
- •Жас ұрпаққа тәрбие және білім берудегі Қазақстан тарихы курсының маңызы мен орны.
- •Тас дәуіріндегі Қазақстан
- •Қола дәуіріндегі Қазақстан
- •Қазақстан тарихы бойынша ертедегі жазбаша деректер
- •Қазақстан жеріндегі сақтардың тайпалық одағы
- •Ғұндардың тайпалық одағы.Ұлы қоныс аудару
- •Үйсіндер және қаңлылар тайпалық одақтары
- •Қарлұқ, Қимақ, Оғыз мемлекеті (yiii-X)
- •Оңтүстік Қаз. Арабтардың жаулап алуы Ислам дін. Таралуы.
- •Қарахан әулетінің мемлекеті. Саяси тарихы, шаруашылығы, қоғамдық құрылысы, шаруашылығы.
- •Найман,Керейттер,Жалайырлар ұлыстары
- •Қыпшақ хандығы: саяси тарихы, шаруашылығы, қоғамдық құрылысы,шарушылығы
- •Моңғол мемлекетінің құрылуы және Шыңғысханның Қазақстан жеріндегі жаулаушылық жорықтары.
- •Алтын Орда
- •Ақ Орда және оның Қазақстан тарихында алатын орны
- •Ноғай Ордасы
- •Моғолстан мемлекеті
- •Әбілхайырхандығы (Көшпелі өзбектер мемлекеті)
- •Қазақ халқының қалыптасуы. «Қазақ» этнонимі.Қазақ жүздері.
- •Қазақ хандығының құрылуы мен нығаюы.Керей мен Жәнібек,Бұрындық хандар.
- •Хyi ғ. Қазақ хандығы.Қасым,Хақназар,Тәуекел хандар
- •Хvіі ғ. Қазақ хандығы. Есім, Жәңгір, Тәуке хандар
- •Жеті жарғы – қазақ халқының әдет-ғұрып заңдар жинағы
- •Хvііі ғ. Қазақ халқының материалдық және рухани мәдениеті.
- •«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама». Қазақ халқының жоңғар басқыншылығына қарсы азаттық соғысы
- •Қазақстанның Ресейге қосылуы: тарихи алғышарттары мен негізгі кезеңдері.
- •Хvііі ғ. Қазақстандағы патшалық Ресейдің отарлау саясаты
- •Абылай ханның мемлекеттік қызметі
- •С.Датұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының ұлт-азаттық қозғалысы
- •Хіх ғ. Қазақ халқының материалдық және рухани мәдениеті
- •Хіх ғ. Бірінші жартысындағы Қазақстанның саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайы. «Сібір қырғыздары туралы жарғы». «Орынбор қырғыздары туралы жарғы»
- •Исатай Тайманұлы бастаған Бөкей Ордасындағы қазақ шаруаларының көтерілісі
- •Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс
- •Сыр өңірі қазақтарының Жанқожа Нұрмұхамедұлы және Есет Көтібарұлы бастаған көтерілістері
- •1868-1869 Жж. Орал, Торғай облыстарындағы және 1970 ж. Маңғыстаудағы қазақтар көтерілісі
- •Хіх ғ. Екінші жартысы мен хх ғ. Басындағы Қазақстандағы патшалық Ресейдің қоныс аудару саясаты
- •Хх ғ. Басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы
- •1916 Жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтеріліс
- •Хх ғасырдың басындағы Қазақстан мәдениеті.
- •Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы және патшалық жойылғаннан кейінгі Қазақстанның қоғамдық-саяси жағдайы
- •«Алаш», «Үш жүз» партияларының құрылуы
- •1917 Ж. Қазан революциясы және Қазақстанда Кеңестер билігінің орнауы
- •Түркістан (Қоқан) және Түркістан акср құрылуы.
- •Алаш автономиясының құрылуы және қызметі.
- •Азамат соғысы жылдарындағы Қазақстан (1918-1920). Қазақстанда «әскери коммунизм» саясатының жүргізілу ерекшеліктері
- •Қазақ акср құрылуы және онық одақтас республикаға айналуы (ҚазКср).
- •Жаңа экономикалық саясат және оның Қазақстанда жүргізілу ерекшеліктері
- •Қазақстандағы социалистік индустрияландыру: ерекшеліктері мен нәтижелері
- •Қазақстандағы ауыл шаруашылығын ұжымдастыру: қорытындысы мен зардаптары. Ф. Голощекиннің «Кіші Қазан» саясаты.
- •1941-1945 Жж. Ұлы Отан соғысына қазақстандықтардың қатысуы және олардың мәңгі өшпес ерліктері
- •Қазақстан - майдан арсеналы. Ғылым мен өнер майданға (1941-1945 жж.)
- •1946-1964 Жж.Қазақ кср-ның қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайы
- •Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игеру: қорытындылары мен зардаптары.
- •1965-1985 Жж. Қазақ кср-ның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуындағы негізгі үрдістер мен қайшылықтар.
- •Қазақстан қайта құру жылдарында (1985-1991 жж.)
- •1986 Ж. Желтоқсан көтерілісі және оның тарихи маңызы
- •1945- 1991 Ж Қазақстанның мәдени өмірі
- •Ксро-ның ыдырауы: себептері мен салдары. Тмд-ның құрылуы
- •Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы «Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы». Алматы, 1991 ж. 16 желтоқсан
- •Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық реформалардың іске асырылуы (1991-2013 жж.)
- •Қазақстан Республикасының қоғамдық-саяси өмірі (1991-2013 жж.).
- •Қазақстан Республикасындағы білім, ғылым және мәдениет (1991-2013)
- •Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты (1991-2013 жж.).
- •Н.Назарбаевтың Қазақстан Республикасының құрылуы мен қалыптасуындағы қызметі мен рөлі.
- •Қ.И.Сәтбаев – көрнекті ғалым және ғылымды ұйымдастырушы.
- •Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеттің тарихы.
- •Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері – елтаңба, әнұран, ту.
- •Қр Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. «Қазақстан 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты. (14 желтоқсан 2012 ж).
- •Елбасы н.Ә.Назарбаевтың «Тарих толқынында» атты еңбегі
1986 Ж. Желтоқсан көтерілісі және оның тарихи маңызы
Ж
елтоқсан
көтерілісі — 1986 жылы 17 — 19 желтоқсан
аралығында Алматыда болған қазақ
жастарының КСРО үкіметінің отаршылдық,
әміршіл-әкімшіл жүйесіне қарсы наразылық
қимылдары. Көтерілістің басталуына
Мәскеудегі орталықтың республика
халқының пікірімен санаспастан Ресейдің
Ульянов облысы партия коммитетінің
1-хатшысы Г.В. Колбинді ҚКОК-нің 1-хатшысы
етіп тағайындауы түрткі болды. Қазақстан
тәуелсіздігін алған соң Желтоқсан
көтерілісі туралы шындық қалпына
келтіріліп, бұл жөнінде “Желтоқсан.
1986. Алматы.” (құрастырылған Т.Өтегенов,
Т.Зейнәбілов), “Желтоқсан құрбандарын
жоқтау”, “Ер намысы — ел намысы”
жинақтары, К.Тәбейдің “Мұзда жанған
алау”, Т.Бейісқұловтың “Желтоқсан
ызғары” кітаптары мен “Желтоқсан”
(бас редакторы Х.Қожа-Ахмет) газеті жарық
көрді, “Аллажар” (1991, реж. Т.Теменов),
“Қызғыш құс” кинофильмдері түсірілді.
[1] Оқиғаға қатысқандарды саяси тұрғыдан
қуғындау басталды. 99 адам сотталды, 264
студент оқудан шығарылды. 1987 ж. жазда
КОКП Ок қаулысы шығып, желтоқсан оқиғасы
қазақ ұлтшылдығының көрінісі ретінде
бағаланды. Желтоқсан оқиғасы қоғамның
саяси өмірін демократияландыруға серпін
берді. Осы күнге дейін мемлекет желтоқсан
көтерілісінің тарихи маңызын төмендетуге
зор үлес қосып келеді. Көтерілісінің
құпиялары толығымен ашылған жоқ. 17
желтоқсан күні таңертеңгі сағат 8-де
қаладағы Л.И.Брежнев атындағы алаңға
(қазіргі Республика алаңы) саяси
тәуелсіздікті талап еткен ұрандармен
алғашында 300-дей адам жиналып, кешкісін
көтерілісшілер саны 20 мыңға жетті. Бірақ
көтерілісшілердің қойған талап-тілектері
аяқ асты етіліп, “бұзақыларды” күшпен
тарату мақсатында алаңға құқық қорғау
органдарының қызметкерлері мен арнайы
әскери күштер тобы жеткізілді. КСРО
ІІМ-нің бұйрығы негізінде дайындалған
“Құйын — 86” операциясы бойынша көтеріліс
қатыгездікпен басып жаншылды. 18 желтоқсан
күні алаңға қайта жиналмақ болған
көтерілісшілерге қарсы әскер күші
қолданылды. Көтерілісшілердің қалған
топтарын ығыстыру үшін жедел отряд,
милиция мен жасақшылардан арнайы топтар
құрылып, қала көшелеріне аттандырылды.
Осы әскери күштер 19 желтоқсан күні
қаланың әр тұсында қайтадан шеруге
шықпақ болған 6 топты басып, таратты.
Алаңдағы көтерілісшілер таратылған
соң ішкі істер бөлімдеріне 2401 адам
жеткізілген (Алматы түрмесіне
сыймағандықтан, қала сыртына апарып
тасталғандарды қосып есептегенде
барлығы 8,5 мың адам ұсталған). Желтоқсан
көтерілісі құрбандарының қатарында
Е.Сыпатаев, С.Мұхаметжанова, К.Молданазарова,
Қ.Рысқұлбеков, М.Әбдіқұлов, Л.Асанова
сынды ержүрек қазақ жастары бар.
Желтоқсанның 19 — 23 аралығында халықтың
наразылық шерулері мен митингілер
Қазақстанның Жезқазған, Талдықорған,
Көкшетау, Қарағанды, Арқалық, Павлодар,
Жамбыл, Талғар, Сарқан, т.б. қалалары мен
Сарыөзек, Шамалған, Шелек елді мекендерінде
жалғасты. Тарихи
маңызы:
Желтоқсан көтерілісіне КОКП ОК-нің
қаулысымен “қазақ ұлтшылдығының
көрінісі” деген баға беріліп, көтеріліске
қатысқан азаматтар қуғын-сүргінге
ұшырады. КСРО-ның тоталитарлық, отаршыл
саясатына қарсы қазақ жастарының азаттық
күресі тарихи маңызы бар үлкен оқиға
болды. Көне түркі даласын мекен өткен
қазақ халқының да сан ғасырлық өмір
көшін басынан өткізген мол, құнарлы
тарихы бар. Ал 1986 жылғы "Желтоқсан
оқиғасы" тәуелсіздіктің, азаттықтың,
демократиялық жаңғырудың бастауы болды.
Ол жас жігіттер ар-намыс пен елдік рух
жолында теңдікті талап еткен тегеурінді
күш-қайнарының тоғысқан шағы еді. Ел
мен ұлттың тәуелсіздік хұқын қорғау
үшін бас көтерген желтоқсандық жігіттер
мен қыздардың бұл қадамы шын мәнінде
ерлік еді. Міне, осы қанды оқиғадан кейін
бес жыл өткен соң, Қазақстан тәуелсіздік
туын тікті.