Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-28.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
314.89 Кб
Скачать

Хх ғасырдың басындағы Қазақстан мәдениеті.

XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ мәдениетінің жаңа мазмұнда қарқындап дамуына әсер еткен жағдайлар:

1905-1917 жылдардағы революциялық қозғалыс; демократиялық күрестің шегінуі; таптық күрестің қайтадан өрлеуі; баспа ісінің жолға қойылуы; 1909 жылы Абай Құнанбайұлының шығармалар жинағы ресми баспадан шықты.

Демократиялық бағытта дами бастаған С.Торайғыров, С.Дөнентаев, Т.Ізтілеуов, М.Көпеевтің және т.б. мұрасы шығыс әдебиетінен ерекше орын алды. С.Торайғыровтың «Шәкірт ойы», «Алты аяқ», «Бір адамға», «Адасқан өмір» шығармаларында қазақ ауылының өміріндегі өзгерістер сипатталады. Б.Майлиннің «Шұғаның белгісі», С.Көбеевтің «Қалың малы», С.Торайғыровтың «Қамар сұлуы» халық арасына кең тарады. А.Байтұрсыновтың «Қазақ салты», «Қазақ қалпы», «Жиған-терген» өлеңдері қазақ халқын саяси оятуға арналды. Абайдың талантты шәкірті – Ш.Құдайбердіұлы еңбектері тарих, философия, музыка, әдебиет, дін саласын қамтыды. Араб, парсы түрік, орыс тілдерін меңгеріп, Стамбул мен Париждің кітапханалары мен архивтерінде жұмыс істеді. Орыс географиялық қоғамының Семей бөлімшесінде мүше болды. 1911 жылы жарыққа шыққан «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі», «Мұсылмандық шарты» кітаптарында, 1912 жылы жарияланған «Қазақ айнасы» өлеңдер жинағы, «Қалқаман-Мамыр», «Еңлік-Кебек» поэмаларында Шәкәрім демократияшыл, гуманистік бағыттағы ақын, тарихшы, философ ретінде танылды.

Ағарту ісін дамытуда және насихаттауда негізгі орын алған басылымдар: «Айқап» журналы, «Қазақ» газеті, «Киргизская степная газета», «Сибирская жизнь», «Степной край», «Сибирский телеграф» газеттері.

Х Х ғасырдың басында бастауыш мектептер бойынша жан басына шаққанда бөлінген қаражат мөлшері: Торғай облысы – 6,9 тиын, Ақмола – 2,5 тиын, Жетісу – 1,9 тиын, Сырдария – 1,8 тиын.

ХХ ғасыр басындағы халық мәдениетіндегі жан-жақты дамыған сала – музыкалық мәдениет. Қазақ музыкасын дамытуға үлес қосқандар: Кенен Әзірбаев, Балуан Шолақ Баймурзин, Қазанғап Тілепбергенов, Дина Нұрпейісова, Үкілі Ыбырай Сандыбаев, Сүгір, қазақтың бұлбұлы Майра Шамсутдинова, Қали Байжанов, Манарбек Ержанов, Әміре Қашаубаев, т.б.

Естайдың «Майдақоңыры», Динаның «Көңіл ашары» мен «Әскерге алу» күйлері шықты. Үкілі Ыбырайдың «Гәкку» әні сүйіспеншіліктің өзіндік ән ұранына айналды, Мұхиттың «Зәуреші» нағыз «Реквием» саналды (А.Жұбановтың сипаттамасы). Абай мен Жаяу Мұсаның әндері еуропалық музыкалық мәдениет элементтеріне бай екендігімен ерекшеленеді.

ХХ ғасырдың басы – Қазақтың ұлттық мәдениетінің жаңа деңгейге көтеріле бастаған кезеңі.

Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы және патшалық жойылғаннан кейінгі Қазақстанның қоғамдық-саяси жағдайы

А қпан революциясы — 1917 жылғы 27 ақпанда (12 наурыз) Ресей империясында патша үкіметін құлатып, елде буржуазиялық-демократиялық республика орнатқан төңкеріс. Ақпан революциясының жеңісі саяси жүйенің жоғарғы сатысы — республикалық құрылысқа көшуге жағдай туғызумен қатар отаршыл жүйенің күш-қуатын әлсіретуге де мүмкіндік берді. Ақпан революциясы нәтижесінде ресми билікті қолына алған Мемлекеттік Думаның шешімімен құрылған Уақытша үкімет қазақ халқының 1916 жылы өзін-өзі билеуге құқықты болғандығын мойындады. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске қатысқандарды жазалау экспедицияларының әрекеттері тоқтатылды. Ақпан революциясының жеңісінің ең маңызды нәтижесі бұрынғы Ресей империясы аумағында кең көлемде саяси бостандықтар орын алып, бүкіл қоғамдық өмірдің демократиялануы болды. Бүкіл аймақта буржуазиялық мәндегі бостандықтар (саяси ұйым құру, сөз, баспасөз т.б.) жүзеге асырыла бастады, жасырын түрдегі партиялар жариялық жағдайға шықты, жаңа партиялар мен басқа да саяси ұйымдар құруға рұқсат етілді. Алайда Ақпан революциясы жеңісі қоғамдық өмірдің барлық мәселелерін шеше алған жоқ (мысалы, соғыс және жер мәселелерін). Ақпан революциясы монархияны құлатқанымен жер-жердегі ескі басқару аппаратын түбегейлі жоя алмады. Жаңа үкімет органдарын құру үшін күрес күрделі болып, ұзаққа созылды. Жер-жерлерде буржуазияшыл Уақытша үкіметтің органдарымен қатар орталықта Петроград кеңесі басқарған жұмысшы, солдат және шаруалар Кеңестері құрылды. Революция жеңісіне жеткеннен кейінгі алғашқы күндерде Кеңестердің қолында айтарлықтай күш болды. Елде қос үкіметтілік (ресми Уақытша үкімет және оның жергілікті жүйесі мен нақтылы күшке ие болған Кеңестер) жүйесі қатар орын алды. Уақытша үкімет Ресей империясының Қазақстан сияқты отар аймақтарында кадеттерден, эсерлерден және өзінің саяси бағытын жүзеге асыруға сенімді деп табылған қазақтың ұлттық-демократиялық интеллигенциясының жекелеген өкілдерінен өлкелік, облыстық және уездік комиссарларын тағайындады. Мысалы, Ә.Бөкейханов Уақытша үкіметтің Торғай облысындағы, М.Тынышбаев Жетісу облысындағы комиссарлары болып тағайындалса, М.Шоқай, А.Бірімжанов, А.Кенесарин Түркістан өлкесі мен Торғай өңіріндегі Уақытша үкіметтің жергілікті органдарында жауапты қызметтер атқарды. Қазақстанның облыс, уезд орталықтарында Уақытша үкіметтің жергілікті органдары — атқару катеттер, коалициялық катеттер, азаматтық катеттер жүйесі қалыптасты. Олар негізінен жергілікті орыс буржуазиясының, кәсіпкерлердің, банкирлердің өкілдерінен құрылып, кадеттердің, әсерлердің және соларға жақын саяси партиялар мен қозғалыстардың мүшелері болды. Уақытша үкіметтің өлкедегі ұлттық тірегі 1917 жылғы наурыз айынан құрыла бастаған қазақ және мұсылман катеттері болды. Олар негізінен сол жылғы шілде айында қазақтың ұлттық Алаш партиясын ұйымдастырған Ә.Бөкейханов басқарған ұлттық-демократиялық интеллигенцияның жетекшілігімен құрылды. Ақпан революциясы жеңіске жетісімен ұлттық-демократиялық қозғалыс (1917 жылы шілдеден — Алаш қозғалысы) басшыларының халыққа ұсынған саяси бағдарламасы жалпы алғанда түбірлі түрде Уақытша үкіметтің және оның саяси тірегі болған кадеттер партиясының ел басқарудағы бағытына қайшы келген жоқ. Сондықтан да ұлттық-демократиялық интеллигенция басшылары Уақытша үкіметке қайшы келетін жолды ұстаған кеңестерге әуел бастан-ақ оң көзқараста болмады, олардан өз іргесін қашығырақ салды. Кейінірек, Кеңестер жаппай құрылып, Уақытша үкіметке ашық қарсы шыға бастаған кезде қазақтың ұлттық-демократиялық қозғалысы күрделі жағдайға душар болды.

Қосөкіметтілік өзінің дүниеге келуі арқылы 1917 жылы Ақпан революциясының ішкі қайшылықтарын бейнеледі, елдің қоғамдық-саяси өмірінің тұрақсыз екенін көрсетті. Мұндай жағдай ұзаққа созылмайтын еді: ерте ме, кеш пе, қосөкіметтілік жойылып, барлық билік буржуазия мен оның одақтастарының мүддесін қорғайтын Уақытша үкіметтің немесе 1917 жылғы көктемде әлеуметтік және ұлттық езгінің ауыртпалығын көтерген халықтың басым көпшілігі жұмысшылар мен шаруалардың айтарлықтай бөлігінің сеніміне ие болған Кеңестердің қолына көшуге тиіс еді. Ақырында Ақпан революциясынан басталған саяси тұрақсыздық Қазан революциясына ұласып, Уақытша үкімет биліктен тайдырылды

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]