- •Жас ұрпаққа тәрбие және білім берудегі Қазақстан тарихы курсының маңызы мен орны.
- •Тас дәуіріндегі Қазақстан
- •Қола дәуіріндегі Қазақстан
- •Қазақстан тарихы бойынша ертедегі жазбаша деректер
- •Қазақстан жеріндегі сақтардың тайпалық одағы
- •Ғұндардың тайпалық одағы.Ұлы қоныс аудару
- •Үйсіндер және қаңлылар тайпалық одақтары
- •Қарлұқ, Қимақ, Оғыз мемлекеті (yiii-X)
- •Оңтүстік Қаз. Арабтардың жаулап алуы Ислам дін. Таралуы.
- •Қарахан әулетінің мемлекеті. Саяси тарихы, шаруашылығы, қоғамдық құрылысы, шаруашылығы.
- •Найман,Керейттер,Жалайырлар ұлыстары
- •Қыпшақ хандығы: саяси тарихы, шаруашылығы, қоғамдық құрылысы,шарушылығы
- •Моңғол мемлекетінің құрылуы және Шыңғысханның Қазақстан жеріндегі жаулаушылық жорықтары.
- •Алтын Орда
- •Ақ Орда және оның Қазақстан тарихында алатын орны
- •Ноғай Ордасы
- •Моғолстан мемлекеті
- •Әбілхайырхандығы (Көшпелі өзбектер мемлекеті)
- •Қазақ халқының қалыптасуы. «Қазақ» этнонимі.Қазақ жүздері.
- •Қазақ хандығының құрылуы мен нығаюы.Керей мен Жәнібек,Бұрындық хандар.
- •Хyi ғ. Қазақ хандығы.Қасым,Хақназар,Тәуекел хандар
- •Хvіі ғ. Қазақ хандығы. Есім, Жәңгір, Тәуке хандар
- •Жеті жарғы – қазақ халқының әдет-ғұрып заңдар жинағы
- •Хvііі ғ. Қазақ халқының материалдық және рухани мәдениеті.
- •«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама». Қазақ халқының жоңғар басқыншылығына қарсы азаттық соғысы
- •Қазақстанның Ресейге қосылуы: тарихи алғышарттары мен негізгі кезеңдері.
- •Хvііі ғ. Қазақстандағы патшалық Ресейдің отарлау саясаты
- •Абылай ханның мемлекеттік қызметі
- •С.Датұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының ұлт-азаттық қозғалысы
- •Хіх ғ. Қазақ халқының материалдық және рухани мәдениеті
- •Хіх ғ. Бірінші жартысындағы Қазақстанның саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайы. «Сібір қырғыздары туралы жарғы». «Орынбор қырғыздары туралы жарғы»
- •Исатай Тайманұлы бастаған Бөкей Ордасындағы қазақ шаруаларының көтерілісі
- •Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс
- •Сыр өңірі қазақтарының Жанқожа Нұрмұхамедұлы және Есет Көтібарұлы бастаған көтерілістері
- •1868-1869 Жж. Орал, Торғай облыстарындағы және 1970 ж. Маңғыстаудағы қазақтар көтерілісі
- •Хіх ғ. Екінші жартысы мен хх ғ. Басындағы Қазақстандағы патшалық Ресейдің қоныс аудару саясаты
- •Хх ғ. Басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы
- •1916 Жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтеріліс
- •Хх ғасырдың басындағы Қазақстан мәдениеті.
- •Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы және патшалық жойылғаннан кейінгі Қазақстанның қоғамдық-саяси жағдайы
- •«Алаш», «Үш жүз» партияларының құрылуы
- •1917 Ж. Қазан революциясы және Қазақстанда Кеңестер билігінің орнауы
- •Түркістан (Қоқан) және Түркістан акср құрылуы.
- •Алаш автономиясының құрылуы және қызметі.
- •Азамат соғысы жылдарындағы Қазақстан (1918-1920). Қазақстанда «әскери коммунизм» саясатының жүргізілу ерекшеліктері
- •Қазақ акср құрылуы және онық одақтас республикаға айналуы (ҚазКср).
- •Жаңа экономикалық саясат және оның Қазақстанда жүргізілу ерекшеліктері
- •Қазақстандағы социалистік индустрияландыру: ерекшеліктері мен нәтижелері
- •Қазақстандағы ауыл шаруашылығын ұжымдастыру: қорытындысы мен зардаптары. Ф. Голощекиннің «Кіші Қазан» саясаты.
- •1941-1945 Жж. Ұлы Отан соғысына қазақстандықтардың қатысуы және олардың мәңгі өшпес ерліктері
- •Қазақстан - майдан арсеналы. Ғылым мен өнер майданға (1941-1945 жж.)
- •1946-1964 Жж.Қазақ кср-ның қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайы
- •Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игеру: қорытындылары мен зардаптары.
- •1965-1985 Жж. Қазақ кср-ның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуындағы негізгі үрдістер мен қайшылықтар.
- •Қазақстан қайта құру жылдарында (1985-1991 жж.)
- •1986 Ж. Желтоқсан көтерілісі және оның тарихи маңызы
- •1945- 1991 Ж Қазақстанның мәдени өмірі
- •Ксро-ның ыдырауы: себептері мен салдары. Тмд-ның құрылуы
- •Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы «Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы». Алматы, 1991 ж. 16 желтоқсан
- •Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық реформалардың іске асырылуы (1991-2013 жж.)
- •Қазақстан Республикасының қоғамдық-саяси өмірі (1991-2013 жж.).
- •Қазақстан Республикасындағы білім, ғылым және мәдениет (1991-2013)
- •Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты (1991-2013 жж.).
- •Н.Назарбаевтың Қазақстан Республикасының құрылуы мен қалыптасуындағы қызметі мен рөлі.
- •Қ.И.Сәтбаев – көрнекті ғалым және ғылымды ұйымдастырушы.
- •Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеттің тарихы.
- •Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері – елтаңба, әнұран, ту.
- •Қр Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. «Қазақстан 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты. (14 желтоқсан 2012 ж).
- •Елбасы н.Ә.Назарбаевтың «Тарих толқынында» атты еңбегі
Қазақстан Республикасының қоғамдық-саяси өмірі (1991-2013 жж.).
Қ
азақстандағы
қазіргі саяси партиялар. ХХ ғасырдың
90 жылдарынан басталған демократиялық
өзгерістер еліміздегі партиялық жүйені
түбірімен өзгертті. Елімізде 70 жылдан
астам үстемдік құрған бірпартиялық
жүйе орнына көппартиялық жүйе қалыптаса
бастады. Бұл егеменді Қазақстанға
демократиялық өзгерістердің нәтижесінде
келген саяси плюрализмнің нақты көрінісі.
Мұратымыз демократия құру болғандықтан,
еліміздегі партиялық жүйені жетілдіру,
оны дамыту басты міндеттердің бірі
болып табылады. Елімізде тәуелсіздіктің
алғашқы жылдарында дүниеге келген
жүздеген саяси партиялар мен қоғамдық-саяси
қозғалыстар ұлттық идея төңірегінде
топтасты. Бірақ партиялардың көбі
ұйымдық тұрғыдан әлсіз, бағдарламасы
бұлыңғыр, қолдаушы тобы аз болатын. Он
сегіз жылдан астам уақыттан бері біздің
еліміздегі партиялар саны да бірде
азайып, бірде көбейіп өзгеріп отырды.
2004 және 2007 жылдардағы Парламент
Мәжілісіне, 2005 жылғы Президенттік
сайлаулар да партиялық алаңда біршама
өзгерістер алып келді. 2006 жылы 4 шілде
де кезектен тыс өткен IХ съезде «Отан»
партиясы «Асар», кейін «Азаматтық»
партияларымен бірікті. Осы өзгерістердің
нәтижесінде партия аты да «Нұр Отан»
болып өзгертілді. Сонымен қатар, қазіргі
Қазақстанның «Азат» демократиялық
партиясы «Нағыз Ақ жол» партиясы ретінде
Қазақстанның Демократиялық партиясынан
бөліну нәтижесінде 2005 жылдың 29 сәуірде
дүниеге келді. 2006 жылы 10 қыркүйекте
«Әділетті Қазақстан үшін» қозғалысының
негізінде Жалпыұлттық социал-демократиялық
партиясы (ЖСДП) құрылды. 2009 жылдың 1
шілдесінде Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігінен ресми тіркеуден
өткен он саяси партия қызмет жасауда.
Тәуелсіз Қазақстанның партиялық жүйесі
ондаған жылдар бойы қалыптасып келеді.
Өткен ғасырдың 90-жылдарында республика
шеңберінде көппартиялы саяси жүйе
тәжірибе жүзінде қолданымда болған
жоқ, өткен кеңес дәуірінің саясаты мен
азаматтық қоғамның дамымағандығы әсер
етті. Қазақстан Республикасының партиялық
жүйесінде сапалық даму үрдісі 90-жылдардың
екінші жартысында байқалды, бұл кезде
кейбір әлеуметтік топтар өз мүдделерін
жариялау және қорғау қажеттілігін
сезініп партия атты саяси ұйымдарға
бірлесе бастады. Партиялық құрылыстың
алғашқы қадамдары дәл Алматы қаласында
жүзеге асырылды, саяси өмірдің орталығы
да дәл осында. Тіпті, Елорданы ауыстырғаннан
соң да партиялық қызметтің белсенді
орталығы мен саяси белсенді тұрғындардың
басым бөлігі осы қалада қалды. 1.«Отан»
республикалық әлеуметтік-демократиялық
партиясы: партия көшбасшысы – Елбасы
Н.Назарбаев. Партияның басты мақсаты
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қайта
өңдеу өнеркәсібін, жоғары технологиялық
ғылыми өндірістерді дамыған деңгейге
жеткізуге, әлеуметтік мәселелерді
шешуге бағытталған реформалық саясатын
ресми түрде қолдау болып табылады. 2.
«Асар» партиясы көшбасшысы «Хабар
Агенттігі» ЖАҚ басшылар кеңесінің
төрайымы, ҚР Парламент Мәжілісінің
депутаты – Дариға Назарбаева. Негізгі
мақсаты – дамыған азаматтық қоғамдық
институттары бар экономикасы мықты,
демократиялық, құқықтық, әлеуметтік
мемлекет құру. Саяси ортада «Асар» өзін
орталықшыл мәтіндегі партия деп біледі,
және егер өз мүдделеріне қажет болса,
партия басшылықпен, басқа да партиялармен,
қоғамдық бірлестіктермен іскерлік
қарым-қатынас орнатуға дайын. 3.
Қазақстанның азаматтық партиясы
еліміздің бірқатар ірі металлургиялық
және тау-кен кәсіпорындарының еңбек
ұжымдарының ұсынысымен құрылған. Бұл
партияның негізгі мақсаттары - өндірісті
дамыту, әрбір қазақстандық жанұяның
әл-ауқатын жақсарту, Қазақстанның
мемлекеттігін нығайту. Басқа да қазіргі
таңдағы елдегі жүргізілген саясатты
қолдауға негізделген партиялар сияқты
ҚАП өз көшбасшысы деп Н.Ә. Назарбаевты
таниды. Бұл партияның 1-хатшысы –
А.Перуашев. 4. Қазақстанның аграрлық
партиясы жерге деген жеке меншікті
енгізу, ауыл инфрақұрылымының жақсаруын,
аграрлық сектордың салық салуына қатысты
өзгерістер енгізу мәселелерін қолдайды,
агроөндірістік кешен қызметкерлерінің
мүдделерін қорғайды. Партия жетекшісі
– Мәжіліс депутаты, ҚР Парламентінің
аграрлық мәселелер бойынша Комитетінің
мүшесі, Р.Мадинов. 5. «Руханият» партиясы
әлеуметтік жағынан қамтамасыз етілмеген
тұрғындарға сүйенеді: әйелдер, мүгедектер,
негізінен білім беру және денсаулық
сақтау саласындағы интеллектуалдық
еңбек қызметкерлері, сонымен қатар
партия аталмыш тұрғындардың мүдделерін
қорғайтынын хабарлады. Орталықшыл
мәтіндегі партия болып табылады. Өз
бағдарламасына сәйкес партияның басты
мақсаты – әйелдер мен студенттердің
ғылыми, шығармашылық, техникалық
зиялыларын саяси өмірге қатыстыру.
Негізгі мақсаты – халықтың тәлімдік,
діни жаңғыруы. Партия жетекшісі –
А.Жағанова. 6. Қазақстанның демократиялық
партиясы. Мақсаты – демократия
қағидаларына, ұлтаралық келісім мен
саяси тұрақтылыққа, бос нарықтық
экономика мен заңның жоғарылығына
негізделген хұқықтық мемлекеттікті
нығайту. Төрағасы – М.Нәрікбаев. 7. «Ауыл»
шаруашылық әлеуметтік-демократиялық
партиясы: Партия төрағасы – экономика
ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҒА
академигі Г.Қалиев. Осы сияқты басқа да
саяси партиялар жұмыс істеуде.
