Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Tarikh.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
128 Кб
Скачать
☆

Билет - 2

Қазақстан жеріндегі тас ғасыры

Тас ғасыры 4 кезеңнен тұрады (800 мың жыл-ң 2 м.ж.)

1. палеолит (көне) 800-12 м.ж.

2. мезолит (орта) 12-5 м.ж.

3. неолит (жаңа) 5-3 м.ж.

4. энолит (мысты тас ғасыр) 8-2 м.ж.

Палеолит 3-ке бөлінеді

1.ерте палеолит(төменгі) 800-140 м.ж.

2. орта палеолит (орта) 140-40 м.ж.)

3. кейінгі палеолит (жоғарғы)40-12.ж.

Аналық ру қалыптасты, матриархат. Адамдардың алғашқы шаруашылығы – терімшілік.

Палеолит дәуірінің мәдениеттері:

1. Олдувай табиғаты дайын тастарды пайдалану. 2. жұмыр тасты пайдалану; 3.мусьте, кремний, ажұр кварц тастарды пайдалану. 2-3 қырлы тастар шапқы, шоперлер дайындау. Кейінгі палеолитте отты пайдаланып жаға білген. Алғашқы адамның қонысы – Сыр бойы, Қаратау жотасы, бөріқазған, тәңір қазған, шабақты (оңт.Қазақстан) қоныстары табылды. Мезолит садақ, жебе, бумеранг ойлап табылды. Таспен қоса ағаш, сүйек пайдаланды. Қауымдастық ру қалыптасты. Ауа райы жылып аса ірі аңдардың құрып кетуі. Неолит (5-3 м.ж.) тасты өңдеудің жоғарғы дәрежесін игеру. Жабайы аңдар қолға үйретілді. Жер төле баспаналар болған. Мал шаруашылығымен айналысқан, саз балшықтан құмыра жасаған, ою өрнек салған, тоқыма өнері дамыды. Энолит (3-2 м.ж.) тас пен қоса мысты пайдаланған бірақ тастан жасалған бұйымдар әлі де көп еді. Кетпенмен жер өңдеу.

Есім және Жәңгір хандар кезіндегі қазақ мемлекеті(16-17ғ)

15ғ ұлыс үшін талас тартыс күшейе түсті. Тәуекелдің мұрагері Есім хан (1598-1628ж) тұсында сұлтандар ханға тәуелсіз еді. Түркістанды Тұрсын хан биледі. Қазақ жерінде екі хан билік құрды. Тұрсын ханның (1618-1627ж) хандық билікке қолы қалай жеткені туралы дерек жоқ. Ол есім ханның інісі еді, ол өз атымен ақша шығарып үлгерген еді. Тұрсын хан Бұқардың билеушісі Иманқұлы хан Ташкентті басып алуға әрекет жасағанда жеңіске жетті. Осы кезде Есім жоңғарға жорық жасайды. 1624ж Есім-Тұрсын бірлесіп Абылай сұлтанды жазалау үшін Әндіжанға жорық жасайды. Бұл сәтсіз аяқталады. Бұл кезде екі хан арасында қатынастар бұзылып, әскери қақтығыстарға дейін барды. 1627ж Тұрсын Есім хан қолынан қаза табады. 1628ж. Есім де қайтыс болады. Есімнен кейін хан тағына өз баласы Жәңгір(1629-52жж.) отырады. Халық оны Салғам Жәңгір д.а. Таққа отырмай тұрып оның ерлігі көрші елдерге тараған. Ол 1645ж. 600 сарбазымен 50мың жоңғар әскеріне қарсы тұрып жеңіске жеткен. Россия жоңғарларға Сібір арқылы отты қару (зеңбірек) сата бастады. Содан жоңғарлар 1652ж. Қазақтарды ойсырата жеңді.Ол өмірінің көп бөлігін жоңғарияларға тойтарыс берумен өткізген. Ол жоңғарлар қолынан қаза табады. Жәңгір өлгенде оның балалары Тәуке – Анақ жастау болатын, содан болар Тәуке 1680ж. Таққа отырғанға дейін қазақ хандығының тізгінің Жәңгірмен мүдделес сұлтандар қолында болды.

Қазақстанды күштеп коллективтендіру және оның зардаптары

ЖЭС Ресейде өз нәтижесін берді. 1925 жылы мал саны 40,5 млн – ға жетті. Бұл ұзаққа созылған жоқ. Голошекин ауылды кеңестендіру ұранын таңдап алды. Онда ауылшаруашылығын жаппай ұжымдастыру……міндеті еді. 1918 ж………..және орташалардың бір бөлігіне қарсы соғыс жүрді. Коммунистік партияның 15 съезі ауылшаруашылығын ұжымдастыру бағытын жариялады. Ұжымдастыру 1932 ж. көктемде аяқтау белгіленді. Ұжымдастыру бойынша қатаң жаппай қуғындау территорияға негізделді. Ол дайындықсыз болды. Қыста 1932 жылы ақпанда Шу ауданының аумағында 150 шақырым жердегі 100 деген шаруа жинап 400 киіз үй қала орналастырылды. Асыра сілтеу болмасын аша тұяқ қалмасын деген ұран тасталып, млн – ға жететін малының 98 млны қалды, жер – жерде кедейлер ортасында шаруашылығы орынсыз сотталып және олардың малын жансыз конфискациялау, меншік құқығынан айыру күштеп көшіру орын алды. Колхозға кіргісі келмегендерді жер аударумен қорқытты. 1930 – 32 жж. аштық етек алды. 1930 ж. аштықтан 313 мың астам адам қайтыс болды. 1932 ж. республика қайраткерлері: Ғ. Мүсірепов, М. Ғатаулин, М. Дәулетқалиев, Е. Алтынбаев, Қ. Қуанышев (бесеудің ханы, аштықтың себептері туралы Голошекинге хат жазды. Халық ұжымдарға қарсылығын былай көрсетті). 1. қалалар мен құрылысқа кетті. 2. басқа аймақтарға, тіпті шетелге көшіп кетуі. 3. партия кеңес қызметкерлерін, сот қызметкерлерін өлтіру. 4. өзін - өзі қорғайтын қарулы отрядтар құрды. 5. жалпыхалықтық қарсылық, наразылық туғызды.

6. Көтерілістер шықты. Семей наразылықтың ірі орталығына айналды. Ауылшаруашылықты ұжымдастырудың сталиндік үлгісін жүзеге асыру іс жүзінде жоңғар шапқыншылығы кезіндегі асқан зор апаттың кеңестік нұсқасы болып шықты.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]