Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
fya_durysy.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
530.56 Кб
Скачать

22.Г. Гегель «Философиялық ғылымдар энциклопедиясы». Т. 3 «Рух философиясы».

Гегельдің философиялық жүйесіндегі ең құндысы оның рух жөніндегі ойлары. Ол адамзат рухын тарихи көзқарас тұрғысынан талдап, оның даму сатылары жөнінде тамаща ойлар мен пікірлер айтады.

Гегельдің ойынша Рух даму процесінде өзінің үш сатысынан өтеді:

  1. Субъективті рух, яғни жеке адамның санасы

  1. Объективті рух, оған ол құқ, мораль, адамгершілік, отбасы, азаматтық, мемлекеттікті жатқызады.

  2. Абсолюттік рух ол өнер, дін және философия

Гегель диалектикалық таным әдістемесін жасап, философияның ғылымдық абыройын бұрын болмаған дәрежеге көтерді. Оның философиясының осы құнды жағы болашақ марксизмнің қалыптасуына зор әсерін тигізді.  Гегель-обьективтік идеалист.Оның еңбектері:”Логика ғылымы”,”Право философиясы”, ”Рух феноменологиясы”, ”Философиялық ғылымдар энциклопедиясы”. Гегель Кант философиясының қайшылықтарын жеңбек болды.Гегель: қандай білім болса да –дамудың нәтижесі деп жариялады.Білім ішкі қайшылықтар нәтижесінде пайда болады, дамиды. Гегельдің ең басты жетістігі: ол таным процесін адамның іс-әрекетімен байлаыстырды.Бірақ адамның іс-әрекеті тек рухани сферамен шектелді. Гегель философиясының жүйесі мынадай үш бөлімнен тұрады:а) логика: б) табиғат философиясы: в) рух философиясы; Гегель берген көптеген философиялық анықтамаларды біз пайдаланып жүрміз. Бірақ Гегель таза идеяның абсолюттік идея, әлемдік санаға, демиургке айналуын қиял түрінде тұжырымдады. (Демиург-шебер жаратушы). Идеяның даму заңдары обьективті щындықтың даму заңдарының санадағы көшірмесі екенін Гегель түсінбеді .Оның пікірінше табиғат-абсолюттік идеяның екінші өмірі.Бірақ табиғат дамымайды,дамитын тек идея. Олай болса білім физикалық дүниеге сәйкес келмей қалады. Оны сәйкестіндіретін адам іс-әрекеті,танымдағы практикалық тарихи қызмет.Ойдың өмір сүру шындығы-бұл тіл. Материя—бұл ұғымның бір көрініісі деп қаарастырды Гегель.

23.Сенім, күмән, білім, ғылым.

Сенімсіз ештеме болмайды. Кейбір кезде сенім бола тұрып, күмән пайда болады. Бірақ бұл екеуін ажырату үшін білім керек. Сенім - адамның қоршаған ортаға және ақиқатқа көзқарасынқарым-қатынасын анықтайтын түсінікбілім, елес, идеялар. Сенім — адамның белгілі бір түсініктеріне сәйкес қажеттіліктерін қанағаттандыру жүйесі. Болашақтың тікелей және белсенді «агенті» - бұл оқу-білім саласы. Білім беру саласы болашаққа жұмыс жасайды. Білім беру деген сөздің мәнін ашу үшін оның төрт аспектісін ескеруіміз керек:

        1. білім беру – бұл құндылық;

        2. білім беру – бұл жүйе;

        3. білім беру – бұл процесс;

        4. білім беру – бұл нәтиже.

Білім беруді құндылық ретінде қарастырудың өзі үш блоктан тұрады:

1) білім бері мемлекеттік құндылық ретінде;

2)білім беру қоғамдық құндылық ретінде;

3) білім беру тұлғалық құндылық ретінде.

Білім беру мен тұлғаның дамуын ұштастыру тәжірибелері бар. 1)Біз нені оқып үйренуіміз керек? 2)Біздің қалай оқып үйренуіміз тиімді? 3)Нені оқып жатқанымызды қалай біле аламыз? деген сұрақтар төңірегінде ұйымдастырылғаны тиімді болады.

Білім философиясының арнайы ғылыми сала ретінде бөлініп шығуына себеп болған маңызды негіздерге мыналар жатады: 1)білім берудің технологияларының өзгеруі; 2)білімнің көлемінің өсуі; 3)қоғам мен оқу-білім саласы арасындағы қайшылықтардың тереңдей түсуі.

Білім философиясында білімділік идеясы, білім берудің мақсаты, білім беретін жүйелердің тарихы сияқты маңызды педагогикалық сұрақтар талқыланады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]