Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
fya_durysy.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
530.56 Кб
Скачать

31.Математика мен философия. Интуициямен ойжүгіртудің математикада алатын орны. Математикада оймен жасалатын эксперимент.

Математикаландыру. Эмпирикалық білімге теориялық мәртебе беретін жалпы ғылыми сипаттағы іргелі әдістердің бірі. Математикаландыру (грек. mathema - білім) – ғылым жүйесінде қалып-тасқан ғылыми білімдердің барлық салаларына математикалық әдістердің енуі. Математикалық тілдің пайдалану тиімділігі жалпы ғылыми сияқты жеке ғылыми міндеттерді шешуде танымның тұжырымдамалық әдістердің бірі ретінде математикалық аппараттың ерекше ролі туралы куәландырады. Бұл ретте математика тек басқа ғылымдарға ғана ұсынылмайды, формальды түрлендіру үшін құрал ретінде ұсынылады, бірақ арнайы ғылымдарда кең қолданысқа ие болады, оның пайдалануы нақты ғылымға абстракциялау және қорытындылаудың неғұрлым жоғары дәрежеге өтуін білдіреді.Математикаландыру әр түрлі көріністе әр түрлі ғылымдарда пайда болады, физика және математика арасында ерекше өзара қатынас түзіледі. Егер классикалық физикада бастапқыда сәйкес келетін математикалық аппарат кейінірек құрылымданатын тиісті процестердің теориясы пайда болса, онда қазіргі замандағы физика жаңа теорияға сәйкес математикалық аппаратты жасайды. Басқаша айтқанда, қазіргі замандағы теория абстрактілі математика-лық құрылымдарда физикалық мағынаны анықтайды. Математикалық әдістерді пайдалану теориялық биологияны жасауға мүмкіндік берді, химияны математикаландыру органикалық синтез мүмкіндіктерін маңызды арттырды, географияда математиканы қолдану оны табиғат туралы жетекші ғылымдардың топтарына жетеледі. Математикаландыру әлеуметтік-экономикалық және гуманитарлық бейіндегі (экономикалық математика, математикалық социо-логия және т.б.) ғылымдарда белсенді пайдаланылуда.

32.Әлеуметтік философия. Әлеуметтік философиямен қоғамдық және гуманитарлық ғылымдардың өзара әсерлері.

Әлеуметтік философия дегеніміз-қоғамдық дамудың жалпы заңдылықтарын түсіндіретін теория. Ол социологиямен тығыз байланысты. Егер әлеуметтік философия қоғам туралы білімдердің жоғары дәрежедегі жинақталуы немесе топтастырылуы десек, онда социология осы білімдердің орта дәрежедегі жинақталуы немесе топтастырылуы. Социология қоғамдағы жеке жүйелердің өмір сүріп, даму заңдылықтарын зерттейді. Мысалы, отбасы социологиясы, білім беру социологиясы, ғылым социологиясы.

Әлеуметтік философия мен социология бірін-бірі толықтырады. Ғылыми білімнің тарих, археология, этнография, саясаттану сияқты салаларымен біріге отырып, қоғамның толық сипатын бере алады. Дегенмен‚ қоғамды философиялық зерттеудің өзіндік ерекшеліктері бар. Өйткені, тарихты санасы бар адам жасайды. Сондықтан қоғамдық өмір әртүрлі, шым-шытырық, тіпті шатасылған, онда күтпегендік жиі болып тұрады. Ол әртүрлі көріністерге өте бай, оның көріністерінің терең қабаттарына бойлай отырып, ондағы заңдылықтарды анықтау оңай жұмыс емес. Қоғамдық болмысты тануға ең жетілген эксперименттік база көмектесе алмайды. Бұл жерде көптеген фактілерді жинақтап, талдап, түсіндіретін ақыл-ойдың ғаламат күші мен біліктілігі қажет. Әлеуметтік философияда әртүрлі ойлар мен теориялардың ақиқаттығын бірден тікелей дәлелдеу қиын, олардың дұрыс-бұрыстығына көз жеткізу үшін уақыт керек.

Қоғам туралы түсінік Қоғам дамуының маңызды заңдылықтары ХІХ-ХХ ғасырларда ғана алып ойшылдар Гегель, К.Маркс, П.Сорокин шығармашылығында ашылған. Қоғам дегеніміз-табиғаттан салыстырмалы тәуелсіз, рухани-материалдық жүйе, материя эволюциясының нәтижесі. Оның мәні адам іс-әрекетінің әртүрлі формаларымен байланысты. Ол адамдардың іс-әрекеттері мен өзара қарым-қатынастарының қисынынан туындайды.Қоғам - материя қозғалысының жоғарғы деңгейі. Оның қалыптасуының негізгі факторы еңбек болып табылады. Еңбек ете отырып, адам табиғаттан тыс, одан тіпті басқаша болмысты дүниеге келтірді. Осы жаңа болмыс, адамның еңбегімен жасалған болмыс қоғам - деп аталады. Қоғам өте күрделі құбылыс. Қоғамдық өмірдің әртүрлі көріністерінің иесі-адам. Ол-қоғамды, оның тарихын жасаушы, қоғамдық өмір кеңістігінің күре тамыры.