- •Физикалық және коллоидтық химия пәні бойынша
- •Астана 2013
- •Физикалық және коллоидтық химия пәнін оқытудың әдістемелік нұсқаулары
- •Глоссарий
- •1. Оқытушы туралы мәлімет:
- •2. ПӘн туралы мӘлімет
- •5. Курсқа қысқаша шолу
- •6. Курстың мазмұны
- •6.1 Дәріс сабақтарының тізбесі
- •6.2 Зертханалық сабақтарының тізбесі
- •7. Физикалық және коллоидтық химия пәні бойынша сөж орындау жӘне тапсыру кестесі
- •8. Әдебиеттер тізімі
- •9. Курстың саясаты
- •10. Білімді бағалау жөніндегі ақпараты
- •11. Бағалау саясаты Емтиханда білімін бағалау сызба нұсқасы
- •Студенттердің білімін бағалау шкаласы
- •Заттың агрегаттың күйлері
- •Тақырып бойынша бақылау сұрақтары
- •Химиялық термодинамика және термохимия
- •Фазалық тепе-теңдік
- •Тақырып бойынша бақылау сұрақтары
- •Химиялық кинетика және катализ. Фотохимиялық реакциялар
- •Катализ
- •Фотохимиялық реакциялар
- •Тақырып бойынша бақылау сұрақтары
- •Ерітінділердің қасиеттері
- •Тақырып бойынша бақылау сұрақтары
- •Буферлік жүйелер
- •Тақырып бойынша бақылау сұрақтары
- •Электрохимия негіздері. Электролит ерітінділерінің электрөткізгішітігі
- •Тақырып бойынша бақылау сұрақтары
- •Электродтық процестер. Гальваникалық элементтер. Электролиз
- •Салыстырмалы электродтар
- •Индикаторлық электродтар
- •Электролиз
- •Тақырып бойынша бақылау сұрақтары
- •Беттік құбылыстар. Сорбция процестері
- •Сорбция процестері
- •Адсорбция құбылысы
- •Тақырып бойынша бақылау сұрақтары
- •Хроматографиялық анализ
- •Тақырып бойынша бақылау сұрақтары
- •Дисперстік және коллоидтық жүйелердің сипаттамалары
- •Тақырып бойынша бақылау сұрақтары
- •Коллоидтық жүйелердің қасиеттері мен тұрақтылығы
- •Тақырып бойынша бақылау сұрақтары
- •Жоғары молекулалық қосылыстар
- •Тақырып бойынша бақылау сұрақтары
- •Жоғары молекулалық қосылыстардың ерітінділері
- •Полиэлектролиттер. Ақуыздар
- •Гельдер және сірнемелер
- •Тақырып бойынша бақылау сұрақтары
- •Микрогетеродгенді жүйелердің сипаттамалары
- •Тақырып бойынша бақылау сұрақтары
- •Зертханалық жұмыстарды орындаудың әдістемелік нұсқаулары
- •Химиялық зертханада жұмыс істегенде қолданатын сақтық шаралары
- •Реактивтерді пайдалану ережелері
- •1 Тәжірибе. Криоскопиялық әдіс (Раульдің 3-ші заңы)
- •2 Тәжірибе. Эбулиоскопиялық әдіс (Раульдің 2-ші заңы)
- •1 Тәжірибе. Электролит ерітінділерінің электрөткізгіштігі өлшеу
- •2 Тәжірибе. Әлсіз электролиттің электрөткізгіштігін өлшеу арқылы оның диссоциациялану константасын анықтау
- •1 Тәжірибе. Даниэль-Якобидің электрохимиялық элементі
- •2 Тәжірибе. Концентрлі гальваникалық элементтер
- •Өзара араласпайтын екі сұйықтың арасында таралу коэффициентін анықтау
- •Активтендірілген көмірмен сірке қышқылының адсорбциясы
- •Зертханалық жұмыс № 10
- •1 Тәжірибе. Топырақтың адсорбциялық қасиеттері
- •2 Тәжірибе. Топырақтың ионалмастырғыш қасиеттері
- •3 Тәжірибе. Темір, мыс және кобальт иондарын хроматография арқылы ажырату
- •4 Тәжірибе. Қағаздағы хроматография арқылы темір және мыс катиондарын ажырату
- •5 Тәжірибе. Қағазда жапырақ пигменттерін ажырату
- •7 Тәжірибе. Ав-17 анионитпен суды Сl- -ионынан тазарту
- •Зертханалық жұмыс № 11
- •1. Тәжірибе. Коллоидтық жүйелерді алу
- •2. Тәжірибе. Коллоидтық бөлшектерінің заряд таңбасын анықтау
- •Зертханалық жұмыс № 12
- •1. Тәжірибе. Коллоидтық ерітінділердің коагуляция құбылысы
- •2. Тәжірибе. Ақуыз ерітіндісінің коагуляциясы
- •Зертханалық жұмыс № 13
- •Зертханалық жұмыс № 14
- •1 Тәжірибе. Жоғары молекулалық қосылыстардың ерітінділерін алу
- •2 Тәжірибе. Тұзсыздану процесі
- •Зертханалық жұмыс № 15
- •1. Тәжірибе. Гельдерде диффузия құбылысын байқау. Лизеганга сақиналарын алу
- •2. Тәжірибе. Қан гельінің синерезисі
- •Студенттердің өздік жұмысына арналған есептер мен тапсырмалар
- •1 Газ заңдары
- •2 Химиялық термодинамика және термохимия
- •3 Химиялық кинетика және тепе-теңдік
- •4 Ерітінділердің коллигативті қасиеттері
- •4 Электролит ерітінділерінің қасиеттері
- •5 Электролит ерітінділерінің электроөткізгіштігі
- •6 Буферлік жүйелер
- •Вариант – 1
- •7 Электродтық процестер. Гальваникалық элемент
- •Реферат дайындау әдістемелік нұсқасы
- •Реферат тақырыптары
- •Қорытынды тест сұрақтары
- •Қолданған әдебиеттер тізімі
Глоссарий
1. Автокоагуляция немесе қартаю – лиофобты зольдердегі бөлшектердің өздігінен бірігуі.
2. Абсорбция – бір заттың екінші заттың барлық көлемінде сіңірілу процесі немесе газдың сорбент массасына өтуі (диффузия) арқылы жүретін сорбция.
3. Адсорбция – бір заттың екінші заттың беттік қабатында сіңірілу процесі.
4. Адсорбциялық тепе-теңдік – адсорбция мен десорбцияның жылдамдықтары тең болатын жағдай.
5. Агрегаттық тұрақтылық – коллоидтық жүйенің дисперстік фаза бөлшектерінің жабысуға қарсыласу және соның нәтижесінде белгілі бір дисперстік дәрежесін сақтау қабілеті.
6. Амфолиттер – ерітіндіде диссоциациялағанда гидроксид ОН- және сутегі H+ иондарын түзетін электролиттер.
7. Анод – тотығу үрдісі жүретін электрод.
8. Байланыс энергиясы – байланысты үзуге жұмсалатын энергия, әдетте оны 1 моль затқа шығарады, кДж/моль.
9. Гальваникалық элемент – химиялық энергияны электр энергиясына айналдыратын қондырғы.
10. Гель – дисперстік фаза бөлшектері бірімен бірі тығыз байланыста болып еркін қозғала алмайтын, дисперстік жүйе.
11. Гранула – мицелланың негізгі массасын құрайтын бөлімі.
12. Диссоциациялану дәрежесі () – иондарға ыдыраған молекулалар санының жалпы молекула санына қатынасы.
13. Диссоциациялану константасы – электролит ерітіндісіндегі тепе-теңдікті сипаттайтын концентрацияға тәуелсіз шама.
14. Дисперстік жүйе – бір заттың ішінде екінші зат біркелкі таралған жүйе.
15. Дисперстік орта – жүйенің дисперстік фазаның бөлшектері тараған зат.
16. Дисперстік фаза – дисперстік ортада тараған кішкентай зат бөлшектері.
17. Диффузия – еріткіш молекулаларымен еріген заттың молекулаларының бір-бірімен араласуы.
18. Дзета потенциал – адсорбциялық және диффузиялық қабаттардың арасында пайда болатын потенциал секірілуі.
19. Ерігіштік – заттың суда немесе басқа еріткіште еру қабілеті.
20. Ерігіштік коэффициенті - берілген температурада 100г еріткіште еритін заттың максимальды массасы.
21. Ерітінді – өзара физхимиялық әсерлескен, екі немесе одан да көп компоненттерден түзілген гомогенді біртекті жүйе.
22. Ерітінді қаныққан – еріген заттың артық мөлшерімен динамикалық тепе-теңдікте болатын ерітінді.
23. Ерітінділердің коллигативті қасиеттері – ерітіндідегі тек еріген заттың концентрациясына, яғни молекулалар санына тәуелді қасиеттері.
24. Ерітіндінің бу қысымының төмендеуі – таза еріткіштің қаныққан бу қысымы Р мен ерітіндінің бетіндегі бу қысымының Р айырмасы.
25. Ерітіндінің қайнау температурасының жоғарылауы – ерітінді мен таза еріткіштің қайнау температурасының айырмашылығы.
26. Ерітіндінің қату температурасының төмендеуі – таза еріткіш пен ерітіндінің қату температурасының айырмасы.
27. Заттардың түзілу жылуы – жәй заттардан қосылыстың 1 молі түзілгенде бөлінетін немесе сіңірілетін жылу мөлшері.
28. Золь – дисперстік ортасы сұйық болатын коллоидты ерітінділер.
29. Идеал ерітінді – ерітінді құрайтын заттар бір-бірімен химиялық жолмен әрекеттеспейтін ерітінділер.
30. Изотондық ерітінділер – осмос қысымы бірдей ерітінділер.
31. Изоэлектрлік нүкте – белоктың электрофоретикалық қозғалғыштығы нольге тең болатын рН мәні.
32. Иондану энергиясы – атомнан электрон үзіп алу үшін жұмсалатын энергия.
33. Ингибиторлар – реакция жылдамдығын азайтатын заттар.
34. Катализ – арнаулы заттардың әсерінен химиялық рекциялар жылдамдығының өзгеруі.
35. Катализатор – реакция жылдамдығынын арттыратын, бірақ реакция өнімдерінің құрамына кірмейтін заттар.
36. Катод – тотықсыздану үрдісі жүретін электрод.
37. Кинетикалық тұрақтылық – коллоидтық жүйенің дисперсиялық фазасын броундық қозғалысы әсерінен жүзгін түрінде ұзақ сақтау қабілеті.
38. Коагуляция – дисперстік фаза бөлшектерінің бірігуі.
39. Коагуляция табалдырығы – коагуляцияны туғызатын электролиттің минимальді концентрациясы.
40. Коллоидты жүйелер – фазалар арасындағы беттік ауданы жақсы дамыған жоғары дисперсті гетерогенді жүйелер.
41. Концентрация – ерітіндідегі еріген заттың мөлшерін сипаттайтын шама.
42. Күшті электролиттер – ерітіндіде иондарға толық ыдырайтын электролиттер.
43. Қаныққан бу – сұйық күйімен тепе-теңдікте тұрған ерітіндінің бетіндегі буы.
44. Лиофильдік қасиет – дисперстік фаза бөлшектерінің дисперстік ортаның молекулаларын өзіне қарай жақсы тарту қабілеті.
45. Лиофобтық қасиет – дисперстік фаза бөлшектерінің дисперстік ортаның молекулаларымен әрекеттеспеуі.
46. Мицелла – коллоидты жүйенің ең кіші бөлшегі.
47. Мономер – полимердің макромолекуласын құрайтын қарапайым құрылымдық звеносы.
48. Осмос – жартылай өткізгіш мембрана арқылы жүретін еріткіштің бір жақты диффузия.
49. Осмос қысымы – осмосты тежеуге жұмсалатын қысым (кПа).
50. Реакцияның молекулалығы – химиялық реакцияның элементарлы сатысына қатысатын бөлшектер саны.
51. Реакцияның реті – химиялық реакцияға қатысатын заттар концентрацияларының дәрежесінің қосындысы.
52. Полимер – молекулалық массасы 5000-нан асатын, мыңдаған атомдардан тұратын жоғары молекулалық қосылыс.
53. Потенциал анықтаушы ион – мицелланың ядросына адсорбцияланатын және оның зарядын анықтайтын ион.
54. Седиментация – бөлшектердің ауырлық күшінің әсерінен тұнбаға түсуі.
55. Синерезис – гельдің уақыт өткен сайын ескіру процесі.
56. Стандартты изобара-изотермалық потенциал – стандартты жағдайда жай заттардан қосылыстың 1 моль түзілгенде изобара-изотермалық потенциалдың өзгеруі.
57. Стандартты сутектік электрод – кеуек платинамен қапталып, концентра-циясы 1 моль/л күкірт қышқылы ерітіндісіне батырылған платина электроды.
58. Стандартты электродтық потенциал – металдың өз тұз ерітіндідегі иондардың концентрациясы 1 г-ион/л болғандағы анықталатын потенциал.
59. Сорбция – еріген заттың немесе газдың өздігінен қатты заттың немесе сұйықтың бетіне өздігінен сіңірілуі.
60. Сутектік көрсеткіш – теріс таңбамен алынған сутек иондарының концен-трациясының ондық логарифмі.
61. Сіңіру сыйымдылығы (топырақтың сіңіру сыйымдылығы) – 100 г топырақ сіңіре алатын иондардың жалпы мөлшері.
62. Термохимия – реакциялардың жылу эффектісін зерттейтін химияның бөлімі.
63. Тиксотропия – гельдің зольге, ал зольдің гельге айналу қайтымды процесі.
64. Химиялық реакция жылдамдығы – әрекеттесетін заттардың біреуінің немесе түзілген өнімнің концентрацияларының уақыт бірлігінде өзгеруі.
65. Хемосорбция – сіңірілетін заттың және сіңіретін заттың бір-бірімен жаңа зат түзу арқылы химиялық әрекеттесуі.
66. Энтальпия (Н) – изобаралық процесс кезіндегі жүйенің жылу эффектісі.
67. Энтропия (S) – ретсіздіктің қаншалықты артқанын көрсететін функция.
68. Электролиттік диссоциация – электролит молекуласының еріткіш әсерінен иондарға ыдырауы.
69. Электрохимиялық процестер – энергияның химиялық және электр түрлері өзара ауысып жүретін процестер.
70. Электродтық потенциал – металл (электрод) мен сұйық фаза (су немесе электролит ерітіндісі) арасында пайда болатын электростатикалық потенциалдар айырмасы.
71. Электрокинетикалық немесе -дзета потенциал – иондардың қос қабатын сипаттайтын потенциал.
72. Электрофорез – дисперсті ортада сырттан берілген электр тогының әсерінен зарядталған бөлшектердің қозғалуы.
73. Электроосмос – кеуекті қатты дене арқылы сұйықтардың өтуі.
74. Электр қозғаушы күші (ЭҚК) – гальваникалық элемент электродтарының потенциалдарының максимальды айырмасы.
