Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-28.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
314.89 Кб
Скачать

1941-1945 Жж. Ұлы Отан соғысына қазақстандықтардың қатысуы және олардың мәңгі өшпес ерліктері

1940 жылы 18 желтоқсанда – фашистік Германия басшылығы «Барбаросса» соғыс жоспарын жасады. Мақсаты

- КСРО-ға қарсы соғыс ашу.

- «Қауырт соғыс» идеясы бойынша соғысты 1941 жылдың күзінде аяқтау.

Бұл соғыс жоспары бойынша фашистер КСРО- ны

Сансыз көп ұлттың жасанды әрі тұрақсыз бірлестігі

Ішкі бірліктен жұрдай этникалық конгломерат ретінде қарастырды.

КСРО территориясын, бірнеше рейхкоммиссариатқа бөлуді көздеді

1 Остланд-Беларусъ пен Балтық жағалауы

2 Украина

3 Московия Ресей жері

4 Кавказ

5 Еділ- Орал

6 Гросс Түркістан

1941жыл 22 маусым- фашистік Германия КСРО-ға тұтқиылдан соғыс ашты.Ұлы Отан соғысы басталды.

Республикада 2 млн. Астам адам әскери даярлықтан өтті.

1941 ж. қырк. Дивизия комиссары, Ертіс өңірінің перзенті

Е.П.Рыков Полтава обл/ның Шумейково тоғайында ерлікпен қаза тапты. Киевтегі орталықтағы көшеге ж/е Катонқарағай орта мектебіне Е.П.Рыков есімі берілді.

Соғыс тарихында алғаш рет Кеңес Одағының Батыры атағын алған қазақстандық танк әскерлерінің генерал-майоры К.А.Семенченко (1941ж. 22 шілде).Қара теңіз флотының контр-адмиралы атыраулық Л.А.Владимирский батылдығымен ерекшеленді.

Мәскеу шайқасында генерал-майор И.В.Егоров қолбасшылық еткен 316- атқыштар дивизиясы шайқасты.

1941ж. 16 қараша 1075 атқыштар полкінің 28 танк жоюшылар тобы Дубосеково разъезінде жаудың 18 танкісін жойып жіберді. Ротаның саяси жетекшісі В.Г.Клочков: « Ресей кең байтақ, бірақ шегінерге жер жоқ, артымызда Мәскеу» ұранын көтерді.

1941 ж. 18 қараша дивизия командирі генерал И.В.Панфилов ерлікпен қаза тапты.

Панфиловшы 1075- атқыштар полкі 8 ротасының саяси жетекшісі П.Б.Вихрев бастаған 14 жауынгер жаудың 5 танкісі мен 2 взвод жаяу әскерін жойды. Жалғыз қалған саяси жетекші гранатамен 2 танкіні жойып, өзін өзі атып, қаза тапты. П.Б.Вихревке Батыр атағы берілді.

И.В.Карпов қолбасшылық еткен атқыштар полкі мен аға лейтенант Б.Момышұлы қолбасшылық еткен батальон жауынгерлері ерлікпен шайқасты.(Б.Момышұлына 1990 ж. қайтыс болғаннан кейін батыр атағы берілді ). Кеңес Одағының Батыры Төлеген Тоқтаров ерлігі: Бородино селосында неміс бөлімінің штабына кіріп, 5 офицердің көзін жойған.

Кеңес Одағының Батыры ротаның саяси жетекшісі М.Ғабдуллин ерлігі: ол басқарған автоматшылар тобы жау танкісін жойып, бөлімшелерін жау қоршауынан алып шықты.

238- атқыштар дивизиясының автоматшысы Рамазан Амангелдиев ерлігі: Ока жағасында, Серпухов түбіндегі Воронино қыстағындағы шайқаста 13 фашистің көзін жойып, өзі де қаза тапты.

Қазақстандық әскери құрамалардың үштен бірі Ленинград түбінде соғысты.

Ленинград шайқасына қатысқан қазақстандықтар:

- Партия ұйымдастырушысы С.Баймағамбетов А.Матросовтың ерлігін қайталап (жау дзотын кеудесімен жауып), Батыр атанды.

- 48- атқыштар дивизиясының мергені Д.Шыныбеков Ораниенбаум алғы шебінде шайқасты.

Сталинград шайқасына қатысқан қазақстандықтар:

-1942 ж. 23 тамыз Томск артиллерия училищесінің түлегі, қазақстандық М.А.Баскаков басқарған батареяның 43 зенитшісі трактор зауытын қорғап, жаудың 11 танкісін жойып жіберді. 36 зенитші қаза тапты, бірақ бір адым да шегінбеді.

- 1942 ж.19 желт. Қарағандылық ұшқыш Н.Әбдіров Боковская- Пономаревка ауданындағы әуе шайқасында ұшағын жау танкілері шоғырына құлатып, ерлікпен қаза тапты.

- Жамбылдың ұлы Алғадай 19-гвардиялық атты әскер полкінде пулемет расчетын басқарып жүріп, Синельниково қаласы маңында ерлікпен қаза тапты.

- Полковник Ғани Сафиуллин басқарған 73 гвардиялық дивизия жаудың 120 танкісі мен 800 автомашинасын жойып жіберді.

- Оңтүстік Қазақстандық жауынгер Толыбай Мырзаев «Павлов үйін» қорғауда ерлік көрсетті.

- Жауынгер Қасым Аманжолов ерлікпени осы шайқаста қаза тапты.

- Минометші Қарсыбай Сыпатаев пен капитан А.А.Бельгин қуатты жарылғыш минамен жау танкісінің астына түсіп, өшпес ерлік жасап, қаза тапқаннан кейін оларға Батыр атағы берілді.

- Қазақстандық подполковник Т.С.Позолотин басқарған 17- гвардиялық танк полкі ерекше көзге түсті.

Кеңестік Шығыс әйелдері арасынан алғашқы болып Ленин орденімен және Алтын жұлдыз медалімен марапатталған қазақ қыздары:

- 100- қазақ ұлттық атқыштар бригадасының пулеметшісі Мәншүк Жиенғалиқызы Мәметова.

- 54- атқыштар бригадасының мергені Әлия Молдағұлова.

Берлин шайқасына қатысушы қазақстандықтар:

- Кеңес Одағының Батыры С.Нұрмағамбетов.

- Офицер Р.Қошқарбаев досы Г.Булатовпен бірге рейхстаг терезелеріне алғашқылардың бірі болып Жеңіс туын ілді.

- Оралдық офицерлер К.Мәденов пен Р.Қараманов 1008-атқщыштар полкінің туын Берлин Ратушасының төбесіне тікті.

497 қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атағын алды.

Солдат ерлігі орденінің толық иегері: 142 қазақстандық.

Кеңес одағының орден, медальдарме марапатталған қазақстандықтар: 966387. Ұлы Отан соғысында қаза тапқан қазақстандықтар: 603 мың.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]