Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-28.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
314.89 Кб
Скачать

Қр Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. «Қазақстан 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты. (14 желтоқсан 2012 ж).

«2050 жыл – жай бейнелі дата емес. Бұл – бүгін­де әлемдік қауымдастық бағдар ұстап отыр­ған нақты мерзім. БҰҰ-да 2050 жыл­ға дейінгі өркениеттер дамуы­ның жа­һандық болжамы әзірленді. 2050 жыл­ға дейінгі болжамдық баян­да­маны Дүниежүзілік азық-түлік ұйымы жа­риялады. Қазір елдердің дені осын­дай ұзақ мерзімді стратегиялар әзірлеп, қабылдауда. Қытай өзі үшін дәл осындай стратегиялық жоспарлау көкжиегін айқындап алды. Ірі трансұлттық компа­ния­лардың өзі алдағы жарты ғасырға даму стратегияларын әзірлеуде», – деді Н.Назарбаев. Бұл ретте межеленген бағ­дарға тоқтала келе Елбасы «Қазақ­стан – 2050» стратегиясы – «Қазақ­стан – 2030» стратегиясының жаңа кезең­дегі үйлесім­ді дамуы екеніне мән берді. «Біз кімбіз, қайда барамыз және 2050 жылға қарай қайда болғымыз келеді?» деген сұрақ­тарға жауап – осы. Жас ұрпақтың нақ осы­ған мүдделі екеніне сенімдімін. Осы­ған орай, ұлттың 2050 жылға дейінгі жаңа саяси бағытының жобасын ұсына­мын», – деді Нұрсұлтан Әбішұлы. Бұдан бөлек, Елбасы Қазақ­стан 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарында отыруы тиіс­тігін қадап айтты. Мемлекет басшы­сының сөзіне қараған­да, дамушы елдер арасында дәл осы клубтағы орынға бәсекелестік қатал болмақ. Соған орай, Нұрсұлтан Әбішұлы «күн астындағы орын» тек ең мық­ты­ларға арналғанын нақты сезіне отырып, ұл­тымыз жаһандық экономикалық тай­та­ласқа дайын болуға тиістігін атап өтті.

Бұдан бөлек, Елбасы 2050 жылға дейін кезең-кезеңмен бірқатар міндет­тер­ді шешу принципті маңызды екенін айта­ды. Ондай бағыттың ішінде мем­лекеттің макроэкономикалық саясатын жаңғырту, салық саясатын жетілдіру, ақша-кредит саясаты, мемлекеттік және сыртқы қарызды басқару саясаты секілді мәселелер бар. Бұл ретте Президент жаңа салық саясаты әлеуметтік бағыт алуға тиіс екенін алға тартады. «Бұл үшін 2015 жылдан бастап ынталандыру ша­ра­ла­ры кешенін, соның ішінде білім беру­ге, өзін, өз отбасын, қызметкерлерін ме­дициналық сақтандыруға қаражат салатын азаматтар мен компанияларды салық­тан босату практикасын көздейтін ынталандыру кешенін әзірлеу қажет», – деді Елбасы.

Елбасы н.Ә.Назарбаевтың «Тарих толқынында» атты еңбегі

Ақорданы, “Бәйтеректі” қаумалай түзілген көшелер мен алаңдарға есім бергенде басшылыққа алатын нақты ұстанымдар қандай болуы керек? Бұл орайда Елбасы Н.Назарбаевтың “Тарих толқынында” кітабы биік идеяға шылбыр ұстатып отыр. Зерттеудің соңғы тарауында Қазақстан аумағындағы руханияттың соңғы алты мың жылғы дамуы 12 кезеңге бөлінген. “Егер біз мемлекет болғымыз келсе, – деп тұжырымдайды Елбасы, – өзіміздің мемлекеттігімізді ұзақ уақытқа меңзеп құрғымыз келсе, онда халық руханиятының бастауларын түсінгеніміз жөн” (Н.Назарбаев. Тарих толқынында. Алматы, Атамұра, 1999. 237-б.).

Бірінші кезеңнің көшелі мұрасы ретінде Сынтасты мен Ар¬қайым кешендері ауызға алынған. Екінші кезең (4-5 мың жыл бұрын) өресін Таңбалы шатқалы, Есік, Бесшатыр қорғандары айшықтайды. Үшінші кезеңнің (3-4 мың жыл бұрын) руханияты Тәңірлік сенім-нанымның пайда болуымен байыды. Оның үш тағаны: Тәңірі – Көк аспан, Жер-су, Ұмай ана. Төртінші кезең (1,5 мың жыл бұрын) бірінші Түркі қаға¬на¬тының шаңырақ көтеруімен тарихымызға енді. Мәңгі ел, Көк бөрі, Қорқыт ата төртінші кезеңнің негізгі идеологиясы. Бесінші кезеңге (1300-1100 жыл бұрын) Тоныкөк, Күлтегін есімдері айбар берді. Алтыншы кезең (1100-900 жыл бұрын) араб-ислам рухын бойына сіңірді, мәңгі сөнбес жарық жұл¬дыз¬дары – әл-Фараби, Жүсіп Баласағұни, Махмуд Қашқари. Жетін¬ші кезеңнің (ХІ ғасыр) шамшырағы – Қожа Ахмет Ясауи. Сегізінші кезең (ХІІ-ХІV ғасырлар) – қазақ даласындағы саяси-әлеуметтік сілкіністер заманы. Майқы бидің есімі, Алаш-Қазақ жұртының қалыптаса бастауы, алғашқы отарлануы сол ғасырлар еншісінде. Тоғызыншы кезең – ХV-ХVІІ ғасырлар. Керей-Жәнібек сұл¬тан¬дардың ақыл-қайратымен қазақ хан¬дығы шаңырақ көтерді, Асан Қайғы, Шал¬киіз, Бұқар жырау, Төле, Қазы¬бек, Әйтеке билер нағыз ұлттық руха¬ният¬ты бекемдеді. “Қобыланды батыр”, “Қыз Жібек” жырлары, Жеті жарғы қазақ халқын әлемдік биікке көтерді. Оныншы кезең – ХVІІІ-ХІХ ғасырлар. Жоңғарлармен соғыс Абылай ханды, Бөгенбай, Қабанбай, Наурызбай батырларды тарих сахнасына шығарып, халықты жоқ болып кетуден сақтады. Ресейге бодандықты қабылдаумен келген әділетсіздікке, отарлауға қарсы Сырым мен Кенесарының, Исатай мен Махамбеттің ту көтерген жылдары бұл. Шоқан, Ыбырай, Абай әлемдік ой-сананың ортақ қазынасына олжа салды. Қазақ даласы екінші отарлаудың сорақылықтарын бастан кешті. Рухани отарлауға Құрманғазы, Дәулеткерей, Біржан, Сара шығармалары тосқауыл болды. Он бірінші кезең – ХХ ғасыр. Алаш ұраны Алаш идеясына ұласқан заман еді. Үміт ақталмады. Халықтың бір ұрты майға, бір ұрты қанға толды. Он екінші кезең ХХ ғасырдың 80-ші жылдары ортасынан бері жалғасып келеді.

С онымен, жаңа әкімшілік орталық қазақ халқының тарихи-әлеуметтік, мәдени-рухани ғұмыр шежіресіне айғақ боларлық ұрымтал атаулармен аталуға тиіс. Астана төріндегі жаңа көшені, алаңды қазақ руханиятының бастаулары болған атаумен ұлықтау бүгінгі ұрпақтың, зиялы қауымның қасиетті борышы деп саналуы керек. Мұнда орналасқан дәмханалар, сауықханалар, мәдени ошақтар осы ұстаныммен есім алуға тиіс. Мәселен, “Изумруд”, “Самовар”, “Кишлак” дәмханасы неге “Арқайым”, “Таңбалы”, “Сыбаға” дәмханасы аталмасқа?

Есілдің сол жағалауындағы жаңа қалаға ономастикалық ұлттық ажар беру үшін оны шартты түрде 12 секторға бөлудің практикалық тиімділігін айта кетудің реті келіп тұр. Ертең жаңа әкімшілік орталыққа шетелдік туристер, өзіміздің азаматтар лек-легімен келе бастағанда оларды әрі-сәрі қылмай, бір сектордан екінші секторға ұйымдасқан түрде аяңдатып, қысқа ғана уақыт ішінде тұтас қазақ әлемінен мәлімет алуына жағдай жасалады.

Ақорда көшелері мен алаңдарына атау беру, түптеп келгенде, қазақ елін, азаттықты, ықылым заманнан шыңдалған бірлік-тұтастықты құрметтеу. Орнатылатын болашақ ескерткіштер мен мүсіндер де ұлттық руханиятқа сай келуін қадағалайтын уақыт жетті. Оны күн санап өсіп келе жатқан отаншылдық сана да талап етуде.

Талап үдесінен шығуда биік жауапкершілік пен көрегендік, болашақты дәл болжау талап етіледі. Ономастикалық жүйесіздік оңайлықпен түзетіле салатын ұсақ-түйек емес екеніне көзіміз әбден жетті.

Жаңа қаланың көшелері мен алаңдарына ономастикалық ұлттық ажар бергенде, бұған дейін байқалған олқылықтарды жібермеген жөн. Айталық, атқарылған шара кейде тарихты, тұлғаны, руханият тағылымын есте қалдыру үшін емес, көше-алаңды ардақтағандай көрінеді. Әйтпесе, ұзындығы 200-300 метрден аспайтын көшеге ұлт ардақтысының есімі берілер ме еді. Адасудың алдын алу тақтайшадағы жазудан басталады. Жер-жерде мәтінді орысшадан тікелей аудару етек жайған. Ол қазақ тілінің заңдылығына сәйкес келмейтіні ескерілмейді. Нақтырақ айтсақ, Ә.Бөкейханов атындағы көше дегенде әйгілі тұлғаны ұлықтағаннан гөрі көшенің өзіне басымдық берілетіні елеусіз қалған. Дұрысы – Ә.Бөкейханов көшесі. Әр көше-алаңның бастапқы үйіне неге осылай аталғанын түсіндіретін қысқаша мәтін берілсе де артықтық етпейді.

Арғы бабаларымыз байырғы түркілер “Мәңгі ел” құруды армандады. Арманды ақиқатқа айналдыратын аңсаған күн енді келді. Бұл мүмкіншілікті уыстан шығарып алмау – елдігімізге сын. Түпкі нәтижесі халықты шынайы тарихпен тәрбиелеу болмақ. Елордамыздың жаңа әкімшілік орталығы ғимараттарымен, ескерткіштерімен, көшелерімен, алаңдарымен ашық аспан астындағы тарих оқулығындай сөйлеп тұрса, оны көзбен көріп, оймен шолған шетелдіктер Қазақстанды кешегі КСРО-ның жеңінен шыға қалған ел ретінде қабылдайтын ұғым-түсінігінен арылады, ал қазақстандықтардың жүрегі мен санасын елі-жері үшін мақтанатын сезім рухтандыратыны күмәнсіз ақиқат.

Астана.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]