
- •Жас ұрпаққа тәрбие және білім берудегі Қазақстан тарихы курсының маңызы мен орны.
- •Тас дәуіріндегі Қазақстан
- •Қола дәуіріндегі Қазақстан
- •Қазақстан тарихы бойынша ертедегі жазбаша деректер
- •Қазақстан жеріндегі сақтардың тайпалық одағы
- •Ғұндардың тайпалық одағы.Ұлы қоныс аудару
- •Үйсіндер және қаңлылар тайпалық одақтары
- •Қарлұқ, Қимақ, Оғыз мемлекеті (yiii-X)
- •Оңтүстік Қаз. Арабтардың жаулап алуы Ислам дін. Таралуы.
- •Қарахан әулетінің мемлекеті. Саяси тарихы, шаруашылығы, қоғамдық құрылысы, шаруашылығы.
- •Найман,Керейттер,Жалайырлар ұлыстары
- •Қыпшақ хандығы: саяси тарихы, шаруашылығы, қоғамдық құрылысы,шарушылығы
- •Моңғол мемлекетінің құрылуы және Шыңғысханның Қазақстан жеріндегі жаулаушылық жорықтары.
- •Алтын Орда
- •Ақ Орда және оның Қазақстан тарихында алатын орны
- •Ноғай Ордасы
- •Моғолстан мемлекеті
- •Әбілхайырхандығы (Көшпелі өзбектер мемлекеті)
- •Қазақ халқының қалыптасуы. «Қазақ» этнонимі.Қазақ жүздері.
- •Қазақ хандығының құрылуы мен нығаюы.Керей мен Жәнібек,Бұрындық хандар.
- •Хyi ғ. Қазақ хандығы.Қасым,Хақназар,Тәуекел хандар
- •Хvіі ғ. Қазақ хандығы. Есім, Жәңгір, Тәуке хандар
- •Жеті жарғы – қазақ халқының әдет-ғұрып заңдар жинағы
- •Хvііі ғ. Қазақ халқының материалдық және рухани мәдениеті.
- •«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама». Қазақ халқының жоңғар басқыншылығына қарсы азаттық соғысы
- •Қазақстанның Ресейге қосылуы: тарихи алғышарттары мен негізгі кезеңдері.
- •Хvііі ғ. Қазақстандағы патшалық Ресейдің отарлау саясаты
- •Абылай ханның мемлекеттік қызметі
- •С.Датұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының ұлт-азаттық қозғалысы
- •Хіх ғ. Қазақ халқының материалдық және рухани мәдениеті
- •Хіх ғ. Бірінші жартысындағы Қазақстанның саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайы. «Сібір қырғыздары туралы жарғы». «Орынбор қырғыздары туралы жарғы»
- •Исатай Тайманұлы бастаған Бөкей Ордасындағы қазақ шаруаларының көтерілісі
- •Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс
- •Сыр өңірі қазақтарының Жанқожа Нұрмұхамедұлы және Есет Көтібарұлы бастаған көтерілістері
- •1868-1869 Жж. Орал, Торғай облыстарындағы және 1970 ж. Маңғыстаудағы қазақтар көтерілісі
- •Хіх ғ. Екінші жартысы мен хх ғ. Басындағы Қазақстандағы патшалық Ресейдің қоныс аудару саясаты
- •Хх ғ. Басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы
- •1916 Жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтеріліс
- •Хх ғасырдың басындағы Қазақстан мәдениеті.
- •Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы және патшалық жойылғаннан кейінгі Қазақстанның қоғамдық-саяси жағдайы
- •«Алаш», «Үш жүз» партияларының құрылуы
- •1917 Ж. Қазан революциясы және Қазақстанда Кеңестер билігінің орнауы
- •Түркістан (Қоқан) және Түркістан акср құрылуы.
- •Алаш автономиясының құрылуы және қызметі.
- •Азамат соғысы жылдарындағы Қазақстан (1918-1920). Қазақстанда «әскери коммунизм» саясатының жүргізілу ерекшеліктері
- •Қазақ акср құрылуы және онық одақтас республикаға айналуы (ҚазКср).
- •Жаңа экономикалық саясат және оның Қазақстанда жүргізілу ерекшеліктері
- •Қазақстандағы социалистік индустрияландыру: ерекшеліктері мен нәтижелері
- •Қазақстандағы ауыл шаруашылығын ұжымдастыру: қорытындысы мен зардаптары. Ф. Голощекиннің «Кіші Қазан» саясаты.
- •1941-1945 Жж. Ұлы Отан соғысына қазақстандықтардың қатысуы және олардың мәңгі өшпес ерліктері
- •Қазақстан - майдан арсеналы. Ғылым мен өнер майданға (1941-1945 жж.)
- •1946-1964 Жж.Қазақ кср-ның қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайы
- •Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игеру: қорытындылары мен зардаптары.
- •1965-1985 Жж. Қазақ кср-ның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуындағы негізгі үрдістер мен қайшылықтар.
- •Қазақстан қайта құру жылдарында (1985-1991 жж.)
- •1986 Ж. Желтоқсан көтерілісі және оның тарихи маңызы
- •1945- 1991 Ж Қазақстанның мәдени өмірі
- •Ксро-ның ыдырауы: себептері мен салдары. Тмд-ның құрылуы
- •Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы «Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы». Алматы, 1991 ж. 16 желтоқсан
- •Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық реформалардың іске асырылуы (1991-2013 жж.)
- •Қазақстан Республикасының қоғамдық-саяси өмірі (1991-2013 жж.).
- •Қазақстан Республикасындағы білім, ғылым және мәдениет (1991-2013)
- •Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты (1991-2013 жж.).
- •Н.Назарбаевтың Қазақстан Республикасының құрылуы мен қалыптасуындағы қызметі мен рөлі.
- •Қ.И.Сәтбаев – көрнекті ғалым және ғылымды ұйымдастырушы.
- •Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеттің тарихы.
- •Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері – елтаңба, әнұран, ту.
- •Қр Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. «Қазақстан 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты. (14 желтоқсан 2012 ж).
- •Елбасы н.Ә.Назарбаевтың «Тарих толқынында» атты еңбегі
Қазақстан қайта құру жылдарында (1985-1991 жж.)
К
еңес
қоғамын реформалауға бағыт. Қазақстан
М.С. Горбачев реформалары кезінде
(1985-1991 жж.). 1985 жылғы сәуір айында Кеңестер
Одағы Коммунистік партиясы Орталық
Комитетінің Бас хатшысы Горбачев
баяндама жасап, қоғамды демократиялық
бағытта қайта құру жөнінде шешім
қабылдады.Бірақ бұл шешім тек сөз
жүзінде ғана болды.Іс жүзінде ол Кеңес
қоғамын ыдыратуды тездетті.Оны
Қазақстанның партия,кеңес органдары
қызметінен байқауға болады. Тоқырау
жылдарында одақтың барлық ауқымында
,оның ішінде Қазақстанда да басқару
ісінде жағымпаздық,парақорлық,рушылдық,жершілдік
сияқты көптеген келеңсіз құбылыстар
орын алғаны белгілі.Бұл жылдары ұлт
саясатында,әлеуметтік экономикалық
және кадр мәселесінде көптеген
ауытқушылыққа жол берілді.Жалпы барлық
кеңес қоғамы үшін бұл кезде қоғамдық
ойдың мәні өзгеріп, сөз бен істің арасында
алшақтық, қайшылық кеің өріс алды. Михаил
Горбачевтың реформаларына байланысты
демократияландыру қадамдары кезінде
қазақ қоғамында тәуелсіздік идеясы
қайта жанданды. Айта кету керек, Орталық
Азияның, соның ішінде Қазақстанның өз
уыстарынан біртіндеп шығып бара жатқанын
түсінген Мәскеу басшылары Ю.Андропов,
одан кейін М.Горбачев бұл республикаларға
қарсы науқан ашу, олардағы саяси элитаны
жаппай ауыстыру арқылы Орталықтың
бақылауын қайта қалпына келтіруге
тырысты. Ал осындай кезде мәскеулік
орталықтың республикамызға бірінші
басшыны тағы да сырттан әкеліп таңуы -
отқа май тамызғандай болып шықты.
Тұмшаланып ұсталған өткір проблемалардың
жиынтығы уақыты келгенде еріксіз сыртқа
атқылады. Желтоқсандықтардың империялық
Орталықтың алдына қойған негізгі
мәселесі саяси талаптар болды. Ол шеруге
шыққандардың көтерген транспаранттарынан
анық байқалды: «Ешқандай ұлтқа артықшылық
болмасын!», «Ұлт саясатында Лениндік
принциптерді сыйлауды талап етеміз!»,
«Қазақстан жасасын!». Басқаша айтқанда,
қозғалыс әлеуметтік талаптар ауқымынан
шығып, айқын саяси сипат алды. Бұл 1917
жылы алаш автономиясы туын көтерген
қайраткерлерден кейін, біраз уақыт
салып ұлттық мемлекеттік тәуелсіздік
мәселесінің қайта көтеріліп, ашық түрде
қойылуы еді. Бұл бір қалалық немесе
аймақтық құбылыс емес, жалпыұлттық
қозғалысқа айналды. Империялық озбырлыққа
қарсы бас көтеру тек астаналық қала -
Алматымен ғана шектеліп қалған жоқ,
желтоқсанның 17-25 күндеріндегі Жамбыл,
Шымкент, Талдықорған, Жезқазған,
Қарағанды, Павлодар, Көкшетау, Арқалық,
Алға сияқты қалаларда, Шамалған, Сарыөзек
сияқты елді мекендерде болып өткен
толқулар наразылықтың жалпықазақстандық
сипат алғанын айғақтайды. Алматыдағы
толқуларға 30 мыңдай адам қатысқан.
Қазақстандағы наразылықтың кең ауқым
алуынан үрейленген империялық Орталық
оны күшпен басу жолына түсті. Алматыға
арнайы даярланған әскер күштерін әкелді.
Бұған да қанағаттанбай, шерушілерге
қарсы мыңдаған дружинниктердің қолына
темірден жасалған сойылдар берді. Қарулы
әскер мен дружинниктердің қолынан
ондаған қазақ жастары қаза тапты.
Қазақстанның тәуелсіздігі жолында өз
өмірін құрбан еткен Қайрат Рысқұлбеков,
Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова және
басқа да ұл-қыздарымыз халқымыздың
жадында мәңгілік орын алатыны сөзсіз.
Көтерілісті аса қатыгездікпен басып-жаншу
әлем жұртшылығының ашу-ызасын тудырып,
көптеген елдерде «желтоқсандықтарға»
қолдау қозғалысы өрістеді. Қазақ халқы
Желтоқсанның ызғарлы бір-екі күні ішінде
саяси тәрбиенің үлкен мектебінен өтті,
ұлттық сана-сезімін шырқау шыңға
жеткізді. Қазақ жастарының ерлігі әлем
жұртшылығына аян болып, ұлттық рухты
биікке асқақтатты. Желтоқсан көтерілісінен
көп ұзамай, қол жеткізген тәуелсіздіктің
20 жылы ішінде Қазақстан ғасырларға
бергісіз жолды еңсеріп, әлем қауымдастығы
құрметпен қарайтын, абыройлы, айбынды
елге айналды. Бұл - аңсаған азаттықты
көре алмай кеткен ата-бабаларымызға,
желтоқсан құрбандарына қойылған басты
ескерткіш.