Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
fya_durysy.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
530.56 Кб
Скачать

29.Дж. Локк «Адам ақылы туралы тәжірибе» еңбегінде сапа түрлерін арқылы бейнелеу. Іштен туған идея мен принциптер теориясына Локктың сыны

Дж. Локк (1632-1704) XVII ғасырда Англияда болған саяси-әлеуметтік өзгерістер ғылым мен теника саласында да, сондай-ақ, ойлау процесінің дамуында да көптеген жаңалықтар әкелді. Бұл жаңалықтар, әсіресе, 1688 жылғы Англиядағы қала буржуазиясы мен ауылшаруашылық аристократиясының өзара ымыраға келуімен тығыз байланысты еді. Осындай ірі төңкерістер мен өзгерістерді басынан кешірген ұлы философ Локк өз қоғамындағы қайшылықтардың шиеленісе түскенін шығармаларында айқын көрсетіп берді. Оның «Адам ақыл-ойының тәжірибесі туралы» деген еңбегінде философия тарихында бірінші рет таным теориясының жүйеге келген негізі көрсетілді. Адамның ақылы, зердесі - зерттеудің негізгі нысаны. Сондықтан ақылдың мүмкіндігін, оның қабілетін зерттей отырып, оны қалай пайдалану керектігін білуіміз қажет. Білім қандай жолмен пайда болады? Ақыл білімге қалай келді? Локк осы мәселелерді шешуде жалаң рационалистік көзқарасқа сүйенген Декарттың дүниетанымын қатты сынға алды. Ол ең алдымен Декарттың білім «туа пайда болады» деген идеясын сынай отырып, сезімде жоқ нәрсе ақылда да болуы мүмкін емес деп, эмпирикалық таным әдісін ұсынады. Адамның жаны ақ қағаздай тап-таза, оған белгі түсіріп, жазу жазатын сыртқы дүние. Ал сыртқы дүние сезім мүшелеріміз арқылы бізге әсер етіп, білім береді. Білімнің негізі тәжірибеде жатыр. Мұндай көзқарас сонау Бэконның философиясынан басталатын белгілі бір эмпирикалық бағыттың сара жолы болатын.

30.«Зар-Заман» дәуірінің өкілдері (Дулат, Шортанбай, Мурат). Олардың қоғамдық әрекетіне баға беру.

Патшалық Ресейдің Қазақстан жеріне терең бойлау нәтижесінде қазақтың құнарлы жерлерін билеп, төстеп, қазақтарды шөлейт жерлерге ығыстырғанына қарсылық білдіріп, толғану болса, екінші жағынан, тауарлы ақша қатынасы күнделікті қазақ өміріне кеулеп кірген сайын, елдің дағдысы, дәстүрі бұзылып, жаңа, халыққа тұрпайы қатынастар орнай бастағанын уайымдап, күңіреніп елдің назарын соған аударып, санасын ояту болды. Өкілдері:Дулат Бабатайұлы, Шортанбай Қанайұлы, Мұрат Мөңкеұлы. Оларға дейінгі Бұқар жырау, Ақтамберді жырау және т.б.

Байқап қарасақ, олар елді кері тартпақ болған идеология өкілдері емес, қайта қазақ жерінің тағдырын ойлап, елге ұран тастап, А.И. Герценнің «Колокол»(Қоңырау) газеті сияқты халықтың санасын оятпақ болған зиялылылар екен. Олар екіжүзділік, арамдық сияқты құбылыстар өмір салтына айналуда деп қынжылды. Екіншісі – Абай, Ыбырай, Шоқан бастаған ағартушылық қозғалыс. Олар қазақ халқын оқуға, білімге, кәсіпкерлікке, еңбектенуге шақырды. Ескі зиян салттарды сынады. Сөйтіп, бұл бағыттың әдістері әр қилы болғанмен, түпкі мақсаттары бір елді прогресске ұмтылдыру болды. Дулат Бабатайұлы (1802, Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Сандықтас қонысы — 1874, сонда) — көрнекті ақын. Өлеңдері ел ішінде көп тараған. Дулат шығармалары негізінендидактикалық негізде жазылған. 1880 жылы Қазанда жарық керген «Өсиетнама» деген жинағына ақынның замана туралы толғаулары енген. Шортанбай Қанайұлыақын, діни қайраткер. “Зар заман”, “Бала зары”, “Тар заман”, “Опасыз жалған”, т.б. толғаулары арқылы ақиқаттың астарын ашып көрсетті Мұрат Мөңкеұлы (1843-1906) - айтыскер ақын, жырау. Қазіргі Атырау облысы Мұрат Мөңкеұлы шығармалары «Мұрат ақынның Ғұмар Қазиұлына айтқаны», «Ақын», «Мұрат ақынның сөздері», «Бес ғасыр жырлайды», «Алқаласа әлеумет», тағы басқа жинақтарда жарияланған АБАЙ буынсыз тілің, көлеңке басын ұзартып, жапырағы қуарған ескі үмітпен, қуанбаңдар жастыққа, осы қымыз қазаққа, буынсыз тілің

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]