- •Билет – 1
- •Билет - 2
- •Билет – 3
- •Билет – 4
- •Билет – 5
- •Билет – 6
- •Билет – 7
- •Билет – 8
- •Билет – 9
- •18 Ғ қазақ мәдениеті бұқар үмбетей ақтамберді және т.Б шығарм.Ры
- •БИлет – 10
- •Билет – 11
- •Билет – 12
- •Билет – 13
- •Билет – 14
- •Билет – 15
- •Билет – 16
- •Билет – 17
- •Билет – 18
- •Билет – 19
- •1986 Желтоқсандағы Алматы оқиғасы, қазақ жастарының тұңғыш бой көтеруі
- •Билет – 20
- •Билет – 21
- •21,3 Тәуелсіз қр-да жаңа қозғалыстар мен партиялардың пайда болуы: демократияның дамуы және тереңдеуі
- •Билет – 22
- •Билет – 23
- •Билет – 24
- •Билет – 25
- •Билет – 26
- •Билет – 27
- •Билет – 28
- •Билет – 29
Билет – 3
Қола дәуірі (б.э.б. 2-1 ортасы 18-8 ғ)
Мысқа қалайы қосу арқылы қола өңдірген. 2 мәдениет болды: 1. Андронов мәдениеті; 2. Беғазы Дандыбай мәдениеті.
1914 ж. Очинск қаласының маңында Андронов деревн. Қола дәуіріне жататын темір-ң табылды. Олардың шаруашылығы көшпелі мал шаруашылығы болды. Андронов кезеңінде 2 түрлі жерлеу рәсімі болды: 1. өртеп жіберген (алғашқы кезең); 2. аяқ қолын бүгіп басын құбылаға қаратып бір жағымен жатқызу (орта кезең). Қазақтардың киіз үйлеріне ұқсас баспаналарда тұрған. Олар европоидтық нәсілде болған және көне түркі телде сөйлеген. Орталық Қазақстанда шалқасынан жатқызып жерлеу болған тура Атасу кез-і болған. Матриархаттың патриархатпен ауыса бастауы. Мал өсіру, жер шаруашылығы өзеңдер мен көлдер жағасында қоныс табу. 100-ге жуық қоныстарының табылуы. Олар өлікті өртеп жібергендігі олардың отқа табынуын көрсетеді. Ал қол-аяғын бүгіп жерлеуі ана құрсағында жатқан баладай жатқызу болды. Өліктің басын батысқа қаратқандары ол о дүниемен байланыс жасау деген ұғым бар. Оларда құрбандық шалу да болған. Оларда ошақ киелі болып табылған. Жаңа түс-н кел-і ошақ бастарын айналдыру. Өлік шығ-а ошақ басынан айналдыру керек еді. Тастағы суреттер де көп бейнеленген. Қаратау жотасынан 49 соғыс арбасының суреттерін тапқан. Көбінесе тастағы суреттер Қаратау, Маймақты, Тарбағатай, Бөкентау жерінен табылған. Мал түрлерін де түсірген.
Тәуке ханның кезіндегі каз.-ң жағдайы. «Жеті жарғы» заңдар жинағы.
1680 жылы Каз-н жеріндегі хандықтардың билігі Жәңгір баласы Тәуке (1680-1717жж) көшті. Ол өзін жақтайтын феодалдардың ел сыйлаған билердің қолдауына сүйене отырып, халықтың, елдің бірлігінің туын жоғары ұстады. Тәуке хан өкіметтің беделін көтеруге және оған үш жүздің руларын бағындыруға бағытталған шаралар қолданды. Оның тұсында «жеті жарғы» деген атаумен қазақ қоғамындағы әдеттегі құқық өлшемдерінің жинағы құрастырылды. Мұнда феодалдық құқық тәртібі мен мемлекеттік құрылымның негізгі шарттары белгіленгенді. Тәуке хан елдің бірлігін, ынтымағын ойлап, халықтың ру-руға, жүзге бөліну саясатын және бет-бетімен әрекет жасауды шектеу үшін аянбай күресті. Тәуке хан өз төңірегінде Ұлы жүзден Төле биді, Орта жүзден – Қаз дауысты Қазыбекті, Кіші жүзден Әйтеке биді кеңесші ретінде қызметке тартты. Сөйтіп қазақ халқының тарихына ірі құқықтық өзгерістер енгізді. Бұл оның халыққа кең тараған «Жеті жарғысымен» байланысты еді. Жеті жарғы көшпелі қазақтардың ел билеу заңы болып табылады. Оның негізгі баптарының мазмұны: - қанға-қан алу, біреудің кісісі өлтірілсе, оған ердің құнын төлеу (ер адамға -1000қой, әйелге 500); -ұрлық, қарақшылық, зорлық-зомбылық өлім жазасына кесіледі, жазаны ердің құнын төлеу арқылы жеңілдетуге болады; -денеге зақым келтірсе, оған сәйкес құн төленеді (бас бармақ-100қой, шынашақ-20 қой); -егер әйел ерін өлтірсе, өлім жазасына кесіледі (егер ағайындары кешірім жасаса, құн төлеумен ғана құтылады, мұндай қылмысты екіқабат әйел жасаса жазадан босатылады); -төре мен қожаның құны қарашадан екі есе артық төленеді; -егер ері әйелін өлтірсе, әйел құнын төлейді; -ата-анасы өз баласының өлімі үшін жауапқа тартылмайды, ал анасы баласын қасақана өлтірсе, өлім жазасына кесіледі; -өзіне-өзі қол жұмсағандар бөлек жерленеді; -егер екіқабат әйелді атты кісі қағып кетіп, одан өлі бала туса:бес айлық бала үшін-5ат, 5 айдан 9 айға дейінгі балаға - әр айына 1түйеден (анықтама үшін 100 түйе-300 атқа немесе 1000 қойға тең); -әйел зорлау кісі өлтірумен тең қылмыс болып есептеледі. Мұндай қылмыс үшін еріне, немесе қыздың ата-анасына құн төленуге тиіс, егер жігіт өзі зорлаған қызға қалың төлеп үйленсе, жазадан босатылады; -егер ері әйелінің көзіне шөп салу үстінде ұсталса, өлтіруге қақылы, бірақ қылмысты сол сәтінде жария етуі тиіс әйелінің көзіне шөп салды деп күмәнданған еркектің сөзін 4 сенімді адам теріске шығарса, әйел күнәсіз деп табылып, жазадан босатылады; - біреудің әйелін күйеуінің келісімінсіз алып қашқан адам өлімге бұйырылады немесе ердің құнын төлейді, егер әйелінің келісімімен әкетсе күйеуіне қалың төлеп қосымшасына қалыңсыз қыз беруі тиіс; -әйелді ренжіткен адам одан кешірім сұрауға тиіс, сұрамаса арыздығы үшін айып салынады; -қан араластыру (жеті ата ішінде өлімге немесе ағайындар берілген жазаға бұйырылады; -құдайға тіл тигізген (жеті адам куәлік берсе) таспен атып өлтіреді: -кәріп болған адам мал-мүлкінен айырылады; -құл өмірі құнсыз, ол қожайынның билігінде; - ата-анасына тіл тигізген ұлды мойнына құрық байлаған күйі қара сиырға теріс мінгізіп, өзін қамшымен сабап, ауылды айнала шапқылатады, ал қыз қол-аяғы байланып анасының билігіне беріледі; -ұрлық жасаған адам үш тоғазымен қайтаруы керек; -ерінің ұрлығын біле тұра хабарламаған әйел мен баласы жазаға тартылмайды, өйткені үлкеннің үстінен шағым айту әбестік саналады; -өсиет ағайындар мен молданың қатысуы арқылы жасалады; -барымтадан қайтқан мал төлемімен қайтарылуы тиіс; дауды шешу билер мен ақсақалдарға жүктеледі; -куәлікке екі немесе үш адам жүреді; - билерге билік айтқаны үшін кесілген малдың оннан бірі тиесілі; -егер айыпкер айыбын төлемесе, оны ру басының рұқсаты арқылы барымтамен алуға болады; -ұрлық пен кісі өлтіруді қоса жасаған адам екі бірдей жазаға тартылады; -егер әкесінен бөлек тұратын ұлдың өлгенде баласы болмаса, оның мал мүлкі әкесіне тиесілі. Тәуке хан заң баптарының орындалуын жүзеге асыруда хан бастаған барлық сұлтандар, рулардың ақсақалдары мен билеушілері халық істерін талқылау үшін күз айында бір жерге жиналып, маслихат өткізуді белгілеген . Халық жиналысында бірде-бір қазақтың қару-жарақсызкелуіне болмайтындығы және қарусыз адам дауыс бере алмайтындығы атап көрсетілген. Тәуке ханның «Жеті жарғысының» әрбір бабы сол заманның талаптарына сай келеді.
Қаз – да 30 – шы ж.заңдылықтың бұзылуы. Жаппай репрессия.
1932 -33 жж. 2,5 млн адам қырылды. ССР–де Сталин соғысының саясатының қанды қақпанына түскен адам саны 40 млн. Сталин мемлекет басына 1922-53 ж. тоталитарлық саясатын жүргізді. Тоталитарлық саясат – жаппай қыру. 1)921ж. аштық 2) 1932 - 33 ж.аштық 3)1937 -38 ж. Сталиндік репрессия. 4). 1941 – 45 ж. ІІ д.ж.с. 1928ж. 27 тамызда ірі бай шаруаларын жартылай феодалдарды конфискациялау және жер аудару туралы декрет шықты. Зиялылар тобы 20-30 ж. мәдениет қайраткерлері Санжар Асфендияров, Жүргенов, Сейфуллин, Байтұрсынов, Жандосов, Әуезов, Жұбанов 20 – 50 ж. қазақ ғылымының қалыптасуы. Асфендияров, Затаевич, Байтұрсынов, Аймауытов, Жолдыбаев, ғылым академиясының базасы құрылды. 1932 ж. база құрыла бастады. 1946 ж. Сәтбаевтың ұжымдастыруымен Ғылым академиясы құрылды. Асфендияров Қаз – н көне заманнан бергі тарихының І бөлімін жазып шығарды. 20 – 30 ж. қазақ әдебиетінің қайраткерлері Сейфуллин «Көкшетау», «Тар жол тайғақ кешу», Мұқанов «Сұлушаш», Жансүгіровтың «Құлагер», И. Байзақов «Құралай сұлу», Аймауытов «Қартқожа».30 ж.Сталиндік жазалау шаралары болмағанда әдебиет әлдеқайда ілгері дамитын еді.
