Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
fya_durysy.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
530.56 Кб
Скачать

2.Қоғамдық және жеке сана, олардың диалектикалық байланысы.

Өзіндік сана дегеніміз - адамның өзін-өзі танып, білуінің деңгейі. Сана, өзіндік сана туралы айта отырып, қоғамдық сана ұғымын да анықтауымыз қажет. Өйткені‚ қоғамда олар бір-бірімен біте қайнасқан. Өзіндік сананың қалыптасып, дамып жетілуінде қоғамдық сананың да ықпалы өте зор. Қоғамдық сана дегеніміз - бұл адамдардың өзінің материалдық болмысы мен өмір сүру жағдайы туралы сезімдері мен көзқарастарының, дағдылары мен идеалдарының, ілімдері мен теорияларының күрделі жүйесі. Қоғамдық болмыс дегеніміз - қоғамдағы барлық материалдық қатынастардың жиынтығы. Қоғамдық болмыстың өзегі-экономикалық қатынастар. Соның негізінде және төңірегінде қоғамның басқа қатынастары өрбіп отырады. Қоғамдық болмысқа әлеуметтік-таптық, ұлттық, экологиялық, саяси, тұрмыстық қатынастар кіреді. Адам өмірінде бейсаналық та үлкен роль атқарады, оның реттеуші ролінсіз адам мүмкіндіктері әлдеқайда жеткіліксіз болар еді. Біз өзіміздің кейбір аса маңызды әрекеттерімізді түсінеміз, ол көптеген қосалқы әрекеттерімізді реттеу санадан тыс іске асып отырады. Бейсаналық, адамның мінез-құлқын реттей отырып, оны шығармашылық жаңа мәселелерді шешуге жетелеп отырады. Бейсаналықтың шындықты танудағы маңызын да естен шығармаған жөн. Адам өзінің өмірі бойында сыртқы әлемнен көп мөлшерде ақпарат алып отырады. Көптеген психологтардың айтуы бойынша, адам өзінің есіне, жадына енген нәрсенің ешқайсысын ұмытпайды. Кей жағдайда қажетті информацияны еске түсіре алмауымыздың негізгі себебі - жаңа ақпарат бұрынғыны көлеңкелеп, ығыстырып жіберуі. Ал ол күтпеген жағдайда адамның еркінен тыс көрініс беруі мүмкін. Адамның есінде ақпараттың сақталуы бейсаналық процесс болып табылады.

Сана адамның дүниені танушы және өзін-өзі танушы субъект ретінде қалыптасуының негізі, тірегі болып табылады.

3.Тіл мен ойлаудың бірлігі. Ғылым мен техникада жасанды тілдің қалыптасуы.

Ойлау үрдісін тілсіз көзге елестету өте қиын шаруа. Егер ми сананың физиологиялық негізі болатын болса, тілді шынайы ойдың материясы ретінде түсінуге болады. Айтылған сөз дыбыс толқындары материалдық құбылыс екені ешкімнің дауын тудырмайтын жәйт. Тіл дегеніміз ойды адами қатынастарды қамтитын белгілі бір белгі жүйесі.Тіл ойдың сыртқы материалдық қабығы, соның арқасында адамдар бір біріне неше түрлі ақпараттарды, өз ойларын жеткізе алады. Сонымен қатар адамның өзіндік санасының өзі тілмен берілген, тілсіз ойлау тіпті мүмкін емес. Тіл мен сана күміс ақшаның оңы мен астары сияқты бір бірінсіз өмір сүре алмайды.

4.Т. Гоббс. «Левиафан, немесе материя, түр және мемлекеттік шіркеу азаматтық билік».

ГОББС (Hobbes) Томас (5 апреля 1588, Малмсбери – 4 декабря 1679, Хардуик) – английский философ-номиналист, материалист, теоретик общества и государства. Родился в семье сельского священника. Окончил Оксфордский университет (1608). Бакалавр искусств. Работал воспитателем в аристократическом семействе У.Кавендиша.

Т.Гоббстың ойынша, қоғамдық шартқа өту тілсіз іске аспас еді. «Тілсіз адамдарда мемлекет, қоғам, шарт, бейбітшілік те болмас еді»

Адамдардың мемлекеттік өтуінде олардың табиғатында бар заң үлкен рөл атқарады. Ол заң «өзіңе тілемеітінді басқаға да жасама». Оны біз моральдың «алтын ережесі»дейміз.

Т.Гоббс құқ пен заңның арасындағы айырмашылықты анық байқаған адам. Бір жағынан алғанда, мемлекетте заңдылық, тәртіп болуы керек. Екінші жағынан, заңдар мөлшерден шығып, барлық қоғамдағы қатынастарды ретке келтіруге тырысса, онда адамдардың белсенділігіне нұқсан келеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]