- •Жас ұрпаққа тәрбие және білім берудегі Қазақстан тарихы курсының маңызы мен орны.
- •Тас дәуіріндегі Қазақстан
- •Қола дәуіріндегі Қазақстан
- •Қазақстан тарихы бойынша ертедегі жазбаша деректер
- •Қазақстан жеріндегі сақтардың тайпалық одағы
- •Ғұндардың тайпалық одағы.Ұлы қоныс аудару
- •Үйсіндер және қаңлылар тайпалық одақтары
- •Қарлұқ, Қимақ, Оғыз мемлекеті (yiii-X)
- •Оңтүстік Қаз. Арабтардың жаулап алуы Ислам дін. Таралуы.
- •Қарахан әулетінің мемлекеті. Саяси тарихы, шаруашылығы, қоғамдық құрылысы, шаруашылығы.
- •Найман,Керейттер,Жалайырлар ұлыстары
- •Қыпшақ хандығы: саяси тарихы, шаруашылығы, қоғамдық құрылысы,шарушылығы
- •Моңғол мемлекетінің құрылуы және Шыңғысханның Қазақстан жеріндегі жаулаушылық жорықтары.
- •Алтын Орда
- •Ақ Орда және оның Қазақстан тарихында алатын орны
- •Ноғай Ордасы
- •Моғолстан мемлекеті
- •Әбілхайырхандығы (Көшпелі өзбектер мемлекеті)
- •Қазақ халқының қалыптасуы. «Қазақ» этнонимі.Қазақ жүздері.
- •Қазақ хандығының құрылуы мен нығаюы.Керей мен Жәнібек,Бұрындық хандар.
- •Хyi ғ. Қазақ хандығы.Қасым,Хақназар,Тәуекел хандар
- •Хvіі ғ. Қазақ хандығы. Есім, Жәңгір, Тәуке хандар
- •Жеті жарғы – қазақ халқының әдет-ғұрып заңдар жинағы
- •Хvііі ғ. Қазақ халқының материалдық және рухани мәдениеті.
- •«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама». Қазақ халқының жоңғар басқыншылығына қарсы азаттық соғысы
- •Қазақстанның Ресейге қосылуы: тарихи алғышарттары мен негізгі кезеңдері.
- •Хvііі ғ. Қазақстандағы патшалық Ресейдің отарлау саясаты
- •Абылай ханның мемлекеттік қызметі
- •С.Датұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының ұлт-азаттық қозғалысы
- •Хіх ғ. Қазақ халқының материалдық және рухани мәдениеті
- •Хіх ғ. Бірінші жартысындағы Қазақстанның саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайы. «Сібір қырғыздары туралы жарғы». «Орынбор қырғыздары туралы жарғы»
- •Исатай Тайманұлы бастаған Бөкей Ордасындағы қазақ шаруаларының көтерілісі
- •Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс
- •Сыр өңірі қазақтарының Жанқожа Нұрмұхамедұлы және Есет Көтібарұлы бастаған көтерілістері
- •1868-1869 Жж. Орал, Торғай облыстарындағы және 1970 ж. Маңғыстаудағы қазақтар көтерілісі
- •Хіх ғ. Екінші жартысы мен хх ғ. Басындағы Қазақстандағы патшалық Ресейдің қоныс аудару саясаты
- •Хх ғ. Басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы
- •1916 Жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтеріліс
- •Хх ғасырдың басындағы Қазақстан мәдениеті.
- •Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы және патшалық жойылғаннан кейінгі Қазақстанның қоғамдық-саяси жағдайы
- •«Алаш», «Үш жүз» партияларының құрылуы
- •1917 Ж. Қазан революциясы және Қазақстанда Кеңестер билігінің орнауы
- •Түркістан (Қоқан) және Түркістан акср құрылуы.
- •Алаш автономиясының құрылуы және қызметі.
- •Азамат соғысы жылдарындағы Қазақстан (1918-1920). Қазақстанда «әскери коммунизм» саясатының жүргізілу ерекшеліктері
- •Қазақ акср құрылуы және онық одақтас республикаға айналуы (ҚазКср).
- •Жаңа экономикалық саясат және оның Қазақстанда жүргізілу ерекшеліктері
- •Қазақстандағы социалистік индустрияландыру: ерекшеліктері мен нәтижелері
- •Қазақстандағы ауыл шаруашылығын ұжымдастыру: қорытындысы мен зардаптары. Ф. Голощекиннің «Кіші Қазан» саясаты.
- •1941-1945 Жж. Ұлы Отан соғысына қазақстандықтардың қатысуы және олардың мәңгі өшпес ерліктері
- •Қазақстан - майдан арсеналы. Ғылым мен өнер майданға (1941-1945 жж.)
- •1946-1964 Жж.Қазақ кср-ның қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайы
- •Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игеру: қорытындылары мен зардаптары.
- •1965-1985 Жж. Қазақ кср-ның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуындағы негізгі үрдістер мен қайшылықтар.
- •Қазақстан қайта құру жылдарында (1985-1991 жж.)
- •1986 Ж. Желтоқсан көтерілісі және оның тарихи маңызы
- •1945- 1991 Ж Қазақстанның мәдени өмірі
- •Ксро-ның ыдырауы: себептері мен салдары. Тмд-ның құрылуы
- •Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы «Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы». Алматы, 1991 ж. 16 желтоқсан
- •Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық реформалардың іске асырылуы (1991-2013 жж.)
- •Қазақстан Республикасының қоғамдық-саяси өмірі (1991-2013 жж.).
- •Қазақстан Республикасындағы білім, ғылым және мәдениет (1991-2013)
- •Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты (1991-2013 жж.).
- •Н.Назарбаевтың Қазақстан Республикасының құрылуы мен қалыптасуындағы қызметі мен рөлі.
- •Қ.И.Сәтбаев – көрнекті ғалым және ғылымды ұйымдастырушы.
- •Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеттің тарихы.
- •Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері – елтаңба, әнұран, ту.
- •Қр Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. «Қазақстан 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты. (14 желтоқсан 2012 ж).
- •Елбасы н.Ә.Назарбаевтың «Тарих толқынында» атты еңбегі
Тас дәуіріндегі Қазақстан
Т
ас
ғасыры – адамзат тарихындағы ең ұзақ
мәдени-тарихи кезең. 3 кезеңге (ежелгі,
орта, жаңа) бөлінеді. Шамамен б. з. б. 1
млн. 800 мың – 8/7 мыңжылдықтар аралығын
қамтиды. Т. д. ескерткіштері Қазақстанның
барлық аймақтарынан кездеседі. Аймақтар
тарихының ертедегі кезеңін зерттеу,
әдетте, сонау адамзат қоғамының қалыптасу
тарихынан, яғни алғашқы қауымдық құрылыс
дәуірінен басталады.Тас дәуірінде
ертедегі адамдардың материалдық және
рухани мәдениетінің қалыптасуы мен
алғашқы дамуы орын алған. Палеолит.
Ежелгі тас ғасыры.1) Олдувай (ертедегі
немесе төменгі палеолит) - 2,6 млн. - 700 мың
жыл. 2)Ашель - 700 - 150 -200 мың жыл.3) Мустье
(орта палеолит) - 150-200 - 35-30 мың жыл.4)
Кейінгі немесе жоғарғы палеолит- 40-35
мың жыл - б.з.д.10-мыңжылдық.Мезолит
(орта тас ғасыры немесе палеолиттен
неолитке өту кезеңі) - б.з.д. 10 -
7-мыңжылдықтар.Неолит
(жаңа тас ғасыры) - б.з.д. 7-6 - 4-мыңжылдықтар.Тас
ғасыры мен қола дәуірі арасында жатқан
ерекше дәуір энеолит
деп аталады. Бұл кезеңнің шекарасы
немесе хронологиялық шектеуі әлі толық
анықталмаған, дегенмен де ол шамамен-
б.з.д. 4-3 - 2 мыңжылдықтар аралығында орын
алады.Ертедегі тас дәуірі - адамның және
оның шаруашылығының қалыптасуының
бастапқы уақыты. Палеолит дәуірінде
адамдардың қоғамдық ұйымдары өте күрделі
және ұзақ даму жолынан өтті. Бастапқы
кезеңде жабайы үйір пайда болды. Ол ерте
ашелъге сәйкес келеді. Осы кезеңде
бірте-бірте жаңа әлеуметтік организмнің,
яғни алғашқы қауымның пайда болуының
алғышарттары қалыптаса бастады.Іс
жүзінде алғашқы қауымның жетілген
түрлері тек кейінгі палеолитте ғана
қалыптасады. Ол, көптеген зерттеушілердің
пікірінше, прогрессивтік дамудың алғашқы
айқын нышандарының бірі болып,
неандертальдықтардын кәзіргі адам
түріне айналу кезеңімен түспа-тұс
келді.Олдувайлық мәдениет - бұл Homo
habilis деп аталған ертедегі адамның («іскер
адам») өмір сүрген уақыты. Олдувайлық
кезең өзінің ұзақтығымен (шамамен 2 млн.
жыл) палеолиттің басқа да кезеңдерін
бәрін қосқаннан да асып түседі.Бұл кезде
тас бұйымдардың негізгі бөлігін жаңқалар
құраған, ал құралдардан сол кезең
мәдениетіне сәйкес чопперлер мен
чопингтер болған. Ағылшын тілінде чоппер
және чопинг «шабатын құрал», «балта»,
«кесу механизмі» дегенді білдіреді.
Чоппер - бұл тақыр тас кесінділерінен
(өзен жұмыр тасы немесе домалак тастар),
немесе жуан тастың жаңқасынан жасалған,
кесетін жағы дөңес немесе жазық, тек
бір беті (жағы) ғана өңделген, дөрекілеу
келген кескіш сайман. Осы кезде ежелгі
"Ноmo erеktus" ("тiк жүрген адам")
архантроптары палеоантроптарға айналған.
Бұл - ғылымда белгілі мустьелік неандарталь
адамдарының уақыты. Сонғы
палеолит
(40-35 мың жыл - б.з.д. 10-мыңжылдық). Бұл
адамның жер шарындағы климаттық
аймақтарда кеңінен орналасу және
нәсілдердің, нәсіл топтарының қалыптасу
уақыты болды.Ойлауға қабілетті адамның
пайда болуы мен соңғы палеолит дәуіріндегі
адам қоғамының материалдық және рухани
мәдениетінің әрі қарай дамуы арасында
тура байланыстың болуы әбден мүмкін.
Бұл құбылыс қоғамдық қарым-қатынастың
ілгері дамуымен, рулық қоғам қалыптасу
үдерісімен, адамдар ұжымындагы қогамдық
ұйымның алғашқы айырықша формасы -
рулықтың (алғашқы туыстық рудың) пайда
болуымен тығыз байланысты. Туыстық ұйым
барлық жерде аналык жүйелі және аналык
тарапты болған, ал әйел қоғамда жоғары
орында тұрған деп пайымдалады. Осылайша
аналық ру, өзара қандық туыстық байланыспен
және анасы бойынша есептелетін туыстық
арқылы бірігетін адамдардың экзогамдық
тобын құрды.Әйелдердің қоғамдық өмірдегі
жоғарғы жағдайы отбасындағы қауымдық
шаруашылыктың ерекшеліктерінен,
әйелдердің ұрпақ жалғастыратын ролінен
келіп шыққан еді.Ертедегі адамдардың
идеологиялық танымдарындағы ошақтың
ұйтқысы, оның басшысы ғана емес берекелі
сақтаушысы да болған әйелдерге табыну
ғұрпы кездейсоқ құбылыс емес.Соңғы
палеолит дәуіріндегі адамдардың дүние
танымы күрделілене бастады. Осы кезде
жануарлардың бейне-сипатын меңгеру
арқылы оларға билік ету сенімі арқылы
шыққан жатқан аңшылық магия кең тарала
бастады. Мезолит
(орта тас ғасыры немесе палеолиттен
неолитке өту кезеңі) пышақ пішінді
пластинкаларды, оның ішінде
микропластинкаларды бөлу техникасының
өте жоғары дамуымен ерекшеленеді. Осы
кезеңде пышақ пішінді пластинкадан
құралдар жасау өте кең таралды.Әртүрлі
микролиттерді дайындау, оның ішінде
геометриялық бейнелі құралдар -
сегменттер, трапециялар, үшбұрыштар,
тікбұрыштар, параллелограммдар өндірісі
кеңінен дами бастайды. Микролиттер
дайындауда қолданылатын микроқиятын
техника дамиды. Балта, шот балта, қашау
сияқты кесу құралдарын, макролиттік
арнаулы құралдар - кетпен, қайла жасау
кең таралады.Кейбір мезолиттік
мәдениеттерде тас қаруларды тегістеу
техникасы, бұрғылау мен аралау техникалары
пайда болады.Палеолитпен салыстырғанда
түрлі сүйек индустриясы қалыптасады.
Мезолиттік уақыттың тұрақтарында
әртүрлі сүйек және мүйізден жасалған
гарпундар, садақтар мен сүнгілердің
ұштары, пышақтар, қанжарлар, балта мен
шот және оларға муфталар, т.б. көптеп
кездеседі. Осы құралдардың кейбір
түрлері мезолитте ғана жасалынған.Өнердің
сипаттарында да өзгерістер болды. Соңғы
палеолитке тән жартастарға жазу біршама
азаяды. Өнерде шартты-тұспалды сипаттағы
бағыт ұлғаяды. Геометриялық оюлар
кеңінен таралады. Оюдың негізгі
элементтері түрлі сызықтар, нүктелер,
штрихтер, "шыршалар", иректер,
торлар, т.б. болды. Оюды жүргізуде көбіне
ойып түсіру және бұрғылау техникасы
пайдаланылды. Соңгы палеолиттегі орын
алған ірі жаңалық - садақ - мезолитте
негізгі аңшылық қару ретінде толығьшан
қалыптасады. Соңғы палеолитте мүлдем
белгісіз болған сыналы құралдар дамиды,
олардың түр-түрі тарайды. Мезолиттегі
аң аулау нысандары мезолит мәдениетінде
өмір сүріп жатқан түрғындардың орналасуына
қарай, яғни нақты экологиялық ортаға
байланысты қалыптасады.
