
- •Жас ұрпаққа тәрбие және білім берудегі Қазақстан тарихы курсының маңызы мен орны.
- •Тас дәуіріндегі Қазақстан
- •Қола дәуіріндегі Қазақстан
- •Қазақстан тарихы бойынша ертедегі жазбаша деректер
- •Қазақстан жеріндегі сақтардың тайпалық одағы
- •Ғұндардың тайпалық одағы.Ұлы қоныс аудару
- •Үйсіндер және қаңлылар тайпалық одақтары
- •Қарлұқ, Қимақ, Оғыз мемлекеті (yiii-X)
- •Оңтүстік Қаз. Арабтардың жаулап алуы Ислам дін. Таралуы.
- •Қарахан әулетінің мемлекеті. Саяси тарихы, шаруашылығы, қоғамдық құрылысы, шаруашылығы.
- •Найман,Керейттер,Жалайырлар ұлыстары
- •Қыпшақ хандығы: саяси тарихы, шаруашылығы, қоғамдық құрылысы,шарушылығы
- •Моңғол мемлекетінің құрылуы және Шыңғысханның Қазақстан жеріндегі жаулаушылық жорықтары.
- •Алтын Орда
- •Ақ Орда және оның Қазақстан тарихында алатын орны
- •Ноғай Ордасы
- •Моғолстан мемлекеті
- •Әбілхайырхандығы (Көшпелі өзбектер мемлекеті)
- •Қазақ халқының қалыптасуы. «Қазақ» этнонимі.Қазақ жүздері.
- •Қазақ хандығының құрылуы мен нығаюы.Керей мен Жәнібек,Бұрындық хандар.
- •Хyi ғ. Қазақ хандығы.Қасым,Хақназар,Тәуекел хандар
- •Хvіі ғ. Қазақ хандығы. Есім, Жәңгір, Тәуке хандар
- •Жеті жарғы – қазақ халқының әдет-ғұрып заңдар жинағы
- •Хvііі ғ. Қазақ халқының материалдық және рухани мәдениеті.
- •«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама». Қазақ халқының жоңғар басқыншылығына қарсы азаттық соғысы
- •Қазақстанның Ресейге қосылуы: тарихи алғышарттары мен негізгі кезеңдері.
- •Хvііі ғ. Қазақстандағы патшалық Ресейдің отарлау саясаты
- •Абылай ханның мемлекеттік қызметі
- •С.Датұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының ұлт-азаттық қозғалысы
- •Хіх ғ. Қазақ халқының материалдық және рухани мәдениеті
- •Хіх ғ. Бірінші жартысындағы Қазақстанның саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайы. «Сібір қырғыздары туралы жарғы». «Орынбор қырғыздары туралы жарғы»
- •Исатай Тайманұлы бастаған Бөкей Ордасындағы қазақ шаруаларының көтерілісі
- •Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс
- •Сыр өңірі қазақтарының Жанқожа Нұрмұхамедұлы және Есет Көтібарұлы бастаған көтерілістері
- •1868-1869 Жж. Орал, Торғай облыстарындағы және 1970 ж. Маңғыстаудағы қазақтар көтерілісі
- •Хіх ғ. Екінші жартысы мен хх ғ. Басындағы Қазақстандағы патшалық Ресейдің қоныс аудару саясаты
- •Хх ғ. Басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы
- •1916 Жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтеріліс
- •Хх ғасырдың басындағы Қазақстан мәдениеті.
- •Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы және патшалық жойылғаннан кейінгі Қазақстанның қоғамдық-саяси жағдайы
- •«Алаш», «Үш жүз» партияларының құрылуы
- •1917 Ж. Қазан революциясы және Қазақстанда Кеңестер билігінің орнауы
- •Түркістан (Қоқан) және Түркістан акср құрылуы.
- •Алаш автономиясының құрылуы және қызметі.
- •Азамат соғысы жылдарындағы Қазақстан (1918-1920). Қазақстанда «әскери коммунизм» саясатының жүргізілу ерекшеліктері
- •Қазақ акср құрылуы және онық одақтас республикаға айналуы (ҚазКср).
- •Жаңа экономикалық саясат және оның Қазақстанда жүргізілу ерекшеліктері
- •Қазақстандағы социалистік индустрияландыру: ерекшеліктері мен нәтижелері
- •Қазақстандағы ауыл шаруашылығын ұжымдастыру: қорытындысы мен зардаптары. Ф. Голощекиннің «Кіші Қазан» саясаты.
- •1941-1945 Жж. Ұлы Отан соғысына қазақстандықтардың қатысуы және олардың мәңгі өшпес ерліктері
- •Қазақстан - майдан арсеналы. Ғылым мен өнер майданға (1941-1945 жж.)
- •1946-1964 Жж.Қазақ кср-ның қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайы
- •Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игеру: қорытындылары мен зардаптары.
- •1965-1985 Жж. Қазақ кср-ның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуындағы негізгі үрдістер мен қайшылықтар.
- •Қазақстан қайта құру жылдарында (1985-1991 жж.)
- •1986 Ж. Желтоқсан көтерілісі және оның тарихи маңызы
- •1945- 1991 Ж Қазақстанның мәдени өмірі
- •Ксро-ның ыдырауы: себептері мен салдары. Тмд-ның құрылуы
- •Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы «Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы». Алматы, 1991 ж. 16 желтоқсан
- •Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық реформалардың іске асырылуы (1991-2013 жж.)
- •Қазақстан Республикасының қоғамдық-саяси өмірі (1991-2013 жж.).
- •Қазақстан Республикасындағы білім, ғылым және мәдениет (1991-2013)
- •Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты (1991-2013 жж.).
- •Н.Назарбаевтың Қазақстан Республикасының құрылуы мен қалыптасуындағы қызметі мен рөлі.
- •Қ.И.Сәтбаев – көрнекті ғалым және ғылымды ұйымдастырушы.
- •Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеттің тарихы.
- •Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері – елтаңба, әнұран, ту.
- •Қр Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. «Қазақстан 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты. (14 желтоқсан 2012 ж).
- •Елбасы н.Ә.Назарбаевтың «Тарих толқынында» атты еңбегі
Жаңа экономикалық саясат және оның Қазақстанда жүргізілу ерекшеліктері
Ж
аңа
экономикалық саясат — 20 ғасырдың
20-жылдарындағы КСРО-да Азамат соғысы
салдарынан қираған ел экономикасына
жеке меншік иелерін тартып, адамдардың
өз еңбегіне мүдделілігін орнықтыруға
бағытталған әрекет. 1921 жылы көктемде
РКП (б) 10-съезінде “әскери коммунизм”
саясатынан Жаңа экономикалық саясатқа
көшу туралы шешім қабылданды. Жаңа
экономикалық саясат шеңберінде қираған
халық шаруашылығын қалпына келтіріп,
социализмге өту көзделді. Оның мәнісі
азық-түлік салғыртын азық-түлік салығымен
алмастырып, жеке меншіктің түрлі
формаларын пайдалануға жол ашу болды.
Жаңа экономикалық саясаттың енгізілуіне
байланысты сырттан шет ел капиталы
(концессиялар) тартылып, ақша реформасы
(1922 — 1924) жүргізілді. И.В. Сталин мен оның
маңындағылардың ауыл шаруашылығын
күштеп ұжымдастыру, басқару кадрларына
қарсы жаппай жазалау әрекеттерін
қолдануы салдарынан 20 ғасырдың
30-жылдарының басында жаңа экономикалық
саясат іс жүзінде тоқтатылды. [1]
Өнеркәсіптегі өзгерістер: Экономиканы
дамыту үшін ең алдымен ірі өнеркәсіпті
қалпына келтіру және қайта құру қажет
болды. 1. Кәсіпорындар сала бойынша ірі
тресттерге біріктірілді. Бірінші
дәрежелі кәсіпорындар «Одақтық маңызы
бар» тресттерге біріктірілді. Екінші
дәрежелі кәсіпорындар Өлкелік трестерге
біріктірілді. 2. Ұсақ кәсіпорындар жеке
адамға, шетелдіктерге, кооперативтерге
жалға берілді. 3. Өнеркәсіп, темір жол,
көлік тасымалы шаруашылық есепке көшті.
Өнеркәсіптегі өзгерістердің нәтижесінде
Риддер қорғасын зауыты 1923 жылы одақтағы
өндірілетін қорғасынның 40% -ын өндіре
бастады, Доссор, Мақат мұнай кәсіпорындары
іске қосылды, Шымкент сантонин зауыты
ашылды, 1927 жылы Қарсақбай комбинаты мыс
өндіре бастады. Өнеркәсіптегі өзгерістердің
оң нәтижесімен қатар кемшіліктері де
болды. Мысалы: Қазақстан шикізаттық
бағытта ғана дамыды. Тресттердің пайдасы
Ресейге кетті. Ауыл шаруашылығындағы
өзгерістер: 1. Әскери коммунизм саясаты
кезінде енгізілген салғырт жойылып,
оның орнына салық енгізілді (1921 жылы
наурызда) 2. Түтін салығы мен күш-көлік
салығының орнына бірыңғай заттай салық
енгізілді. Салықтың мөлшері салғыртқа
қарағанда 2,5 есе аз болды. 3. 1924 жылы 1
қаңтардан бастап салық тек ақшалай
төленетін болды. 4. Салық үдемелі
болғандықтан, оның бар ауыртпалығы
байларға және кулактарға түсті. 5. Мал
өсіретін қожалықтар салықтан
босатылды.жалдамалы еңбекті пайдалануға
рұқсат берілді. 6. Салықтан түскен қаражат
халық ағарту ісіне жұмсалды. 7. Жерді
арендаға беруге рұқсат берілді. 8. Несие
берілетін болды. 9. «Қосшы Одағы» құрылды.
10. 1924-1925 жылдары елге тракторлар әкеліне
бастады. Осы өзгерістердің нәтижесінде
егіс көлемі ұлғайды, мал саны өсті және
кедейлер азайып, орташалар саны көбейді.
Байлар, кулактар шектетілді, сайлау,
сайлану құқығынан айырды. Сауда: сауда
еркіндігі еркіндігі қалыптасты. Оған
дәлел: 1. 1921 жыл 24 мамырда «Айырбас туралы»
декрет қабылданды. 2. Декрет бойынша
айырбас жасауға рұқсат етілді. 3.
Жәрмеңкелер ашыла бастады. Мысалы,
Ақмола губерниясында «Атбасар»
жәрмеңкесі, Ақтөбе губерниясында «Ойыл»,
«Темір» сияқты жәрмеңкелер, Бөкей
губерниясында «Орда» жәрмеңкесі ашылды.
Қазақ жерінде барлығы жеті өлкелік, он
үш губерниялық және жетпіс бес жергілікті
жәрмеңке ашылған болатын. 4. Жеке саудаға
рұқсат берілді. Жаңа экономикалық
саясаттың жалпы қорытындысы: 1. Жаңа
экономикалық саясат кезінде нарық
енгізілді. 2. Ауыл шаруашылығы дамымай
қалды. 3. Бұл саясат аяғына дейін
жеткізілмеді. 4. Өнеркәсіп артта қалды,
дамымады. 5. Жаңа экономикалық саясат
бұрмаланды. 6. Саяси өмірде демократия
бұрмаланды. 7. Еркіндік мүлде болмады.
8. 1921-1922 жылдардағы ашаршылық 1921 жылы
жазда қуаншылық болып, малдың 80%-ы қырылып
қалды. Елде аштық басталды.Ашығушылар
саны барша қазақ халқының 1/3 бөлігін
қамтыды.