Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
fya_durysy.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
530.56 Кб
Скачать

16.Неотомизм философиясының негізгі белгілері

Християн діні 3ке бөлінеді: Каталитизм, Провославия, Протестантизм.Каталитизмнің негізін жасап отырған философия – неотомизм.Неотомизм– Фома Аквинскийдің іліміне негізделген католик шіркеуінің философиялық қағидасы, қазіргі заманғы философияның басты бағыттарының бірі. Неотомизм – қазіргі объективті идеализмнің діни формасы. Неотомистер ең жоғары шындық ретінде “таза болмысты” мойындайды, ол – рухани, құдайлық бастау. Олар үшін онтологияның негізгі категориялары “құдай” мен “әлем”. Құдай барлығының алғашқы себебі және түпкі мақсаты. Ол әлемді жоқ нәрседен жаратқан, ал әлем Құдайдың мақсатына бағынышты. Фома Аквинский (1225-1274) - италияндық діни ойшыл. Католиктік шіркеудің ең ірі ойшылы. Дегдар отбасынан шықса да, ол ата-анасының қарсылығына қарамастан, доминикандық діни ұйымға кіреді. Париждегі Сен-Жак монастырында, кейін Париж унверситетінде дәріс береді. Сонан соң Италияға қайтып келіп, Рим Папасының сарайында болады. Сол жылдары ол Аристотельдің философиясын тереңдетіп, өз ілімінің негізіне айналдырады. 1269 ж. Парижге қайтып оралып, Құдайтану қосындысы жұмысын жалғастырады (1266—1273). 1274 ж. Неапольдан Лионға шіркеулік кеңеске бара жатып қайтыс болады. Логик, метафизик, теолог, Фома әулие Аристотельдің рационалды философиясын христиан дінімен сәйкестендіруге тырысқан. Ф. Аквинский ойынша, дін мен білімнің қарым-қатынасы гармонияға, бейбіт жарасымға құрылуға тиіс. Философия қарама-қайшылыққа ұрынған шағында (мысалы, уақыт шеңберіндегі жарату мәселесі), оның көмекке дінді шақыруы қажет. Ф. Аквинский- теоретикалық теологияның негізін салушы. Негізгі еңбектері: «Теология жиынтығы», «Философия жиынтығы». Ол Құдайдың барына 5 дәлелді келтіреді:1. қозғалыс: барлық заттың алғашқы қозғаушысы – құдай;2. себеп: барлық нәрсенің бір себебі болады: ол – құдай;3. кездейсоқтық пен қажеттілік;4. сапа дәрежесі: заттардың сапасы әр түрлі, ең жоғарғысы құдай;5. мақсат: қоршаған заттың белгілі бір мақсаты болады, құдай - мәңгі.

Ф. Аквинский томизм бағытының негізін қалаушы. Томизм – Ф.Аквинский іліміне негізделген католиктік философияның бағыты.

17.Абайдың дүниетанымы («Қара сөздері»).

Абай Құнанбаев (1845-1904) Абай ауданында (бұрынғы Шыңғыстау облысы) Шыңғыс тауыныАбай Құнанбаев өзінің аса дарындылығы, ой-өрісінің тереңдігі, халқына деген қамқорлығымен әлемге танымал болды. Абайдың дүниеге көзқарасы ойы мен қыры мол, күрделі. Дүние туралы пікіріне келсек, деизмге жақын дедік. Біріншіден, сыртқы дүниенің санадан тыс өмір сүретіндігін қуаттайды. Мысалы, қырық үшінші қара сөзінде адам «...көзбен көріп, құлақпен естіп, қолмен ұстап, тілмен татып, мұрынмен иіскеп, тыстағы дүниеден хабар алады» дейді. Сонымен бірге көптеген өлеңдерінде, отыз сегізінші сөзінде жан-жануарларды, адамды, тіпті, машина, фабрикаларды алла жаратты деген тұжырым жасайды. «Мен» және «менікі» деген философиялық мәселені қарастырып, өзіндік тұжырымға келеді. Ақынның ойынша «мен» - ақын, жан, «менікі» - адам денесі. «Мен» өлмекке тағдыр жоқ әуел бастан, «менікі» өлсе өлсін, оған бекі» деп, дене өлгенімен жан өлмейді деген қорытындыға келеді. Абай таным туралы құнды пікірлер қалдырды. Түйсіктеріміз арқылы дүниеден хабар аламыз, пайда, залалды айыратын қуаттың аты - ақыл дейді. Көптеген өлеңдері мен қара сөздерінен диалектикалық тұжырымдар бейнесін көруге болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]