлі. Идеологияның күштілігі мен әлсіздігі.
- •19.Э. Резерфорд ұсынған атомның планетарлық моделі
- •20.Субстанция ұгымы. Монизм, дуализм, плюрализм.
- •21.Мәдениет және өркениет, олардың байланысы мен өзгешелігі. А. Тойнбидің көшпелі қоғам жөніндегі ілімін сынау
- •22.Г. Гегель «Философиялық ғылымдар энциклопедиясы». Т. 3 «Рух философиясы».
- •23.Сенім, күмән, білім, ғылым.
- •24.Менделеевтің қайталамалы (периодтық) жуйесі-элементтер дамуы туралы ілімнің аяқталу кезеңі. Элементтер жайлы ілімдердің алғашқы түрлері (флогистон теориясы, ятрохимия т.Б.).
- •25.Химия философиясы. Химия молекулдар физикасы ретінде. Химияның басқа ғылымдармен (физика, биология, геология, экология) және өндіріспен өзара тығыз байланысы мен әсері.
- •26.Жүсіп Баласағұн «Құтадғу билік».
- •27.Сана мен психикалық әрекет формалары (ес, ойлау, ырық, түс көру, эмоция).Сана және өзіндік сана. Сана құрылымы.
- •28.Ғылым, техника, технология
- •29.Дж. Локк «Адам ақылы туралы тәжірибе» еңбегінде сапа түрлерін арқылы бейнелеу. Іштен туған идея мен принциптер теориясына Локктың сыны
- •30.«Зар-Заман» дәуірінің өкілдері (Дулат, Шортанбай, Мурат). Олардың қоғамдық әрекетіне баға беру.
- •31.Математика мен философия. Интуициямен ойжүгіртудің математикада алатын орны. Математикада оймен жасалатын эксперимент.
- •32.Әлеуметтік философия. Әлеуметтік философиямен қоғамдық және гуманитарлық ғылымдардың өзара әсерлері.
- •33.Ұлттық идея. Оның тұрақтылығы мен идеологиядан өзгешелігі.
- •34.«Информациялық қоғам», оның белгілі сипаттары
- •35.Экзистенциализм философиясы, оның түрлері. Ж. П. Сартр «Экзистенциализм - гуманизм».
- •36.Герменевтика және структурализм - ғылыми зерттеу әдістері.
- •37.Алхимия – ортағасыр мәдениетінің жемісі, химия ғылымдарының пайда болуы мен дамуындағы оның алгы шарттылыгы
- •38.Мәдениеттің философиялық түсінігі. Рухани және материалдық мәдениет арақатынасы.
- •39.Софистика, эклектика, догматизм, релятивизм, метафизика диалектикаға кереғар баламалары.
- •40.М. Фарадей мен Дж. Максвеллдің электромагниттік теориясы
- •41.Әлеуметтік болжамның мәселелері және мәні, оның ғылыми әдістері (экстраполяция, тарихи аналогия, компьютерлік модельдер, болашақтың сценариясы, эксперттік бағалау).
- •42.Қазіргі кездегі ұлттық және діни қатынастар мәселесі. Толеранттық Қазақстан халқы Ассамблеясының саяси-әлеуметтіқ маңызы.
- •43.Жекеліқ, ерекшелік, жалпылық категориялары.
- •44.Проблема, гипотеза және теория - ғылым дамуының түрлері.
- •45.Ертедегі Шығыс философиясы. Ежелгі Үнді мен Қытай философиясындағы жалпылық және ерекшеліктер. Буддизм шындықтың төрт түрлі игіліктері туралы. Конфуций басқарудың үш негіздері жайлы
- •46.Көшпелі өмір салты, болмысы, дәстүрі қазақтардың рухани шығармашылығында, халық ауыз әдебиетінде, өнерінде, көркемдік ойлауында бейнеленуі. Қазақтың ментальдық табиғаты.
- •47.Астрономиядағы н. Коперниктің ғылыми және дуниетанымдық эволюциясының маңызы.
- •48.Қоғам құрылымы. Қоғам туралы маркстік ілім. Оған кереғар м. Вебер, п. Сорокин т.Б. Әлеуметтік страттар теориясы және әлеуметтіқ мобильдік ұғымы.
- •49.3.Фрейд психоанализі. 3. Фрейдтің «Мәдениетке қанағаттанбау», «Мен және Ол» еңбектері.
- •50.Қоғамдық сана деңгейлері. Теориялық және қарапайым сана. Қоғамдық психология мен идеология.
- •51.Ертедегі Греция – ғылыми идеялар болған орны ретінде
- •52.Дж. Берклидің субъективтік идеализмі. Д. Юмның скептицизмі.
- •53.Мазмұн және түр категориялары. Олардың ғылыми және көркем шығармашылықтағы методологиялық маңызы.
- •54.«Адам», «техника» жүйелерінің методологиялық және әлеуметтік аспектілері
- •55.Қайта өрлеу дәуірі философиясы. Негізгі бағыттары мен өкілдері.
- •56.Философиядағы болмыс мәселелері. Болмыс категориясы. Болмыстың негізгі формалары (табиғат, адам, рухани, әлеуметтік, психологиялық болмыс).
- •57.Экологиялық жағдайлардың аспектілері (урбоэкология, халық өсімінің шегі, тұрақтылы даму).
- •58.Сананың пайда болуы мен мәні.
- •59.Жаратылыстанудың философиялық проблемалары (ф. Энгельстің «Табигат диалектикасы» мен в.И. Ленинің «Материализм және эмпириокритицизм» еңбектерінде қарастырылуы.
- •60.Биосфераның пайда болуы. Ноосфера - биосфера дамуындағы ең жоғарғы сатысы ( Вернадский)
- •61.Н.Ә. Назарбаев «Қазақстандық жол» (Тәуелсіз. Қазақстанның қалыптасуындағы негізгі идеялар). Тәуелсіздік философиясы.
- •62.Анализ және синтез, индукция мен дедукция, абстрактілік пен нақтылықтардың диалектикасы.
- •63.Қазіргі мәдениеттің экологиялық талаптары. Адам - қоғам - табиғат және олардың өзара байланысы.
- •64. И.Кант «Таза ақылға сын» (Құрылымы және негізгі идеялары).И. Канттың априоризмі және агностицизмі.
- •65.Техникалық оптимизм және техникалық пессимизм: техника апологиясы және оған сын.
- •66.Адам калыптасуындағы элеуметтік ортаның рөлі. Қоғам дамуындағы тарихи қажеттілік пен адам бостандығы диалектикасы (э. Фромм «Бостандықтан қашу»)
- •67.Демокрит пен Эпикурдың атомизмі. Араб ойшылдары әлемнің ең кіші бөлшектері туралы ш. Қудайбердиевтін «Үш анық» еңбегінен.
- •68.Диалектика - әдіс және ғылым. Объективтік және субъективтік диалектика.
- •69.Информатикада шындық проблемасы. Интернет глобальдық (жаһандық) ми метафорасы ретінде және оның философиялық маңызы.
- •70.М.В. Ломоносов - көрнекті орыс ғалымы, жаратылыстанушысы. Оның 1748 жылғы 5 маусымдағы л. Эйлерге хаты.
- •71.Аналогия және оның ғылыми танымдағы рөлі. Аналогия және модель.
- •72.Логикалық позитивизм – о. Конт ілімнің амалсыз эволюциясы
- •73.Классиктік термодинамика мен эволюциалық биология арасындағы қайшылықтар және өздігінен қалыптасу концепциясы. Ч. Дарвин ілімі мен креационизм.
- •74.Сөйлеу және жазу, олардың пайда болуының мәселелері.
- •75.Даму және прогресс. Прогресс пен регресс. Әлем тарихының бірлігі мен қөптүрлілігі. Энтропия ұғымы
- •76.Ш. Уәлиханов «Қырғыздарда шамандықтың іздері», «Дала мусылмандығы туралы», «Сот реформасы туралы жазбалар».
- •77.Нақтылық және мүмкіндіқ, қажеттілік және кездейсоқтық.
- •78.Техника деген не? Техниканың тарихы мен философиясы. Техникалық білімді гуманизациялау және гуманитаризациялау. Қазіргі техногендік өркениеттің болашағы мен шегі.
- •79.Платон «Мемлекет». Құрылуы және негізгі идеялары.
- •80.Болмыстың құрылымдық байланысы. Бүтін және бөлшек. Себеп және салдар.
- •81.Норберт Винер және оның ізбасарлары ашқан кибернетика ғылымы.
- •82.Дүниеге көзқарас ұғымы. Оның тарихи типтері: миф, дін, философия.
- •83.Р. Декарт «Әдіс туралы ой толғау». Оның танымдағы рационалдық әдісінің төрт ережесі.
- •84.К. Маркс Гегельдің «Философия тарихы» және «Тарих философиясы» жайлы лекциялары туралы.
- •85.Шығыстық орта ғасыр ғылымы. Математика ілімі, алгебра, медицина, логика т.Б. Дамуы (әл Кинди, әл Фараби, әл Хорезми, ибн Сина).
- •86.Компьютерлерді интеллектендіру принципі.
- •87.«Нұрлы жол – болашаққа бастар жол». Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауы. «Егемен Қазақстан». 2014, 12 қараша
- •88.Информациялық қауыпсыздық концепциясы
- •89.И. Ньютон мен а. Эйнштейн ілімінде кеңістік және уакыт проблемасы. Материя, қозғалыс, кеңістік және уақыт бірлігі.
- •90.Философиядағы әдіс мәселесі. Ғылыми танымның әдістері мен формалары.Танымның эмпирикалық және теориялық деңгейі
- •91.Геологияның ғылымдарды генетикалық жіктеудегі алатын орны. Геологиядағы актуализм принципі.
- •92.Адамдағы биологиялық пен әлеуметтік. Антропосоциогенез ұғымы
- •93.Ш. Кудайбердиев.«Үш анық».
- •94.XVII - XIX ғ.Ғ. Орыс философиясы, оның өмірмен байланысы. (а.Н. Радищев т.Б.).
- •19 Ғ. Басты бағыттары:
- •95.Информатиканың қалыптасу тарихы.
- •97.Кездейсоқтық және компьютерлер.
- •98.Материя - философиялық категория ретінде. (в.И. Лениннің «Материализм және эмпириокритицизм» кітабы бойынша). Қазіргі ғылым материя құрылымы мен қасиеттері туралы.
- •100.Дж. Бруно, б. Спиноза пантеизмі.
- •101.Ғылымдар жүйесіндегі физиканың орны. Физика — атомдар механикасы ретінде.
- •102.Жүйе ұғымы, Жүйелік принциптер. Жүйе - адам ойының жемісі (л.Фон Берталанфи).
- •103.Д. Дидро «Табиғатты түсіндіруге байланыста ойлар».
- •104.Қоғамдық сананың формалары, олардың өзара байланысы және әлеуметтік кызметтері. Қоғамдық сана түрлерінде объекттік шындықтың бейнелену тәсілдері
- •105.В.И. Лениннің «Философиялық дәптерлері»: құрылымы және негізгі идеялары.
- •106.Моральдық сана, оның категориялары. Қазақтардың дүниетанымының өзіндік сипаты.
- •107.Инженерлік ойлаудың және инженерлік әрекеттің ерекшеліктері.
- •108.Сократ пен Платонның идеализмі
- •109.Математика - ғылым тілі. Философтар мен ғалымдардьң математикаға көзқарасы (и. Кант, к. Маркс, а. Эйнштейн, Дж. Беркли).
- •110.Өтпелі құбылыстың табиғаты. Қазақстанның өтпелі кезендегі ерекшеліктері мен қиындықтары. Қазақстанның әлемдегі дамыған 30 елдің кіру стратегиясы
- •111.Рационалдық таным және оның формалары. Танымдағы сезімдікпен рационалдықтың бірлігі.
- •112.Бөлшектермен өріс казіргі физикалық әлем суретінің абстракциясы.
- •113.Табиғат ұғымы. Табиғи орта. Биомасса мен техномасса.
- •114.Н.А. Бердяев «Орыс коммунизмінің бастау кезі мен мәні»
- •115.Ұғым - адамның әлеуметтік - тарихи танымының жемісі. Ұғым түрлері (интерпретация, конвергенция, дивергенция, конверсия).
- •116.Жалпы салыстырмалы теория тұрғысынан Птолемей және н. Коперник жүйелерінің эквиваленттік проблемалары.
- •117.Таным процессінің диалектикасы.
- •118.Л. Фейербах «Болашақ философиясының негізгі қағидалары».
- •119.Н.Г. Чернышевский «Философиядагы антропологиялық принцип», «Адам білімінің сипаты».
- •120.Математика - адамзат мәдениетінің феномені ретінде. Топтау мен абстракциялау математикалық теориялардыц даму әдістері ретінде. Математика модельдер жүйесі ретінде.
- •121.Ақпараттың адамзат тарихында рөлі. К.Э. Шеннонның теориясы
- •122.Ми мен психика. Сананың пайда болуы және мәні.
- •123.Түркілік көзқарас дәстүрі мен ерекшеліктері. Мифология және дін (Қорқыт - ата, әл Фараби, Асан Қайғы, Мухаммед Хайдар Дулати).
- •124.Химиядағы редукция және редукционизм. Материяның химиялық қозғалыс түрлері
- •125.Антика философиясының негізгі сипаттары (Фалес, Зенон, Сократ)
- •126.Әл Фарабидің философиялық көзқарастары. Оның «Игілікті қала басшысының қасиеттері туралы» еңбегі
- •127.Техниканың инженерлік және гуманитарлық философиясы (м. Хайдеггер, к. Ясперс)
- •128.И. Фихте мен ф. Шеллинг философиясы.
- •129.Қожа Ахмет Яссауидің «Диуани Хикмет» поэмасы.
- •130.Ғылыми ілімнің көп түрлі тұрпаттары. Ғылымдағы теориялық және эмпирикалық фундаменталдық пен қолданбалылық.
- •131.Махмуд Қашқари «Диуани Лұгат ат - Түрк»
- •132.Техногендік өркениеттің дамуындағы қазіргі тенденция мен қайшылықтары
- •133.XX ғ. Басында Қазақстандағы қоғамдық-саяси ойлар (м. Дулатов, а. Байтүрсынов, с. Торайғыров).
- •134.А. И. Герцен «Табиғатты ұғыну туралы хаттар». (Бірінші және екінші хат).
- •135.Корпускулды — толқынды дуализм — физиқадағы дағдарыстан шығудың мысалы ретінде (Де Броиль, э. Резерфорд)
- •136.Танымдағы тарихилық және логикалықтың арақатынасы.
- •137. «Қазақстанның жаңа тарихының» философиялық проблемалары
- •138.Философияның негізгі қызметтері: методологиялық, көзқарастық, әлеуметтік, гуманистік, сыншылдық, болжаушылық, әдістемелік.
- •139. А.Эйнштейннің жалпы және арнаулы катыстық теориясы
- •140.Философия мен жеке ғылымдардың (табиғаттың, қоғамдық, техникалық) өзара байланысы.
- •141.Қазақ ағартушылығының қалыптасуы-қоғам өмірінің демократиялық бағыты (ш. Уәлиханов, ы. Алтынсарин).
- •142.Қоғам дамуындағы күш көрсету мен зорламау мәселесі. Геополитика идеялары. Терроризмнің (ланкестіктің) мәні мен әлеуметтік себептері. (а. Камю «Дүмпитін адам»).
- •143.Феодалдық қоғам философиясы. Универсалдар туралы тартыстар. Фома Аквинский, Уильям Оккам.
- •144.Эстетикалық сана, оның өлшемдері. Дизайнерлік қызмет. Қазақ халқының эстетикасы.
- •145.Эксперименттік әдістің шығу бастамасы және табиғатты математикалық бейнелеу (г. Галилей, ф. Бэкон, р. Декарт).
- •146.Аристотель. «Саясат». Платонды сынау. Аристотель формальдық логиканың уш заңы туралы.
- •147.Ақиқат - таным мақсаты. Ақиқаттың турлі анықтамалары (корреспонденттік, когеренттік теориялар). Ақиқат, адасу, өтірік. Ақиқаттың нақтылыгы.
- •148.Экологияның философиялық проблемалары, олардың жаһаңдық сипаты. Қазіргі экологиялық жағдайдың футурологиялық аспектілері
36.Герменевтика және структурализм - ғылыми зерттеу әдістері.
Герменевтика (грек. Hermeneutikos - мағына беру) - Көне грек мифологиясындағы Гермес адамдарға құдайдың қалауын жеткізуші, құдайға адамдар мұқтажын жеткізуші құдай ретінде белгілі.
Герменевтика терминінің әр түрлі мағынасы бар. Ол мәтіндерді ұғындыру, түсндіру өнері, аудару өнері, түсіну теориясы.
Герменевтиканың негізгі сұрағы: Түсіну қалай мүмкін?
Герменевтиканың зерттеу нысанасы (пәні) – мәтін (текст)
Герменевтиканың негізгі ұғымдары: мәтін, түсіну, диалог;
“Герменевтикалық үш бұрыш”- мәтіннің авторымен, мәтінмен, және оқырман арасындағы өзара қатынас;
“Герменевтикалық шеңбер”- таным процесінің оралымдық(цикл) сипаты.
Ертеде діни, тарихи, көркем шығармаларды түсіну, түсіндіру оңайға түспеген. Орта ғасырда теолог-схолостар қасиетті кітаптардағы ( Ескі Өсиет, Жаңа Өсиет. Інжіл (Библия)) діни идеяларды түсіндірумен айналысқан. Герменевтиканың қалыптасуына үлкен үлес қосқан Ф. Шлеиермахер. Ол мәтіндерді ұғындырудың –грамматикалық және психологиялық екі әдісін атайды. Бірінші әдісі арқылы “тілдің рухы”, екіншісінің көмегімен- “автордың рухы ” ашылады. Мәтінді түсіндіру автормен оқырманның арасы жақын болғанда нәтижелі болады. Егер автор оқырманнан алыс болған жағдайда, мәтіннің мазмұны ешқашанда оқылмайды.
Түсіну, ұғыну екі жолмен іске асады: дивинация- шығарма авторының жанына бойлап ену, сезіну, не айтқысы келгенін аңғару:; салыстыру- мәтіннің жасырын мағынасын ашу.
Ғалымдар тарихи деректерге герменевтика әдісін қолданғанда бірнеше факторларды есепке алуы керек. Автор тарихи құжаттың мәтінін жасағанда оның мәдени ортасы, білімі, әлеуметтік жағдайы т.б. факторлар әсер етеді. Сол заманда билік басында кім тұрса, оныңда автордың тарихи құжатына әсері тиуі мүмкін. Соғыс немесе саяси күрес кезінде автор екі оттың арасында қалады, яғни тарихи оқиғаны ештене қоспай жазып шығуға мүдделі және басына қауіп-қатер төнсе тарихи шындық өзгеріп кетуі мүмкін. Сондықтан, мәтіннің авторының ішкі дүниесіне терең бойлап, оның образына кіру қажет.
Герменевтикаға философиялық бағыт берген неміс ойшылы Гадамер. Негізгі идеяларын “Ақиқат және әдіс” атаулы еңбегінде мазмұндайды. Философияны Гадамер мәтінді түсінудің амалы деп біледі. Философия обьективті дүниемен айналыспайды, тіпті оны білмейді.
Герменевтикалық әдіс әртүрлі мәтіндерді, ескерткіштерді, мәдени өмірдегі оқиғаларды түсіндірумен шектелмейді, олардың мағынасын ашуға көмектеседі. Біздер, өз заманымыздың мәдениетін білеміз, түсінікті деп ойлаймыз. Шындығында, қазіргі мәдениет мыңдаған жылдардағы адамзат тарихының нәтижесі. Оның түп-тамыры көне тарихта, аңыздарда. Адам өмірінің барысында тәжірибе жинақтайды. Ол тәжірибенің көбі өткен ұрпақтардың еншісі. Өткен ұрпақтың тәжірибесін бүгінгіге, бүгіннен келешекке жеткізу кітаптар-мәтіндер, «тіл» арқылы іске асады. Болмыс – дейді Гадамер адамнан тәуелсіз субстанция – тіл. Адамдар тіл арқылы көмкерілген дүниемен, яғни тілге түсірілген дүниемен істес болады. Біздер тілдің «ішінде өмір сүреміз» және саналы өмірімізде одан бір минутқа шыға алмаймыз – дейді Гадамер.
Тілдің көмегімен заттарды атаймыз, онсыз зат жоқ . Осыдан, философияның лингвистикалық табиғаты диалог (сұхбат) арқылы ашылады.
Сұхбат адамдардың бір бірімен пікір алысуымен шектелмейді, ол мәтінмен интерпретатордың арасына «орналасқан».
Зертеуші, интерпретатор тарихи және әдеби мәтіндерге сұрақ қоя білуі керек, сонда ғана өткен мен бүгінгінің арасындағы сұхбат «сұрақ-жауап» формасында іске асады. Герменевтер сұхбатты әлеуметтік қатынастың тәжірибесі ретінде бағалайды. Структурализм, постструктурализм және постмодернизм – ХХ ғасырдың екінші жартысындағы философиялық бағыттар. Структурализм, постструктурализм, постмодернизм – ХХ ғасырдың екінші жартысында Батыс еуропада таралған жаңа философиялық. Осы философиялық бағыт философиялық білімнің мазмұнын пәнаралық тұрғыдан қарастырады. Философиялық зерттеудің обьектісі жаңа мағына іздегенде түсіндіруге тұрарлық көрінген мәтін. Мәтін (текст) деп информация алуға болатын, жасырын мағынасы бар көрінген белгілердің жүйесін айтады. Сондықтан осы бағыт зерттеудің дәстүрлі философиялық амалдарынан басқа гуманитарлық ( филология, тарих, саясаттану ) әдістерді қолданады. Осы бағыттың негізін қалаушы Фердинанда де Соссюр. Деконструкция ( лат. de... – бір нәрсені жоқ ету, алып тастау ) принципі. Деконструкция әдеби мәтіндерді зерттеудің ерекше методологиясы ретінде мәтіндердің ішкі қайшылығына, оқырман түгіл автордың өзіне белгісіз ( Деррида оны «ұйқыдағы» дейді)жасырын сырларын табуға талпынады.
Деконструктивизмді сыртынан қарасақ герменевтикалық дәстүрмен байланысты сияқты көрінуі мүмкін. Герменевтиканың мақсаты – мәтінді түсіну және оны түсінудің амалын беру болса, деконструктивизм түсіну факторына онша мән бермейді. Мәтіннің өзі (формасы жағынан, міндетті түрде мағынасы жағынан емес) мәтіндік формасы бар көрінген мазмұнға шешуші әсер етеді . Риторика заңдары, метафоралар көркем және ғылыми болсын, көрінген мәтінге әсер етеді. Осының негізінде «нарратив» (баяндау әңгімесі) концепциясы құрылады. Осы теория бойынша дүние «әдеби» дискурс формасында танылуы мүмкін. Жаратылыс тану ғылымдарының өкілдері, мысалы физиктер «ядролық бөлшектердің» тарихы туралы әңгімелейді. Осындай тарихты әңгіме арқылы жеткізу мәдениетке тәуелді, яғни трагедия немесе комедия формасында іске асырылады.
Классикалық структурализмге қарағанда пострктурализм түсіндірудің рационалистік схемасын сынайды. Классикалық структурализм өзінің міндетін бастапқы түсіндіру схемасын іздеумен айланысты. Ондай схемалар алғашқы қауымдық санада болған, бірақ біздерге өркениет жасырып жетпеген. Дегенменде, қазіргі мәдениет құбылыстарын түсіндіре алады. Классикалық структурализмнің нақты ғылымдарға бағышталған сциентистік сипаты байқалды. Поструктурализм, керісінше, адам және дәуір «мәжбүр» еткен түсіндіру схемасын қабылдамайды, өйткені олар бар жағдайда біреулер ойлап тапқан схемаға күшпен енгізуге талпынады. Постструктурализм ойдың еркін шарықтауын қалайды. Классикалық философия үшін қарапайым сана ағартушылық қызметтің аланы деп есептелсе, ал жаңа ситуацияда қарапайым сана философиялық ізденістердің маңызды обьектісі.
Постструктурализмнің және деконструктивизмнің теориялық алғышартын қалыптастырушысы француз философы және әдебиетшісі Жак Деррида. Оның философиялық жұмыстарының негізі («грамматология») құрылымсыздық идеясы, ал интерпретация деп сөзді ойнатуды айтады. Грамматология бойынша «жазулар» (мәтінді Деррида осылай атайды) ертедегі жазулардың жалғасы. Сондықтан, классикалық философия ойдың өмір сүруінің негізінен айырылып қалады. Осыны ескеріп, Деррида мәтінді дәстүрлі зерттеудің орнына, оның (мәтіннің) құрылымын деконструкциялап логикасын, рационализмін бұзуды ұсынады.
Француз философ Мишель Фуко тарихты зерттеуге көп мән береді. Тарих Фуконың пікірінше бір-бірімен байланысқан құбылыстардың тізбегі емес, керісінше әртүрлі және тұйықталған оқиғалардың кездейсоқ жиынтығы. Классикалық дәстүр тарихты үздіксіз процесс ретінде түсіндіреді. Фуко керісінше тарих өзімен тұйықталған әртүрлі эпистемалардың жиынтығы. Эпистемалардың арасында байланыс жоқ, олар бір-бірін кездейсоқ алмастырады. Эпистема – қарастырып отырған дәуірдің құрылымдық байланыстары, осы дәуірге тән іс-әрекет, ой. Эпистема – Фуконың «Сөздер мен заттар» , «Гуманитарлық білімнің археологиясы» атаулы еңбегінің негізгі ұғымы. Жаңа замандағы Еуропа мәдениетінен Фуко үш эпистеманы бөледі. Олар қайта өрлеу (16ғ.), классикалық рационализм (17-18ғ.) эпистемалары. «Сөздер» мен «заттар» арасындағы қатынас осы дәуірлердің ойлау ерекшелігіне ықпал жасайды.
Швейцар әдебиетшісі Ролан Барт деконструкциясының негізгі ұғымы – автордың өлімі. Егер герменевтикада мәтіннің авторы маңызды болса, деконструктурализмде мәтіннің өзі маңызды, ал авторды ескермеуге болады. Автордың мәтінге салған мағынасын деконструкивистер іздемейді, керісінше олар көп мағыналығына мән беріп ойдан қосып жалғастырады.
