Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
жобалау әдістемесі оқулық.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.81 Mб
Скачать
  1. Статустық сараптама дегеніміз қандай сараптама?

  1. бұл тексерілетін мәліметтердің белгіленген сапалық нормалары негізінде қатаң процедуралармен тексеру.

  2. жобаны бағалауға тартылатын эксперттердің мәртебесі мен кәсіби беделіне, танымал тәжірибесіне қатысты сараптама.

  3. Жобаға қатысушылардың мәртебесі мен кәсіби беделін бағалауға тартылатын сараптама.

  4. бұл тексерілетін мәліметтердің белгіленген сапалық нормалары негізінде жай процедуралармен тексеру.

  5. жобаны бағалауға тартылатын эксперттердің мәртебесі мен кәсіби беделіне, танымал тәжірибесіне қатыссыз сараптама.

  1. Жоба жетекшісіне сәйкес емес қасиеттер қатарына:

  1. лидерлік және харизматикалық қасиеттер;

  2. команданы іске жұмылдыра алатын, олардың қабілеттерін дамыта алатын, адамдардің өзіне және бір–біріне өзара сенімділік жағдайын тудыра алатын;

  3. тұйықтық және ысырапшылдық

  4. маман ретіндегі құзіреттілігі ғана емес, коммуникативтік қабілеттері де жоғары болуы жатады.

  1. Басқару үрдісінің тағы бір маңызды кезеңі жоспарлау қандай сипатта орындалады?

  1. индикаторлық сипатта

  2. қатаң сипатта

  3. демократиялық сипатта

  4. авторитарлық сипатта

  5. либералдық сипатта

  1. Педагогикалық жобалаудың қайта жаңғыртушылық қандай деңгейінде мемлекет деңгейіндегі білім беру жүйесінің өзгерістерін қамтиды, оның нәтижелерінің тиімділігін тарихи уақыт өлшемімен ғана бағалауға болады?

  1. Стратегиялық деңгей

  2. Институционалдық деңгей,

  3. Технологиялық деңгей

  4. Болжаулық деңгей

  5. Салыстырмалы деңгей

  1. Белгілі бір білім беру ұйымдары, басқару құрылымдары, немесе, белгілі бір білім беру жүйесіндегі салалық өзгерістерді қай деңгей қарастырады?

  1. Стратегиялық деңгей

  2. Институционалдық деңгей,

  3. Технологиялық деңгей

  4. Болжаулық деңгей

  5. Салыстырмалы деңгей

  1. Педагогикалық жүйелерді басқарудағы жобалауға қажетті ресурстары қатарында не жатпайды?

  1. білімдік, ақпараттық,

  2. материалдық-техникалық,

  3. пайдалы қазбалар

  4. қаржылық

  5. адам ресурстары

  1. Mақсатты анықтау дегеніміз

  1. Жан-жақты әрекеттерді жопарлау

  2. өткенді саралау

  3. қазіргіні айқындау

  4. күтілетін нәтижелердің сипаттамасын тексеруге, өлшеуге болатындай етіп көрсету.

  5. Салыстырмалы зерттеу жүргізу

  1. Жобалау қызметі негізінде педагогикалық жүйенің жалпы мақсаты мен оған сәйкес барлық құрылымдардың белгілі бір проблеманы шешудегі мақсаттарын біріктіріп, күтілетін нәтижені мазмұндық, әдіс - тәсілдік, ресурстық тұрғыдан қамтамасыз ететін қандай жобалары жасалады?

  1. Трансцендентік

  2. мақсаттық - бағдарлы дамыту

  3. микро – жобалар

  4. Нақты жоба

  5. болжаулық жобалау

  1. Өзгерістердің жүзеге асырудың бірінші кезеңінде:

  1. жобалау нәтижесінде жүйені басқарушылардың құзыреттілік сапаларын дамыту деңгейі.

  2. білім беру процесінде, педагогикалық жүйе ретіндегі білім беру ұйымдарында қалыптасқан іс – әрекеттерді, қарым-қатынастарды өзгере бастауы, дамуы.

  3. білім беру процесінде, педагогикалық жүйе ретіндегі білім беру ұйымдарында қалыптасқан басқару қызметтері – мақсат қою, міндеттер мен күтілетін нәтижелерді жаңаша нақтылау жүзеге асырылады.

  4. жүйенің ұйымдастырушылық өзгерістері, жаңа сапаға өтуі –педагогикалық жүйенің мақсатқа сәйкес даму өзгерістері жүзеге асырылады.

  1. Ұйымдағы басқару субъектілері (педагогтар, білім алушылар, ата - аналар бірлестіктері, т.б.) ұжымды басқаруға қатыстырылып, түрлі деңгейлердегі жүйелерде ұйымдастырушылық - құрылымдық өзгерістер пайда болады, педагогикалық әрекеттердің мазмұны мен әдістері жаңарып, педагогтар тарапынан білім беру процесінде, сабақтардың құрылымына өзгерістер енгізіле бастауы қай кезең?

  1. Бірінші кезеңде

  2. Екінші кезеңде

  3. Үшінші кезеңде

  4. Төртінші кезеңде

  5. Бесінші кезеңде

  1. Білім беру мекемелері жүйесін пайдалана отырып жеке білім алу бағдарламаларын құрастыру және жүзеге асыру ресурстарын қалай атаймыз?

  1. педагогтарды негізгі адам ресурстары ретінде басқару ресурсы;

  2. ғылыми–әдістемелік ресурстар;

  3. ұйымдастырушылық–педагогикалық ресурстар;

  4. ақпарттық ресурстар;

  5. әлеуметтік–педагогикалық ресурстар;

  1. Сонымен қатар, жобалардағыдай, даму бағдарламасында қандай мағлұматтар берілуі талап етілмейді:

  1. педагогикалық ұжымның сол кезеңде кол жеткен нәтижелері туралы;

  2. одан жоғары нәтижелерге жетудің мүмкіндіктері туралы; жоғары нәтижелерге жетудегі кедергілерді анықтау

  3. жобаға қатысушылардың жанұя құрамы

  4. кедергілерді болдырмауға қажет ресурстар туралы.

  1. Оқушы үшін жобалау әрекетіне қатысу оған не береді?

  1. оның өз бетімен жұмыс істеуге ұмтылуына ықпал етеді

  2. педагогикалық міндеттерді орындау құралы

  3. білімдік, дағдылық, құзіреттілік, құндылықтық сапалар

  4. Мінез-құлқындағы өзгерістер

  5. Пән бойынша бағалар

  1. Мұғалім үшін ол жобалау әрекетіне қатысу оған не береді?

  1. оның өз бетімен жұмыс істеуге ұмтылуына ықпал етеді

  2. педагогикалық міндеттерді орындау құралы

  3. білімдік, дағдылық, құзіреттілік, құндылықтық сапалар

  4. Мінез-құлқындағы өзгерістер

  5. Пән бойынша бағалар

  1. Оқушылар жобасының «өнімі»:

  1. оның өз бетімен жұмыс істеуге ұмтылуына ықпал етеді

  2. педагогикалық міндеттерді орындау құралы

  3. білімдік, дағдылық, құзіреттілік, құндылықтық сапалар

  4. Мінез-құлқындағы өзгерістер

  5. Пән бойынша бағалар

  1. Креативтілік деңгейін диагностикалауда адамның қандай қасиеті бағаланады?

  1. «дұрыс» жауапты таңдай білуі емес, проблеманы анықтай алуынан бастап, оны шешудің бірнеше тың жолдарын күтпеген, бұрын қарастырылмаған жағынан ұсына білуі бағаланады.

  2. «дұрыс» жауапты таңдай білуі

  3. Алгоритм бойынша жұмыс жасау білігі

  4. Өз бетімен жұмыстану қабілеті

  5. Космосқа қызығушылығы

  1. Жасөспірім шақтағы жобалау осы кезеңдегі бала дамуының қандай міндеттеріне сай келеді?

  1. Психологиялық және педагогикалық

  2. Экономикалық және экологиялық

  3. психологиялық және әлеуметтік

  4. Жаратылыстану және математикалық

  5. әлеуметтік және философиялық

  1. Жобалау әрекетін қалай қарастыру қажет?

  1. Білім беру нәтижесі

  2. Мұғалімнің негізгі әрекеті

  3. Оқушының негізгі оқу әрекеті

  4. білім беру нәтижелеріне қол жеткізу құралы ретінде

  5. Көрнекі құрал

  1. Жобаны SWOT- талдауда қандай берілген сапаларының қайсысы қарастырылмайды?

  1. стратегиясы

  2. мықты жақтары

  3. әлсіз жақтары

  4. қауіпті жақтары

  5. мүмкіндіктері

  1. Кімнің еңбектерінде жобалау әдісінің негізі қаланып, оның «тәжірибе» ұғымы арқылы таратылғаны белгілі?

  1. Генисаретский О.И.

  2. Новиков А.М.

  3. Маркузе Г.

  4. Алексеев Н.Г.

  5. Д. Дьюи

Тест сұрақтарының дұрыс жауаптары

(Оқулықтың 297-328 беттеріндегі сұрақтар бойынша)

жауабы

жауабы

Жауабы

жауабы

Жауабы

А

23

C

45

D

67

C

89

A

А

24

D

46

B

68

D

90

C

D

25

E

47

A

69

A

91

C

C

26

A

48

C

70

A

92

C

C

27

A

49

D

71

D

93

A

A

28

B

50

E

72

C

94

B

C

29

C

51

A

73

A

95

C

D

30

A

52

A

74

B

96

A

E

31

A

53

C

75

C

97

C

A

32

B

54

A

76

A

98

D

D

33

A

55

B

77

B

99

A

E

34

B

56

C

78

D

100

E

A

35

C

57

A

79

A

C

36

E

58

B

80

A

C

37

A

59

C

81

B

A

38

E

60

D

82

C

D

39

D

61

A

83

A

A

40

C

62

A

84

A

D

41

A

63

A

85

B

B

42

A

64

D

86

C

A

43

A

65

A

87

D

B

44

D

66

D

88

B

ҚОСЫМША 1

Білім беру ұйымдарын дамытуға арналған жобаларды бағалау әдістемелері

Зерттеудің нәтижелері төмендегі көрсеткіштер мен өлшемдер арқылы бағаланады. Біріншіден, педагогтар мен түрлі деңгейлердегі педагогикалық жүйе басқарушыларының жоба жетекшілері ретіндегі құзыреттіктерінің көрсеткіштері алынады, олар:

Педагогикалық жүйелерді дамытуға негіз болатын инновациялық жобалау стратегиясын құрастыра білуі;

Мақсаттық - бағдарлы жобалаудың тұтас циклын ұйымдастыра білуі;

Жобалардың тиімділігін бағалай білу құзыреттіліктері;

Одан әрі аталған сапалардың қалыптасқандығын қандай көрсеткіштер арқылы бағалауға болатыны анықталды. Ол проблемалық мәселе бойынша құрастырған жобалары және оларды бағалау қөрсеткіштері.

«SMARТ - талдау» әдістемесін пайдалану

Қатысушылардың аталған бағыттарда ұсынған жобалары мен олардың тиімділігін анықтайтын көрсеткіштер ретінде «SMARТ - талдау» әдістемесі пайдаланылды (Кесте 14), (Specific - өзектілігі айқындалуы, нақтылығы; Measurable - өлшеуге болатындығы; - Achievable – қолжетімдігі; Related – шынайылығы; Times-bound - уақыт шектеулерінің белгіленуі):

Кесте 14 − Жобаларды бағалаудың «SMARТ - талдау» картасы үлгісі

Өлшемі

Көрсеткіштері

Сәйкестігін бағалау( 3– 1 балл аралығы)

1

2

3

Өзектілігі

Жобалау қызметі ұйымның жұмысындағы белгілі бір қиындықтар туғызып отырған проблемаларды анықтап, оны тиімді шешуге бағытталған болуы тиіс. Басым бағыттарды айқындау, талдау жасау арқылы негіздеу және шешу жолдарын ұсыну, жобалау қызметінін маңызды мәселеге бағытталғанын көрсетеді.

Ескерту:

Әрбір көрсеткіш бағаланады. Толық сәйкес – 3 балл, ішінара сәйкес– 2 балл, сәйкес емес– 1 балл.

Өлшемдері болуы

Жобалау қызметінің нәтижесі қалыптасқан жағдайды өзгертетін, не жетілдіретін болуы керек. Ол үшін алдын ала анықтау алуды қажет ететін сұрақтар: 1) жобалау қызметінің қандай көрсеткіштері нәтижелер деп есептеледі; 2) оларды қандай параметрлер арқылы өлшеуге болады және олар немен өлшенеді?

Қолжетімдігі

Жобалау қызметінің қолжетімдігі стратегиясын жүзеге асыру барысында оның күтілетін нәтижелерінің алдын ала анықталуы және оны орындау жолдары мен механизмдерінің нақты кезеңдері мен алгоритмінің жасалуынан белгілі болады.

Шынайылы-ғы

Жобалау қызметі жүйенің ішкі қажеттігі және сыртқы орта талаптарына сәйкестігі, оны іске асыратын лайықты адамдар тобы белгіленуі, жобалаудың мазмұны мен технологиясы, қажетті ресурстары анықталуы. Осы әрекеттердің болуы жобалаудың шын мәнінде жүзеге асырылуына мүмкіндік жасайды.

Уақыт шектеулері-нің белгіленуі

Бұл жобалау қызметінің басталу және аяқталу мерзімдерін, орындау барысындағы аралық кезеңдерді және әрбір аралық кезеңнің мақсаты мен күтілетін нәтижелерінің нақты белгіленуінен көрінеді.

Күтілетін кедергілер дәрежесінің анықталуы

Жобалау қызметі барысында осыған ұқсас тәжірибелерді зерттеу және талдау арқылы алдын ала болжау әрекеттеріне сүйене отырып, болуы мүмкін кедергілер мен қиындықтардың, одан шығатын жолдардың алдын ала белгіленуі.

Жалпы бағасы

Бұл көрсеткіштер нәтижесі төмендегі бағалар бойынша анықталады: толық сәйкес – 3 балл, ішінара сәйкес – 2 балл, сәйкес емес – 1 балл. Жобаның сәйкестік формуласы: К = Кф : Км.

Ондағы белгілер:

К – Жобаның талаптарға сәйкестігі;

Кф – факт бойынша жобаның жинаған жалпы балл саны;

Км –максималдық мүмкін балл саны.

Бұл деңгейді бағалауда төмендегі көрсеткіштері пайдаланылады:

өте төмен –  К < 0,45;

төмен– 0,45 < К < 0,65;

жеткілікті– 0,65 < К < 0,85;

қажетті – К > 0,85.

Қосымша бағалау көрсеткіші ретінде жасалған жобаның өміршеңдігін анықтау алынды. Оның мәнісі жоба жетекшілерінің алдына қойылған міндеттерді орындап, жобаны жасағаннан кейінгі жағдайын анықтау болып табылады. Бұл жоба әрі қарай жалғасуы мүмкін бе, ол үшін қандай ресурстары бар, қандай ресурстар қажет? Қандай бағыттарда жалғасын таба алады? Жобалаудың қателіктері мен тәуекелдері талдана ма? Міне, осындай талдаулардың болуы жобаның өміршеңдігін көрсетеді.

Сонымен қатар, бұл көрсеткіштер жоба жетекшілерінің жобалауды ұйымдастыру әдістемесін қаншалықты меңгергенін жасаған жобаларына қарап бағалауды ғана көздейді, сондықтан оны жоба жетекшілерінің алған білімдерінің нәтижелері деп қана қарастыру қажет.

ҚОСЫМША 2

Жобалау әрекетін сипаттайтын түсініктер

Проблема

Іс-әрекеттің негізі (адамдар, олардың арасындағы қарым-қатынас, пәндер, күнделікті және т.б.)

Проблеманы суреттеу

Адамдардың қарым-қатынасы, пәндер және т.б.

Проблеманы талдау

Жағдайларды бөліп, әрқайсысын мұқият қарастыру

Проблемның себебі

Жағдайдың жалпылама сипаттамасы (субъект үшін маңызды тұрғысынан)

Мүдделілер

Адамдар, топтар немесе ұйымдар олар жағдайдың өзгеруін(+) немесе өзгермеуін қалайды(-)

Ықпалы

Мәселеге қатысты мақсатқа бағытталған адамдардың әрекеті

Негізгі проблема

Екі түрлі жағдайдың қарама-қайшылығы

Қайшылықтар

Құбылыс, баға, мәлімет, т.б. бір-біріне сәйкессіздігі

Мәселені талдау

Мәселенің пайда болуын анықтау және оны жоюдың жолы

Проблеманы шешудің басқа да жолдары

Қалыптасқан жағдайды өзгертудің түрлі бағыттары

Мақсат

Күтілетін түпкілікті нәтиже

Жобаның нәтижесі

Қалыптасқан жағдайдың өзгеруі

Көрсеткіштер

Жоспарланған нәтижеден көрінеді

Тәуекел

Алынған нәтижелердің кейбіреуі жағымды нәтиже бермейді

Тәуекелді талдау

Жобалауға ықтималды түрде ықпал ету жағдайлары

Тәуекелді жоспарлау

Оларды болдырмау жоспары

Тәуекелді болдырмау жоспары

Альтернативті іс - әрекет жоспары, ол өз кезегінде нәтижені алуға септігін тигізеді

Міндеттер

Ағымдық нәтижелерді белгілеу (қалыптасқан жағдайды өзгерту), олар мақсатқа жету үшін жүзеге асырылуы тиіс

Технология

Барлық тәсілдерді жоспарлау бірнеше жағдайларда бірдей нәтижеге әкеледі

Қадамдар

Уақыт өтсе де өзгермейтін әрекеттер

Жоспар

Тәсілдерді қолданудағы бірізділік

Ресурстар

Нақты мәселені шешудегі қолданылатын ресурстар

Өнім

Адамдардың еңбегі нәтижесінде пайда болатын нәтиже

Өлшемдер

Өзгерістердің деңгейін анықтайтын көзқарастар

ҚОСЫМША 3

Магистратураға ендірілген «Білім беру ұйымдарын басқарудағы жобалау» элективтік курсының сабақ мазмұны мен кестесі

Дәріс сабақтарының мазмұны

1 дәріс тақырыбы: Қазіргі жүйелерді басқару: өзгерістер мен даму жағдайындағы басқарудың ерекшіліктері

Мақсаты: менеджмент негізінде басқару жайында түсінік қалыптастыру

Тірек ұғымдар: өзгерістер, басқару, менеджмент, жобалау

Жоспар

Басқару жайында жалпы түсінік. Менеджмент – қолданбалы гуманитарлық (әлеуметтік-мәдени) пән.

Басқару түрлері. Талдау. Жобалау. Зерттеу.

3. Дамуды зерттеу және басқару.

4. Талдау және зерттеу басқару түрлері ретінде.

2 дәріс тақырыбы: Басқарудың теориялық негіздері

Мақсаты: басқару әрекетінің негіздерімен таныстыру

Тірек ұғымдар: басқару жүйесі: ұйымдастыру, талдау, жобалау, зерттеу

Жоспар

«Басқару әрекеті» ұғымы. Басқару әрекетінің қызметтік бөліктері.

Білім беру ұйымдарын басқарудың негізгі міндеттері.

Басқару тәжірибесінің жүйесі: ұйымдастыру, талдау, прожект (болашақ туралы түсініктер), зерттеу.

3 дәріс тақырыбы: Жобалау басқару тәжірибесі ретінде. Жобалау әдістері мен құралдары

Мақсаты: басқарудағы жобалау әрекетінің орнын белгілеу

Тірек ұғымдар: жобалау, жобалау әдістері

Жоспар

Жобалау – басқару технологиясы.

Жобалау әдістеріне жалпы сипаттама: экстраполяция әдісі, ресурстық талдау әдісі, шешім қабылдау әдісі, проблемалық талдау әдісі, стратегиялық жоспарлау әдісі.

4 дәріс тақырыбы: Әлеуметтік жобалау ресурстары

Мақсаты: әлеуметтік жобалау ресурстарын ұғындыру

Тірек ұғымдар: «бастапқы» ресурстар, стратегиялық ресурстар

Жоспар

Жобалаудағы «бастапқы» және стратегиялық ресурстар.

Ресурстармен жұмыс жасау көрсеткіштері.

Ресурстармен жұмыс жасау принциптері.

5 дәріс тақырыбы: SWOT – талдау сызбасы мен принципін қолдану

Мақсаты: SWOT – талдау жайында түсінік қалыптастыру

Тірек ұғымдар: SWOT – талдау, PEST – талдау

Жоспар

SWOT – талдауға жалпы сипаттама.

PEST – талдау – SWOT талдаудың құрамдас бөлігі.

SWOT- талдау- басқару әрекетінің шарты.

6 дәріс тақырыбы: Білім беру жүйесіндегі инновацияларды басқару

Мақсаты: инновацияларды басқару әрекетінің негіздерімен таныстыру

Тірек ұғымдар: инновация, әлеуметтендіру, мәдениеттендіру

Жоспар

Өзгерістерді басқару: жобалау объектілері және жобалау объект ретінде.

Инновацияларды басқару: әлеуметтендіру және мәдениеттендіру.

7 дәріс тақырыбы: Жобалауда тұжырымдама жасау

Мақсаты: тұжырымдама жасау негіздерімен таныстыру

Тірек ұғымдар: тұжырымдама, жоба тұжырымдамасы

Жоспар

Жобалау жүйесінде тұжырымдама жасаудың орны мен мәні.

Жобалау жұмысында «ситуацияны талдау-тұжырымдама жасау» қатынасы. «Тұжырымдама жасау – мақсат қою»

Тұжырымдама жасау процесінің технологиялық құрылымы.

8 дәріс тақырыбы: Жобалауда мақсат-міндеттер қою

Мақсаты: жобалау әрекетінде мақсат қою негіздерімен таныстыру

Тірек ұғымдар: мақсат, міндет

Жоспар

Мақсат қою – ұйымдастыру және нақтылау құралы.

Міндеттер – жобалау әрекетін жоспарлау шарты.

Мақсат қоюдан міндеттерге көшу.

9 дәріс тақырыбы: Стратегиялық жоспарлау

Мақсаты: стратегиялық жоспарлау ұғымымен таныстыру

Тірек ұғымдар: стратегия, стратегиялық жоспарлау

Жоспар

Стратегия ұғымы. Стратегиялық жоспарлау ұғымы. Жоба – «стратегия» құралы.

Стратегиялық жоспарлау түрлері.

Стратегиялық жобалау тұрғылары.

10 дәріс тақырыбы: Стратегиялық жобалар түрлері

Мақсаты: стратегиялық жобалар түрлерімен таныстыру

Тірек ұғымдар: жобалау стратегиялары

Жоспар

Дәстүрлі жобалау стратегиялары: қорғау (протекционисттік) типі, провокациялық типі.

Жүйелі жобалау стратегиялары: прецедент стратегиясы, гуманитарландыру стратегиясы.

11 дәріс тақырыбы: Стратегиялық жоспарлаудағы жобалау

Мақсаты: стратегиялық жоспарлауда жобалаудың орнын белгілеу

Тірек ұғымдар: стратегиялық жоспарлау, жобалау технологиясы

Жоспар

Стратегиялық жоспарлаудағы жобалау тұрғысы

Жобалау идеологиясы және жобалау әрекеті

Жоба және бағдарлама.

12 дәріс тақырыбы: Институционалдық жобалау және білім беру саясаты

Мақсаты: институционалдық жобалаудың тәжірибесімен таныстыру

Тірек ұғымдар: институционалдық жобалау, білім беру саясаты, инновациялық жобалар

Жоспар

Дамуды институционалдық жобалау (аймақтар мен қалалар).

Халықаралық инновациялық жобалардың (технополис, технопарк және т.б.) тәжірибесін талдау.

Институционалдық жобалаудағы адам капиталының орны.

13 дәріс тақырыбы: Бизнесті жобалаудың теориялық негіздері

Мақсаты: бизнесті жобалаудың теориялық негіздерімен таныстыру

Тірек ұғымдар: бизнес-жоспар

Жоспар

«Бизнес-жоспар» ұғымы. Бизнес-жоспар – ұйымдастырылған жоба.

Бизнес-жоспар жобаның идеясын әлеуметтендіру құралы ретінде.

Бизнес-жоспар жобасының құрылымы мен қызметі

14 дәріс тақырыбы: Бизнесті жобалау

Мақсаты: бизнесті жобалаудың теориялық негіздерімен таныстыру

Тірек ұғымдар: бизнес-жоспардың мақсат-міндеттері

Жоспар

Жобалау құрылымындағы дәстүрлі бизнесті жоспарлаудың орны

Бизнес-жоспардың мақсат-міндеттері, қызметі

Бизнес-жоспардың типтік құрылымы

15 дәріс тақырыбы: Жобаны бағалау

Мақсаты: бизнесті жобалаудың теориялық негіздерімен таныстыру

Тірек ұғымдар: жобаны бағалау

Жоспар

Мақсаттарды жүзеге асыру негізінде жобаның тиімділігін бағалау

Мақсат ұжымдық жұмыстың нәтижесі ретінде.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]