Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД по Физ и коллоид химии для ТПП каз каф ФиХ...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
9.47 Mб
Скачать

2. Тәжірибе. Коллоидтық бөлшектерінің заряд таңбасын анықтау

Жұмыстың мақсаты: мицеллаларының зарядтарын анықтау

Реактивтер және құрал-жабдықтар: жоғарыда көрсетілген тәжірибелердегі алынған коллоидтық ерітінділер, фильтр қағаздары, микропипеткалар

Жұмыс барысы:

Қағаз капиллярларының целлюлоздық қабырғалары теріс зарядталған, ал қағазға сіңіретін су молекулалары  оң зарядталған. Коллоидтық бөлшектерінің заряд таңбасына қарай олар қағаз капиллярларының қабырғаларында адсорбцияланады немесе сол қағазға сіңіретін судың құрамында қалып қояды. Сонымен, боялған зольдің тамшысы, оның бөлшегінің зарядына қарай, қағаздың ортасында боялған, ал шеттерінде түссіз дақ ретінде немесе біртекті боялған дақ ретінде таралуы мүмкін (16-сурет).

16-сурет. Коллоидтық бөлшектердің зарядтарын анықтау әдісі

1-ші тәжірибеде алынған коллоидтық ерітінділерінен пипетка арқылы фильтр қағаздың ортасына бір тамшыдан тамызып, олардың қағаз бойымен таралуын байқаңыз да, мицелла бөлшектерінің зарядтарын анықтаңыз.

Зертханалық жұмыс № 12

1. Тәжірибе. Коллоидтық ерітінділердің коагуляция құбылысы

Жұмыстың мақсаты: темір (III) гидроксиді золінің коагуляция табалдырығын анықтау

Реактивтер және құрал-жабдықтар: темір (III) хлоридінің 2%-ті ерітіндісі, дистелденген су, пробиркалар, спирт шамы, электролит ерітінділері.

Жұмыс барысы:

Алдымен темір (III) хлоридінің ерітіндісінен темір гидроксидінің зольін дайындап, оны диализ әдісімен тазалап алыңыз. Енді үш пробиркаға 5 мл-ден ( ) темір гидроксидінің коллоидтық ерітіндісін құйыңыз.

Үш бюретканы алып, оларды келесі электролит ерітінділерімен толтырыңыз: а) 1н калий хлоридімен, б) 0,01н натрий сульфатымен, в) 0,001н натрий фосфатымен.

Темір гидроксидінің золі бар бірінші пробиркаға тамшылатып калий роданитінің ерітіндісін бюреткадан тамыза бастайды да, ерітіндіні жақсылып араластарады. Коагуляцияның басталу белгісі зольдің барлық көлемінде лайлануы болып табылады. Мұның себебі зольдің микробөлшектерінің көзге көрінетін макробөлшектерге бірігуімен түсіндіріледі. Электролитті міндетті түрде тамшалатып қосу керек, алдын ала әр бір тамшының көлемін белгілеп өлшеп алады. Содан соң коагуляцияға жұмсалатын электролит ерітіндісінің көлемі анықталады да коагуляция табылдырығы есептелінеді:

CТ – коагуляция табалдырығы (кг-экв/м3),

Nэл – электролит концентрациясы,

Vэл – жұмсалған электролиттің көлемі (м3),

Vзоль – коагуляция үшін алынған зольдің көлемі (5*10-6м3).

Дәл осы әдісімен қалған екі электролитпен зольдің коагуляциясын анықтаңыз. Коагуляцияның жоғарғы табалдырығын төменгісіне бөлу арқылы үш валентті ионның коагуляциялаушы қабілеті бір валентті ионымен салыстырғанда неше есе артық екенін анықтаңыз.

Алынған нәтижелерді төмендегі кестеге салып, жұмыстың қорытындысын жасаңыз:

Зольдің көлемі, Vзоль, м3

KCl-мен коагуляция

Na2SO4-пен коагуляция

KCNS-пен коагуляция

Vэл, м3

СТ,

кг-экв/м3

Vэл, м3

СТ,

кг-экв/м3

Vэл, м3

СТ,

кг-экв/м3